Керек-Ринг 19/05/2016

19 мамыр күні Бирхофф мейрамханасында алғаш рет ойын онлайн режимде өтті. Сұрақтар командаларға арнайы сайт арқылы берілді, жауаптар сайт арқылы қабылданды. Алғаш рет сырттан, яғни Алматы қаласынан бір команда қатысты. Тартысты өткен ойында 9 ұпаймен «Бақсы» жеңімпаз атағын қорғап қалды. Алматылықтар 8 ұпаймен 2-орын, ал, астаналық жастардан құралған «Мафия» 6 ұпаймен 3-болды.

Аршат Оразов дайындаған сұрақтар:

1. Алыс сапарға құмды, шөлейт жерден аттанатын жолаушылар өздерімен бірге негізгі мақсаттарына қажет заттармен бірге қосымша балық аулау және акуладан қорғаныс құралдарын ала кетеді. Бұл құмды аймақ қай елде орналасқан?

2. Хельгасон атты жазушының бір романында ұлты хорват кейіпкер теледидар көріп отырып, «Балқан түбегіндегі мемлекет саны көп болғанда Хорватия жеңер еді» деп ойлайды. Хорватия нені жеңер еді бұл кейіпкердің пайымдауынша?

3. Бұл санатқа кіретін 42 елдің жер көлемі бойынша үлкені – Қазақстан. Халқы көбі – Эфиопия. Ең оңтүстікте орналасқаны – Лесото. Ал, ең солтүстікте орналасқан елді атаңыз?

4. 2010 жылы Шанхайда өткен ЭКСПО экспонаттарымен ғана емес, келген қонақ санымен де есте қалды. Келушілердің 98% қытайлықтар еді. Бұлардың көбі шетел түгіл өз облысы, қала, профинция, ауылдарынан шығып көрмеген адамдар. «ЭКСПО көру — олар үшін ғарышқа ұшумен тең болды» деп жазады «Вокруг света» журналы. Мақала авторы Марк Завадский бұл адамдарды қандай неологизм сөзбен атады?

5. Францияда — Куру, Австралияда — Сумера, Жапонияда — Утиноура және Танегасима, Үндістанда — Шрихарикота. Ал, Қазақстанда ше?

6. Андрей Остальский атты жазушының айтуынша, ақша – әр нәрсенің нақты тең өлшемі. Сондай-ақ орыс тіліндегі «деньги» сөзі «теңге» сөзінен шыққан. Жазушының ойынша «теңге» сөзі қандай заттың баламасы?

7. Географиялық дүниетану сұрақтарымызды жалғастырайық. Қызық бір ерекшелік бар екен. Сол бойынша Азияда 3 мемлекет: Қазақстан, Түркия, Өзбекстан. Африкада төртеу: Гана, Нигерия, Эфиопия және астанасы Уагадугу деп аталатын бір ел. Ал, Еуропада тек бір ғана осындай мемлекет бар. Бұл елдің астанасын атаңыз?

8.Азияда орналасқан бір елдегі ауылдық жерде тұрған мына сатылы мінбер не үшін жасалған?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/05/2016
9. 1998 жылы түрік рокері Теоман тартылып қалған Арал теңізінің бұрынғы орнында бір әніне клип түсіреді. 2005 жылы бір біріне еш қатысы болмаса да танымал орыс әншісі Юлия Савичева да дәл сол жерде, дәл солай аталатын әніне клип түсіреді. Әндердің атын қазақшаға аударыңыз.

10. 193 мүшесі бар Біріккен Ұлттар Ұйымына кіретін елдердің бірі Науру 1968 жылы тәуелсіздігін жарияласа да бұл елде басқа елдердің бәрінде бар не жоқ?

Мерей Ермұханов дайындаған сұрақтар:

11. ХХ ғасырдың соңында қабылданған бұл бағдарламаны жергілікті халықтың бір бөлігі «Сегіз жарым» деп қалжыңдап атай бастады.

