Ұмыттың ба?
Өзіңді іздеп ағады жұлдыз жерге
Көктемнен де сұрадым, қыс, күзден де
Жазды күн жусан иісін жұтып тұрып,
Мені есіңе алдың ба гүлді үзгенде.
Ақша бұлттар толқытып көңілімді,
Кеудемдегі оятса елігімді
Сені ойладым,
Ал сен ше, ойладың ба,
Жаңбыр сүйіп алғанда ерініңді
Бейнеңді сап айға наз, қылық — құмға,
Кірпігін көтереді үміт мұнда
Көктем сенің шерткенде терезеңді
Мені есіңе алдың ба?
Ұмыттың ба?
Қарашығы көзімнің тұнып мұңға,
Жұбатамын жүректі жуып жырға
Хабарыңды тосамын күннен, түннен
Ұмыттың ба сен мені
Ұмыттың ба?
Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.
Әрі қарай
Көктемнен де сұрадым, қыс, күзден де
Жазды күн жусан иісін жұтып тұрып,
Мені есіңе алдың ба гүлді үзгенде.
Ақша бұлттар толқытып көңілімді,
Кеудемдегі оятса елігімді
Сені ойладым,
Ал сен ше, ойладың ба,
Жаңбыр сүйіп алғанда ерініңді
Бейнеңді сап айға наз, қылық — құмға,
Кірпігін көтереді үміт мұнда
Көктем сенің шерткенде терезеңді
Мені есіңе алдың ба?
Ұмыттың ба?
Қарашығы көзімнің тұнып мұңға,
Жұбатамын жүректі жуып жырға
Хабарыңды тосамын күннен, түннен
Ұмыттың ба сен мені
Ұмыттың ба?
Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.


Міне, осындай жағдайлардан кейін күрестің атауын өзгерту мәселесі көтеріліп отыр. Енді оған қандай атау беруге болады? Әлбетте, сырттан әкеп, жапсыра қою мүлде мүмкін емес. Өйткен өгей сөз өгейлігін көрсетіп, құлаққа сіңбесі анық. Біздіңше ең әдемі, лайықты атау «Белдесу» секілді. Құлаққа жағымды, күрестің синонимі болып, орынын еш қиындықсыз ауыстыра да алады деген ойдамыз. Мысалы «күресе кетті» деген тіркес көбіне «белдесе кетті» деген тіркеспен жиі ауысым жасайды. Бұл құлаққа әбден сіңген атау. Ал оған қарсылардың «Белдесу» Қазақ күресінің бір әдісі дейтіндер үшін, оның орнына "Қоян-қолтық белдесу" деп атаудың еш сөкеттігі жоқ. Демек, қарсылықтың орны емес сияқты.

Стоп… Дәл осы жері енді миға сыймай отыр…






































































Британдық актриса Одри Хепберннің кішкентай елігі болған. Қызық қой, ит емес, мысық емес. Ал балет деген сұлу өнердің хас бишісі, аңыз биші Анна Павлованың аққуы болғанын білесіздер ме? Есімін Джек деп қойған екен. Иә, менің де осындай өзгеше бір жануарларды асырағым келеді ғооооооой)) Жарайды, мәселе онда емес, мен бүгін өз блогымда Аннаның есімін жаңғыртқым келеді.
...1881 жылы қаңтар айында Анна дүние есігін ашты. Әлжуаз болып туған Аннаны ешкім осындай танымал биші болады деп әсте ойламаған еді. Он жасынан бастап Петербургтегі би учлищесінде таң сәріден көзін тырнап ашып сабаққа барып, қысқа демалыс, ұзақ жаттығу, кешкі қойылым сияқты тынымсыз еңбектің арқасында Анна «шаруа отбасы» деген ұғым стереотипін бұзды. 1899 жылы Петербург театр училищесін П.А.Гердтің класы бойынша бітіргеннен кейін, Мариин театрына қабылданды. Аданның «Жизель» балетіндегі Жизелъ, Дельдевездің «Пахитасындағы» Пахита, Минкустың «Баядеркасындағы» Никия мен «Дон Кихотындағы» Китри тәрізді үнемі таңдаулы партияларды ойнады.
«Умирающий лебедь» атты шағын би қойылымы Аннаның жұлдызды нөмірлерінің бірі. Сыншылардың бағалауынша аққуды осынша шеберлікпен билеген биші кем де кем. Сахнаға түскен прожектор жарығында асыр салған биші арқасын залға сырт бере билейді. Ал аққу мамығымен көмкерілген биші өзі айтатын «биге адалдық» принципімен бар болмысымен аққу болып айдында жүзеді.
Сонымен, асыл достарым. Өткенде «музей түні» кешінде атамыз хан Абылайдың бекзат иығына ілінген шапанының суретін салып едім ғой. Сол үш ғасырдың көзін көрген асыл шапанның бүгінгі күнге қалай жеткені маған өте қызық болған еді. Білдім, қызық болсын деп айта отырсам.