Астаналық жайдарманшылар өздерінің чемпионын анықтады

Астана қаласында «Жайдарманның» қалалық чемпионатының финалы 20-қараша күні сағат 17:00-де «Жастар» сарайында өтті.

Жыл бойы сайысқа түскен 18 команданың ішінен ақтық сынға дейін жеткен 5 команда өзара чемпиондық атаққа таласып, ойын өте тартысты болды.  Қатысушылар  сәлемдесу, жамбы ату және жұлдыз жайдарманшымен  үй тапсырмасы конкурстары бойынша сайысты. Шын мықты ғана әр конкурста ілгері шығып отырды.

Қатысқан «Корпус», «Энерго», «Тұран жастары», «Сарыарқа ауданының құрамасы» және «Жібек жолы» командалары арасынан үш сайыс қорытындысы бойынша,

Блог - jaidarman: Астаналық жайдарманшылар өздерінің чемпионын анықтады
Сарыарқа ауданының құрамасы

10,2 ұпаймен 3-орынды «Сарыарқа ауданының құрамасы» иеленсе,

Блог - jaidarman: Астаналық жайдарманшылар өздерінің чемпионын анықтады
«Энерго» командасы

10,9 ұпаймен  С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университетінің «Энерго» жайдарман тобы вице-чемпион атанды,

Блог - jaidarman: Астаналық жайдарманшылар өздерінің чемпионын анықтады
Тұран жастары

ал ЧЕМПИОН атағын  толық 11 ұпаймен «Тұран жастары» командасы иеленді.

Сонымен  қатар, жылдың үздік ойыншысы болып «Энерго» командасының капитаны Асхат Мухаметқалиев таңдалды. Асхат осымен екінші рет жыл үздігі болып отыр, 2014-жылы да "үздік ойыншы" номинациясын алған еді.

Блог - jaidarman: Астаналық жайдарманшылар өздерінің чемпионын анықтады
Биылғы үздік ойыншы Асхат Мұхаметқалиев және Елжан Халиуллин

Финалдық ойынның қазылары да мықты болды: тележүргізуші, танымал телебағдарламалардың авторы, ардагер жайдарманшы Нұрмахан Мұқанұлы, Жоғары және премьер лига ойындарының тұрақты қазысы, ардагер жайдарманшы Алдан Жылгелді, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ақұлан Тастемір, "Қазақ аруы-2016" байқауының жеңімпазы Альмира Ахатова және Жоғары лига ойындарының чемпионы Әділет Төлеутаев.

Бұл ойындағы ерекше сайыс жұлдыз жайдарманшымен үй тапсырмасы: Сарыарқа ауданының құрамасы және «Тұран жастарымен»  Жоғары лиганың биылғы  финалистері «Байдың балалары» командасының ойыншысы Ұлан Мықтыбек және «Сырдария құрамасының» капитаны Марат Сәрсенбаев өнер көрсетті. Ал,  «Энерго» «Грант» командасының ойыншысы Елжан Халиуллинмен бірге ойнаса, «Корпус» командасы Жоғары лига чемпионы Бекзат Дүйсеновпен көрініс қойды.

Басқа үй тапсырмалардан өзгеше, тапқырлықпен  есте қалғаны — «Жібек жолының» «Элемент» командасының капитаны Эльдар Жұмағалиевпен біріккен үй тапсырмасы.

Блог - jaidarman: Астаналық жайдарманшылар өздерінің чемпионын анықтады
Тұран жастарымен Марат Сәрсенбаев

Соңында алтыншы болып, қонақ команда ретінде Жоғары лиганың биылғы финалисі, былтырғы Премьер лига вице-чемпионы «Байдың балалары» өнер көрсетті.

Блог - jaidarman: Астаналық жайдарманшылар өздерінің чемпионын анықтады
Ойын қонақтары — Байдың балалары

Бір деммен өткен керемет ойыннан кейін финалист жайдарманшылар үшін «afterparty» ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға құттықтаулар айтылып, достар арасындағы қалжың-әңгімеге толы шағын әдемі отырыс болды.

