Strikeforce ұйымын Zuffa компаниясы сатып алып, ол чемпионаттағы жекпе-жекшілердің барлығы UFC-ге өткеннен кейін бір-ақ рет жекпе-жекке шыққан Даниель Кормьенің (жеңіс-жеңіліс: 12-0) өнерін тамашалайтын да күн алыс емес сияқты.
PayPal төлем жүйесінің клиенттерді қорғау жағы өте мықты, жан-жақты. 90% жағдайда клиент қашанда дұрыс деген оймен, талабыңызды қанағаттандырады. Мысалы:
Интернеттен алдыртқан затыңыз сапасыз, бұзық болып келді ма, дереу PayPal-ға арыз тастасаңыз, сапасыз заттың суретін, видеосын салып, тіпті жай ғана толық түсіндіріп дәлелдесеңіз-ақ ақшаңызды қайтарып береді.
Немесе тапсырысыңыз бірнеше апталап әлі жолда келе жатырса, келуге тиіс уақытынан кешігіп жатса, тағы да арызданып, ақшаңызды қайтарып ала аласыз.
Бір сөзбен, PayPal-мен ғаламтордан қорықпай, сенімді түрде тапсырыс бере беруге болады.
Ғаламтордағы қолданушылардың пікірлерінен оқығандарым да осыны дәлелдей түседі.
Теміржолға билетті epay.railways.kz/ktz3/proc?pa=clients сілтеме арқылы онлайн түрде сатып ала аласыз. Әуелі әрине тіркелуіңіз керек. Барлығы тегін. Артықшылықтары: 1. Комиссия ұсталмайды
Билеттің тек таза құнын төлейсіз. Яғни үйдің қасындағы теміржол билетін сататын кассасы ұстап жүрген 500 теңге өз қалтаңызда қалады. 2. Билетті қайта тапсырар болсаңыз, ешқандай шығындалмайсыз.
Қандай бір себептермен билетті қайта тапсыру керек болса, билеттің толық құны карточкаңызға қайтадан түсе қояды. 3. Билетті кезексіз алу
Бұл сөзді қысқа әрі нұсқа сөйлегің келген жерде пайдалануға болады. Маңызды емес қай жерде, қай орында айтқаның. Ең бастысы тыңдаушының жүрегіне жетсе болғаны. Бұл сөзбен, айтқың келген ойыңды нақты жеткізе аласың. Жасатқың келген нәрсені істете аласың немесе тәтәқ жеп қаласың. Кешіріңіздер таяқ.
Құрметті ұлдар мен қыздар!
Бетке арналған табиғи әрі арзан, сосын жасауға да оңай маска рецептісімен бөліспекшімін.
Маска беттегі әртүрлі дақтарды кетіруге, жалпы бетті тазартып тұруға өте пайдалы.
Театрсүйер көрермен болмасам да, өзіміздің Ақтаудың, сосын Астананың театрларына 2-3 рет барған едім. Театр туралы ойым мынадай: фальш көп, драмасы да, комедиясы да «түймені түйедей етіп көрсету» сезімін тудырады, бір сөзбен қабылдай алмадым. Бірақ кінәні сол жергілікті театрлардан көретінмін, менің ойымша "әкемтеатр" деп аталатын, кезінде Одақтың үздігі болған Алматыдағы Әуезов атындағы қазақ драма театры басқаша, сонда ғана нағыз спектакль көре алам деп шешкен болатынмын.
Көңілім қалды менің. Сөйтсем мұндағы спекакльдер де, мұндағы пьесаны жұртшылыққа көрсету әдісі де, актерлар да, фальш та бәрі бәрі бірдей болып шықты. Мен барған пьеса, ұмытпасам «Бес бойдаққа бір той» деп аталатын.
Сәтсіз пьесаға бардым, келесінде «Абай» болып жатса, соған барамын деп шештім.
Бірақ қайдам, ілінген жарнамаларындағы спектальдердің атаулары мен суреттері бәрібір келешекте көңілім қалатынын сездіртті.
Құрметті керекинфолықтар, қалайсыздар!? Оразаларың қабыл болсын!
Осы постта маусым-шілде айларында оқыған кітаптарыммен таныстырсам демекпін.
Жоғарыдағы кітаптарды оқығандар бар болса, ойларымызбен бөлісейік, ал оқымағандарға рекомендеймін, себебі мен оқитын кітап таңдауға келгенде өте салмақтымын.
Сіздерге ұсынып отырған бұл тағамды дайындау қиын емес. Есесіне, әдетте тамақтан қашатын балаңыз, рахаттанып, сүйсініп отырып жеуі, тіпті тағы да сұрауы мүмкін.
Бірде үйге көкемнің кіші қызы, яғни қарындасым кіріп келді. Жүзінде ыстық қуаныш пен бір күлкінің белгісі ойнаған. Жексенбіні пайдаланып ұйқымен ерте қоштасқым келмей, жастығымды жарымдай қып құшақтап жатқан мен оянып кеттім. Қарындасым маған амандасқаннан кейін, «Біздің әке арақты қоям деді»-деді күтпеген жерден. Мен де іштей қуанып,қарындасыма күліп қараған күйім де ойланып кеттім.
Кішкентай болса да отбасының берекелі болғанын қалайтын оның сәби жүрегіне қызықтым. Арада бірнеше айлар өтті. Әлгі арақты алысып жеңіпті деген «батыр» көкем, тағы да ащы суды төбесіне көтеріп, белгілі мұңдас, сырлас кейін соңында жекпе-жектегі қарсыласына айналатын адамдарымен үйінде отыр екен дегенді естідім. Өзі құмары қанғанша ішкені ештеңе емес,үйдегі тірліктің тұтқасы жеңгеме де тиісетінді шығарыпты. Жұмыстан шаршап келген жеңешеме «қасымда отырасың, ас пісір» деп түн ортасында тұрғызып алады екен.