Ұлы сапар

Сіз өзіңізше алдағы аптаңызға немесе демалыс күніңізге тамаша жоспар құрдыңыз делік. Сол жоспарыңызды әкеңіз « Төрт күннен соң жолға шығамыз. Дайындал.» деп, сізбен келіспестен сыртыңыздан шешім шығарып бұзса не істер едіңіз? Әрине, бұлқан-талқан болып ашуланарыңыз кәдік. Қанша жерден ер-тоқымыңызды бауырыңызға алып тулағанмен әкеңіздің сөзі сіз үшін заң. Түптің-түбі келісесіз. Әкеңізбен сапарға аттанасыз. Бірақ, жолдың біраз бөлігінде томаға-тұйық отырып, әкеңізге қыр көрсетуіңіз де мүмкін. Бәлкім ол әрекетіңіз заңды да болар?
Міне, біздің кейіпкеріміз дәл осындай оқиғаға тап болады. Бірақ, ол жоспарын тек ойнап-күлуге ғана емес, оқуға құжат тапсырып, емтихан тапсыратын күнін күтіп жүрген болатын. Лицейді аяқтап, енді одан әрі білім алсам деген ниетпен оқуға бір мәрте түсе алмай қалған 20 жасар жас жігіт, өзінің емтихан тапсырып, оқуға түскен сәтін талай мәрте ойша қиялдаған да болар? Ұлының осындай ұлы арманын күл-парша еткен қандай әке, ол неткен сапар деп отырған боларсыз? Бұл ұлы сапар әкенің де о бастағы арманы болса ше? Бұл өтініш әлде бұйрық бір аяғы жерде, бір аяғы төрде тұрған қарт әкенің соңғы тілегі, өзін алдыға жетелеген арманына деген соңғы ұмтылыс болса ше? Онда, көрер қызығы алда деп саналатын жас жігіттің өз арманын әкесінің арманынан жоғары қоюға қақысы бар ма?
Реданың басына түскен сәтсіздіктің барлығы ағасының ішіп алып көлік айдау куәлігінен айрылып қалуынан басталғандай ма қалай өзі? Әйтпесе, әкесі баласының буынсыз жеріне пышақ салмауы тиіс еді. Енді міне, Францияның оңтүстігіндегі шағын қалашықта өмір сүріп жатқан Реда әкесін Меккеге ағасының ескі «Пежосымен» апаруы керек. Түскелі тұрған оқуын, сүйген қызын тастап Реда байғұс қыңыр шалдың айдауымен кетеді. Өз айтқанын орындататын осынау тік мінезді шал маған қазақ шалдарының, далалықтардың әкелік образының жиынтығы болып көрінді.
Әбіләкімнің  ауылы: Ұлы сапарФранцуздар мен Мароккалықтар 2004 жылы түсірген осынау «Ұлы сапар» («Үлкен саяхат» деп аударғым келмеді. Фильмнің орысша аудармасы «Большое путешествие») фильмі адамды өзіне баурап алады. Бір қарағанда, тым қарапайым, шұбалаңқы көрінген сюжетті фильмен керемет әсер аламын деп ойламайсыз. Көбіміз жарқыл-жұрқылды оқиғалар, шартпа-шұрт төбелесті, қым-қиғаш тірліктер көрсетілген жеңіл фильмдерді жиі көреміз. Адамды ойға жетелейтін, айтары бар кино көргіңіз келсе осы туындыны тамашалаңыз.
Әр мұсылманның асыл арманы Меккеге бару, сол жаққа қажылық сапарға аттану әрине ұлы сапар болып есептеледі. Бірақ, бұл фильмнен одан бөлек екі заман адамының, екі буын өкілінің бір-бірініңі әлеміне, ішкі жан-дүниесіне сапарды аңғаруға болады. Ұзақ сапар баланың әкені ұғуына, оның өмір салтын түсінуіне, өзінің қателіктерінен сабақ алуға үйретеді. Өзін бір адамдай білгішпін деген жас жігіт хат танымайтын әкесінің сұңғылалығына бара-бара тәнті бола бастайды. Өмір атты ұлы сапарда ақ пен қараның қатар жүретініне, жақсы ададар мен жаман адамдардың барлық ұлтқа тән екеніне осы кино арқылы тағы бір көз жеткізтуге болады.
1962 жылы дүниеге келген, сценарист, режиссер Исмаил (Исмаэль) Феррухидің шығармашылығымен мүлдем таныс емес екенмін. Мен, жалпы «Ана режиссер жаңа туынды шығарыпты» деп шарқ ұрып, іздеп жүріп сол киноны көретін жандардан емеспін. Омарбраттың жолымен торрентке шыққанын, онлайнға іліккенін көріп жүре беретін жанмын. Бірақ, осынау киноны мен осыдан екі-үш жыл бұрын еліміздің бір телеарналарынан көріп қалған болатынмын. Көрілген соң ұмытылып қалатын фильм бұл емес. Бірақ, дәл сол кезде мен бұл фильмнің режиссеріне мән бермеген едім. Блогиада аясындағы осынау тақырып бұл киноны тағы бір шолып өтуіме мұрындық болды. Сондай-ақ, режиссердің қолынан шыққан басқа да дүниелер көруге тұрарлық секілді. Секілді деймін-ау, уақыт тауып, көретініме бек сенімдімін.
Айтпақшы, керемет кинотуынды түсіріп шығу үшін көп дүние қажет емес секілді. Жақсы сценарий, рөлдерді сомдайтын екі-үш адам, бір оператор камерасымен және 1990-91 жылғы универсал «Пежо» не болмасса «Пассат» та жарай береді.
Әрі қарай

