Антальядағы EXPO қалай өтуде?

Фейсбукта саяхаттарымен танымал қолданушы Жан Гаскин Антальяда өтіп жатқан EXPO туралы өзінің көргендерін фотоларымен бірге жариялаған екен.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
ЭКСПО 23 сәуірден 30 қазанға дейін жұмыс істейді. Антальяға биыл 8 млн турист келеді деп күтілуде. Оның 2 миллионы тек ЭКСПО үшін, қалғаны демалуға келетін туристердің 50%-ынан құралады деп есептелген. Бұл аймақта 800-ден астам қонақүй бар екенін және Антальяның өзінде 1,5 млн адам тұратынын ескерсек бұл тым төмендетіп айтылған болжамдар.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Қауіпсіздік өте жоғары деңгейде. ЭКСПО аймағына кіру үшін 2 рет тексеруден өтесіз. Әр 30 метр сайын мөлдір, әйнек қоқыс жәшіктері тұр.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Дәл әуежайдағыдай тексерістен өтесіз. 40 шақты кіру есігі бар. Билеттер 60 лира, шамамен 20 доллар. 5 жасқа дейінгі балаларға тегін. Студенттер мен оқушыларға жарты ақысына. Бағалары өте қолайлы.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
ЭКСПО территориясы 90 гектар. Үкімет бұл жерді Ауылшаруашылық институтының меншігіне берген. Барлық объектілерді тендерді ұтып алған 2 кәсіпкер өз қаражаттарына салып шыққан. Жоспар бойынша бұл ақша артығымен қайтады деп ойлайды. Тек 114 метрлік мұнараны қала әкімшілігі жасаған, қаланың символдарының біріне айналмақ.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Көрменің демеушілері көп. Түркияның ірі компаниялары павильондарын өздері салып шыққан. мысалы Turkish Airlines пен Turkcell-дің павильондары ерекше. Биылғы көрменің тақырыбы: Балалар және гүлдер. Слоганы: Гүлденген әлемді балаларымызға сақтап қалайық!

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Балалар әлеміне келгеніңізді бірден түсінесіз.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Диснейленд пен аквапарктың қосындысы деуге болады.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Балаларға — қауіпсіз экстрим.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
«Жасыл энергиямен» фильтрленетін ауыз су.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Балалар ойында, ата-аналары көгалда демалуда. Әлбетте wifi тегін.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Балалар мына жерде электрокар айдап, жол жүру ережелерін үйрене алады. Ақысыз. Кіру билетіне кіреді бұл да.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Балаларды топтарға жинап, тәжірибелі биолог ағайлармен қыдыртуға болады. Бәрін түсіндіріп айтып береді.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Жаяу жүрістен шаршасаңыз — мынадай машиналарға мініп алуға болады. Тегін бұл да.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Әр 300-400 метр сайын шәйханалар, кафелер бар.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Қарапайым трансформатор станциясын да әдемілеп көмкеріп қойыпты.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Түркияның 7 түрлі аймағының асханасы ресторандар көшесінде орналасқан.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Тамақ бағалары өте арзан. Бұл дұрыс та бір жағынан. ЭКСПО-ның кіру билетіне қарамастан адамдар осында тамақ ішу үшін де келеді.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Жасыл мүсіндер көп.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Истанбул қаласының павильоны.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Қытай.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Жапония.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Шетелдіктер қазір де көп. Түріктер тасымалдаушы компаниялардың салығына 20% жеңілдік жасаған, сәйкесінше олар да билет бағаларын түсірген. Демалысқа келіп кетіп жатқандар көп.

Суреттер сөйлейді: Антальядағы EXPO қалай өтуде?
Ересектерге арналған демалыс орны. Кальян, нарды, ұйқы.

Толығырақ мына жерде:
Әрі қарай

Альварес "WBC" белдігінен бас тартты

Бүгін, Әлемдік боксерлық кеңестің президенті Маурисио Сулейман мексикандық боксер Сауль Альварестің «WBC» нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион емес екендігін хабарлады. Ендігі кезекте «WBC» белдігі және чемпиондық атақ қазақстандық Геннадий Головкинге өтеді.

