«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі (Толық мәтіні)

Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды. «ҚазАқпарат» ХАА актінің толық мәтінін жариялайды.

Астана жаңалықтары: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі (Толық мәтіні)

«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел — бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл — кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен

2014 жылғы 15 желтоқсан

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жад арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы

Мәңгілік Ел — патриоттық актісін

қабылдаймыз.

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның — қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.

Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел — Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар — отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғы­рын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.

Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссия­сына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуа­тының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл — Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол — Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір — тағдырымыз ортақ.

Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.

Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл — Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері — барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.

Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз — Үлкен Ел — Үлкен Отбасымыз.

Мәңгілік Ел, бұл — Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Бұл — біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Біртұтас Еліміз — Мәңгілік Ел қуатты болсын!

Қазақстанның мәңгілік мекені — Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!

Алға, Қазақстан!

inform.kz
Әрі қарай

Солтүстік аймақтағы қызыл судан зардап шеккендерге Астанадан «Қайырымдылық керуені» жөнелтілді

Қостанай облысындағы Суриков аулындағы тұрғындарға қайырымдылық қордан 1 млн теңгеден өтемақы үлестірілетін болды. Ал 20 отбасыға әкімдік үй бермек. Солтүстік Қазақстандағы Заречный ауылында орталыққа қатынайтын қос жол әлі жабық. Есепке қарағанда, өңірде қызыл судан 400-ге жуық үйге зақым келген.

Бүгін Астанадан 14 тоннаға жуық азық-түлік пен тұрмыстық заттар, киім-кешек тиелген қайырымдылық керуені теріскейдегі жұрт үшін жолға шықты.


astanatv.kz/news/show/id/47645.html
Әрі қарай

Алау мұз айдыны сарайы жаңа маусымға дайын

Астанада қар еріп, мұз кеткенімен қызық кеткен жоқ. 1 мамырда белсенді демалуға лайықты орындардың бірі «Алау» мұз айдыны сарайы жазғы маусымда есігін айқара ашады. Елордалықтардың сүйікті көңіл көтеру орнына айналған, «Алау» мұз айдыны сарайы жазғы спорт орталығы форматында жұмыс істеуге көшеді. Келушілер ролик теуіп, үстел теннисін және бадминтон ойнап, уақыттарын көңілді өткізе алады. Ал жазда коньки тепкісі келетін жандар үшін орталық аумағында арнайы корт жасалады.

Астана жаңалықтары: Алау мұз айдыны сарайы жаңа маусымға дайын

Жазғы спорт орталығы сейсенбі-жексенбі күндері жұмыс істеп, дүйсенбі күні демалады. Бірінші сессия сағат 10.00-13.00, екінші сессия сағат 14.00-17.00, ал үшінші сессия сағат 18.00-21.00 дейін жалғасады.

«Алау» мұз айдыны сарайына келушілерге ұзындығы 400 метрлік бірегей роликодром, теннис үстелдері мен бадминтон ойнауға арналған алаңдар ұсынылады. Сонымен қатар, алаң аумағында жағажай волейболын, футбол мен шағын-гольф ойнауға болады.

1 мамырда «Алау» сарайында ашық есік күні өтеді. Орталық сағат 10.00-13.00 аралығында жұмыс істейді.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанадағы полицейлік автопарк 35 автокөлікпен толықты

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елордалық Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту аясында Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметіне Қазақстанда құрастырылған Peugeot 301 маркалы 35 қызметтік автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Астанада әлемдік деңгейдегі қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық шаралар көп өтетіндіктен елордалық полицейлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі, сондықтан олар елордалық жоғары статусқа лайықты және барлық көрсеткіштер бойынша үлгі аларлықтай болуы тиіс», — деді Ә. Жақсыбеков.

Астана жаңалықтары: Астанадағы полицейлік автопарк 35 автокөлікпен толықты

Тәртіп сақшыларының материалдық-техникалық базасының жаңартылғанына риза болған тәртіп сақшылары атынан Астана қаласы ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров қалалық әкімдікке алғысын білдіріп, елордалық полицейлердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдірді.

Айта кетерлігі бұл автопарктегі полицейлік автокөліктердің қатарын толықтырған автомобильдер елімізде құрастырылған. Барлық көлік ІІБ мәліметтер базасына енуге мүмкіндігі бар борттық компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар, көліктерге қалалық телефон байланыс қызметі бар заманауи жаңа радиостанциялар, сондай-ақ, жедел кезекшілерге құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге бойынша полиция жасақтарын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін GPS спутниктік жүйесі орнатылған.

Астана жаңалықтары: Астанадағы полицейлік автопарк 35 автокөлікпен толықты

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында әкімдік қала аумағында қосымша полиция пункттерін ашу үшін орынжайлар беруде. Астана қаласының әкімдігі қалалық полицейлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударады. Ильинка кентінде жергілікті полиция қызметкерлеріне үйлер берілген болатын. Көп балалы және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар санатына жататын, сонымен қатар ІІБ 10 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен, сондай-ақ, қызметінде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлеріне жаңа баспана кілті табысталды.

Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша өзінің «100 нақты қадам» бағдарламасында полицейлердің жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаратын бірқатар басты міндеттерді атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Ұлт жоспарының екінші бағыты «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін Жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның басты міндеті қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу. Болашақта бұл бағытта атқарылған жұмыстар жалғасын тауып, өз жемісін береріне сеніміміз мол.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Риодағы Олимпиадаға Астанадан 12 спортшы қатысады

Биыл 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Жарысқа 206 мемлекеттің спортшылары қатысып, күш сынасады. Осы жазғы Олимпиадаға Астана қаласынан 12 спортшы қатысады, деп хабарлайды қалалық Спорт және дене тәрбиесі басқармасы. Егер үздік нәтиже көрсететін болса, оларға теннисшілер, жүзгіштер мен әйелдер арасындағы күрестен спортшылар қосылып, жазғы Олимпиадаға аттанатын спортшылар сапы толығуы мүмкін.

Әзірше Олимпиада Лицензиясына қол жеткізгендер: бокстан Қазақстан чемпионы Василий Левит пен Әлем чемпионы Данияр Елеусінов, Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының жүлдегері Флорида Менянова, қазіргі заманғы бессайыстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Елена Потапенко, байдаркамен және каноэмен есуден Азия ойындарының чемпионы Инна Клинова және байдаркамен және каноэмен есуден Азия чемпиондары Зоя Ананченко мен Олег Токарницкий, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Досжан Картиков пен Алмат Кебіспаев, әйелдер арасындағы күрестен әлемдік жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Жұлдыз Ешімова мен әйелдер арасындағы күрестен Олимпиада-2012 қола жүлдегері Гузель Манюрова, сондай-ақ, үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко бар.

Астана жаңалықтары: Риодағы Олимпиадаға Астанадан 12 спортшы қатысады

– Лицензия алғандардың барлығына жаттығу үшін жағдайлар жасалады. Әрқайсысы Спорт федерациясының ұсыныстарына сәйкес жеке бағдарлама бойынша дайындалады. Оларға Астана қаласының әкімдігі Спорт басқармасы, Спорт федерациясы тарапынан қолдау көрсетіледі. Жеңіл атлетика мен үстел теннисі биыл тарихта алғаш рет лицензия иеленіп отыр, – деді қалалық спорт және дене тәрбиесі басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.

Бір белесті бағындырған жерлестерімізге сәттілік тілеп, алатын асуларыңыз биік болысын, ел абыройын асқақтатыңыздар дейміз.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

ҚАРТ СЕНЬОРА ТАҒЫ ДА ЧЕМПИОН!!!

Еуропада футбол маусымы аяқталуға жақын қалды. Енді бір 10-15 күнде барлығы да белгілі болады. Ал кейбір біріншіліктердің чемпиондары белгілі болды. Егер ПСЖ ең бірінші болып, «Лига 1» чемпионы атанса, енді скудетто(Италия) иесі де белгілі болды.
Ювентус былтырғы жылғы атағын қорғап қалды. Массимилиано Аллегри шәкірттері қатарынан бесінші мәрте «А» Сериясында жеңіске Романың арқасында жетіп отыр.
35 турдың соңғы кездесуінде Спалетти шәкірттері өз алаңында Наполиді қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. Бұл нәтиже Ювентусті отыз екінші мәрте Италия чемпионы жасады.
Маусым қарт сеньора үшін жақсы басталды деп айта алмаймыз. Бірақ естерін дер кезінде жинаған Буффон бастаған жігіттер 11 турдан бастап, жеңілістің не екенін білмей келеді. Оның үстіне қақпашы Джанлуиджи Буффон қақпасын голдан 974 минут(11матч) аман сақтап тұрып, «А» Сериясында жаңа рекорд орнатты.
Енді қалған матчтарды тек жанкүйерлер үшін өткізу қалды. Жарайсыңдар Аллегри шәкірттері!!! Forza Juvenus!
Әрі қарай

Керек-Ринг 24/04/2016

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 24/04/2016

24 сәуір күні Астанадағы Бирхофф мейрамханасында Керек-ринг кезекті ойыны өтті. 6 команда қатысқан бұл ойында тағы да Бақсы командасы жеңімпаз атанды.

Ойында қойылған сұрақтар

Аршат Оразов дайындаған сұрақтар:

— Жапон тілінде 9 – кю, 3 – сан деп аталады. Жапондардың SMS сленгінде 39 саны нені білдіреді?

— 2010 жылдың желтоқсанында жарияланған бір интернет-комиксте 2 галл римдіктерден бір қағаздарды ұрлап бара жатады. Бір галлдың аты Астерикс. Ал, екінші галлдың аты кім?

— Тақтардың ойыны сериалы туралы бір мақалада сериалда Шон Биннің ойнауының өзі спойлер дейді. Неліктен?

— Бір фантастика жанрындағы романда 6 сиқыршы туралы баяндалады. Олардың үшеуінің аттары: Ай, Ай-Ай және Ай-Ай-Ай. Қалған үшеуінің аттарын атаңыз.