Блог - jaidarman: Астаналық жайдарманшылар өздерінің чемпионын анықтады
Дастархан басында финалистер

Финалдық бәсеке желтоқсан айының екінші жартысында «НТК» телеарнасы арқылы қалың көрерменге жол тартпақ.
Әрі қарай

Студенттер күніне арналған Жайдарманның "Жастар кубогы" өтті

Астана қаласында 12 қараша күні 18:00-де Қазмедиа орталығында халықаралық  Студенттер күніне арналған «Жастар кубогы» республикалық арнайы жобасы өтті.

«Жайдарман» биыл студенттер күнін ерекше атап өтуді жөн көрді. Ия, бұл мереке жайдарманшылар үшін өте маңызды. Себебі нағыз жайдарманшы қалыптасатын кезең – студенттік кез. Сонымен қатар жайдарманның жайдары көрермендері де – негізінен студенттер. Сондықтан да болар Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 команда құрамындағы 200-ден астам жайдарманшы көрермендердің патша көңілдерін жадыратып, ерекше керемет көңіл-күй сыйлады.

Блог - jaidarman: Студенттер күніне арналған Жайдарманның Жастар кубогы өтті
Арнайы жобаны, әдеттегідей, Қазақстан КВН Одағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Жүлделі орын алған командаларға 400 000, 300 000 және 200 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақылар табысталды.

Ойын қорытындыласақ, III орынды республикалық Жоғары лиганың биылғы жартылай финастері ақтөбелік «Фемида».
Блог - jaidarman: Студенттер күніне арналған Жайдарманның Жастар кубогы өтті

Ал, күміс жүлде Алматының арулары «Ханшайым» командасының еншісінде кетті.

Блог - jaidarman: Студенттер күніне арналған Жайдарманның Жастар кубогы өтті

«Жастар кубогы» арнайы жобасының бас жүлдесін талдықорғандық әңгімешіл үш жайдарманшыдан құралған «Шапалақ құрамасы» қанжығаларына байлады.

Блог - jaidarman: Студенттер күніне арналған Жайдарманның Жастар кубогы өтті

Осы жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасының құрамында болғандар: қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев, Қазақстан Студенттер альянсының көбасшысы Мейіржан Әбілхас, "Қазақстан Халқы Ассамблеясы" қоғамдық қорының директоры Құрманбек Жұмағали және  "Қазақстан" ұлттық телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов.

Блог - jaidarman: Студенттер күніне арналған Жайдарманның Жастар кубогы өтті

«Жастар кубогы» 4-желтоқсан күні "Қазақстан" телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған.
Әрі қарай

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жайдарман ойындары өтті

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлауға «Жайдарман» ойындары да өз үлесін қосты.  11 қараша күні Астана қаласында мерекеге арналған  «Жайдарман» ойыны өтті.

Астана қаласының және республикамыздың бірнеше қаласынан келген қатысушы жайдарман топтары өзара сайысып, өте қызықты көріністерін қойды.

Блог - jaidarman: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жайдарман ойындары өтті
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар  саясаты департаменті қолдау көрсеткен бұл арнайы жобаға барлығы 15 команда және 200-ден астам жас жайдарманшылар қатысты. Ойынды жүргізген — республикалық Жайдарман ойындарының жүргізушісі, Қазақстан КВН одағы президенті Есен Елеукен.

Сайыс болғандықтан, үздіктерді таңдау  керек. Қазылық етіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жайдарман» ойынының жеңіпаздарын анықтаған: Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков, Қазақстан Студенттер Альянсының көшбасшысы Мейіржан Әбілхас, танымал тележүргізуші, белгілі телебағдарламалар авторы  Нұрмахан Мұқанұлы, және тележүргізушілер Маралбек Сағынғанов пен Нұрсұлтан Құрман.

Блог - jaidarman: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жайдарман ойындары өтті
Қазылар алқасы

Қорытынды бойынша,  жүлделі 3-орынды Қазақ технология және бизнес университетінің «Грация» командасы алды.

