Сайтқа админ боламын деушілерге
айына 1000-1500-2000 тенге беріледі
сайтқа кино салып туру керек куніне 5-6 кино
боламын деушілер muxitdinov_talgat@mail.ru осыган немесе осы жерге хабарласайык
Хуиметсіздер ме, херметті ламер ағайын мен пақыр апайын!
F0x_kz деген шуақ бастаған дәстүрді үзбей, өз хезегімде Lazarus — арқылы қалайша Цезарь жасауға болатынын әңгімелеп берсем деймін. Себебі, F0x_kz -тің біржақтылығының кесірінен, Бруттың есімі есте қалып, ал сөзге шешеңңдігінің арқасында Клеопатра сынды сұлуды басжіверген Цезарьдің аты өшкелі тұрған сияқты.
Әлсага, Цезарь амигоның қанатты сөздердің бұлағы екені кейбірімізге тарихтан белгілі. Ендеше,
Ассалаумағалейкүм, ағайын!09.05.2013 ж. Жаңаөзен қаласында 2 – ші рет Домбыра Пати өтті. Жеңіс күнімен қатар келгендіктен, Жеңіс күні туралы Джалғасов Нұрболат бауырымыз бір ауыз айтып өткен болатын. Екінші рет өткізіліп отырған Домбыра Патиіміз әдеттегідей «Жалын» жастар орталығының алдында өтті. Біраз жамағатта жиналды, өткендегіге қарағанда. Тәтті күймен, әсем ән тыңдап демаалып қайтты. ИншАллаһ Жаңаөзендіктер Домбыра Патиді дәстүрге айналдыратын болады.
Басталар сәттен көрініс.
Мына кішкентай қызда Домбыра Патиімізге өз үлесін қосуға келіпті. Күй тартып, ән айтып берді. Есімі Мөлдір екен. Риза боп қалдым. Осы қыздың келгені мені қуантып тастады. Алла ғұмыр жасын ұзақ қылсын. Бақыт тілеймін.
Жолымов Әбубәкір бауырымыз әдеттегідей ән салып жатырған кез.
Иә… Сонау 3-курстың соңында диплом тақырыбымды алдым-дағы, бірақ мәлімет жинастырмадым. Шымкенттегі жас драматургтердің конкурсына қатысам деп, пьесама іздедім мәліметтерді. Сөйтіп, 4-курсқа өттік. 1-курстағы жабылмаған құқық сабағым бар еді. Ол да пәле еді. Мамандыққа аттестация болып, одан да өттік жаттағанымызды белгілеп. Бірақ көпшілік шпор деген тәсілді қолданды. Сөйтіп, желтоқсан соңында әлгі құқық сабағымды да жаптым. Екі кредитін төлегем, қарызға ақша тауып. Мұғаліміне жолықсам, емтихан кезінде қинасам, ренжімеңдер деген. Дайындалыңдар деп. Бірақ емтихан кезінде жолықсам, кешке таман үй жаққа кел деді. 16-мен зымырадым. Адам көп. Әлгі құжаттарым сумкамда болса да, сумкамен қоса мыжылып қалғантұғын. Бардым, апай 75 қойып берді. Ертеңіне универге апардым да, одан кейін группадағы Батыстың қыздарымен қоян боп қайттым пойызда. Дипломға мәлімет жинамағам. Қысқы демалыстан кеп, практикаға кірісіп кеттік. Мемлекеттік қой. 2 ай іс-тәжірибеден өтіп, содан кейін ғана сәуірдің 15-теріне таман Ұлттыққа барып, мәлімет жинай бастадым. Жинағанда сол, Д.