"Астана опера" мемлекеттік опера жəне балет театрына жалпы шолу.

Астана опера мемлекеттік опера жəне балет театрына жалпы шолу." />«Туған елге тағзым » атты экспедициямыз жалғасу үстінде. Біз «Астана опера» мемлекеттік опера жəне балет театрына барған болатынбыз.Бұл театр өте үлкен жəне көздің жауын алардай əдемі. Театрдың қабырғасы, едені жəне баспалдақтары тікелей Италиядан əкелінген нағыз ақ мəрмəрдан жасалған. Блог - AkbotaKarimova: Астана опера мемлекеттік опера жəне балет театрына жалпы шолу.Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. «Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады.
Суреттен көріп отырғандарыңыздай бұл театрдың сыртқы жəне ішкі бейнелері. Театрдың сыртқы төбесінде 4 аттардың мүсіні орналасқан.
Блог - AkbotaKarimova: Астана опера мемлекеттік опера жəне балет театрына жалпы шолу.
«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды.Блог - AkbotaKarimova: Астана опера мемлекеттік опера жəне балет театрына жалпы шолу.Ал, Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небəрі 40 метр.

Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. Осының барлығы «Астана Опера» сахнасын әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына қосады. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептеліпті.

«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.
Жалпы «Астана опера » мемлекеттік опера жəне балет театрына жасаған шолуымыз барлық оқырмандарға ұнады деген сенімдемін.Бүгінгі экскурсиямыздан оң əсер алдым. Бəрі керемет болды! Назарларыңызға көп рахмет!
Әрі қарай

