Астаналықтар алғашқы көмек көрсету курсынан өтті

«Ақ Жүрек» қоғамдық қорына қарасты тренинг-орталықта алғашқы көмек көрсету бойынша курстар жүреді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Статистика бойынша адамның жүрегі тоқтап қалған соң алғашқы екі минутта көмек көрсету өте маңызды. Егер көмек осы алғашқы екі минутта берілсе адамның өмір сүру кепілдігі  70 %-ға дейін артады. Бірақ, адамдардың  90 %-ы көмек беру керек кезде сасқалақтап өздері не істерлерін білмей қалады. Осы себепті де «Ақ Жүрек» қоғамдық қорында шұғыл медициналық көмек көрсету курсы ашылған.


«Біз тек дефибрилляторды қалай қолдану керектігін айтып қана қоймаймыз, біз адамның жүрегі ауырған кезде мысалы, инфаркт, инсульт немесе эпилепсия бола қалған жағдай қандай ем-шара қолдану керектігін оқытамыз. Ең бастысы сасып қалмай алғашқы екі минутта көмек көрсету», дейді «Ақ Жүрек» қоғамдық қорының директоры.


Бұл бағытта студенттерге ден қойылуда. Қор жоспарында Астанадағы колледж және ЖОО-ның 150 мың студентін оқыту. Оларға осы орталықтың мамандары  курстар өткізетін болады.  


«Біз тек дефибрилляторды қалай қолдануды ғана емес жүрегі ауырып отырған жанды көргенде қандай әрекеттер жасау керектігін айтамыз. Біз бірінші кезекте жастарды курстан өткізгіміз келеді, қазір қалада 150 мың студент бар. Олардың барлығын оқытуға тырысамыз, болашақта олар өздерінің туған-туыстарын үйрететін болады»,  — дейді Р. Масхутов.


Сонымен қатар, алғашқы көмек беру курсында оқимын деген кез-келген адам оқи алады. Ол үшін 8 701 801 5555нөмері арқылы тренинг-орталыққа хабарласу керек. Орталық ашылғаннан бері нұсқаушылар 500-ден астам адамды оқытып үйреткен.


Астана әкімдігі коммуналдық қызмет пен мердігерлердің қысқа дайындығын тексерді

Бүгін комиссия Астана әкімінің басшылығымен «қарлы маусымның» басталуына орай қаланың дайындығы қалай екендігін тексеріп шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Комиссия көшелер мен жолдарды жинайтын екі ірі мердігерлік ұйымның – «Астана тазалық» және «Астана Зеленстрой» АҚ техникаларын көріп шықты. Екі компанияның да паркі 400 мамандандырылған техникадан асады. Компания басшылығы барлық техниканың қысқы маусымның басталуына дайын екендерін жеткізді. Қызметкерлер штаты да жасақталған. 


Қар жауған күндері көшеге Есіл ауданы бойынша 526 бірлік техника, Байқоңыр ауданында – 177, Сарыарқа ауданында – 437, Алматы ауданында – 452 техника шығуға дайын.


Қазіргі таңда, қаланың жаңа көшелерін есепке ала отырып, маршрут пен астана жолдарын тазалаудың режимін қайта қарастырылуда.


Әкімдік әлеуметтік объектілердің кіре беріс жолдары мен кварталдардың ішкі жолдарының территориясын, оған қоса үйлер мен аулалардың кіре берісінің жолдарының тазалануына ерекше көңіл бөліп отыр. Себебі, Астана еліміздегі аула алаңдарын ПИК емес, аудандық әкімдік тазалайтын бірден бір қаласы.
Алда тұрған қысқы маусымға «Астана тазалық» қазірден 20 мың текше метр құмды-тұзды қоспаны дайындап қойды (жуық арада тағы да 8 мың текше метрі дайындалады). Дайын болған реагент ауданның маршруты бойынша әзірленген.