Кәсіпқой бокстан америкалық экс-чемпион Шейн Мозлидің сөзі жалған болып шықты. Ол өзінің «twitter»-дегі ресми парақшасында «GGG» мен «Канело» арасындағы жекпе-жек биылғы жылдың 17 қыркүйегінде болады" деп жазған болатын. Екеуінің жекпе-жегін асыға күткеніміз соншалық Шейн Мозлидің бейресми ақпаратын жан-жаққа ала жүгірдік.

Бірақ, бұл «GGG» мен «Канело» арасындағы жекпе-жек болмайды деген сөз емес. Тек, өтетін мерзімі ұзаруы мүмкін. Десек те, Альварестің жасы 25 жаста ғана болғандықтан Генадан жеңіліп карьерасын бұзғысы келмейтіндігі белгілі. Сондықтан да, Ол әзірге яғни, жақын арада Генамен шықпайды.

Дегенмен, Гена чемпион! Қазір, Генада орта салмақта үш белдік бар. Жылдың соңына дейін төртінші белдікті еншілеп абсолютті чемпион болады деп сенеміз!

Алға GGG!

Блог - ErzhanKhamitov: Альварес WBC белдігінен бас тартты
Әрі қарай

Қаңтардың қар желі еседі... ("Иван Васильевич мамандығын ауыстырады" к/ф-інен)


Пенденің дейтұғын
дөңгелек Жерді үйім,
Сүйгенін табуы —
мәселе ең қиын.
Жердің тек білгені —
тоқтаусыз айналу,
Оңай ма, оңай ма
Ғашық боп қалу?

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Сезімге тағы бір
қиындық бар қарсы:
Тапқан соң боп шықса
алдамшы, алдамшы?!
Жалғанын табасың,
Шатасқан бір күні
оңай ма, оңай ма
анықтау мұны?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Бір жақта жүрекжар
махаббат бар маған,
Мәңгілік,
ешкім де қайталай алмаған.
Көптен оны іздедім,
Күндерде зулаған
оңай ма, оңай ма
кезігу оған?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң таппайды
ешқашан, ешқашан,
Содан соң ешқашан таппайды.

пы.сы. Пост-түпнұсқа мен жеке орындаулардан өздеріңіз ұнағанын таңдап аларсыздар. 8-) *Angel*





Әрі қарай

Астанада славян жазуы және мәдениеті күні өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Славян жазуы және мәдениеті күнін өткізеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Астана жаңалықтары: Астанада славян жазуы және мәдениеті күні өтеді

Шара барысында славян жазуларын зерттеуші жетекші ғалымдар славян жазбаларының түрлі аспектілері, славян тілдерінің бүгінгі ахуалы бойынша өзара пікір алмасады, сондай-ақ өзекті мәселелерді зерттеу мен бірлесе шешудің жолдары қарастырылады.

Бұл шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы славян және түркі мемлекеттерінің өкілетті елшілері, қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар, этно-мәдени бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысады.

Осы атаулы күн аясында «Славян және түркі мәдени-тілдік байланыстары: дәстүрлер мен құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Шара славян жазулары мен мәдениеті күніне арналған концерттік бағдарламамен аяқталады.
Әрі қарай

Астаналық ару Сеулдегі сұлулық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетті

Елордалық OK-models агенттігінің сәнгері Сәния Сәкенова 2-14 мамыр аралығында Сеулде өткен MISSSUPERTALENT WORLD2016 халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан шықты деп хабарлады қазақ ақпарат агенттігі inform.kz.

OK-models агенттігінің ақпаратына сәйкес байқауға әлемнің 35 елінің өкілдері қатысқан. Екі апта бойы ақтық мәреге жеткен сұлулар әлеуметтік шараларға, түсірілімдер мен сұхбат берулерге қатысқан.

MISSSUPERTALENT WORLD сән мен шоу-бизнесі саласындағы тамаша жетістікке жеткендерді марапаттауға арналған Халықаралық «Star Awards» шарасы аясында өткізілді. Байқау қорытындысында Қазақстан өкілі әлемдік ТОП-15 сәнгері қатарынан табылды.

