Мен тамашалаған Тараз (тарих)

Адамзат өркениетінің дамуына серпін әкелген Ұлы Жібек жолының солтүстік бөлігінде, Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, ежелгі қаңлы, ғұн, үйсін, сақ тайпаларының астанасы болған, түрік, қарлұқ, түргеш қағанаттары кезінде едәуір гүлденіп бой көтерген, талай тарихи оқиғалардың сүрлеуінде талқандалып, феникс құсы секілді қайта түлеп, қазақ хандығы тұсында тарих аренасына қайта шыққан, кеңес заманында “Мирзоян” аталып дәуірлеген, кейін XIX ғасырда “Әулие Ата” аталып, онан соң “Джамбул” болып, Қазақ Тәуелсіздігін алғаннан кейін, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен “Тараз” атауын қайта алған Ежелгі Тараз шаһарының екі мың жылдан аса тарихы бар.
Әрі қарай

Аулаларды абаттандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда

Астанада тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама сәтті іске асуда. Былтырдғы жылдың өзінде 50 астам аула абаттандырылып, балалар ойыны, спортпен шығылдануға арналған құрылғылар орнатылды. Биыл Астананың 30 астам ауласы абаттандырылады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Аталған бағдарлама аясында жол жабыны ауыстырылып, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары, қоқыс жәшіктері орнатылады, көлік қоятын орындар жасалады.

Биыл «Сарыарқа» ауданында 19, «Есіл» ауданында 7 ауланы абаттандыру көзделген. «Алматы» ауданында көп қабатты тұрғын үй секторындағы 16 үйді қамтитын 10 аулада кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, 11 балалар ойын алаңы, 3 спорт және 5 гимнастика алаңы жасалады, 56 тренажер, 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық орнатылып, 8 күрке, 8 кір жаятын орын дайындалады. Сонымен қатар, 12 801 шаршы м аумақта асфальтбетон жабыны жөнделеді, ал 4 465 шаршы м аумақта қайта төселеді.

Астана жаңалықтары: Аулаларды абаттандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Астанада абаттандыру бағдарламасы аясында 41 аула мен 12 аула аумағы абаттандырылды. Жөндеу жұмыстары аясында аулаларда қауіпсіз шағын архитектуралық пішіндер, тренажерлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ, «Есіл» ауданында спорт және ойын алаңдары жасалды, бұзылған шағын архитектуралық пішіндер, спорттық снарядтар мен тренажерлар, сәндік қоршаулар қалпына келтіріліп, ауыстырылды, балалар алаңдарына жарақат алуға жол бермейтін қауіпсіз резеңке жабындар төселді.

Астана келбеті тек жаңа құрылыс нысандарымен ғана емес, тұрғын үйлердің тамаша аулаларымен де ажарланып келеді. Бұл бағдарлама тек Елордамыздың көркін ғана ашпайды, сонымен қатар астаналықтардың салауатты өмір салтын ұстануға да септігін тигізетіні анық.
Әрі қарай

Үздік әлеуметтік жобалар байқауына қатысыңыз!

Елордамызда Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды. Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауда.

Байқауға халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымы, басқа да мекемелер мен ведомстволар, жеке тұлғалар мен басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Астана жаңалықтары: Үздік әлеуметтік жобалар байқауына қатысыңыз!
Байқауға халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсетуге бағытталған кемінде 1 жылдан астам уақыттан бері іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар жіберіледі.

Қалалық іріктеуден өткен әлеуметтік жобалар республикалық көрмеге қатысады. Байқауға қатысу шарттарымен Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының сайтында немесе 21-22-61, 21-62-17 телефондары арқылы танысуға болады.
Материал Астана қаласының ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

«Біз ғашық жандармыз» атты байқауға қатысыңыздар!

Блог - klara_yermagambetova: «Біз ғашық жандармыз» атты байқауға қатысыңыздар!Jas.kz ақпараттық-танымдық порталы 15 сәуір – Ғашықтар күніне орай «Біз ғашық жандармыз» атты байқау ұйымдастырады.