— FieldCandy атты фирманың өнімдерінің дизайндары ерекше. Мысалы: қарбыз тілімі, сыр тілімі, төңкерілген кітап, ұлу қабыршағы. Фирма не шығарады?

— ХІ ғасырдың басында Халим атты әмірші Әулие Екатерина монастырын құртпақшы болады. Бұл хабарды бәдәуилер монахтарға жеткізеді. Халим әскерлері монастырға келгенде ештеңеге тиісе алмайтындай монахтар аз уақыт ішінде не салып үлгерген?

— 60-жылдар соңында Ким Гроув атты суретші қыз жігітіне арнап, әдемі сөздер жазылған түрлі романтикалық суреттер салған. 1970 жылы оның жігіті бұл суреттерді қандай атпен сатылымға шығара бастады?

— Голливудтағы Жұлдыздар аллеясына танымал баскетболшы Мэджик Джонсонның да аты жазылуы үлкен жанжал туғызды. Джонсон кинотеатрлар желісінің қожайыны еді. Бұл оқиғадан кейін Джонни Грант атты продюсер Орвилл Реденбейкер деген бизнесменге де аллеяда бір жұлдыз арналсын деді. Реденбейкердің бизнесі қандай еді?

— Бірде Muse тобын бір телебағдарламаға шақырады. Бағдарламада ән де айтады. Бірақ солист пен гитарист барабанға отырады, барабаншы гитара мен микрофонды алады, бас-гитарист пернелі аспапта ойнайды. Әннен кейін барабаншы фронтмен болып сұхбат беріп шығады. Музыканттар неліктен бұлай істеген?

— Zara киім брендінің өткен қыстағы коллекциясынан танымал бір девизді байқар едіңіз. Қандай?

Мерей Ермұханов дайындаған сұрақтар:

— Актриса МИла КУниске ОНЫ ЖАСАУҒА «Сәттілік құны» телешоуы көмектесті. Ал «Тампы-Бэйдің» хоккеисті Никите КУчеровке ОНЫ ЖАСАУҒА «Тірі өліктер» («Ходячие мертвецы») көмектесті. Маған ОНЫ ЖАСАУҒА бірін-біір алмастырған қыз-келіншектер септесті, дегенмен мен ол кезде оқушы бала болдым.
«ОНЫ ЖАСАУ» тіркесімен біз қандай тіркесті ауыстырдық?

— ОНЫҢ француздық моделдерінің бірі «Президент» деп аталады. Оның олай аталу себебі Франсуа Олланд ОНЫ өзінің ашынасына барған кезде кигендіктен. Оны екі сөзбен атаңыз.

— Назар аударыңыз, тараптпа парақ!
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 24/04/2016
Сұрақ авторының пікірінше, суретте көрсетілген Астана қаласының көпірлерінің бірі дәл осы кісінің атымен аталуы тиіс, себебі ол да жалғаушы буын. Кісіні атаңыз.

— 2006 жылы орыс тіліндегі sport.rbc.ru сайтында атауы 4 сөзден тұратын мақала жарияланған. Қазақстандық спортшыныңшетелдік белгілі жарыстағы жеңісі жайлы бұл мақаланың атауы мынадай құрылымға ие. 1-сөз: Спорт атауы. 2-сөз: спортшы фамилиясы. 3-сөз: етістік. 4-сөз: жарыс атауы.
Егер барлық сөз бір әріптен басталатын болса, онда мақала атауын толық атаңыз.

— Әлемге танымал брендтің жарнамасында витрвуиан адамын еске салатын, бірақ қолдары денесіне жабысқан адам бейнеленген. Осы брендті атаңыз.

— Мэнсфилд түрмесінің бұрынғы бастығы Деннис Бейкердің өзі 1994 жылы қамауға алынған адамның орнында болып көрді. Ол «отырған» түрменің атауын айтыңыз.

— «Хонда» мотоциклдерінің қуатын байқатататын бір жарнама плакатында теңселіп, иілген ағаштар мен түзетілген ОЛ бейнеленген. Оны екі сөзбен атаңыз.

— Бір онлайн-дүкен теннис ойынына қажет барлық дүниені сатып алуға ұсыныс білдіреді. Барлық нәрсені, тек, әрине, ОДАН басқа. Ал кезінде оның жартысы үшін ежелгі Грекияда тым жақсы үй сатып алуға болар еді.
Оны атаңыз.

— Геннадий ПАдалка ашық ғарышта мұны жасаған бірінші ресейлік атанды. Алайда, ең бірінші болып мұны ашық ғарышта 1966 жылдың өзінде-ақ Базз Олдриннің ажсағаны белгілі болды. Мұны кірме сөз түрінде атағыз.

— «Яндекстің» негізін қалаған адамдардың бірнешеуі іздеу жүйесіндегі қыруар жұмысты игерілмеген ұшы-қиыры жоқ аймақ деп санап, әлеуетті салада нөлден бастап, көп еңбек атқарды. «Яндекс» жайлы айта келе, авторлардың бірі өз отанын да игерілмеген ұшы-қиыры жоқ аймақ деп атады. Оның Отанын атаңыз.
Әрі қарай