Астанада жас мамандарға арналған жұмыс жәрмеңкесіне мыңнан астам адам қатысты

Астана жаңалықтары: Астанада жас мамандарға арналған жұмыс жәрмеңкесіне мыңнан астам адам қатысты

Елордада жоғары оқу орындарын бітірген және жұмыссыз жүрген жастар арасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аяқталды. Астана қаласы Жастар саясаты мәселері мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қолдауымен «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға 1000 жуық адам қатысты.

Аталмыш шара жастар арасында жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізеді. Жұмыс берушілер 4 сағат бойы 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Шараға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Golden Rill Trade» ЖШС, «Арыстан құбыр зауыты», «Қазақстан» ОКЗ, «2Day Telecom» ЖШС және т.б 50 астам компания қатысты.

Бос орындар жәрмеңкесі жастар арасында еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат бере алады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Елордалық колледждерде 100 астам мүмкіндігі шектеулі студент білім алады

Астана жаңалықтары: Елордалық колледждерде 100 астам мүмкіндігі шектеулі студент білім алады

Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласында инклюзивті білім беру жүйесі дамытылуда. Қазіргі таңда елордада 3 мыңға жуық баланың 108-і колледждерде инклюзивті біліммен қамтылған.

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 4 колледжде «Колледж жағдайларында инклюзивті білім беру» жобасы жүзеге асырылады. Құрылыс-техникалық колледжде «Сылақшы-маляр» мамандығы бойынша арнайы коррекциялық мектеп-интернатының 10 түлегі оқиды. Қазақ технология және бизнес университетінда «Дизайн» мамандығы бойынша тірек-қимыл аппараты бұзылған 31 студент білім алады.

Қашықтықтан оқыту жүйесінде «Дизайн» және «Ақпараттық жүйе» мамандықтары бойынша күндізгі бөлімде құлағы нашар еститін және саңырау 36 бала «Дизайн» мамандығы мен «Тігін өндірісі және киім үлгісін құрастыру» мамандықтары бойынша оқуға түскен. Менеджмент және бизнес колледжінде құлағы нашар еститін және саңырау 15 бала «Шаштараз және сәндік косметика» және «Дизайн» мамандықтарында, Медициналық колледжде көзі нашар көретін 16 бала «Массажист» мамандығында оқиды. Жаңа оқу жылында Қоғамдық тамақтану колледжінде ашылған «Аспазшы кондитер» мамандығына 25 мүмкіндігі шектеулі бала қабылданды.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Фуа-гра жегің келе ме?

Қазақ фуа-гра жеп көрмедік деп зар жылайтынын көрем деп кім ойлаған. Аты бөлек демесең, құдалыққа барған сайын құйрықпен қосып асап жүрсіз ғой. "Құда, құда дегізген, құйрық-бауыр жегізген". Есіңізге түсті ме?! Иә, фуа-гра деген де сол бауыр. Тек қаздікі. Онда да қаздың бауыры классикалық рецепт қана. Қазір көбіне үйректің, тіпті тауықтың да бауырынан жасай беретін көрінеді. Дәмі, әрине жақсы. Қойдың бауыры сияқты қатып кетпейді, жұп-жұмсақ болып, аузыңа салсаң еріп кетуге дайын тұрады. Дайындалуы да, ет асудың өзі ұялып қалатындай қарапайым. Қысқасы, біз үйде өзімізше фуа-гра жеп тұрамыз. Менің әдісімді пайдаланып көріңіз.
Әрі қарай

«Астана-РЭК» АҚ көрсетілетін қызмет сапасын арттырады

Астана жаңалықтары: «Астана-РЭК» АҚ көрсетілетін қызмет сапасын арттырады

Бүгін «Астана-РЭК» АҚ объектілерінде елорданың электр энергетикасы нысандарын жаңғырту бойынша инвестициялық бағдарламаларды орындаумен танысуға мүмкіндік беретін баспасөз туры өтті.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің хабарлауынша, бағдарламалар «Астана-РЭК» АҚ электр энергетикасы объектілерін қалпына келтіруге, жаңғыртуға және жаңартуға, сонымен қатар тұтынушыларды тарифтен түскен қаржыны мақсатты қолдану туралы хабардар етуге бағытталған.