Байқаудың басты мақсаты:

Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, тарихымызды бүгінгі көзқарас тұрғыснан насихаттау;
Жастардың әлеуметтік желіде сауатты жазуына көңіл бөлу;
Жастардың арасындағы бір –біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдерді дәріптеу;
Әлеуметтік желідегі позитив ақпараттардың санын көбейту.
Байқау бойынша талап:

Екі жас өздерінің махаббат хикаясын қысқаша жазып (love story), суретімен бірге Facebook, Instagram немесе ВКонтакте желісі арқылы #15сәуір және #omirartstudio хештегтерін қолданып, жариялау керек.
Байқау сәуір айының 14-не дейін жалғасады. Жеңімпаздардың есімі 15 сәуір күні анықталады.

Жеңімпаз екі жасқа ұлттық нақыштағы бұйым жасаудың шеберлері Өмір арт студиясынан құнды сыйлық табысталады.
Әрі қарай

Стомотология клиникасында бастан өткен оқиға

-Олло! Жан, жан-ау!
-Олло! Қайдасың?
-Тіс дәрігерінің қабылдауын тосып кезекте отырмын.
-Әлі кірмегенсің бе?
-Жоқ, кезек қалың, кабинет алдында бос орындық жоқ.
Сол мезетте емге қабылдап жатқан стомотологтың кабинет есігі сәл ашылып еркектікі болмасада әйелдің жуан дауысы:
-Пәленбайншы, пәленбайыншы…. Пәленбайыншымын, -деп жауап берген ешкім жоқ. Ар жақтағы дауыс:
-Келесі.
Кезек бойынша келесі біреуі есік саңлауынан сүңгіп жоқ болды.
Пәленбайыншының алдында кірген шығып үлгерді, ар жақтағы дауыс, тағыда Пәленбайыншыны шақырды. Кабинет есігін Пәленбайыншы аттамағандықтан кезектен тағы біреу кірді. Осы жолы ем қабылдап шыққанмен бірге жуан дауыс иесі медбике шықты. Дауысына сай денелі әйел, білегіде жуан:
-Пәленбайыншы….
Үн жоқ:
-Пәленбайыншы, солдат формасында жүрген жас жігіт.
Кезектегі біреу:
-Есік алдында жүр.
Медбике:
-Шақырып жіберіңдерші тісін жұлу үшін укол салғанбыз. Кезегін өткізіп алды. Уколдың күші кетіп қалды.
Өз сөзіне коментарий ретінде шығып кеткен күлкісін тиып кабинет есігін жапты. Ар жағынан дауысы ап-анық естіліп тұр:
-Өскемен солдаттың есінде қалатын болды, -деді.
Тіс дәрігерінің медбикесі дәу болса өзі қандай екен-ау. Осы ойдан тісім қақсап кетті.
Медбикеден кейін бастырылып қалған кезекті ата бұзды. Таяққа сүйеніп келген ол отырған жерінде таяғын ұмытып жүре беріпті. Жылпоздықпен күн көріп үйренген студент оқиға неден орын алғанын түсініп ұмыт қалған таяқты ұстап атаның артынан тұрды. Ниеті түзу, бірақ бұл қимылда басқада мән бар. Байқап көрші. Ата зейнеткерлер арасында спирттен чемпион болғаны ма? Әлде, студент баланың аяқ киімі тар болғаны ма? Коридор соңында екеуі көрінбей кеткенше студент атаны қуып жеткенін байқамадым. Сондықтан ұмыт қалған таяқ иесіне табысталғанын немесе табысталмағаны маған белгісіз. Табыстаған шығар. Финалсыз қалған қысқа қашықтықта „желіп жүру„ жарысы жаңалық әкелді. Жарыс басталғаннан бері тілімнің ұшы өздігінен алдында ғана қақсап тұрған тісіме өздігінен тисе бергенін байқамаппын. Енді байқадым. Қақсап ауырған тісім ауырғанын қойыпты. Ауырмайды! Соңғы ойым дауыстап шығып кеткендей. Солдат жігіт ештеңені білмейтін сыңайлы. Кабинет есігіне жетті.
Қазір білмейді. Қабылдауға кірген соң біледі. Қала берсем оның жанына тісі батып ауыртқанын естісем. Шыдамаймын!..
Әлі медбикенің дауысы құлақ түбінде:
-Оның есінде қалатын болды.
Сөйтіп-бүйтіп, қорқынышыма жеңіліп клиникадан шығып турасынан үйге тарттым.
Бірақ, дерт түрі бар -шипасыз жазылмайтын, дәрігерсіз емделмейтін.
Әйелім менімен түні бойы дайындық жүргізді. Қандай дайындықтан өткенімді түсіне жатарсыздар, егер:
-Кешке пісірген асын ішпесең, төсекте тек бір бүйірге жатып алсаң. Бұның бәрін тек тістің жанға батып ауырғанымен түсіндіру қиын. Және ер басыңмен стомотолог дәрігердің дәл алдынан қашып келгеніңе сенгізу қиын. Сондықтан. Таң атты. Күн шыққты. Жұп болып тіс емдетуге шықтық. Тісті емдеттік. Көп қабатты үйдегі шағын бөлігінде кешке жақын дастархан жайлып шағын отбасылық мейрам болды.
Әрі қарай