Шығатын тас жолдарда және қатты қар жауған кезде пайдаланылатын арнайы роторлар да қысқы маусымға дайын.
Астана басшылығы қатысқан жиында аудан әкімдері, мердігерлік ұйымдар, қаланы санитарлық тазалауға кіріскендер мердігерлік ұйым өкілдерінің есебін және аудан әкімдерінің қысқы маусымға дайындығы туралы тыңдады.


«Бізге толықтай дайын тұру керек, — деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов. – Коммуналдық қызметтер сағат сияқты жұмыс істеп тұруы керек, қалалықтар ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда жайсыздық сезінбеуі тиіс».


Бұдан басқа, Б. Сұлтанов қаланы санитарлық тазалауға кірістірілген мердігерлік ұйымдармен келісімшартты жаңа форматқа ауыстыру туралы мәселені қайта қарауды тапсырды (бүгінде олар нарықтың 50 % құрайды). Жиынға қатысқандар бір жылдық келісімшарттан «кетіп» және «жинау жұмыстарының түрлеріне қарай» көпжылдық МЖӘ-келісімшартын анықтап, өздеріне тиесілі қаланың учаскелерінің тазалығына толықтай жауапкершілікті компания алатындай етуге уәделесіп тарасты.


Сонымен қатар, қала аудандарын ірі учаскелерге бөлу туралы ұсыныс айтылды (соның бір учаскесі – МЖӘ-келісімшарты). Мұндай қадам бір ғана компанияның өзіне қарасты ауданға қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көпжылдық келісімшарт бизнеске инвестициялық сенім береді, ол техникалық базаны жаңартуға және арнайы транспорт паркін жаңартудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


Аталған ұсынысты қаланы санитарлық тазалауға кіріскен компания-мердігерлер толықтай қолдады.


Астанада «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты халықаралық конференция өтті

Елордадағы № 59 лицейде Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Аталмыш жиын осымен бесінші рет ұйымдастырылған. Жиында Елбасы Жолдауындағы білім саласының басымдықтары талқыланды. Сондай-ақ, білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарының қалай жүзеге асырылып жатқаны сөз болды.


Қазіргі уақытта Қазақстанда педагогикалық білім беруді жаңғырту жалғасуда, үш тұғырлы тілге көшу,  «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының құндылықтарын оқытуды енгізу.  


«Біздің мектеп 4 жыл жаңарған формада жұмыс жасауда. Балалардың білім жетістіктерін салыстыра келе, біз оқушыларымыздың функционалды сауаттылық және логикалық ойлауға жақсы екендігін байқадық. Олар ашық тапсырмаларды жеңіл шешетін болды», — деді Қостанай облысы пилоттық мектебінің директоры Қадиша Қалеева.


Конференцияға білім беру саласының 250 маманы қатысты. Пленарлық және сессияларды 20 баяндама оқылып талқыланды.


«Қазіргі таңда басты мәселеде инновациялық шешімдер. Менің баяндамам білім бағдарламаларына қатысты. Біздің университеттің оқытушылары 23 білім бағдарламасын әзірледі. Қазір мектептерде оқыту бағдарламалары өзгерді, соған сай жаңа жоғары білікті мамандар қажет», — дейді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалыми хатшысы Ұлмекен Нұрғалиева.


Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар білім беру жүйесінің қоғамдық сана-сезімді жаңғыртудағы рөлін де қарастырды. Білім беру жүйесінің жаңаруына байланысты мұғалімнің жаңа стандарттар жағдайында әдіснамалық және әдістемелік қызметпен қамтамасыз етуі.


Гонконг университеті білім факультетінің Басқарма төрағасы (Гонконг), математикалық білім профессоры Леунг Фридерик «Білім саясаты мен практикасы үшін TIMSS нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.


«Қазақстан білім саласында айтулы жетістіктерге жетіп жатыр. Осындай конференциялар жыл сайын өткізеді. Бұл кездесуде біз білім саласының кемшіліктерін анықтап, оны шешу жолдарын қарастырамыз және жақсы нәтижелерге жетуге талпынамыз», — деді профессоры Леунг Фридерик.


«Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында нақты ұсынымдар қабылданды.


7 мыңнан аса астаналық оқушы «Мектепке жол» акциясының қолдауына ие болды

Республикалық «Мектепке жол» акциясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.


Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен жаңа оқу жылынан бастап ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке келе алмайтынын ескерткен балаларға материалдық және басқа да көмек көрсету.


Акцияның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 152 961 000 теңге көлемінде астаналық 7524 балаға көмек көрсетілді. Оның ішінде 6439 оқушы демеушілер есебінен берілген 109 409 200 теңгенің көмегін алды. Айта кетейік, Астанада осы акцияны өткізген 11 жыл ішінде 63 мыңнан астам балаға көмек көрсетілген.  
«Мектепке жол» акциясы шеңберінде орталық алаңда мектепке қажетті форма, кеңсе тауарларының 10-50 % жеңілдіктері бар жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге 40 мыңнан астам адам келді. Шараға ірі тігін фабрикалары «Фортуна», «Казлегпром-Алматы», «Sens fashion», Карағанды аяқ киім фабрикасы және Астана, Қарағанды, Петропавловск, Шымкент, Теміртау қалаларынан тауар өндірушілер мен 30-дан аса кәсіпкер қатысты.


Осы жылы «Мектепке жолды» мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» партиясы, мешіттер, әскери бөлімдер, екінші деңгейдегі банктер, «Билайн» компаниясы, жеке кәсіпкерлер, волонтерлер мен қоғамдық қорлар белсенді түрде қолдады. Шара барысында белсенді меценаттар марапатталды және әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруға арналған «Қайырымды іс» жаңа акциясы басталды.


 «Мектепке жол» жыл сайын Мемлекет басшысының 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін мектеп оқушыларының толық келуін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өткізіледі. 


Елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауы өтіп жатыр

Астанадағы «Көрме» орталығында өтіп жатқан «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауы аясында елорда тұрғындары мен қонақтар отандық тауарларды өндірушілер бағасымен сатып ала алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Биылғы көрмеге 153 қазақстандық өндіруші өз тауарын алып келді. Олардың барлығы аймақтық байқаулардың жеңімпаздары. Конкурс алдымен аймақтарда өткізілген, ал Республикалық көрме байқауға әр аймақтан үш аталым бойынша жеңімпаз атанған тоғыз тауар өндіруші қатысып отыр.


«Биылғы аймақтық байқауға 1163 компания қатысты. Бұл біз ойлағаннан да жоғары, тіпті рекордтық көрсеткіш. Осыған дейін ұйымдастырылған көрмеге әрі кетсе сегіз жүз кәсіпорын қатысатын. Бұл көрсеткіш елімізде кәсіпкерлер санының артқанының бірден бір көрсеткіші. 2015 жылдан бастап аталмыш көрмені Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда. Ұлттық палата отандық тауарлардың сапасы жоғары болуын, өндірушілердің бәсекеге қабілетті болуын көздейді», — деді «Атамекен» ҰКП өкілі, «Алтын сапа» байқауының эксперті Мадина Мұқатова.


Биылғы конкурс үш номинация бойынша өткізіліп отыр: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары».


Көрмеге Астана қаласы атынан қатысып жатқан компаниялар да бар. Солардың бірі тоқыма жеңіл өнеркәсібімен айналысатын «ASTANA Ютария ltd» ЖШС.


«Біздің компания негізі 2002 жылы құрылған, ал Астанада 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсіп бағыты арнайы киімдер, әскери киімдер шығарамыз және тағы бір бағытымыз қыз-келіншектерге арналған тоқыма киімдер, төсек-орындар, үйге арналған заттар, балалар киімдерін шығарамыз.  Тауарларымыздың сапасы өте жоғары, мысалы, балаларға аралған киімдер жүз пайыз мақтадан жасалады. Қыз-келіншектерге арналған киімдерге 22-30 пайыз акрил, фискоза қосамыз. Шағын фабрикамыз «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан Индустриалдық паркте»,  — дейді фабрика өкілі Жанар Дулатқызы.