«Астана-РЭК» АҚ негізгі міндеті — Астана қаласының тұтынушыларына электр энергиясын тарату және үлестіру болып табылады. Инвестициялық бағдарлама аясында ескірген кабель линияларын ауыстыру және жаңа техникаларды алу бойынша жұмыстар 1 млрд 516 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 70% артық.

Марат Мұстафин, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы:

— Инвестициялық бағдарлама аясында 2015 жылдың 8 айында 823 млн теңгені құрайтын шаралар немесе жоспарланған соманың 54% орындалды. Биыл инвестиция тарифы 70% өсті. Егер өткен жылы бағдарлама 981 млн-ға орындалса, биыл 1 млрд 516 млн теңге игерілмек. Яғни, инвестицияны ұлғайтудығ есебінен қаланы электр энергиясымен жабдықтаудағы көптеген мәселе шешіледі.

Энергия шығынын азайтудың есебінен инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде елордалық тұтынушыларға ұсынылатын қызмет сапасын арттырады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Қалалық емханаларда АИТВ инфекциясының алдын алу акциясы өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Қалалық емханаларда АИТВ инфекциясының алдын алу акциясы өтіп жатыр

Елордада бүгін № 10 қалалық емханада «АИТВ статусыңды біл!» атты кең ауқымды акция өтті. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қатерлі дерттен сақтану жолдары туралы толыққанды ақпарат беру мақсатында 4-10 қыркүйек аралығында қалалық емханаларда акция ұйымдастырылады.

Акция барысында тыңдаушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, АИТВ/ЖИТС туралы негізгі түсініктер бойынша ақпараттық-білім кітапшалары мен үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ кез-келген адам АИТВ тестін тапсырып, 5-10 минуттың ішінде нәтижесін біле алды.

— Өзінің АИТВ-статусын тест арқылы тексеру — аурудың алдын алу және ем-домды уақытында бастауға жол ашатын ең басты мақсат. Бұндай науқандар біздің қаламызда жиі өткізілетін болады. Аталмыш шара барысында 2000 жуық қала тұрғыны тексеруден өтті. Бүгінгі күннің өзінде екі жүзден астам адам тексерілді, — дейді Астана қаласының ЖИТС орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов.

Шараның басты мақсаты – тұрғандардың назарын АИТВ инфекциясының өзекті мәселелеріне аудару және инфекцияның таралуы туралы, қорғану шаралары мен салауатты өмір сүру салтын жариялау және өз денсаулығына жауапты болу туралы білімдерін жетілдіру болып табылады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада қалалық Тілдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті

Астана жаңалықтары: Астанада қалалық Тілдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай елордада XVІІ қалалық Тілдер фестивалі өткізілді. Мерекелік шара Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Фестивальдің ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты. Аталмыш шараның мақсаты – қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімді ояту, халық достығы мен бірлігін, жастар арасында еліміздің дамуына үлес қосуды насихаттау болып табылады. Мерекелік шарада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

16 қыркүйекте сағат 17.00 «Мега» СОО «Үздік жарнама» байқауы ұйымдастырылады. 18 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау өтеді.

22 қыркүйекте сағат 18.00 «Тілеп қобыз сарайы» концерт залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты ақындар мүшәйрасы өтеді.

Қазақстан халқы тілдерінің XVII фестивалінің жабылуы 24 қыркүйекке белгіленген. Осы күні таңғы сағат 10.00-нан 22.00 дейін қоғамдық көліктер, медицина мекемелері мен сауда орталықтарында «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» атты акция ұйымдастырылмақ. Фестивальдің жабылу салтанаты аясында қалалық алаңда «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты гала-концерт өтеді.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Қарағандыда азық - түлік бағасы қандай?