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды

Сәуірдің 7 күні Астана қаласының әкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті (МЖС) дамыту мәселесіне арналған дөңгелек үсте өтті. Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайтының хабарлауынша бұл кездесуде мемлекеттік жеке меншік серіктестік саласындағы жобалар таныстырылды, оларды іске асыру процедуралары талқыланды.

Астана жаңалықтары: Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды

МЖС тетіктерін қолданудың маңыздылығына тоқталған Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин МЖС аясында ынтымақтастық орнатып, жобаларды жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

— Соңғы жылдары МЖС жобаларының тартымдылығын арттыру бойынша біршама жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан бері Үкімет әрбір аймаққа МЖС аясында кемінде бес жобаны қолға алуды тапсырды. Елорда әкімдігі отандық және шетелдік жеке меншік сектор өкілдері үшін ашық. Қала басшылығы өз тарапынан МЖС аясында ынтымақтастық орнатып, жергілікті жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін мүмкіндігінше жағдай жасауға ниетті. Атап айтқанда, МЖС схемалары арқылы инфрақұрылымдық, соның ішінде әлеуметтік бағыттағы жобаларға инвестициялар тарту көзделген, — деді А. Лукин.

Дөғгелек үстеге қатысқан «Астана Innovations» АҚ басқарушы директоры Темір Асанов МЖС құрылымы мен ерекшеліктері туралы баяндады. Мекеме басшысы инвесторларды ағымдағы және жоспарланған нысандарды жүзеге асыруға қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы мен денсаулық сақтау саласында «Астана Innovations» АҚ әзірлеген 9 концессиялық жоба таныстырылды. Атап айтқанда, елордада Қабанбай батыр даңғылында (6 жерүсті қабат), Орынбор көшесі (3 қабат – 1 жерүсті, 2 жерасты құрылыс) және Достық көшесінде (6 жерүсті қабат) үш паркинг салынады. Объектілердің жалпы құны — 2 млрд. теңге, концессия мерзімі — 30 жылға жуық, құрылыс жұмыстары 14 айға жалғасады, эксплуатациялық кезең — 28 жыл. Бір орынды жалға алудың құны барлық үш паркингте күндіз сағатына 100 теңге; түнде — 600 теңге болмақ.

«Астана Innovations» АҚ МЖС дамыту басқармасының басшысы Әлия Бикееваның мәлімдеуінше жобаларды толығымен концессионерлердің қаржысы есебінен қаржыландыру көзделген. Соның ішінде 10% жеке қаржы, 90% несиелік қаржы болуы мүмкін. Концессионерлердің негізгі табысы тұрақ орындарын жалға беруден түседі. Бұдан басқа, жобада концессия объектісі құрылысы құнының 100 % деңгейінде концессионердің инвестициялық шығындарына өтемақы төлеу қарастырылған. Өтемақылар белгілі бір уақыт ішінде кезеңдерге бөлінетін болады.

2019 жылы елордада Абылай хан даңғылы мен Қобда көшесі және Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесі аумағында орналасқан тәулігіне 9000 жолаушыға есептелген екі автовокзалды тапсыру жоспарланған.
— Концессионерлерді таңдау бойынша конкурс 2016 жылғы 16 наурызда жарияланды. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 16 мамырда ашылады. Концессия мерзімі — 30 жыл, құрылыс жұмыстарына 2 жыл уақыт кетеді, эксплуатациялық кезең — 28 жыл, — деді Ә. Бикеева.

