Жапонияның бес танымал суретшісі ҚР Ұлттық музейіне туындыларын сыйға тартты

ҚР Ұлттық музейіне жапондық бес суретші өздерінің тоғыз картинасын сыйға тартты.
Бұл сый-сияпат 3-31 наурыз аралығында «Бес суретші — бес құбылыс: дәстүрлер мен жаңашылдық» көрмесі ұйымдастырылуына орай жапондық тараптың ризашылығымен табысталды.
Мията Рёхэй, Митамура Арисума, Сайто Норихико, Мизогучи Бодуко және Кавачи Кунпей секілді суретшілер елорданың өнер сүйер қауымының назарына 35 туындысын ұсынды.
Бұл көрмеде каллиграфия, нихонг көркем суреттерін, тушьпен салынған туындыларды, шағын мүсіндерді, сондай-ақ өзге де жапондық өнердің жетістіктерін байқауға болады.
ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай көрмеге Жапонияның өнердегі үздік шеберлерінің туындылары ұсынылған атап өтті.
«Бұл көрмені мәдени диалогтың бастауы, елдеріміз мәдениеттерінің жақындасуы ретінде бағалап отрымыз. Өз кезегінде Қазақстан да Жапонияның көрме алаңдары мен музейлерінде еліміздің суретшілерін таныстыра алады», — деді ол.
Сыйға тартылған 9 картинаның арасында жапондық ЖОО ректоры Мията Рёхэйдің де еңбегі бар. Сонымен қатар ол «Токио-2020» Олимпиадалық ойындары ұйымдастыру комитетіне басшылық етуде.
Айта кетейік, бұл көрмені ұйымдастыруға Жапон қоры, Суретшілердің Азия-Тынық мұхиттық қауымдастығы, Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі қолдау жасады.
ҚазАқпарат

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде 30 мыңнан астам зат табылған. Заттай деректер Көне Тараз жерінің астында бұрын монша, мешіт, медрессе болғанын дәлелдейді. Дәлел болған заттарды көру үшін «Аспан асты мұражайына» бет алдық. Қазба жұмыстарынан табылған заттардың қайсысы болмасын белгілі бір тарихты баяндағандай. Мәселен, 1969 жылы алғаш Есік қаласынан табылған 17-18 жасар Алтын Адам макетінің жанында құмыралары, ыдыс-аяқтары мен қару-жарақтары бірге жерлеген. Себебі, о дүниеде де қажет деген наным-сенім болған.
Сонымен қатар, адамдар және жануарлар әр түрлі деңгейде жерленген. Ол — теңсіздіктің болғанының дәлелі. 
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайын да араладық. Мұражай үш павильоннан тұрады: «Ежелгі түрік жазбалары және ежелгі түрік тас мүсіндер мұражайы», "«Тараз-2000»қаласы тарихының мұражайы" және «Л.В. Брюммердің көркемөнер мұражайы». Ғимаратта ежелгі дүниеден бастап, қазіргі заманға дейінгі заттар хронологиялық реттілікпен орналасқан. Ежелгі түркілер Көк Тәңірге, жерге, суға табынып, сенгені бәрімізге белгілі. Соған орай, маңызды құдайлардың бірі — Ұмай ана және ежелгі адамдардың балбал тастағы мүсіндері сақталған.
Ең қызығы, тастарда ерлер мен әйелдер бірден ерекшеленеді: ер адамдарда қолында қару жарақ, түстері суық болса,әйел адамдар орамал таққан, әрі сондай мейірімді бейнеленген. Одан кейін, археологоиялық қазба жұмыстарынан табылған қыш ыдыстар, құмыралар, керамикалық ыдыс-аяқтарға көз жүгірттік. Әрі қарай «Л.В. Брюммердің көркемөнер мұражайындағы» тамаша картиналардың куәгері болдық.
Суретші Леонид Брюммер Украинада дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысында Павлодар жеріне жер аударылады. Сол кезде салған суреттері мұңды, бұлтты, тұман, лай, жаңбырлы болып келеді. Неге? Себебі, туған жерін аңсайды. Кейін Жамбыл обылысына өз еркімен келеді. Мұражайда безендіруші болып жүріп, Тараздың тамаша табиғаты көрінетін туындыларды жарыққа шығарады. Қайталанбас картиналар Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылады. Мұражайда суретшінің 1000-нан астам картиналары сақталған. Ешбір мұражайда бір адамның 1000-нан астам туындысы жоқтың қасы. Сондықтан да, Тараз қаласының мұражайы осы жағымен де ерекшеленеді.
Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты азамат Д-ның төрт азаматқа және «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-на, «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық органына қатысты жекешелендіру шартын және сату-сатып алу шартын заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.





