#QazzaqDepression. Махаббат

Блог - patick: #QazzaqDepression. Махаббат
— Жжжібер, деймін… Жібеееер! Оңбаған!!!

Алқынып, ауа жетпей жатыр. Алыса-алыса күші де таусылған. Бірақ берілуді әлі де ойламайды. Үйдің іші у-шу, қатын-қалаш жан-жақтан қаумалап, есікке жібермейді. Кейде олардың әлі жетпей жатса «күйеу» жігітке ұқсас жас балалар білегінен жармасып, төрге сүйрелейді (інілері шығар). Аузынан шіріген тістің иісі шығатын бір қара қатын ақ орамалды ұстап жүр. Жаңа ашуланғанда бетіне түкіріп жіберді соның. Бірақ оған мән беріп жатқан ешкім жоқ:
— Әй, қарағым, ақылың болса — көне ғой. Бәріміз де басында тулағанбыз…
— Шырағым, ақылды бол. Тентек болма. Қазақтың несі ғой…
— Жеңісгүл, ақылың бар ғой, қоя ғой. Болашақ енеңнен ұят болады.

Жеңісгүл долыланып бақырып жылай бастады:
— Кет, әкең, малдар, біләт. Ол маған ене емес. Қайда ана кемпір? Алып келш ал, бетіне түкірейін!

Қатындар шошыған түр танытқан болды:
— Қой, не деп жатсың. Өй, Жеңісгүл? Бұның не? Енең ғой!
— Ертең осы сөздеріңе ұялатын боласың. Дер кезінде тоқтай сал. Бәрі жақсы болады. Біздің Тәпөш жақсы бала. Өзің көресің.

4-5 сағаттан кейін бәрі саябырсыды. Бұл қойғысы келмеп еді. Бірақ әбден шаршады, қарсыласатын күші қалмады. «Түнді күтейін, ебін тауып қашып шығамын», — деп өз-өзін жұбатты іштей.

Бұрын қыз алып қашқан видеоларды қанша көрсе де, еш әсер етпейтін. Басқа-басқа, дәл осы мәселе менен айналып өтеді деген сенімі бар еді. Өзі қалада өскен, айналасындағылар да саналы адамдар. Бірақ inDriver таксисті Тәпөш деген сұмырай болып шығады деп кім ойлаған. Енді отырысы мынау — қайда, қалай келгенін білмей, бағдардан жаңылып.

Оңай құтылмасын біліп, амалы таусылған ол: «1 күн уақыт беріңдер», — деді. Ата-анама хабар жеткізбей тимеймін деп тағы талап қойды. Әйтеуір, таң атқанша өз-өзіне келіп алуға уақыты бар. Ебін тапса қашып та кетер үйіне.

Ояна алмай қалудан қорқып, түнімен ұйықтамады. Көрші бөлмеде «күйеуі» достарымен тойлатып отырды. Топырлап біреулер кіріп-шығып жүр. Жігіттің ата-анасы да тойдың қамына кіріскен секілді, әйтеуір қызу тірлік жүріп жатыр.

Шаба жөнелемін деп ойламап еді. Бірақ аяғы миынан бұрын қимылдап, есікке қарай жүгіре жөнелгенде өз шапшаңдығына өзі таңғалды. Бірақ ешнәрсе оп-оңай бола қоймайтыны рас қой бұл өмірде. «Күйеуіне» ұқсайтын бір бозбала (өздері қанша?!) есіктің арғы жағынан ішке секіріп кіріп:
— Аха! Ұсталдың ба! — деп айқаламақ болып еді, бірақ «А» деп қана айтып үлгерді, Жеңісгүл жұдырығын барынша қаттырақ түйіп, тұмсықтан салып жіберді. Анау табалдырыққа желкемен құлады.

Бәрібір сыртқа шығып үлгермеді. Дыбысқа алаңдаған жұрт, мынаған бір қарап, жерде тырайып жатқан балаға бір қарап, аң-таң болып қалыпты. Мынау нәзік денелі бойжеткеннен ондайда күтпеген тәрізді. Қатындар сүйрелеп алып келіп, бөлмеге қайтадан кіргізіп жіберді. Түрлері кешегідей емес — ашулы. Енді кешірім болмайтын сияқты. Олар істі тез аяқтауға асығатыны анық.

Жарты сағаттан кейін «жігіті» кіріп келді. Кіре сала құшақтап алып, сүюге ұмтылды. Бір қолымен шешіндірудің де амалын жасап жатыр:
— Жеңісгүл, жаным, — деп қояды. Бұл бар дауысымен айқайлап жіберді:
— Мен Жеңісгүл емеспін!