Сондай-ақ, көрмеге келушілер азық-түлік тауарларының дәмін татып көруіне, өнімдерді тауар өндірушілердің бағасымен сатып алуына болады. Сонымен қатар қонақтар отандық өндірушілердің ұсынған киім үлгілері таныстырылымын тамашалай алады. Шара аясында тауар өндірушілерге арнайы шеберлік сабақтары, іскерлік кездесулер өткізіледі.


Көрме Астана қаласындағы «Көрме» орталығында Достық к. 3 өтіп жатыр.

Астана әкімдігі үлескерлерді сақ болуға шақырады

Қалалық ортаның сапасына бақылау басқармасымен Астана қаласының прокуратурасы бірлесе отырып қала тұрғындарының өтініші бойынша тексеріс жүргізгенде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу» туралы заңын бұзушылықтардыанықтаған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


 


Үлескерлердің назарына!


3 баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес — Заңмен белгіленген талаптарын бұза отырып тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін жеке және заңды тұлғалардан ақша тартуға тыйым салынады.


 


Жоғарыда айтылған ескертпелер құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысы бойынша жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін және  нашар атына байланысты заңмен тікелей шектелген.


 


Астана қаласы аумағында компаниялардың заңсыз құрылыс жүргізу салдарынан проблемалы нысандар бар, олардың құрылысы өте баяу немесе тоқтап қалған. Осыны ескере отырып әкімдік қызметкерлері мен прокуратура осындай заңсыздықтардың алдын алу мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр.


 


Бүгінде тексеріс нәтижесі бойынша 15 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған:


 


№ р/н


Нысан атауы


Құрылыс компаниясы


1.


 «Көркем Тоwеr» көпқабатты тұрғын үй кешені


 «Industrial Innovation Group» ЖШС


2.


 «Orynbor towers ТК (1-3) – 22 қабат» 2 кезек


 «Kaz Industrial group» ЖШС


3.


 «Bi-City Seoul» (7 кезек с 20.02.2018 ж) ТК


«Premier Palace» ЖШС


4.


 «Crocus City» (1 кезек) ТК


«Алтын Дала Астана» ЖШС


5.


«Камал-5» ТК 5 кезек


«Town House» ЖШС


6.


«Dream City» ТК 2 кезек


«Город Счастья» ЖШС


7.


 «Кристалл-2» көпқабатты тұрғын үй кешені


 «АстанаСтройДом» ЖШС


8.


 «Інжу» көпқабатты тұрғын үй кешені


«КазТемірТрейд-2012» ЖШС


9.


«Алтын Отау» ТК


«Арзан 777» ЖШС


10.


Байтұрсынов және А 77 көш КТК


«SAT Construction Group» ЖШС


11.


«Expo new life» ТК


«Шанг Хи групп» ЖШС


12.


«Park Avenue Exclusive» ТК


 «АБК-Технологическая Оснастка» ЖШС


13.


«Green Wich» ТК


 «Астана құрылыс Монтаж НС» ЖШС


14.


«Спортивная академия» ТК


«Объединение-Сайран» ЖШС


15.


«Нова Сити» ТК


«Luxor.kz Company» ЖШС


 


Жадынама


Келісімшарт жасасу бойынша талаптар


(ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ)


 


  1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісімшарт жазбаша түрде жасалады және жергілікті атқарушы органында оның есепке алу сәтінен бастап жасалған деп есептеледі.

 


  1. Үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде уәкілетті компанияменжүзеге асырылады.
  2. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мақсатында келісімшарт жасасуға ниетті жеке және заңды тұлғаларға құрылыс объектісі туралы толық ақпарат беруге міндетті.