БІЗДІҢ ӘУЕКЕҢІСТІГІМІЗГЕ ЛАЙЫҚ ҰШАҚ - Bombardier Q400

Блог - Raimkhan: БІЗДІҢ ӘУЕКЕҢІСТІГІМІЗГЕ ЛАЙЫҚ ҰШАҚ - Bombardier Q400
Астана күнінің құрметіне орай, канадалық «Bombardier» компаниясының заманауи турбиналы-винтті Q400 NextGen» маркалы ұшағының тұсаукесер рәсімінде, «Самұрық-Қазына» қоры «Bombardier» компаниясымен он ұшаққа серіктестік келісімін бекіткендігін хабарлады. Бұл ұшақтар өңіраралық әуе желілерінде пайдаланылады.
Атап айтқанда, бұл ұшақтарды қордың құрамындағы екінші отандық әуе компаниясы — «Эйр Қазақстан» пайдаланады.
«Ұшақтардың қауіпсіздігі бойынша әуе компанияларына деген талап күшейіп келеді, алайда отандық компаниялар бұл талаптарды орындамайтын жағдайлар кездесуде»,-деп атап өтті ол.
Басқарма төрағасы Елбасының тапсырмасы бойынша екінші отандық әуе компаниясын құру қадамы жасалғанын жеткізді.
Оның сөзіне қарағанда, қор «Эйр Астана» мен «Эйр Қазақстан» компанияларының акционері болғандықтан осы екі әуе компаниясы серіктестік негізінде жұмыс істейтін болады.
Астана күнінің құрметіне орай, канадалық «Bombardier» компаниясының заманауи турбиналы-винтті Q400 NextGen» маркалы ұшағының тұсаукесер рәсімінде «Air Kazakhstan» компаниясының президенті Нұржан Шәкіров:
— Біз алдағы жылдың алғашқы жартысында «Bombardier Commercia Aircraft» компаниясының «Q400 NextGen» маркалы су жаңа 10 ұшағын сатып алып, Қазақстан көгінде самғатуды жоспарлап отырмыз. Оның әрбірінің құны 23 млн доллар шамасында тұрады. Ал ұшақтарды елімізге әкелу кезеңі 2015 жылдың наурыз-сәуір айларында жүзеге асады деп күтілуде. Сөйтіп, көп ұзамай алғашқы жыртыжылдықты еліміздің жолаушыларын жаңа ұшақтармен тасымалдауды қамтамасыз ететін боламыз, — деді ол.
Айта кетейік, шара аясында «Bombardier Commercia Aircraft» компаниясының вице-президенті Рой Джонс БАҚ өкілдеріне ұшақтың қыр-сыры мен қабілет-қарымы жайлы егжей-тегжейлі баяндап, тіпті, тілшілер қаумының әуе кемесінің кейбір артықшылықтарын сезінуі үшін олардың Астана көгінде самғауының да орайын келтірді.
Вице-президенттің айтуынша, ұшақтың бұл түрі «әуе кемелерінің болашақ буыны» деп аталуға әбден лайық және мүмкіндігінше еркін ұшуы үшін Орта Азия елдерінің климаттық жағдайына мейлінше бейімделіп жасалған.
— Бұл ұшағымыз 50 градус ыстық пен 54 градус аязды күндері де ұшуға қабілетті. Турбиналы-винтті болғандықтан жүк тасымалдауға болады. Тіпті, орындықтар тұратын жерді үнемдеп немесе кеңейту арқылы 72 мен 86 адамдық жолаушылар сыйымдылығын қамтамасыз ете алады. Үнемді, шапшаң әрі маневр жасауға ыңғайлылығын айтпағанның өзінде, бұл ұшақ жүктемесі тәулік бойы тынымсыз әуежайлар үшін бір мезетте жолаушылар отырғызып, жүк тиеумен қатар, жанармай құю қызметтерін де мінсіз атқара алады. Ал ұшу-қону қашықтығын өзге ұшақтармен салыстырғанда тым қысқа әрі 10-17 минут ішінде 6-7 мың метр биіктікке тез көтеріле алатын мүмкіндіктерге ие. Ең маңыздысы — «Q400 NextGen» ұшағын Орта Азия мемлекеттерінің ыңғайына қарай бейімделгендігін баса айтқым келеді. Яғни, ұшу-қону алаңдарының санатына қарамай, тегістелген қатты топырақтың бетіне қону қабілетіне иелік етуі оның өзге бәсекелестерінен бір бас жоғары екендігінің белгісі болып отыр, — дейді Рой Джонс.
Әрі қарай

