Ернар Патиктің ізімен немесе Corolla күнделігі
Күнделік осымен аяқталды. Corolla-ны сатып жібердім. Corolla мықты деп аузынан суы ағып сөйлейтіндерге сұқ саусақ шығарамын) Нәщәр машина.
Күнделік осымен аяқталды. Corolla-ны сатып жібердім. Corolla мықты деп аузынан суы ағып сөйлейтіндерге сұқ саусақ шығарамын) Нәщәр машина.

Алғаш келгенде мұғалім мен оқушылар диалогының куәсі болғанмын. Жоқ, бұл мектеп емес, үйірме. Талия апайдың педагогикалық іс-әрекетіне қызықтым. Балаға деген мейірімі де бар, жұмысына деген адалдығы да көрініп-ақ тұр. Балалар ойынға еріксіз беріліп кеткен тұста ұстазы үлгілі түрде ескерту жасап, балалардың ойынды ары қарай жалғастыра беруіне рұқсатын бергені де естен кетер емес. Бұл балалар мультфильмді қалай жасайды екен? Өздері дыбыстайды екен. Жалпы, мультфильмді дүниеге әкелудің қиындығын саналы түрде дұрыс түсінемін. Міне, балалардың қандай міндеттер атқаратыны, мультфильмді қалай дыбыстайтыны менің ұйықтап жатқан қызығушылығымды анимациялық түрде теуіп оятқан да болатын.

Балалар жаттығудың жеңіл түрінен бастаған болатын. Бір қызығы, ұстаз да бірге жаттықты. Әй, педагог деп бекер жазбадым ғой мен. Әлбетте, мұндай жаттығулардың мультипликациямен қырық қайнаса да сорпасы мен көжесі бірге қайнайды. Бар болғаны, назарыңыз суреттерде болсын.
Бұл не жаттығу деп ойыңызға «жоңғар шапқыншылығын» жасай көрмеңіз. Сіз үшін жаттығуларды видеоға түсірген болатынмын:
Негізі, ашық сабақта көбінесе жаттығумен жұмыс болды. Содан соң мұғалім нобайдағы жұмысымен бөлісті:


Елена Васильевнаның балаларының суреттерін тамашалауға шамам жетпеді. Қарнымның қатты ашқаны әрі қарай шыдатпады. Талия Рафаэлловнаның да пікірін алмай үйге қайтып кеттім. Дегенмен, қаңтар айында дыбыстап, ақпан айына қарай мультфильміміз дайын болады деген.
Күмәнім бар. Бірақ осылай айтқаным үшін қаншама адамнан балағат естігенімді санап тауыса алмаспын :) Өйткені 16-желтоқсан қарсаңында әлеуметтік желілерде тәуелсіздігімізді алып берген желтоқсаншылар деген пікір белең алып жүр. Тіпті сол оқиғаға қатысқандардың өздері осы пікірді алға тарта беретіні жасырын емес. Тікелей айтпаса да, жанама түрде. Тіпті баспасөз беттерінде де кездесіп қалып жүр.Кішкене кезімнен бері естіп келе жатқан осынау «Желтоқсан оқиғасы» туралы қаншама шығарма, қаншама деректерді оқыдым. (Яғни қазір құпия құжаттарға қолы жетпейтін, тек желтоқсан туралы іздеген адамның қолына түсетін құжаттар мен тарихи деректерді қарасаңыз, осы сұраққа мен сияқты күдік келтіретініңіз белгілі). Сонда да дәл тақырыптағы сұраққа жауап таба алмадым. Сөз көбейтпей, неге күмән келтіретінімді қысқаша айтып кетейін.Рас, «Желтоқсан оқиғасы» қазақ тарихында ауыр да қасіретті парақтың бірі болып жазылары белгілі. КСРО атанған қанқұйлы алып машинаның алдына қаймықпай қарсы шыққан батырларды қалай құрметтесек те, артық болмас. Бірақ...
Екіншіден, шеруге шыққан жастардың қолында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұранмен қатар, «Ленин идеясы жасасын!» плакаттар да болған. Бұл нені білдіреді?
Менің ойымша Желтоқсан оқиғасы толқуға көбірек келетін сияқты. Былайша айтқанда мемлекет ішіндегі билікке наразылық. Өйткені жоғарыда айтып өткендей, алаңға шыққан жастардың ойында егемендік алу, жоғары билікті құлату, болмаса коммунистерден азат болу болмағанын көріп отырмыз. Рас, Қазақ АКСР-ы басшылығына қазақ отырсын деген талап болды. Бірақ бұл ұлттық саясатты негізге алды деуге келе ме, тәуелсіздікті былай қойғанда? Жеке басты кемсітушілік салдарынан осындай жағдай болды деуге мәжбүр етеді тарихи деректер. Өйткені бұған ұлттық дейтіндей орыс пен қазақтың арасындағы шиеленіс емес, алаңға шыққан жастардың басым көпшілігі қазақ болғанмен, ішінде 26 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 қырғыз, 4 өзбек, 4 кәріс және бірнеше (қарақалпақ, грузин, шешен, грек, украин, башқұрт) ұлтының өкілдері болғандығы дәлел бола алады (тапқан деректер бойынша бұл мәліметтер сол кездегі ішкі істер министрлігінен алынған).
Сонда не істеу керек?











Ескерте кететін жағдай: Бағдарламадан кіріп-шыққан сайын СЕГІЗІНШІ қадамды қайталап тұру қажет(((.Бұл бағдарлама Android қосымшаларының мүмкіндіктерін зерттеуге, смартфоныңыз көтермейтін ойындар мен бағдарламаларды орнатып қолдануға ыңғайлы.