Сонымен қатар, Өндіріс, Көктал және Железнодорожный тұрғын алаптарында үш дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілмекші, сондай-ақ, Сейфуллин көшесіндегі №1 қалалық емхана тапсырылады. Инвестициялар көлемі әрбір нысан бөлінісінде 1 млрд. теңгеге жуық, концессия мерзімі — 20 жыл, құрылыс жүргізу мерзімі — 9 -12 ай. Елордалық Денсаулық сақтау басқармасы осы айда конкурстар жариялайды. МЖС аясында қалалық мектептер аумағында спорттық құрылыстарды салу және пайдалану, екі қосалқы электр станциясы мен жылыжайлар әзірлеу және жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен қатар, 5 балабақша салу көзделген, соның ішінде екеуі 360 орынға, қалғаны 240 орынға есептелген. Мектепке дейінгі білім мекемелерінің басым бөлігі сол жағалауда орналасады. Инвестициялар көлемі әрбір нысан бөлінісінде 1 млрд. теңге көлемінде болады.

Қазіргі кезде «Astana» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ жалпы құны 4 млрд. 700 мың теңгені құрайтын 1200 орындық бес балабақшаның құрылысын әзірлеумен айналысуда. Сонымен қоса, бұл корпорация Астанада Патологоанатомиялық бюро салуды жоспарлап отыр. Оның мақсаты қазіргі заманғы жоғары білікті паталогоанатомиялық диагностика жүргізу болып табылады.

Кездесу барысында мемлекеттік органдардың өкілдері, әлеуетті инвесторлар және бизнесмендер ұсынылған басқа да жобалар таныстырылып, стратегиялық серіктестіктегі өзекті мәселелер талқыланды.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікке 80 мыңнан астам адам қатысады

Биыл алғашқы экологиялық сенбілік 23 сәуірде басталмақшы. Елорданы тазарту жұмыстарына 80 астам қала тұрғыны қатысады деп күтілуде.

Жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік ұйымдардың, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері, студенттер мен оқушылар, ПИК өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатыспақ. Осы күні сенбіліктермен қатар, Астананың үш ауданында 1000 жуық ағаш отырғызлмақшы.
Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке 80 мыңнан астам адам қатысады
astana.gov.kz сайтының мәлімдеуінше сенбілікке 300 астам арнайы техника, әсіресе, жүк көліктері мен тиегіштер тартылмақ. Сонымен қатар, «Астана Зеленстрой» және мердігерлік ұйымдардың жұмысшылары саябақтарды, гүлзарларды жинап, ағаштардың бастарын кеседі, қоқыстарды жинап, шығарады. Экологиялық айлық барысында Астана қаласы аудандарының аумағын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Елордамыздың сәнін келтіріп, көркеюіне үлес қосу әрбір астаналық парызы деп ойлаймыз.
Әрі қарай

Тек қана "Хардкор"

Кезінде «Biting Elbows» инди-рок-тобының «Bad Motherfucker» деген клипі біраз шу тудырып еді. Әрине, позитивке толы шу. Сюжетті баяндау тәсіліндегі жаңа бетбұрыс ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Бұл видеоклип Тимур Бекмамбетовтың де көзіне түсіп, осының негізінде толықметр кино түсіру идеясын да көтерген сол еді.

Бекмамбетов режиссер іздеуге бас ауыртпастан, бұл міндетті «Bad Motherfucker» клипін түсірген, «Biting Elbows» тобының мүшесі Илья Найшуллердің өзіне тапсырды.

Жоба толықтай сәтті шықты деу қиын, өйткені халықаралық басылымдардың бірқатары мақтады, бір бөлігі төмен баға берді. Сондықтан да фильмге, өз басым, ұнамай қалу мүмкіндігін ескеріп, іштей дайындалып бардым.