"Октябрьское небо" фильмі

Адам қандай істі қолға алса да, алдына қойған мақсаты болса, оны ештеңе де тоқтата алмайды. Сол сияқты «Октябрьское небо» фильміндегі басты кейіпкерді, кішкене ғана шахтерлер қаласында өскен он жеті жасар Хомерді ештеңе де жолынан тайдыра алмайды. Әкесі ұлының орындалмас армандарының жетегінде кетпей, өзіндей жақсы шахтер болуын қалайды. Өйткені бұл қалашықтың тауып жатқан наны осы шахтадан. Сол себепті тұрғылықты жастардың мамандық таңдайтындай жағдайы да жоқ. Алайда, жас жігіттің бар ойын ракета құру идеясы басқан. Және бұл идеясының жүзеге асуына мұғалімі мен жақын достары ықпалын тигізеді. Әрине мұндай арманның орындалуы оңайға соқпады, себебі Совет Үкіметінің алғаш жіберген спутнигінің кіп-кішкентай жарығын аспаннан бір-ақ рет көргеннен бойын ракета құру арманы шырмаған балаға кім сенсін. Бірақ соңында әкесі де ұлына қол ұшын созады. Фильмде әкесі мен ұлының арасындағы қатынас жақсы жеткізіліп түсірілген.
«Октябрьское небо» — мақсатыңа талпыныспен, еңбек етіп, сабырлылықпен жете білу жайында үйреттетін, жігерлендіретін фильм. Шын өмірден алынып, түсірілгендіктен де қатты ұнады. Көруге кеңес беремін.
Киностан: Октябрьское небо фильмі
Әрі қарай

Атамның әңгімесі

"Әкесі тірілгенді де естіртеді" ©граф Дракула


Үйге қарсы бетте бейіт тұр. Жұрттың үйіне қарсы — үй тұратын болса, біздің атаны осылай қытай соққан: есігінен шыға сала төртқұлақ мола мөлиіп қарап тұрады. Атамның үйі де ескі, анау бейіт те омырыла бастаған, соған қарағандf, «біртүрлі көршіліктері» бағзы заманнан бері жалғасып келе жатса керек.

Жалпы, нағашы атам Нәжімеддинмен кештеу таныстым. Құдалар біруақыттары әлденеге араз боп араласпай қойған, типінақ, Монтекки мен Капульеттилер, шешесстің. Соған байланысты маған да нағашы атамның үйіне келуге тиым салынған екен. Біздің мақан мен пақан да Ромео мен Джульеттаны сомдап, бітіспес әулетаралық қақтығыстың зардабын біраз шегіскен. Кейінірек, онда да — өмір бойы барлығына оппозицияда болған радикал біздің шал Аид амигоға аттанып кеткесін, әжем Женевьеваның қолы ұзарып, шал кезінде гардобды жарып — боқтап жіберген, ұрып жіберген, мазақтап жіберген, малын жеп қойған, қолын алмай жібергендерді жинап, әулет атынан барлығынан кешірім сұрап, типінақ, қамшының сабындай ғана өміріміз қалды, әрі қарай тату болып өмірден өтейік деген. Жұрт жауап ретінде бас шұлғысып, несі бар, жетер осы қырқысқанымыз да, анау шалың ғой, әйтпесе біздің ұрыс іздеп неміз бар деген. Сөйтіп, дипломатиялық қатынастар қайта жанданып, Киссинджердің біздің үйдің бұрышында қызғаныштан қолдары дір-дір етіп, темекі шегіп тұратынын жиі көретінмін.

Сол енді: өз атам — Аидтің итін бағуға аттанып кеткесін, нағашы атамды жағалап қалдым. Барлығы керемет, тек жаман жері — біріншіден, үйіне мола қарап тұрады; екіншіден, шал — томаға-тұйық. Қорқыныштысы — осы үйде қонып қалу: төсекті терезенің алдына салып береді, ал ол терезеден — әлгі бейіт менмұндалап тұр. Тырс ететін, тарс ететін жер үйдің әдеттегі тынысы — бұл үйде басқаша мазмұнға қанығып, түніңді тозаққа айналдырады. Ал көршілер терезе қаққанда ше?! Зәрең ұшып, дамбалың ылғалданып сала береді! «Мен ғой мына моладан кеп тұрған, кешірерсіздер, осы жұмада жеті нан пісіріп, құран оқи қалсаңдар, менің де атымды атай салыңдарш, әйтпесе зайып ал шығып кетті» сықылды сарындағы хуйбыжық фильм көріп шығарсың түсіңде.