12. Индонезияда «Төрт те бір» ережесі деген ұғым бар. Жастар белгілі бір уақытта жол жиегінде тұрып, өздерін жолаушы ретінде ұсынады. Таксистер мен кәдімгі жүргізушілер оларды тегін алып кете береді, тіпті өздері де соған кіріптар. Оған не себеп?

13. Құрметті ойыншылар, суретке назар аударыңыздар. Сурет лауазымды арудың жеке заттарының ішінен табылған. Суреттегі адамды атаңыз.
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/05/2016

14. Әзірбайжанның «Зиря» футбол клубы өз чемпионатының бітуіне бір тур қалғанда-ақ екінші орынды қамтамасыз етіп алды. Соған қарамастан, жергілікті футбол федерациясы оның Еуропа лигасына қатыса алмайтынын хабарлады. Клуб түрлі заңды жолдармен қатысуға әрекет етіп көргенімен, ережеден аттап кете алмады. Ал бәріне себеп – «Зиря» осыдан үш жыл бұрын… Сөйлемді екі сөзбен аяқтаңыз.

15. Жапондықтар біріншілерге шешім шығарудағы батылдық, өзіне әсіре сенімділік, екіншілерге тұйықтық, сенімділік, үшінші топқа – ақыл, намысқойлық, төртіншілерге – салиқалылық тән деп санайды. Төртеуін біріктіретін сөз тіркесін атаңыз.

16. Германия тұрғыны Хассо Хейденрейхтің коллекциясында 600-ден астам осы зат бар. Біреуі сағатқа, бірі – кішкентай скрипкаға, бірі қарындашқа, бірі өрт сөндіргішке ұқсайды. Мысалы, оның бір бөлшегінің өзінде 70 пайыз сирек кездесетін церий металы қолданылады. Америкалықтар оны белгілі бір мифологиялық мақұлықтың қалта нұсқасы деп атайды.

17. UNAVCO ғылыми консорциуымының деректері бойынша, ОЛ 2015 жылдың сәуірінде екі жарым сантиметрге кішірейген. Оны атаңыз.

18. Суреттегі азамат Жапониядағы кәдімгі супермаркетте сауда жасап тұр. Оның сатып алған нәрсесі не үшін қолданылады?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/05/2016

19. 2008 жылдың қысында Қырғызстанда ирандық Хаджи Фируз, Өзбекстандық Карбобо, Евроодақ өкілдері жиылған жиын болды. Қазақстанның атынан кім барды?

20. Бірінші байлық – денсаулық. Қазақтың осылай басталатын мақалы, Аман Базаевтың пікірінше, ОНЫҢ халықтық нұсқасы болып табылады. ОНЫҢ авторы 1908 жылы Бруклинде еврей иммигранттарының отбасында дүниеге келген. ОНЫ екі сөзбен атаңыз.
Әрі қарай

ЕНДІГІ КЕЗЕК ҚЫЗДАРЫМЫЗДА

Бүгін Астанада «БАРЫС АРЕНА» мұз сарайында бокстан әйелдер арасындағы ІХ әлем чемпионаты жалауын көтерді. Байрақты бәсекеде РИО олимпиядасына үш салмақ дәрежесі бойынша(51,60,75) он екі жолдама сарапқа салынатын болады. Біздің құрама барлық он салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығатын болады. Әсірсе, Олимпияда ойындарына баратын салмақтағы қыздарымыз барын салуы тиіс. Қыздарымыз жарыс жолына ертеңнен бастап шығады. Әзірге қыздармыздың еншісінде бір жолдама бар, Дариға Шакимова 75 келіде Цяньаньда өткен іріктеу турнирінде күміс жүлдеге ие болға болатын. Әлі де болса екі салмақта олимпияда жолдамаларын алып, толық құрамда баруға мүмкіндік туып тұр. Айта кетейік, еліміздің ерлер құрамасы тұңғыш рет Олимпияда ойындарына барлық он салмақ дәрежесінде қатысады. Ендігі кезек қыздарымызға келген сияқты. Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 19-27 мамыр аралығында өтеді. Әлем чемпионатының барлық кездесулерін КAZSPORT арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Әрі қарай