Киностан: Тек қана Хардкор
Фильм 100 пайыз бірінші жақтан түсірілген. Яғни, барлығы басты кейіпкердің көзімен беріледі, құдды шутер ойын ойнап отырғандай сезінесіз. Сіз сенбессіз, бірақ бір тұсын «Call of Duty 4» шутерінен көшіріп алды ма деп ойлап қалдым. Ал иесіз ғимарат ішіндегі атыс тіпті «Counter-Strike»-ты еске түсіреді.

Бұл да эксперимент, соны бағыт қой, сондықтан шайқалып-секірген кадрлардың кейде тым көп болып кетуіне түсіністіктпен қарадым. "Қара юмор" мен жүйкеге тиер қан-жоса қырғынға, визуал азапқа дайын болған жөн.

Сюжеті күрделі емес. Бастан-аяқ негізгі кейіпкердің және оның досының бір міндетті (басты зұлымды өлтіру) іске асырудағы бастан кешкен (көзбен көрген) оқиғаларына куә боласыз. Фантастика жанрында болғанымен де, оның фантастикалығын ақтайтын, уәж келтіріп, түсіндіретін аргументтер жоқ, жай фантастика мен Мәскеу оқиға фоны ретінде алынған. Негізгі акцент — шутер стилінде қызықты фильм түсіруге және сол арқылы көрермендерге ерекше әсер беруге қойылған тәрізді. Фильмнің кіші экранда (ТВ, компьютер) ерекше әсер ететініне күмәнданып тұрмын.

Бірақ мойындау керек, аттракциондық әсері молынан. Кейіпкердің басына кіріп кетіп, бәрін өзің басқарып немесе өзің реал режимде көріп отырғандай әсерде отырасың.

Киностан: Тек қана Хардкор
Фильм Ресей мен Америка актерлерінің қатысуымен түсірілген. Басқаларын білмедім, Шарлто Коплидің сан қырлы актер екенін дәлелдейтін аз киноның бірі осы болды десем артық айтқандық болмас. Әрине, сосын Сергей Шнуровтың 1 минут шамасындағы эпизоды есте қалды. Фильмді жасаушылардың да идеясы осында секілді — Ресейдің сүйікті боқтампаз әншісін көрсету арқылы эмоциялық бонус сыйлау.

«Хардкор» өз атына лайық деп ойлаймын. Ешбір лирикасыз, басқа артық нәрселерге көңіл бөлмей, тек қана бір бағытпен өрбіп отыратын қатал, қатаң фильм. Қаншалықты сәтті жоба болады оны уақыт көрсетер.

6/10
Әрі қарай

Тауықтың миы

Блог - e_zhalgas: Тауықтың миы

Тауық — үй құсы, қуырып та, қайнатып та жеуге жарайды, күн шықпай жатып қыңқылдап, үй иесінен боғауыз естіп жататын да құс. Эволюциядағы көзге ілігерлік жетістігі — етінің тәттілігі. Ұша алмайтын лузерлігіне қарамастан, адамның таңдайын үйіріп әкетіп, тірі қалды деген де болжам бар.

Тауықтың миы — адамның шексіз сарказмының, біреуді қорламақ кезде қолданылатын сын есім рөлін атқарып жүрген органдарының бірі. Егер өзіңе қарата, «тауықтың миындай миың жоқ екен» десе, оны игі мақсатпен айтып тұр екен деп ойлаушы болма.

Айтпақшы, салыстырмалы түрде, адам заты тауықты қолға үйреткеніне мыңдаған жыл болса да, қазақтардың қорасында пайда бола қойғанына ұзақ уақыт өте қоймады. Сондай-ақ, адамдар тауықты қолға қалай үйреткендігі туралы дерек аз, кейбіреулер бастапқыда тауықтың тұқымын өзі басып шыққан деп те жатады. Дегенмен, ол ақпарат көзі сенімді деп айта алмаймыз.

Бұның бәрін неге айтып отырмын? Қазіргі эрудиция мен білімге ұмтылу тауықтың миындай әрекетті ғана қажет етіп жүр. Сұрақ қоя қалса, интернетіңді қоса салып, ақпаратыңды оқисың да сол мезетте «о, шешесс, не деген мүкәммал бас» сыңайлы лулздарды жинап алып, артынан тарс ұмыта саласың.

Так ышто, тауық милардың дәуіріне қош келдіңдер, бәрің.
Әрі қарай