Осы ретте С.Сәкенова ғаламшардың ең сұлу әрі талантты аруын таңдау қалай жүргізілгендігі, кәсіби сәнгер қандай қасиеттерге ие болуы керектігі және Сеул недей ерекшеліктерімен есте қалғандығы жайында пікірімен бөлісті.

Астана жаңалықтары: Астаналық ару Сеулдегі сұлулық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетті

Сәния мұндай өте жоғары деңгейдегі шарға табысты қатысуыңмен құттықтаймыз! Байқау қалай өткендігі және төрешілердің сенім үдесіне шығу үшін қалай тырысқаның жайында айтып берсең.

Қайырлы күн, құттықтауларыңыз үшін рахмет. Жалпы, менің жан дүнием әлі күнге Сеулде десем де болады. Бұл байқау тек қана сәнгерлік келбетке сай қыздарға арналғанымен онда негізгі басымдық олардың дарынына да беріледі. Түпкі идеясы — қыздар тек сұлу ғана емес сонымен бірге көркіне ақылы сай болуы тиіс. Шығармашылық нөмір жайында маған алдын ала ескертілген емес. Оған қоса дайындалуға уақытым да бола қойған жоқ. Дегенмен, өзімнің дағдымды (Сәния бірнеше жыл бимен айналысқан) есіме түсіре отырып, нөмірімді көрсеттім. Өнер тек қатысушыларды ғана емес сонымен бірге төрешілерді де таң қалдырды деп айта аламын. Өкінішке орай, қысқа уақыттың ішінде кәсіби тұрғыдағы видеоны түсіріп, монтаж жасауға уақыт болмады. Соның кесірінен мен таланттар байқауына және ТОП-5-тікке енуіме жол бермеді. Егер осынау бір қиындықтар болмағанда… Кім біледі, мүмкін тәж менікі болар ма еді…

Конкурсқа қатысқан сәттен финалға дейін қандай іс-шараларға қатыстың?

Kiamotors компаниясы үшін Jessy Dress көйлектерімен фотосессияға қатысуым бәрін бұрын есімде сақталып қалды. Сонымен қатар қонақ үйлерде, клубтарда фотосессиядар жүргізілді. Сеул қаласы тұрғындары үшін кинофестивальдің ашылуында біздердің сәнді киімдермен жүріп өтуіміз зор мереке болған сияқты. Әсіресе, балалар біздің шеруімізге таңданыспен қарады. Мұнан бөлек, футбол және баскетбол ойындарына барып, көптеген жарнамалық жобаларға, түрлі тұсаукесерлер мен балалар мерекелеріне қатыстық.

Байқаудың шырқау шегі, финалдық шоу қалай өткендігін айтып берсең?

Ақтық сайыс Сеулдегі ең тамаша қонақ үйлердің бірі КingHotel-де өтті. Шоуға өте көп адам келді, залда ине шаншар орын болмады десек те болады. Ақтық сайыста біз негізінен подиумда түрлі костюмдермен жүрдік.

Бұл байқауға қатысқан барлық қыздардың да өте сұлу әрі жеңіске лайық болғандығын атап өткім келеді. Әсіресе, маған Сингапур, Моңғолия, Ресей, Пуэрто-Рико, Мексика, Чехия, Болгария, Вьетнам, Ұлыбритания, Қытай қыздары ұнады.

Әлемдік ауқымдағы байқауға қатысу тәжірибеңіз бар. Енді сәнгерлікті енді бастағандарға қандай ақыл-кеңес берер едің?

Бірақ нәрсе айтамын: Егер сенде отаныңнан тысқары жерде өтетін халықаралық байқауға қатысу мүмкіндігі туса, іркілмей бар. Бұл сенің кәсіби тұрғыда өсуіңе баға жетпес тәжірибе және өз еліңді паш етуге беріліп отырған бірегей мүмкіншілік. Мұнай байқауға Еуропа мен Азияның белгілі сәнгерлері қатысып жатады. Олармен әңгімелесу әрі тәжірибе жинау әр уақытта да пайдалы. Бұған қоса, ағылшын тілін ауыз екі сөйлеуде де біраз меңгеріп аласың. Өйткені, бұл тілде барлығы да сөйлейді десек болады. Барынша белсенді, ашық әрі өзіңді өзің қорғай алуға тиіссің. Адамдар әр түрлі, бұл өмір, соған бейімделе түс.