Үйреніп кетесің дегендері бекер болды, жылдап қатынасам да әлгі моланы көрсем тіксініп қалам. Ал нағашы атам болса, түнде суға барып келіп, сол моланың қасынан жүре береді. Бір күні шыдамай сұрадым:

— Ей, атасс, қалай қорықпайсыз осы моладан?

Жауап бермейтініне әбден етім үйреніп кеткесін бе, атам кенет:
— Несіне қорқам сонда? — деген кезде өзім шошып кеттім.

— Енді…

— Тәйт! Ішінде адам болса бірсәрі қорқатындай…

— А?

Менің тасым аңырып қала берді: лібә, ішінде өлігі жоқ мола тіптен қорқынышты сияқты ма, қалай өзі?

— Енді адам жоқ қой ішінде!- дейді шал оны-мұны шұқып жүріп.

— Қайда сонда ол?

— Қалай қайда? Қайдасы несі? Ішіне ешкімді көмбегесін қайдан адам болсын???

— Онда моланы тұяғыма салған ба?

— Біреуді көмеміз деп салған да енді…

— Е атасс… айтсайш енді нақ дұрыстап…

— Тап әкеңң, кел онда, мына шалапты жұтып тастайық сол әңгімені айтып — түстіктің орнына тамақ болсын — келістік пе?

— Әлкөтте ата! Жібер әңгімені нақ әкесс!

Электрик Мақбоздың Аидиссеясы

— Мынау мола сияқты мола салмайды қазірде. Қазірде өлгеніңді жүзпроцент айтатын доғдырлар бар, сосын ба, төбеңді рельспен-бетонмен жауып, біржола аттандырып жібереді қазіргілер. Ал ертеректе олай еместін. Кісі сиятын саңылау қалдыратын еді. Неге? Жалпы, қаззақ өлікті үйде неге үш күн ұстайтынын білесің бе? Білмейсің! Себебі үш күн ішінде марқұм қайта тіріліп келуі мүмкін. Сондықтан, қаззақ алдымен көмбейді, алдымен «жерлеп» көреді! Үш күн ішінде өзгеріс болмаса ғана аяғына дейін көміп тастайды!

— Ом манэ…

— падме хуум, солай нақ. Бала күнімде ол үйреншікті нәрсе еді, "Құдай кешіріп, кері жіберіпті" дейтін кісілер көп-тін. Қазір енді доғдырлар бар, өлді десе — өлгенің. Херқисса, бұл 1955-57 жылы болған охуйға, әкеңңаузы. Үкімет үйлерімізге тоқ жүргізе бастады. Электрик дегендер құдай болды ол кезде. Солай нақ: осы көшенің басында тұратын, маңдайымызға біткен жалғыз электрикті біз де, орталық та жұлмаладық, тоқ жүргізіп бер деп. Бір күні оянныйлар мәшинемен аяғын жерге тигізбей тиеп алып кетті Мақбозды. Аптаға жуық жоғалды шырақ со кеткеннен. Екінші апта ауып, үйге тоқ жүргізуді ұмыта бастағанда, әлгі оянныйлар тап осы үйге келіп тұр, таңғы үш жарымда.

— Сіздердің Мақбоздарыңды өлтіріп алдық… Ал… — дейді кәмәндирі.

Мақбозға ішегім жабысып қалғаны шамалы, бірақ әке-шешесі мен шиеттей баласын ойлап, жүрегіме шым-шым шаншу қадалып, сол жерде сұлқ етіп отыра қалдым. Бәрін былай қойғанда, «естірту» деген құрыған жоралғы маған түсіп тұр ғой! Қайтейін деп, естіртуге бардым үйіне…

Жалғыз сүйенішін жоғалтқан әке-шешені сен көрмей-ақ өт өмірден, ептібайымайд! Тұтас бір үйді боздаттым да қойдым таң ата, айтып-айтпай не керек.