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінгі күні азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Әлемде аштықта өмір сүріп жатқандардың 60 пайызы Азия аумағына тиесілі. Сол себепті аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АӨСШК желісі бойынша азық-түлік өндірісімен байланысты нақты механизмдер жасау қажет» — деп айтқан болатын.

Азық-түлік адамдарға ауадай қажет болып табылатыны сөзсіз. Күнделікті азық алу үшін күніне қаншама адам сауда жасайды. Қазір бірі: "- азық-түліктің бағасы қымбаттады" — деп шырылдаса, екіншісі "-баға сол қалпы, осы күйінде қалады" — деген пікір айтуда. Әсіресе, бензин құны өскеннен кейін көп жұрт осыдан кейін бәрі қымбаттайды" — деп дүрлікті. Сонымен, Қарағанды қаласындағы 2-3 дүкендерді аралағандағы бағаны салыстырып көрген болатынмын.

Блог - KerimAyankyzy: Қарағандыда азық - түлік бағасы қандай?

Барлық азықты емес әрине. Соның ішінде көкеністердің бағасын салыстырсақ: «Абзал» сауда үйінде:
Картоп бағасы — 65 теңге;
Пияз — 68 тг;
Қызанақ Тапарлық — 176 тг;
Қызанақ — Қызылорда — 230 тг;
Қияр Тапарлық — 177 тг;
Қияр Миринда — 90 тг:

Блог - KerimAyankyzy: Қарағандыда азық - түлік бағасы қандай?

«City Mall» сауда үйінде:

Картоп — 255 теңге;
Пияз — 78 тг;
Қияр Тапар — 255тг
Қызанақ — 189 тг;

Блог - KerimAyankyzy: Қарағандыда азық - түлік бағасы қандай?

«ТАИР» сауда үйінде
Картоп — 61 теңге;
Пияз — 55 тг;
Қызанақ өзбек — 195тг;
Қияр Тапарлық — 125 тг;
Қияр Миринда — 150 тг;
Капуста — 82тг;
Сәбіз — 76 тг:

Осылай салыстыратын болсақ, «ТАИР» сауда үйінде азық-түлік бағасы әлдеқайда арзан екен. Ал, үй маңындағы кішігірім дүкендерді қарасақ. оларда үнемі сауда-үйіне қарағанда жоғары болады. Көкеністерден өзгелері де солай. Ал, ең төмен баға, әрине Базарда деп ойлаймын. Бірақ онда барып сауда жасауға көпшіліктің уақыты бола бермейді. Біздің жақта баға шамамен осылай, сізде ше?

550 жылдағы 550 тұлға

Блог - asaubota: 550 жылдағы 550 тұлға

1465 жылы іргесі қаланған Қазақ еліне биыл 550 жыл. Бүгінге дейін еңбектері ел есінде қалған тұлғаларды санап көрсек деймін. Тарихымыздағы басты 550 тұлға кімдер? Бірнеше санатқа бөліп, бірге жинастырып көрейік.

(Тізім жаңартылып отырады, пікір қосып отырыңыздар)

ЕЛ БАСШЫЛАРЫ
  1. Керей хан
  2. Әз-Жәнібек хан
  3. Бұрындық хан
  4. Қасым хан
  5. Момыш хан
  6. Тайыр хан
  7. Тоғым хан
  8. Ахмет хан
  9. Бұйдаш хан
  10. Хақ-Назар хан
  11. Шығай хан
  12. Тәуекел хан
  13. Есім хан
  14. Салқам Жәңгір
  15. Батыр хан
  16. Әз-Тәуке хан
  17. Қайып хан
  18. Болат хан
  19. Әбілқайыр хан
  20. Әбілмәмбет хан
  21. Абылай хан
  22. Бөкей хан
  23. Жәңгір хан
  24. Кенесары хан
  25. Жұмабай Шаяхметов
  26. Дінмұхамед Қонаев
  27. Нұрсұлтан Назарбаев