Астана жаңалықтары: Астаналық ару Сеулдегі сұлулық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетті
Әрі қарай

Астанада джиу-джитсу жекпе-жегі танымалдыққа ие болуда

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорттық-сауықтыру кешенінде жасөпірім және ересек спортшылар арасында джиу-джитсу белбеуіне жоспарлы көктемгі аттестация өтті деп хабарлады inform.kz ақпараттық агенттігі.

Астана жаңалықтары: Астанада джиу-джитсу жекпе-жегі танымалдыққа ие болуда

Аттестация комиссиясы құрамында Қазақстан Джиу-джитсу қауымдастығының жаттықтырушы құрамы, сонымен қатар байқаушы кеңесінің мүшелері болды.

Жалпы алғанда, шараға 80-ге жуық адам қатысты олардың арасында балалар үйінің тәрбиеленушілері, халықаралық жарыстарға қатысушылар да болды.

Астана жаңалықтары: Астанада джиу-джитсу жекпе-жегі танымалдыққа ие болуда

Айта кетерлігі, соңғы уақытта әйелдер арасында бұл спорт түріне зор қызығушылық байқалады. Бүгінгі шара қатысқандардың 7 пайызын қыздар құрады.

Аттестацияға қатысушылардың басым бөлігі өздерінің жаңа белбеуге лайықты екендіктерін дәлелдеді. Бұл жаттықтырушы құрам мен спортшылардың өздерінің жүйелі әрі қарқынды жұмыстарының жемісі деуге болады.
Әрі қарай

«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті

Бүгін Астанада «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Шара барысында жүргізушілер полиция қызметкерлеріне сұрақтар қойып, өтініштері мен ұсыныстарын жолдай алады. Таңертеңгі сағат 10.00 басталған акция кешкі сағат 18.00 дейін жалғасты.

Астана жаңалықтары: «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті

Күні бойы кешкі адамдар Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне өз сұрақтарын тікелей жолдай алады. Мобильді топтар «Жолдағы қабылдау» деген жазуы бар шағын автобустарда қабылдауда. Акция «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта басталды, содан кейін колонна «Рубеж» жүйесінің бекеттеріне барады, бұдан басқа, азаматтарды қабылдау №1 автобус паркінде, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандарында аумақтық АІІБ және полицияның учаскелік пунктерінде жүзеге асырылуда.

– Акцияның мақсаты жол қауіпсіздігі саласында жол-патрульдік полиция жұмысының мәселелері бойынша азаматтарға консультативтік және құқықтық көмек көрсету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру болып табылады. Халықтың қандай арыздары, проблемалары бар екенін білу мақсатында акция бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Негізінен, адамдар аулаларда тұрақ орындарының жетіспушілігіне, көше-жол желісіне, жаяу жүргіншілер өткелдерін және бағдаршамдар қоюға шағымданады, – деді Астана қаласының ІІД ЖПҚ жол-патрульдік қызмет бөлімінің басшысы, полиция майоры Рустем Өмірбеков.

Сондай-ақ, жүргізушілерді қабылдайтын орындарда анонимді сауалнама жүргізіліп жатыр. Сұралғандардың пікірі жұмыстағы кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік беріп, халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Әрі қарай

Жас инспекторлар слеті өтуде

Елордада жол қозғалысы жас инспекторларының кезекті қалалық слеті өтуде деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Биыл конкурста 10 адамнан тұратын 7 команда бағын сынауда. Балалар саптық дайындық, зардап шеккендрге бастапқы медициналық жәрдем көрсету, көшедегі жүрісті реттеушінің қимылдарын тану бойынша жарысады.

Астана жаңалықтары: Жас инспекторлар слеті өтуде

Бүгін М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының сахнасында жеті команда аудандық іріктеуден өтіп, қалалық кезеңде бәсекеге түспек. Жеңімпаздар еліміздің барлық өңірлерінің командалары қатысатын республикалық конкурсқа жолдама алады.