Астанада «Музейдегі түн» акциясына 30 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты

Елордада түнде музейлерге кіру тегін болды. Келушілер экспонаттармен танысып, қазақстандық жұлдыздардың композицияларын тыңдады, сиқыршылар мен иллюзионистердің өнерін, театрландырылған қойылымдар тамашалады. «Музейдегі түн» акциясына мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары қатысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

Акция барысында Ұлттық музей қонақтары үшін көне және қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетін таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Атап айтсақ, Майра Мұхамедқызы, Досымжан Таңатаров, Димаш Құдайберген, Ерлан Рысқали, Тамара Асар, Индира Расылхан секілді өнер иелері әннен шашу шашып, жиналған көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Астана жаңалықтары: Астанада «Музейдегі түн» акциясына 30 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты

ҚР Ұлттық музейінде қонақтар үшін қызықты бағдарлама әзірленді. Келушілер назарына қолөнершілердің жәрмеңкесі, музей туралы кітап ұсынылды. Бұл түні он экспозициялық залдың бәрінде экскурсиялар өткізіліп, LED-экрандардан роликтер көрсетілді. Музейде зергерлік бұйымдар, фарфор, ат әбзелдері, қару-жарақтар коллекциясы мен кілемдер қойылған.
— ҚР Ұлттық музейі Халықаралық музейлер күніне алдын ала дайындалды. Мысалы, кеше балалар арасындағы «Музей әлеміне саяхат» сурет көрмесі ашылды. Аталған шара көркемсурет және графика үйірмесіне баратын балалар шығармашылығының жемісі болмақ. Бүгін музей ісіне арналған көрме ашылды — бұл музейлік экспонаттарды консервациялау, реставрациялау. Осындай мереке жылына бір рет өтеді, адамдар тұтастай отбасыларымен келіп, жаңалықтармен, тарихпен танысады, — дейді ҚР Ұлттық музейінің мәдени-білім беру жұмыстары қызметінің жетекшісі Жанар Бейісова.

Астана жаңалықтары: Астанада «Музейдегі түн» акциясына 30 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты

Қала тұрғындары музейде отандық шоу-бизнес өкілдерінің өнерін тамашалады. Қонақтардың көбі музейге алғаш рет келген екен.

Ал, «Музейдегі түн-2016» акциясы ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай жалпы музей саласы туралы айта келе, әлемнің әр елінде өтіп жатқан «Музейдегі түн» акциясына тоқталып өтті.
«Музейдегі түн» акциясының басты мақсаты – сақталып тұрған жәдігерлерді бұқараға мейлінше көбірек насихаттау. Сол арқылы мәдениет пен тарихтың өркендеуіне үлес қосу. Ал, Ұлттық музей аталмыш акцияны осымен екінші рет ұйымдастырып отыр. Өткен жылы бұл шараға астаналықтар мен қала қонақтарының ерекше қызығушылық танытқанын көрдік. 23 мыңнан астам адам қатысты. Биыл мерекелік бағдарламаға көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, барынша көрермендер көңілінен шығатындай жобалар ұсынып отырмыз. Сондықтан да музейде өткізген уақыттарыңыз мәнді, мағыналы әрі көңілді болады деген сенімдемін. Барлық музей қызметкерлерін, әріптестерді және музей меймандарын Халықаралық музей күнімен құттықтаймын», — деді Д.Мыңбай.