Содан әлгі үн-түнсіз кәмәндир ақыл айтсын:
— Тоқ ұрып өлген адамды сақтауға болмайды. Тап қазір көміп тастасаңдар да артық емес…

Не шара, күрек-кетпенімізді алып, қабірді қаздық та тастадық. Түсте құран-намазын оқып жіберіп, көмуге шыға бергенде, жұрт әлдеқашан жынды деп шетке шығарып қойған Үсен тәуіп алдымызды кес-кестесін:

— Көмбеңдер, жерлеп көріңдер алдымен! Жалпы, сарайға үш күн қоя тұрсаңдар ғой… Тоқ соққандар тіріледі әдетте…

Жынды деп менсінбесек те, бала күнімізде сондай охуйғалардың болғаны есімізге түсіп, табытпен мелшиіп тұрмыз. Оған мына білгіш кәмәндир бақырып тұр ғой, бүгін көміңдер деп!

Әлқисса, баяғы жоралғыны там-тұмдап еске түсіріп, тәуіптің айтуымен ауа кіретін саңылау және тіріле қалса — өзі опырып шыға беретін қамыс жамылғы жасап, Мақбозды қойдық осы молаға…

— Қойсаңдар қайда енді?

— Тұра тұр әкеңң аузы, асықпа! Содан қойдық та, төрт күннен соң бастырып көміп тастармыз деп, уағдаластық. Ертеңіне әке-шешесі көзіміз барда моласын соғып тастаңдар деді, бір күн ішінде кірпішпен өріп тастадық. Ал үшінші күні… Үшінші күні сенің мақаның түн ішінде әке-әкелеп оятты. Аулада тұрған флягадан тырдай жалаңаш біреу қотарып су ішіп жатыр дейд!!!

— Мақбоз?!!!

— Жоқ ептібайымайд, ол емес! Міне, мына үйдегі көрші Дөңес екен. «Аузың кеуіп бара жатса — арағішкен жеріңнен неге суыңды да ішіп келмейсің!» деп ақырып, аулаға атып шықпаймын ба! Сүйтсем, Дөңес есі ауысқан кісіше жырқ-жырқ күлед. Шашының самай тұсы аппақ боп кеткен.

— Лібәәә Нәжімеддин, аулада жаюлы тұрған жұмыс киімдерімді Мақбоз таңдап тұрып киіп кетті жаңа ғана айдың жарығымен, мен терезеден қарадым да отырдым, ббуах-ха-ха-хааа!

«Еее шешесс» деп, бетінен шпалақпен тартып алайын деп ойлағанымша болған жоқ: көшенің бас жағынан абыр-дабыр шу көтеріліп, азан-қазан боп кетті. Біреулер жылап жатыр, біреулер күледі ме қытай-ау. Ішімде бірдеңе қылп етті, бірден осы молаға жүгірдім. Епті: қамыс жамылғыны жыртып, жалаңаяқ әлдекім шығып кетіпті, Мақбоздың тіріліп кеткенін бірден түсіндім.

Алпыстың екеуіне келіп қайтты ол кісі Ақтүе жақта. Сол жақта жерленді. Ал мынау — содан қалған естелік, кейде «бір басында екі моласы бар Мақбозың ерлеп тұр!» деп күлеміз, қытайдың өзі кешірсін…
Әрі қарай

Үйленуге тұрарлық жігітте болуы міндетті үш нәрсе

Блог - batyr: Үйленуге тұрарлық жігітте болуы міндетті үш нәрсе


Соңғы кезде қыздарға арналған сайттармен блоқтарда осындай сұрақтармен жиі кездесетін болдық.

Жауабын мен-ақ берейін. Үйленуге тұрарлық жігітте болуы міндетті үш нәрсе; 2 тас пен 1 қотақ.