– Биыл слет 16-шы рет өткізіледі. Ең басты мақсатымыз — барлық мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасын құру. Балалар республикалық слетта 10 күн бойы лагерьде болып, басқа аймақтардан келген балалармен араласады. Мұндай конкурстар оларды ой-өрісін дамытуға, кеңейтуге қосымша ынталандырады, – деді жергілікті полиция қызмтінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Бақытгүл Сарина.

Слет бағдарламасы жеті конкурстан тұрады, балалар велосипедпен мәнерлеп жүреді, тапқырлар мен білгірлер сайысына қатысады, ал үгіт-насихат бригадалары конкурсында әртістік өнерлерін ортаға салады.

– Байқауға бірінші рет қатысып отырмын. Бұл өте қызық, әрі танымдық конкурс. Жол жүру ережелерін білу аса маңызды. Форма кигенде өз-өзіме дген сенімім артады, балалармен көп уақытымызды бірге өткіземіз, ережелерді жаттаймыз. Осындай конкурста тек білімімізді ғана емес, шығармашылық қабілеттіліктерімізді де паш етеміз, – дейді №3 мктеп-гимназиясының оқушысы Ясмина Казанкапова.

Конкурс жеңімпаздары Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Әрі қарай

Қабанбай батыр даңғылында көлік қозғалысы жабылады

Қабанбай батыр даңғылында Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына («Рамстор» дүкені жанындағы көпір) дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 22 мамырда аталған жол бөлігінде көлік қозғалысы жабылады деп хабарлайды Астана қаласы ікімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

Астана жаңалықтары: Қабанбай батыр даңғылында көлік қозғалысы жабылады

Айта кетейік, 14 мамырдан 5 маусымға дейін Өзбекәлі Жәнібек көшесінің Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды.

Сонымен қатар, 13-23 мамыр аралығында Бөкейхан көшесінің Кенесары көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. 25 мамырға дейін Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.
Әрі қарай

Астанада масалармен күрес басталды

Астаналықтардың жазда мазасын алатындар — масалар. Сәуір айының ортасында үш ауданда да масаларды жою жұмыстары қолға алынды. Осы күнге дейін қалада 26 мың гектардан астам жер мен саяз судың 3,5 мың гектардан артық аумағы өңделді. Қалада залалсыздандыру жұмыстарына 187 жұмыскерден тұратын 10 бригада тартылған.

Астана жаңалықтары: Астанада масалармен күрес басталды

Қазіргі кезде Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша 6 мың га жуық аумақ, ауданы 603,5 га саяз су өңделді; Сарыарқа ауданында 4 мың га жуық аумақ пен ауданы 1518 га батпақ жер өңделді; «Есіл» ауданында өңделген аумақ 1050,45 га құрады, ал өзен ауданы — 1491 га. Масалармен күресу үшін құрамына циперметрин және хлорперифос кіретін препараттар пайдаланылады. 1 га жерге залалсыздандыратын заттың 0,350 л мөлшері жұмсалады.

Үстіміздегі жылдың сәуір айының соңында су қоймаларын өңдеудің бірінші кезеңі аяқталды. Тиісті жұмыстар Алаш және Қарағанды тасжолдарының бойында, Мичурино, Интернациональный, Промышленный кенттеріндегі өзендерде, Тельман, Шұбар, Пригородный, Заречный, Үркер, Шығыс Ильяинка тұрғын алаптарында жүргізілді. Сарыбұлақтың бойы және Есіл өзенінің жағасы, Талдыкөл маңы да тыс қалған жоқ. Қазіргі кезде масалардың ұшуын болдырмау үшін батпақ жерлер мен таяз өзендерді тексеру жұмыстары қолға алынды.

Астананың үш ауданында ашық аумақтар масалардан қорғайтын барьермен өңделді. Айта кетейік, ашық аумақтарда дератизация – кеміргіштерді жою жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бүгінде қала аумағында «Нұра-Есіл» каналы, Талдыкөл су жинағышы және оның маңындағы су қоймалары, Астана мен қаланың айналасындағы өзендер өңделді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.