Келушілер «Атамекен» этномемориалдық кешенінде бір түнде барша республикамызды аралап өтті. Олар еліміздің өңірлерін толықтыра түскен жаңа макеттерді тамашалады.
— «Атамекен» Қазақстан картасы биыл 15-ші маусымын өткізеді. Ол өз жұмысын 1 мамырда бастады. Биыл жаңадан 30 астам макет жасалды, сондай-ақ көбі қайта жөнделді. Астана бойынша 20 артық макет жаңартылды, соның ішінде Министрліктер үйі, Қаржы министрлігі, қала әкімдігі, бұрынғы ҚР Парламенті ғимараты, «Отан Ана» және т.б., — деді «Атамекен» этномемориалдық кешеннің директоры Алма Алтыбаева.

Астана жаңалықтары: Астанада «Музейдегі түн» акциясына 30 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты

Музей экскурсоводтары мен шақырылған шығармашылық ұжымдар көрермендер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар, әдеттегідей лотерея билеттерінің ұтысы өткізілді.
Әрі қарай

ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келеді

Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард Астана экономикалық форумының (АЭФ) аясында ХВҚ-ның Өңірлік конференциясына қатысу үшін келесі аптада Қазақстанға келеді.

Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов хабарлады.
«АЭФ-ке орайластырылған ХВҚ-ның Өңірлік конференциясы 24 мамырда Астана қаласында жабық дөңгелек үстел форматында өтеді.

Астана жаңалықтары: ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келедіАстана жаңалықтары: ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келеді

Конференцияға қатысушылар ретінде Орталық Азия, Кавказ, Еуразия өңірінің елдері экономикалық блогының бірінші басшылары сөз сөйлейді» — деді Ғ. Пірматов. Оның айтуынша, конференция барысында өңірдің ағымдағы экономикалық жағдайын және ортамерзімді перспективада орнықты өсуге жәрдемдесуді талқылау жоспарланған.

Еске сала кетсек, ХВҚ-ның негізгі мақсаты экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу және қорға мүше елдерге практикалық көмек көрсету.
Әрі қарай

Қаржы министрі Ұлттық пантеон құрылысының сараптамалық құны ғана белгілі екенін мәлімдеді

Ұлттық пантеон құрылысы құнының сараптамалық бағасы ғана белгілі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп талқыланғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Астана жаңалықтары: Қаржы министрі Ұлттық пантеон құрылысының сараптамалық құны ғана белгілі екенін мәлімдеді

«Қазіргі таңда аталған мәселенің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүріп жатыр. Осыған қатысты әлі де бірдеңе айту ертерек. Соған қарағанда, бұл тек сараптамалық бағалау ғана, біз әлі құжаттаманы қараған емеспіз», — деді Б. Сұлтанов. Оның айтуынша, бұл мәселе Астана қалалық әкімдігінде талқыланған болуы мүмкін, алайда министрлікке пантеон құрылысының құны көрсетілген құжаттар келіп түспеген.

Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ Астана қалалық әкімдігіне сілтеме жасап, онда Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелік құны 79 миллиард теңге құрайтыны туралы ақпараттар айтылған еді.
Әрі қарай

Астанада жол жөндеуге байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

21 мамырдан бастап Кенесары көшесінде Республика даңғылынан Иманбаева көшесіне дейінгі аралықта асфальтобетон жамылғысын төсеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылады.

Сонымен қатар, 22 мамырда Қабанбай батыр даңғылында Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына («Рамстор» дүкені жанындағы көпір) дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көшенің аталған бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

Еске салайық, 5 маусымға дейін Өзбекәлі Жәнібек көшесінің Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

Сонымен қатар, 23 мамырға дейін Бөкейхан көшесінің Кенесары көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. 25 мамырға дейін Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.

Астана жаңалықтары: Астанада жол жөндеуге байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Елордада жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астаналық кардиохирургтер кәсіби шеберліктерін дәлелдеді

№ 2 қалалық аурухананың кардиохирургтары жүрегі екі рет тоқтаған 64 жастағы науқасқа ота жасады. Ерекше операция табысты өтті.