 


  1. Уәкілетті компания толық емес және дұрыс емес ақпаратбергенЖағдайда үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттыжарамсыз деп тануүшін сотқа жүгіне алады.

 


Ескертпе:


Үлескерлер қаражатын басқа жолдармен тарту шектеледі.


Құрылыс компаниясы немесе жауапты компания Кепілдік беру қорының немесе жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат бергені туралы айта отырып тұрғын үй құрылысының немесе басқа да нысанның жарнамасын жүргізе алады. Жарнамада құрылыс компаниясы және жауапты уәкілетті орган туралы ақпарат болуы тиіс.


Астаналық Қазақстан халқы ассамблеясы Президент Жолдауын талқылады

11 қазанда Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірлік күні күн аясында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Күн тәртібінде — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады.
Достық үйіне қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының, қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен мемлекеттік орган қызметкерлері жиналып, маңызды істі бірлесіп талқылады. Шығып сөйлеушілер бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.


Жиында сөз алған Астана қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә. Әлпейісовтің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының Жолдауда маңыз берген келер жылдың Жастар жылы деп аталуы тарихи әрі стратегиялық маңызы бар шешім екеніне тоқталды. «2019 жылы нақты істерге бағытталған жобалар мен жұмыстар қолға алынатын болады. Бұл жарқын істер өз кезегінде тиімділігін көрсететіні айқын», — деді сөз орайында Ә. Әлпейісов.


Дөңгелек үстел барысында Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері Т. Кошман, О. Әлиев, Х. Маслов және Аналар кеңесінің төрағасы Я. Низамутдинова де өз пікірлерін білдірді. Олардың Елбасының Жолдауына қатысты білдірген пікірлері ортақ бағытта өрбіп, оны тиімді жүзеге асыруға уағдаласты.
Мемлекет басшысы Жолдауында алға қойған мақсаттарға қол жеткізу қоғамдағы әлеуметтік үйлесімділікті сақтау арқылы мүмкін болатынын мәлімдеді. «Әрбір қазақстандық Отанды гүлдендіруге бағытталған реформа маңызын жете түсінуі тиіс. Қазір оны табысты жүзеге асыру үшін баршамыздың бірігуіміз аса маңызды болып отыр», — деп атап көрсетілген Жолдауда.


Қазақстан халқы ассамблеясының баршаны ортақ іске біріктіру мақсатындағы қызметін бағаламау орынсыз болар еді, өйткені оның жүйелі қызметі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.


Жалпы Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жолдауға бірауыздан қолдау білдіреді. Ол бойынша алдағы жұмыстар мен міндеттер нақтыланды.


Ол өз кезегінде этностар ынтымағын арттырып, халықты бірлікке үндейді.


«ЕҚЫҰ-ның Қазақстан Республикасындағы 20 жылы: ынтымақтастық және жетістіктер» халықаралық конференциясы өтті

Халықаралық конференцияны ұйымдастыру бұл – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Елбасы Қоры және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы офисінің бірлескен бастамасы.


Іс-шараның ашылуында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді:


– ЕҚЫҰ-ға төрағалық Қазақстанның аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесін ұлғайтуға және тереңдетуге, сондай-ақ сенім, сабақтастық, ашықтық және толеранттылық қағидаттарына негізделген Ұйымдағы басшылыққа біздің жауапты көзқарасымызды көрсетуге мүмкіндік берді. Біз әлемдік тәртіптің геосаяси трансформациялану жағдайында әріптестігіміздің ресурстық әлеуетін ашуға, ЕҚЫҰ-ның тиімділігін арттыруға және Ұйымның жаңа сын-тегеуріндерге бейімделуіне ықпал ететін ынтымақтастық форматымызды жалғастыруымыз қажет. Қатысушылардың бірегей құрамы мен қауіпсіздік және өзара әрекеттесу мәселелері бойынша мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тетіктері мен тәжірибесі бар ЕҚЫҰ-ға жаңа қауіпсіздік архитектурасының негізгі элементтерінің бірі болып қала беруіне тілектеспін.