Ресми кезегі мынандай: (Оң тасы)(Қотақ)(Сол тасы)

Керекті назарды жинап алған шығармын, иә?
Айтайын дегенім негізі не ғо… Жаңадан шыққан бір чайканың түрі бар жігіттер. Маса сияқты шам жарқ ете түссе, тығылып қалатын, өзінше ақылды зайыптар. Инстаграмда жиі кездесе аласыңдар. Мен инста-жәлеп деп атадым оларды. Қып-қызыл жіп дамбалды көттін ортасына тырыстырып алып, суретке түсетін. Күніне бір мемлекетте бәсейіннің шетінде «емшек селфи» жасайтын.
«Оларда не шаруаң бар, саған не көрінді?» демей жалғасын оқындар, нақ.
Байқасам, әлі омырауы көктемеген жап-жас қыздар солардын суреттегі жалған өмірлеріне қызығып, ақыры солар сияқты виртуалды жәлептерге айналып жатыр.

Менін соларға көптен жинап келе жатқан бір ауыз сөзім бар.
Махабатты тақырыпта жазғандай рецептпен іздеп жүре беріндер, не табар екенсіндер?!
Ақша, әдеміліқ, аспанға жеткен эго іздендер. Көрелік, аяғында қандай керемет жігітпен бір төсекте оянады екенсіндер?!
Осы ғасырда жігіттер, адамзат жаратылғаң кезден бастап келе жатқан арзан алаяқтықтарға сенбейді. «Бала сияқты алдап жіберем, емшеқтін ұшімен, сыртқа шығып тұрған танго түрсимен басын айналдырып, машинасын, үйін қағып алам» деп ойланатын кезеі өтті, жандарым! Сол жігіттер тангоңды жыртып барлық мағынасында итеріп жібергенде ғана жетеді миларыңа. Осы кино мың рет ойнап өтті, бірақ түк кірмейді бос қауақтарыңа. Ақымақ болғаның пайдақор жігітке жақсы емес па?

Өз еңбегімен тырысып ақшасын және намысын ұстап жүрген қара қөз қыздардың бедірек құлы мен болайын.
Сен!
Барлық таза сезімді метаға айналдырып жіберген модерн заман жезөкшесі!
Саған айтамын, надан, рухсыз, көтін жігіттерге тіреп алған чайка! Сол сенсің, ақ жүректі қазақ қызының абыройын түсіретін. Махаббат деген осы өмірдегі ең таза, ең пәқ сезімді ақшаға немесе түкке тұрмайтын жалған болашақ армандарың үшін сатасың. Сол оймен төсекте өтірік шынғырып берген жігітіңді қандыра алам деймісің? Ол жігіт өтіріқ қатынастан не рақат көреді дейсің? Мен айтайын, қолымен сыйпаған одан бес есе артық.
Өз жаныңның құмарын қандыратын бассейіні бар үй саған бақыт сыйламайды. Арам оймен берген жігітің мен жалған махаббатың да ұзакка созылмайды. Жасанды сезімді байқаған сәтте жігіт шаршап, көтіңнен бір теуіп жібереді…

уфф ішімді босатып рақаттанып қалдым шщс…

ПЫСЫ: түзетуге көмектескен гастаға үлкен рахмет )
Әрі қарай

Астана - арман қала

Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол биік болып,
Мен үлкен болғанда да, — деп Тұманбай Молдағалиев жазған осы бір өлең шумағы бес немесе алты жаста ең алғаш жатталған, осы уақытқа дейін ұмытылмаған, сол кездің жаңа жылдарында сыйлық әперген тақпақ. Астана өркендей берсін!
Әрі қарай