БАТЫРЛАР
  1. Қабанбай
  2. Бөгенбай
  3. Наурызбай
  4. Райымбек
  5. Қарасай
  6. Исатай
  7. Махамбет
  8. Амангелді
  9. Ағыбай
  10. Батыр Баян
  11. Жалаңтөс Баһадүр
  12. Тама Есет
  13. Есет Көтібарұлы
  14. Оспан
  15. Жанқожа
  16. Сырым
  17. Шақшақ Жәнібек
  18. Қасым Қайсенов
  19. Бауыржан Момышұлы
  20. Талғат Бигелдинов
  21. Әлия Молдағұлова
  22. Мәншүк Мәметова
  23. Төлеген Тоқтаров
  24. Мәлік Ғабдуллин
  25. Рақымжан Қошқарбаев

АҚЫНДАР
  1. Қазтуған
  2. Ақтамберді
  3. Шалкиіз
  4. Бұқар жырау
  5. Доспамбет
  6. Үмбетей
  7. Сүйінбай
  8. Дулат Бабатайұлы
  9. Шәкәрім
  10. Иса Байзақов
  11. Қасым Аманжолов
  12. Ілияс Жансүгіров
  13. Мағжан Жұмабаев
  14. Мұқали Мақатаев
  15. Қадыр Мырза-Әлі
  16. Олжас Сүлейменов
  17. Тұманбай Молдағалиев
  18. Абай
  19. Жамбыл
  20. Сүйінбай
  21. Мұхтар Шаханов

ЖАЗУШЫЛАР
  1. Мұхтар Әуезов
  2. Әбіш Кекілбаев
  3. Әбдіжәміл Нұрпейісов
  4. Мұхтар Мағауин
  5. Дулат Исабеков
  6. Ғабит Мүсірепов
  7. Бердібек Соқпақбаев
  8. Жүсіпбек Аймауытов
  9. Бейімбет Майлин
  10. Сәбит Мұқанов
  11. Ғабиден Мұстафин
  12. Ілияс Есенберлин
  13. Шерхан Мұртаза
  14. Асқар Сүлейменов
  15. Төлен Әбдік

ӘНШІЛЕР
  1. Ақан сері
  2. Біржан сал
  3. Жаяу Мұса
  4. Үкілі Ыбырай
  5. Сегіз сері
  6. Мұхит Мералыұлы
  7. Қаракесек Мәди
  8. Балуан Шолақ
  9. Майра Уәлиқызы
  10. Әміре Қашаубаев
  11. Күләш Байсейітова
  12. Ғарифолла Құрманғалиев
  13. Бибігүл Төлегенова
  14. Роза Бағланова
  15. Нұрғали Нүсіпжанов
  16. Ескендір Хасанғалиев
  17. Роза Рымбаева
  18. Нағима Есқалиева
  19. Батырхан Шүкенов
  20. Ақжол Мейірбеков
  21. Бақтияр Тайлақбаев
  22. Мақпал Жүнісова
  23. Нұрлан Өнербаев
  24. Бекболат Тілеухан
  25. Ермек Серкебаев
  26. Кенен Əзірбаев
  27. Манарбек Ержанов
  28. Əсет Найманбайұлы

ӨНЕР АДАМДАРЫ
  1. Құрманғазы
  2. Тәттімбет
  3. Сүгір
  4. Дина
  5. Дәулеткерей
  6. Қазанғап
  7. Ықылас
  8. Ілия Жақанов
  9. Нұрғиса Тілендиев
  10. Шәмші Қалдаяқов
  11. Шара Жиенқұлова
  12. Тұңғышбай Жаманқұлов
  13. Құдайберген Сұлтанбаев
  14. Шәкен Айманов
  15. Әбілхан Қастеев
  16. Досхан Жолжақсынов
  17. Сабира Майқанова
  18. Әмина Өмірзақова
  19. Серке Қожамқұлов
  20. Әмен Қайдар