Құрметті қонақ ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ-ның екіжақты ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы айта келіп былай деді.


«Мен үшін 2010 жыл Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуда маңызды жыл болды, әсіресе Қазақстанның қазіргі Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен серіктестігіміз ерекше. Содан бері Қазақстан мен ЕҚЫҰ сенімді серіктеске айналды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ғы төрағалығы өте жемісті болғанын атап өткім келеді. Мен ЕҚЫҰ елдерінде Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймын».


Конференция аясында «Қазақстан және ЕҚЫҰ» атты көрме ұсынылды. Көрмеде Елбасы кітапханасының музейлік, архивтік жәдігерлері мен кітаптар жинағының негізінде ЕҚЫҰ құрамындағы Қазақстан тарихындағы ерекше есте қаларлық және маңызды оқиғалар ұсынылды.


Астаналық полицейлер автобус жүргізушілерінің ЖҚЕ бұзған 200 оқиғаны анықтады

«Автобус» жедел-профилактикалық шарасы барысында 2 күннің ішінде полицейлер жолаушылар автобусының жүргізушілері жіберген жол қозғалысы ережесін бұзған 224 фактіні анықтады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Оның 38 фактісі – қоршаған ортаны ластау (пайдаланылған газ) және шу деңгейі. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолында жол бермей өтіп кеткен 2 факті мен рульде келе жатып телефонмен сөйлескен 17 оқиға анықталды.


Астана ІІД баспасөз қызметі айтқандай, «Автобус» жедел-алдын алу шарасы астана төңірегінде 9-13 қазан аралығында апаттың болуын төмендету мақсатында жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бақылауды күшейту үшін өткізді.


ЖПШ өткізу кезеңінде жолаушылар автотранспортының жүргізушілері тарапынан ЖҚЕ қатаң бұзғандардың жолын кесу және анықтау бойынша рейдтік шаралар өткізілуде. Сондай-ақ автобустардың техникалық жағдайы, норматив пен стандарт талаптары бұзылған автобусты пайдалану және басқару фактілері анықталуда, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі мен жолаушыларды тасымалдаудағы бекітілген нормаларды сақтауы да тексерілді. Бұған қоса, полиция қызметкерлері қалалық автобустардың техникалық жағдайы мен жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін сақтағанына да көңіл бөліп бақылады.


Бүгінде шараға бақылау үшін әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметкерлерінен, Астана бойынша көлік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер департаменті мен қоғам мүшелерінен құралған 10 топ жұмылдырылды.


Астанада «7-20-25» бағдарламасы бойынша 500 өтініш қабылданды

Бүгінде Астана тұрғындары «7-20-25» ипотекалық несиелеу бағдарламасына белсенді қатысып жатыр. 1 шілдеден бастап аталған бағдарлама бойынша банкте 509 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл шамамен еліміз бойынша қаралған және мақұлданған жалпы өтініштердің үштен бір бөлігі. Сондай-ақ «Millennium Park» тұрғын үй кешеніндегі өздерінің армандаған пәтеріне 310 астаналық отбасы қол жеткізді.

Айта кетейік, тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндігі Мемлекет басшысы белгілеп берген көрсеткіштен өзгертілмейді: ол жылдық мөлшерлеме 7 %, комиссиясыз және қосымша қайта төлемсіз, 20 % тұрғын үйдің бағасына қарай алғашқы жарнасы, несиелеудің шекті мерзімі 25 жыл.

Бағдарламаға Қазақстанның әрбір жекеменшігінде баспанасы жоқ және басқа да ипотекалық заемдары жоқ азаматтар қатыса алады. Бағдарламаға қатысушының кәсіпкерліктен немесе жұмыс орнынан тұрақты түрде расталған табысы болуы қажет.