Қазіргі кезде елордада медициналық көмектің қолжетімділігі мен қауіпсіздігі, сондай-ақ, қан айналымы жүйесі ауруларымен, соның ішінде коронарлық синдроммен қалыптасқан жағдай ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Елордалық дәрігерлердің тиімді және кәсіби жұмысының арқасында қан айналымы жүйесі ауруларынан өлу көрсеткіші 41,8%-ға төмендеді. Жіті коронарлық синдром кезінде көмек көрсетудегі маңызды кезеңдердің бірі жедел кардиологиялық көмек көрсету болып табылады.

Астана жаңалықтары: Астаналық кардиохирургтер кәсіби шеберліктерін дәлелдеді

Осылайша, жүрегі ауыратын пациенттердің 93%-на стационарлық көмек нақ осы №2 қалалық ауруханада көрсетіледі. Дәрігерлер Астана мен барша республика тұрғындарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдейді.

Айта кетейік, қалалық ауруханадағы стационар 2010 жылғы маусымнан бастап жұмыс істеп келеді. Өткен жылы 10 866 адамға ота жасалды. Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, жүрек аурулары бар науқастарды емдеу кезінде ерте оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Осы мақсатта мекемеде арнайы блок ашылды. Сонымен қатар, кардиологтар науқастардың жағдайын операциядан кейін және ауруханадан шығарылған соң бақылайды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

"Алау" мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды

Күн жылынғалы «Алау» мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды. Енді онда бадминтон, үстел теннисін ойнап, уақытыңызды көңілді өткізе аласыз, сондай-ақ, роллерлер үшін 400 метрлік жол жасалған. Коньки тебуге келгендер үшін шағын мұз корт дайындалды. Ал жақын арада «Алау» мұз сарайындағы ойын-сауықтар шағын гольфпен толықпақ.

– Біз Астанада бұқаралық спортты дамыту қолдаймыз. Сондықтан 1 мамырдан бастап барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын біздің жазғы орталығына шақырамыз. Жазғы «Алау» спорт орталығы дүйсенбіден басқа күндері жұмыс істейді. «Алау» сағат 18.00-21.00 дейін жұмыс істейді. Келушілерге қолайлы болу үшін демалыс күндері үш сеанс ұйымдастырылады: біріншісі сағат 10.00-13.00, екіншісі – 14.00-17.00, үшіншісі – 18.00-21.00 аралығында, — дейді мұз сарайындағылар.

Астана жаңалықтары: Алау мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды

Ересектер үшін билеттің құны 1000 теңге, балалар үшін – 500 теңге. Келушілерге икемді жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлер мен III топтағы мүгедектерге 50% мөлшерінде жеңілдік жасалады. 5 жасқа дейінгі балаларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кіру мен жабдықтар тегін беріледі. Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап мектеп жанындағы лагерьлер үшін 20% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. Осылайша балалар кіру мен жабдықтар үшін 800 теңге төлейтін болады.

Астана жаңалықтары: Алау мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды

«Алау» әрқашан өз қонақтарын қуантуға тырысады. Сондықтан орталық аумағында далада жағажай волейболын және шағын футбол ойнауға болады. Бұдан басқа, «Алау» МКҚК директорының орынбасары Ильдар Садықовтың айтуынша, биыл шағын гольф та енгізілмек.

– «Алау» еліміздегі адамдар көптеп келетін спорт нысандарының бірі, біз орталықтың беделін арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асырамыз. Биыл енгізілгелі отырған жаңалықтардың бірі – шағын гольф. Оның үстіне, балалар өздеріне лайық ойындарды таба алатындай отбасылық спорт орталығын жасағымыз келеді. Сондықтан кішкентай астаналықтар үшін арнайы үрлемелі батут құрылды, — деді И. Садықов.