СПОРТШЫЛАР
  1. Қажымұқан
  2. Әмин Тұяқов
  3. Ғұсман Қосанов
  4. Мұстафа Өзтүрік
  5. Шәміл Серіков
  6. Жақсылық Үшкемпіров
  7. Дәулет Тұрлыханов
  8. Владимир Смирнов
  9. Шоқыр Бөлтекұлы
  10. Әлжан Жармұхамбетов
  11. Серік Қонақбаев
  12. Бекзат Саттарханов
  13. Ермахан Ыбырайымов
  14. Бақтияр Артаев
  15. Бақыт Сәрсекбаев
  16. Серік Сәпиев
  17. Илья Ильин
  18. Александр Винокуров
  19. Тимур Сегізбаев
  20. Құралбек Ордабаев
  21. Сейілда Байшақов
  22. Ольга Шишигина
  23. Нелли Ким
  24. Ольга Рыпакова
  25. Юрий Мельниченко
  26. Василий Жиров
  27. Марат Жыланбаев

ҒАЛЫМДАР
  1. Шоқан Уәлиханов
  2. Ахмет Байтұрсынов
  3. Қаныш Сәтпаев
  4. Рәбиға Сыздықова
  5. Ишанбай Қарақұлов
  6. Әлкей Марғұлан
  7. Ермұхан Бекмаханов
  8. Манаш Қозыбаев
  9. Ыбырай Алтынсарин
  10. Санжар Асфендияров
  11. Евней Букетов
  12. Ақселеу Сейдімбек
  13. Əлімхан Ермеков

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ
  1. Асан Қайғы
  2. Төле би
  3. Қазыбек би
  4. Әйтеке би
  5. Мұстафа Шоқай
  6. Әлихан Бөкейханов
  7. Міржақып Дулатов
  8. Жұмабек Тәшенов
  9. Хəлел Досмұхамедов
  10. Тұрар Рысқұлов
Әрі қарай

«Мектепке жол» республикалық акциясы балаларға көмектесуді жалғастыруда

Астана жаңалықтары: «Мектепке жол» республикалық акциясы балаларға көмектесуді жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Президентінің оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласында 2015 жылғы 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы биыл сегізінші рет «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізіліп жатыр.

Аталмыш шара аясында Астана қаласының Білім басқармасы «Тұран» университетімен бірлесе отырып, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында № 40, 53 және 14 мектептің аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетті. Демеушілер балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер табыстады.

Акцияның басты мақсаты жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға материалдық демеулік көрсету болып табылады. Сондай-ақ балалардың әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке бармауының алдын алуда үлкен көмек көрсетеді.

Айта кетейік, 2015 жылғы 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» акциясын жүзеге асыру мақсатында 4 мыңнан астам балаға қайырылымдық көмек көрсетілді.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Жалпы қалалық сенбілікте 6,5 мың ағаш отырғызылмақ

Астана жаңалықтары: Жалпы қалалық сенбілікте 6,5 мың ағаш отырғызылмақ

19 қыркүйекте елордада 2015 жылғы 7 қыркүйек — 7 қазан аралығында «Біз таза қала үшін!» экологиялық айлығы өтеді. Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, экологиялық айлық аясында қалалық және республикалық мекемелердің қатысуымен ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Биыл 3,5 мыңға жуық көшет егіледі.

— «Алматы» ауданында – 1 150 көшет: оның шінде №46 көшеде 750 (Тәуелсіздік даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін), Байтұрсынов көшесінде 400 (Тәуелсіздік даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін);

— «Есіл» ауданында – 1 500 көшет Орынбор көшесінде (Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін);

— «Сарыарқа» ауданында — 652 көшет: 500-і Н. Тілендиев к-сі, 122-сі Бабатайұлы көшесінде, «Көктал-1» ауылындағы «Қарттар үйі» маңында 30 тал отырғызылады.

— Сондай-ақ мектептер, балалар бақшасы және медициналық мекемелерге 3200 көшет, оның ішінде «Алматы» ауданында – 2000 көшет, «Есіл» ауданында – 1000 көшет, «Сарыарқа» ауданында – 200 көшет отырғызу жоспарланып отыр. 19 қыркүйекте шамамен 6,5 мың ағаш егіледі.

Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, Есіл өзені арналарын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақты қалдықтардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау көзделген.

astana.gov.kz
Әрі қарай