Әлімжановтың өмірбаяны жазылған бір мақаланы, содан соң тағы бір мақаланы нәуітбұғыма теріп жаздым. Сөйтіп, бір еңбекті ашып қойдым да, содан көшірдім. Пайдаланылған әдебиеттерді де қатырдым. Сөйтіп, 3 күн ішінде дипломымды аяқтап тастадым. Сәуірдің 20-сына дейін өткізіңдер деп жазып қойыпты деканат. Айдалаға 50-60 мың құртқанша, ол қалтамда да қалған жоқ. Себебі ондай ақша жоқ қой менде (күліп жатырмын). Декан да рұқсат етіп, қолын қойыпты диплом жұмысыма. Енді, міне, мемлекеттік емтихандарды да тапсырып жүрміз. Бұған да дайындалмаймын еш. Қабылдайтындарды күнде тамақтандырады кафеден, біз жинап берген 10 мың теңге ақшадан (студент басы). Үштік баға алып жүрмін сол. Қазір сол үйдегі жатыс тіршілік…
Сөйтіп, кеше үшінші рет Домбыра Пати өткіздік. Жалпы, Алматыда да дәстүрге айналып бара жатқан сияқты. Қуаныштымын. Басында төрт-ақ адам болғанбыз, біртүрлі, көңіл күпті болып тұрды. Әлде, жұртты қызықтыра алмадық па, әлде жалықтыра бастадық па деген ойлар келді. Сөйтсееее… Кеше кешке теледидардан бокс көрсетілетін күн екен ғой)))
Өзіңді қатты жақсы көремін деймісің? Киімдеріңді үтіктеп киесің. Интернетті қолдануды білесің. Сүйіктім деп біреуді махаббат қуасың. Боянасың. Әдеміленесің. Себесің себетіндеріңді. Қысқасы, өзің үшін нәпсің қалап тұрған нәрсенің барлығын жасайсың. Осының бәрі, қарап тұрсаң, жақсылық секілді өзіңе жасалып жатқан. Бірақ, ақиқатында, сен өзіңе жамандық жасап жатсың. Киімге, тамаққа келгенде, қалай болса солай киініп, тамақтанбайсың. Бірақ қалай болса солай сөйлейсің да. Тәкаппарлық болса жолдасың. Кішіпейілділікті буындырып өлтіргенсің. Өзіңді соншалықты жақсы көрсең, Аллаға құлшылық қылар едің, ата-анаңа қызмет жасар едің, ұлтыңа, салт-дәстүріңе, тіліңе түкірмес едің. Өзіңді жақсы көрмегендіктен, ертең опық жейсің. Ойлан, балам! Өмір деген өтпелі! Бұл өмірге кімдер келіп, кетпеді? — деген де бар. Айтпаса сөздің атасы өледі…
Айқап.kz сайтының дизайнері — Ринат Темірболатұлы деген жерлесім өзінің Фейзбуктегі парақшасында түрлі, әдемі, әрі өнегелі суреттерді өзі жасап, жариялап тұратыны бар. Әсіресе "Қазақстың сөздәйегі" атты нақыл сөздер топтамасында Алаш арыстарының тәрбиелі, әрі мотивациялық сөздерін дизайнерлік шеберлігімен үйлестіріп жасаған суреттері қатты ұнады. Соларды сізбен бөлісуді жөн көрдім:
ОАР-ның бұрынғы президенті, 94 жаста, Йоханнесбург
Мен жайлы бір адам: «Туғанында ол Ролихлахла-«қалтылдаған ағаш» деген есімді иеленді, кейін Нельсон Манделаға айналып, әлемді солқылдатты» депті. Менен құдай-адам жасамақ болатын әрекеттерді ұнатпаймын. Мені де «өз әлсіздіктері бар Мандела» ретінде білгендерін қалаймын. Менің елімде, алдымен түрмеге отырады, сосын президент болады. Мен жете ұққан бір нәрсе: Ерлік — қорқыныштың шетте қалып қоюы емес, сол қорқынышты жеңу. Ерлік жасаушы-ештеңеден қорықпайтын адам емес, сол қорқынышымен күресе білетін жан.