Сондай-ақ, «Алау» МС әр түрлі турнирлер де өткізіледі. Жақын арада мұнда теннистен Елорда күніне орайластырылған Astana Сup – 2016 марафоны өтеді. 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні мұз сарайында ашық есік күні ұйымдастырылып, келушілердің барлығы орталыққа тегін кіріп, уақыттарын көңілді өткізе алады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

ASTRA PLAT көлік карталарын беру автоматтандырылады

Қоғамдық көлікте қатынау карталарын беру процессін автоматтандыруға байланысты жеңілдікті көлік карталарын беру пункті техникалық себептер бойынша жабық болады деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

«Астана LRT» ЖШС Төлем жүйелері орталығының мәліметіне сәйкес, техникалық үзіліс карточкалардың жалпы санының жартысы берілген уақытқа алдын ала жоспарланған болатын. Қазіргі кезде мамандармен 54 мың картаның 26 мыңға жуығы берілген.

«Процедура автоматтандырылған, оператор арнайы қосымшаға азаматтың мәліметтерін енгізеді, сонда қажетті картаның қай секторда, қай қорапта жатқанын көреді. Бұл бір адамға 2-3 минуттың ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Осы күнге дейін карталардың жартысы таратылды. Сәйкесінше, кейбір қорапта карта көп, кейбірінде аз. Сондықтан, біз қалған карточкаларды реттеу үшін техникалық үзілісті алдын ала жоспарлаған болатынбыз, — деді Төлем жүйелері орталығының директоры Сергей Попов.

Астана жаңалықтары: ASTRA PLAT көлік карталарын беру автоматтандырылады

Еске салайық, 2016 жылғы 4 мамырда қоғамдық көлікте «ASTRA PLAT» электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында «Жастар» сарайында азаматтардың жеңілдетілген санатына атаулы көлік карталары таратыла бастады. Жобаның бірінші кезеңін 31 мамырға дейін іске қосу және экспресс пен қала маңына қатынайтын маршруттарды қамту көзделген. Бұл жүйе тасымалдау қызметтері үшін қаржы түсімінің айқындылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Әрі қарай