Масайып қалған Тәпөшті жағадан ұстады да, жамбасқа салып лақтырып жіберді:
— Ахх, ссукі, ойлағаның сол екен ғо, ә? Қазір-қазір, көрсетейін саған…

***

Ертесіне Тәпөш үйленбеймін деп үй-ішіне жар салды. Кешегі даурығып жүрген Тәпөш жоқ, сүмірейіп, көзін жерден көтермейді. Жан-жақтан қаумалаған туыстарының сұрақтарына жауап берместен, біртүрлі талтаңдап, артқы жағын ауырсынып сыртқа беттеді. Табалдырықтан әрең аттады да, артына қарап:
— Жеңісгүлді… Жеңісбекті үйіне жіберіңдер, — деді.
Әрі қарай

«Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы

2016 жылдың 14 қарашасы күні Бұқар – Жырау даңғылы Каскад алаңында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ және Қарағанды облысының ІІД жол полициясы басқармасымен бірлесе отырып «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясын өткізді.
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы
Акцияның мақсаты: Қараңғы уақыттарда көшеде және жолда жүргенде жаяу жүргіншілер киімдерінде жарық қайтарғыш элементтерді қолдануды насихаттау.
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы

Акцияның міндеті:

* жол-көлік апатының зардаптарын азайту, сонымен қатар, балалардың жол-көліп апатынан алатын жарақаттарының деңгейін азайту.

* жолдағы жаяу жүргіншілердің жүру мәдениетін арттыру.
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы

Қазақ футболының ардагерлері мен журналистер жолдастық матч өткізді

Блог - asaubota: Қазақ футболының ардагерлері мен журналистер жолдастық матч өткізді

Талғарда ұлттық құраманың базасында қазақ футболының ардагерлері мен журналистер жолдастық матч өткізді. Берік Арғымбаев, Сергей Климов және Вахид Масудов соққан голдар кейін ардагелер командасы жеңіске жетті. Ал, бұқаралық ақпарат өкілдері сапынан Артем Кравченко мергендік танытты.

— Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жиі футбол ойнаймыз. Олар футбол ережесін жақсы біледі. Футбол туралы да жақсы жазады, — дейді Қазақстан футбол федерациясы президенті міндетін атқарушы Сейілда Байшақов.
Ардагерлер мен журналистер арасында жолдастық матч алғаш рет жиі ұйымдастырылады. Шараның мақсаты ел футболына назар аудару, балалар футболына көңіл бөлу. Жолдастық матч алдында «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің жаңа маусымына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Әрі қарай

Есімін ұмытып тұрмын

Қазіргі заманда әлеуметтік желі арқылы танымал болу оңай. Бастысы, ешкімге ұқсамай, креативті болу. Байқап жүрген шығарсыз бос уақытымызда интернетті ермек қылғанды жақсы көреміз. Инстаграм мен фейсбукке бір кіріп-шығуымыз 3-4 сағатқа созылып кетеді.
Блог - DinaAbdigalieva: Есімін ұмытып тұрмын
Өз басым ғаламтор арқылы әйгілі болған адамдарға қызығам. Өмірлері қызықтырып, таусылмайтын кітап парақтары секілді елестейді. Бірақ менің басымнан да қызық жағдай өтеді деп ойламаппын. Жексенбі күні құрбым екеуміз базар жаққа бет бұрдық. Ананы-мынаны қарап, керек заттарымызға зер салып жүрсек. Қасыма бір кісі келді. Өкінішке қарай, есімін ұмытып тұрмын.
— Сәлем, сен Динасын ба? Абдигалиева Дина?
— Сәлеметсіз бе. Иә, бірақ сіз кімсіз?
— Сен мені танымайтын шығарсың, бірақ мен сені танимын.
— Қайдан?:Q:Q:Q:Q
— Сіз менде фейсбукте барсыз.
Үш ұйықтасам да түсіме кіріп шықпайтын оқиғаға тап болдым. Шынымды айтсам, басында шошып кеттім. Бұл кісі мені қайдан біледі деп))) Шытырманға толы жаңалықтарды тым көп көріп қойдым ғой деймін. Ең соңында «сельфиге түсейік» дегенде, тіпті, ұялдым да қалдым. Бірден " Жо-жо-жооқ" деген жауабымды бір қайырдым да қойдым. Бейтаныс кісілермен көп сөйлесе бермеуші едік. :J Өмір болған соң, неше түрлі тосын-сыйларға толы болады екен. :j

P.S.: Әлеуметтік желіні де өз орнымен пайдалану керек!!!
Әрі қарай

Астанада алғаш рет «Қазақ қызы» байқауы өтті

«Әйелдер — ұлт болашағы үшін» ҚБ елорда әкімдігінің қолдауымен алғаш рет «Қазақ қызы» байқауын ұйымдастырды. Жобаның ерекшелігі– жеңімпаз сұлулығына қарап емес, қазақ халқының мәдени-адамгершілік және отбасылық дәстүрлерін білуіне қарай анықталды.