Туған елге тағзым

Бүгін Қызылорда қаласы НЗМ оқушылары үшін «Туған елге тағзым» атты танымдық-зерттеу экспедициясының 7-күні. Арайлап таң атып келеді, бүгінгі ауа райы да саяхаттауға өте қолайлы екен. Сонымен, біз қаладан 150км қашықтықта орналасқан "Қорғалжын" қорығына аттандық. Астанадан шыққан соң, айналадағы керемет жасыл алаңды тамашалап отыр едім, көзім ілініп кетіпті. Түсімде "Қорғалжын" қорығында жүр екенмін, бір апай қорықты таныстырып жүр, сәлден соң қорық туралы фильм көрдік, бірдеңенің шиқылдаған даусын естідім, құстар секілді, жақындап барғанымда… ұйқыдан оянып кетпесім бар ма! Сөйтсек мені достарым оятыпты, қорыққа келіп те жеттік. Автобустан түскенімде алдымнан бір ғимарат көрдім, ол көптен күттен Қорғалжын. Шынымды айтсам мен алғаш рет қорықтамын. Кіруге асығып тұрмын, "ішінде не бар екен" деген ой мені мазалады. Қорықтың қызметкерлері бізді жылы қарсы алды. Кіргеннен соң қорық өмірімен таныстыратын фильм көрдік. Фильмде мынандай мәліметтер берілген. Қорық 1958жылы тұрғызылған. Жер аумағы 258,9 мың га. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, тобылғы, бидайық, т.б. өседі. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Яғни, дала суыры, қоян, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бізді қорық қызметкерлері ғимарат ішіндегі керемет әлеммен таныстырмақшы. Көрдіңіздер ме, барлығы менің түсімдегідей. Сол дауыстар, сол фильм, сол қорық қызметкері. Мені бағанағы дыбыстың қайдан шыққаны қатты қызықтырды. Міне сол дыыбыс шыққан жерге келдік. Менің алдымда неше түрлі құстардың макеті тұр. Макет жиегіндегі тетікті басқанымда, түсімде естіген құстардың шиқылдаған даусы шыға бастады. Өкінішке орай біз құстарды бетпе-бет көре алмадық, себебі олар қорықтан 50км қашықтықтағы «Теңіз» көлінде мекендейді… Ал оған баруға біздің көлігіміз жарамайды екен. Міне, біз қайтадан Астанаға қарай жол тартпақшымыз. "Қорғалжын" қорығының жасап жатқан жұмысы, қызығы мен қиыншылығы қатар кездескен өмірі мені қатты таңқалдырды. Келешекте басқа да қорықтарға барып-қайтамын деген ойдамын. Ертеңгі күн сәтті болғай…
Әрі қарай

Қорғалжын қорығы

Бүгін біздің экспедициямыздың жетінші күні, бұл күн өте сәтті өтті.Неге десеңіз біз бүгін Астана қаласының оңтүстік батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан Қорғалжын қорығына бардық.Қорықтың басты мақсаты табиғи комплексті қорғау және табиғатты аялау ниеттерін халыққа жеткізу болып табылады.Қорық Қорғалжын шұңқырында орналасқан.Қорық 18 сәуірде 1968 жылы ашылған.Аумағы 543 171 га.Жалпы айтқанда қорық аумағында екі үлкен көл бар.Олар Теңіз және Қорғалжын.Теңіз көлінің ұзындығы 85 км, ені 35 км.Жазда көл бетінде әр түрлі құстар болады.Мәселен аққу,қаздар,үйректер және фламинголар тағы басқалары.Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді.Бұл жердің ең әсем көз тартар құстарының бірі қоқиқаз(фламинго). 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды.Бұл факті арқылы айтайын дегенім, оларды қорықта қаншалықты жағдай жасап өсіргенімен әлі күнге дейін оларды атып алу, оның сұлулығына қызығып әр түрлі бұйымдар жасау тоқтамай тұр. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары «Рамсар» тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді.
Қазірде қорыққа шет елдерден де көптеп келуде.Әсіресе ғалымдар мен тек елімізде ғана кездесетін жануарлар мен құстарға қызығушылар болып табылады.
Алдағы уақытта мен қорыққа шығармашылық жетістіктер тілеймін.Ел табиғатының одан әрі жандануына үлес қосып жүрген қорықтың табиғи байлығы арта түссе екен.Еліміз самалмен тербеліп сыбдырлайтын өсімдіктерге, асуланып ағыспен толқитын өзендер мен көлдерге, шексіз қиыры жоқ сайын далаға бай емес пе? Осынау табиғатқа қарап мен де жүрекжарды туындымды арнаймын.Шалқар даламыздың әсем табиғатын бірге қорғайық!!!
Бір керемет орын бар сайын дала төсінде,
Орын тепкен ол жерде Қорғалжының көсіле.
Қазағымның шалқар дала, мөлдіреген көлі мен,
Табиғаттың кереметін табасың сен ол жерде.
Әрі қарай