19.05.2015-19.05.2016

Блог - MamaAya: 19.05.2015-19.05.2016Ия, тура бір жыл бұрын, тура осы күні менің өміріме өзгеріс енген болатын. %) Астанаға 17-не жеттік. Білмеймін неліктен, балдар да, өзіміз де ұйықтай береміз. 17, 18-Тамақтанамыз, ол жұмысына барып қайтады, кішкене қыдыру, жаурау. үйге кеп қайтып ұйықтаймыз.%) 19-ы Тағы да ұйықтай салмақшы.
Мен:-МММ?
Ол:-М?
М:-Че то, слишком пассивными стали, да?
Ол: іске кірісті.:D:D
Менің отбалысық өмірімдегі ең қысқа қайырылған іс болды.%)%)
1ай бұрын ғана менде түсік болған, емделгем, дәрігерден кемінде 6 айға дейін бала көтеруге болмайтыны туралы ескерту алғам. Қайдағы?!-дегем. Бірақ осы қысқа істің алдында неге екенін 5-6 сумканың әйтеуір біреусінің 1 бұрышында жатқан "қорғағыш" затты дайындамаппын. Мүмкін, бізде жаңалық болуы керек боп тұрған шығар?!%) Бірақ, ол заттар ысырап боп қалмады, ертесінен бастап қолданысқа түсті, таусылды.
Қыдырдық, ұйықтадық, қонаққа бардық, суретке түстік, күлдік, жаңбырдың астында қалдық сөйтіп жүріп Шымкентімізге де қайттық ау…
Бірақ, бірақ, ұзамай 6 айға жетпей мен қайтадан «Жүкті» екенім белгілі болды. Врачтар ренжіді, анализдердің түр-түрі, узилерің түр-түрі, витаминдер, ыстық жаз, өзбек көрсем құсу, шомылу, капельница, очередь, кең киімдер, обжорства, күз, бала, мектеп, че то жүру қиын, отырсаң тұра алмайсың, түнде қарын ашу, баланың сабағын түсінбеу солай, солай жүріп қара күзге де жеттік. %)%)%) Врачтар үшін «группа риска» деген бөлек тұратын папкадағы пациенттердің бірімін. Узист те, түсірген сайын операциямен ғана босана алатынымды ескерте беретін. «Полное предлежание плаценты» деген диагнозды, баланың өсуі, дамуы жақсы, ешқандай патологиясыз "Ұл бала" жатыр деген сөздері шайып кететін де, ол диагноз туралы қатты ойланбадым. Сонымен 6 жарым ай болғанда патологияға жатпасаң, "өте қауіпті кезде тұрсың"-деген консилиум жасап, жасаған қорытындыларына, «Баланың да, өзімнің де өміріме өзім жауаптымын, ауруханада жатуға қарсымын!»-деген тілхат жазып кеттім. Соншалықты қауіпті демей, күйеуіме :«жақында жатуың керек деп жатыр, қайтем ауырып жүргем жоқ қой?!»-деп жеңілдетіп жеткіздім әйтеуір. Сонымен біз қаладағы мықты деген перинаталды орталықтың меңгерушісіне бардық. Ол менің қағаздарымды көріп, таң қалды. Бұл әйел неге ары бері жүр?! Жедел. шұғыл түрде жатқызу керек. «Отслойка» болса, баланы да, анасын да сақтай алмай қалу мүмкін. Баданы мерзіміне жеткізу екіталай, бірақ туылса аман алып қалуға болады. Бірақ, мен сіздің әйеліңізді қабылдай алмаймын. Мекен жайыңыз бойынша бізде босануға жол жоқ! Хош болыңыз! деп шығарып салды. Айқайлап ұрысып келе жатыр, өткендегі отказ жасаған ауруханама келдік. Ол жақтағы дәрігерлер: "Әйеліңіз қарсылық жазып, тыңдамай, түсінбей кетіп қалды!"-дееп отыр. Қысқасы, мені сол жерде етік, пальтомды алып тастап кетті. Содан текерулер, кроватта таңылып жату, ктг, узи, доплер, қасыма мен шыққанша 40 әйел түскен шығар. Бірақ олар келеді, қиналады, туады, кетеді. Мен ше? Еш жерім ауырмайды, ноутбук қарау, музыка тындау температура өлшеу, тамақ ішу, күніне врачтар тоқырлап, кемінде 5-6 рет келіп тұрады. Тәуелсіздік күні мейрамдары өтті, жаңа жыл келді. Бәрі тойлауда, үйлеріне барып келеді, ал мен әлі сол то патологияда, то родзалда, то реанимацияда сол баяғы майдың 19 -ғы " пассив" туралы сөзімнің жазасын өтеп жүрмін.Жалығып, жек көріп кетім бар нәрсені. Әсіресе ватсапта 5 минут сайын әркімнен келетін «Аллооо» дейтін клипп пен санитаркалардың, медсестралардың, келушілердің қалтасынан шығатын «Аллооо» деген дауысты.%)%)%) Сөйтіп жүріп қаңтардың 19-на Алланың қалауымен, дәрігерлердің шешімімен операция жасалып, баламды босанып алдым. :j:j:j:j Ары қарай тағы 10 күн ауруханада жатып, қаңтардың 25-нешықтық.%)%)%) Қазір есіме алсам, сол былтырғы майдың 19-ы мен биылғы майдың 19-ы аралығында көптеген ауыртпалықтар өтіпті. Алайда, үлкен Олжам-Ұлымыз бар.:**:**:**:**
Бүгін бізге 4 ай.:**:**:**:** Кесарь кезінде қан жоғалтып, бөтен қан құйылғандықтан, ай сайын әртүрлі анализдер тапсырам. ВИЧ-ке, Гепатиттерге т.б. Бүгін де сол анализдерді тапсырып, баламның 4 айға толғанына әрі маған берілгеніне 1 жыл толғанына қуанып отырмын!:j:j:j:j
Барлық қиындық артта қалып, алдымызда тек жақсылықтар мен амандық күтіп тұрса екен!;););)
Әрі қарай