Астанада ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Біріңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді. Жаңа құжат «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Астана-ЕРЦ» ЖШС қызметтерінің түбіртектерін біріктіреді. Қазіргі заманғы төлем жүйесі барлық коммуналдық төлемдерді бір түбіртек арқылы өтеуге мүмкіндік береді, уақыт пен комиссия шығыстарына қаржыны үнемдейді.
Астанада «Асыл Мирас» қорының қолдауымен балалар арасында аутизмді анықтау барысында әлемде өз тиімділігін дәлелдеген «ADOS» диагностикалық әдісі қолданылмақ.
Бүгін «Astana Invest 2015» Халықаралық инвестициялық форумның соңғы күнінде елордалық көлік саласы мамандарына «Транспорттық жобалау» тақырыбында семинар өткізілді. Шеберлік сағатты «IVECO» компаниясының өкілі Антонио Джулио Ланованджело жүргізді.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің жұмысымен танысты.
Г.Әбдіхалықова Ұлттық музейдің осыған дейін атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, алдағы жоспарларымен танысты. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Талды-2 және Берел қорғандарынан табылған жәдігерлер жайлы ақпарат алып, Ұлттық музейдің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мұражайларының «Тарихи жады және тағылым», сонымен қатар, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ұлттық натюрморт» атты көрмелерін және «Мәңгілік ел» триптихын тамашалады.
Елордада Мүсірепов көшесі 4/2 мекен-жайы бойынша жаңа аула клубы ашылды. Үш мектеп және төрт балабақшаның жанында орналасқан жаңа орталық спорттық секциялар мен сүйіктті хоббимен айналысатын алаңға айналады. Жаңа аула клубында үш жүзден астам жасөспірім түрлі шығармашылық және спорттық салаларға ден қоя алады.
Смарт-жобаларды іске асыруда инвесторларды тарту тәжірибесі – бұл әлемдік қазіргі заманғы тренд. Осы және көптеген басқа да нәрселер жайлы бүгін «Smart Astana» конференциясында айтылды.
28-29 қазан күндері өткен Astana Invest форумында қалалық көлік қатынасын басқару жүйесі таныстырылды. Жаңа жүйе «ASTRA» (Astana Transport Authority) деп аталады.
Бүгін VI Халықаралық инвестициялық форумның бас сессиясы соңында Астана қаласы әкімдігі мен бірқатар ірі компаниялар арасында жалпы сомасы 500 млн. АҚШ доллары көлеміндегі меморандумдарға қол қойылды.