Жарыстың финалына 125 үміткердің ішінен 20-сы өтті. Байқау барысында 16-дан29 жасқа дейінгі арулар шеберлік байқасты.

«Қазақ халқының салт-дәстүрін білгенімен қатар, оларды күнделікті өмірде пайдалану керек. Мысалы, аспаздық. Қазіргі заманда қыздардың кейбірі ұлттық тағамды әзірлеу білмейді, біздің конкурс отбасылық дәстүрлерді жандандыруға және насихаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге, қыздар мен жас әйелдерді қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді тартуға бағытталған», — дейді «Әйелдер — ұлт болашағы үшін» ҚБ басшысы Жанна Бороздина.

Байқау барысында арулар ас әзірлеу, тігу мен тоқу өнерінен сайысқа түсті, Абайдың қара сөздерін оқыды, сондай-ақ, ән айтып, би биледі, актерлік шеберліктерін ортаға салды. Финалдың бес кезеңінің қорытындысы бойынша «Инабатты қыз» номинациясы бойынша Жанкерке Тынышбаева үздік шықса, Арайлым Советжан «Өнерлі қыз» атанды, «Ісмер» — Зумрат Қайроллаева, «Зерделі» — Айым Дәуіт, «Тіл шебері» — Гауһар Кішірбаева, ал Дана Еламанова нағыз «Қазақ қызы» титулына ие болды.
Әрі қарай

Астанада әлеуметтік осал топтар санатына жататын балалар спорттық-бұқаралық шараларға барады

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана-Арена» және «Астана-Барыс» стадиондарының басшылықтарымен меморандумға қол қойды.

Енді әлеуметтік осал топтар санатына жататын және арнайы есепке алынған жасөспірімдер тұрақты түрде футбол және хоккей ойындарына барып тұрады. Жүзге жуық кәмелеттік жасқа толмаған балалар «Барыс» (Астана қ.) пен «Слован» (Братислава қ.) арасындағы құрлықтық хоккей лигасы чепионатын тамашалады.

«Балаларды спорт түрлеріне апаруымызға әкімдік оңай колдау көрсетті, сондай-ақ осындай оңтайлы іс-шараларды алдағы уақытта жалғастырамыз. Біздің басты мақсатымыз – балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, алға қойған мақсатына қол жеткізген спортшылардың өмір тәжірибелерінің балаларға түрткі болуын мысал ретінде көрсету» – деп Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы өз ойымен бөлісті.
Әрі қарай

Астананың білім беру мекемелерінде сабақты тоқтату параметрлері

Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.

Білім басқармасының хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім мекемелерінде сабақты тоқтатудың параметрлері:

– 1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен болғанда (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес);

– 1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

– 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

Айта кету керек, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).

Сабақты тоқтату туралы ақпаратты 6.45-тен 7.00-ге дейін (бірінші ауысым) және 11.15-тен 13.00-ға дейін (екінші ауысым) келесі ақпарат көздерінен ала алады:

— Smart Astana мобильді қосымшасы бойынша,

— «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылмаған болсаңыз, «Хабар», «Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама» беріледі;

— 109 телефонына қонырау шалуға болады (ұялы телефоннан тегін);

www.e.astana.kz Астана қаласы әкімдігінің электронды қызметтер порталында;

www.bilim.astana.kz Астана қаласы білім басқармасының сайтында;

— Мектептегі кезекшінің телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

Ата-аналарды мұқият болуға шақырамыз. Сабақты тоқтату туралы ақпарат жоғарыда көрсетілген уақытта ғана беріледі. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп, балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақытылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды сұраймыз.
Әрі қарай

Жыл басынан бері Астанада бизнес-компаниялардың саны 5 мыңнан аса субъектіге артты

2016 жылдың 1 қарашасында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 33,6 мың бірлікті құрады. Олардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5247 субъектіге немесе 18,5%-ға өсті, деп хабарлайды Статистика департаменті.

Соның ішінде 97,7%-ы — шағын, 1,5% — орта және 0,8% ірі болып табылады. Олардың негізгі саны «Алматы» — 49,8% және «Сарыарқа» — 31,4% аудандарында шоғырланған.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ең көп саны сауда — 24,9%, құрылыс — 23,5%, өзге де қызметтерді көрсету — 9,2%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 7,8%, өнеркәсіп саласы — 5,6%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет — 5,2% салаларына шоғырланған.

Үстіміздегі жылдың қазан айында 552 компания бастапқы тіркеуден өтті, ал бизнестің 75 субъектісі таратылды.
Әрі қарай