Блог - jaidarman: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жайдарман ойындары өтті
«Грация» командасы

2-орынды Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "ҚазАТУ құрамасы" командасы иеленсе,

Блог - jaidarman: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жайдарман ойындары өтті
ҚазАТУ құрамасы

ойынның бас жүлдесін «Семей құрамасы» қанжығалады.

Блог - jaidarman: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жайдарман ойындары өтті
Семей құрамасы: Әсет Жұмахан және Дархан Оспанов

Жеңімпаздарға 400, 300 және 200 мың теңге көлемінде сыйақылар табысталды.

Елдігіміздің мерейтойына арналған «Жайдарман» ойынының желтоқсан айында НТК телеарнасынан көрсетілуі жоспарланған.

Ойынның суреттері:

Блог - jaidarman: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жайдарман ойындары өтті
Аргарка жастары

Блог - jaidarman: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жайдарман ойындары өтті
Целиноград құрамасы

Блог - jaidarman: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жайдарман ойындары өтті
Арнайы
Әрі қарай

Астана мектептерінде сабақтың тоқтатылуынан каникул қысқартылмайды

Елордада қолайсыз ауа райына байланысты негізінен төменгі буын оқушылары үшін мектептегі сабақтар өткізілмей жатыр. Бұл ретте оқушылар оқу бағдарламасынан қалып қоймайды, өтпей қалған тақырыптар резерв сағаттардың есебінен немесе қайталау сабақтарында меңгеріледі. Тиісінше, каникул уақыты да қысқартылмайды. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ботагөз Жүнісова мәлім етті.

Сабақтарды тоқтату ҚР Білім министрінің «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен регламенттеледі. Оған сәйкес, әрбір мекемеде ішкі бұйрықтар шығарылады, және онда сабақтар тоқтатылған күндер, ол күндері сабақ өткізбеген мұғалімдер көрсетіледі.

Осы ретте әрбір мұғалім балалар өтпей қалған тақырыптарды интеграциялау есебінен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға өзгертулер енгізеді.

«Сабақтардың тоқтатылуына байланысты өтпей қалған тақырыптарды мұғалім резерв сағаттар немесе қайталау мен жалпылау сабақтары есебінен осы тоқсанның ішінде балаларға түсіндіруге тиіс. Балалар каникул немесе қосымша сағаттар есебінен оқымайды. Бұдан басқа, егер балалар сабақ тоқтатылған күні мектепке келсе, олар күндерін сонда өткізуге тиіс, балаларды ешкім үйлеріне қайтармайды. Бір немесе екі оқушы келсе, мұғалім оған сабақ өткізуге міндетті, және егер сол сабақта баға қойылса, ол баға түзету енгізілген күні қойылады», — дейді Ботагөз Жүнісова.

Пән мұғалімі де балалардың өз бетімен жасайтын жұмыстарының түрін өзі таңдай алады, бұл тапсырмалар сынып жетекшілеріне беріледі, соңғылары оқушылар мен ата-аналарға хабарлайды. Оқушылар тапсырмаларды үйде орындап, сабақтар басталған уақытта тексеруге әкелуге тиіс.
Әрі қарай

Елорда әкіміне 12 смарт-жоба таныстырылды

Назарбаев университетінің өкілдері «Стартап уик-энд» шарасы шеңберінде елорда басшылығына 12 смарт-жобаны таныстырды. Бұл — мүдделі тараптардың өзара қарым-қатынасының қолжетімді түрі, бір жағынан — жаңа идеяларды ұсынушылар, екінші жағынан — оларды іске асыру құралдарын беретін елорда әкімдігі.

24 жасар инженер-химик Ғалым Бәйтімбетов өзінің «Aqua Point» компаниясы әзірлеген технологияны ұсынды, бұл — сапалы ауыз суы бар аппараттар. Адамдар жиі баратын орындар — сауда үйлерінде, мектептерде, университеттерде осындай құрылғыларды орнату бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді.

«Біздің құрылғының ерекшелігі — Қазақстанда мұндай аппараттар жоқ, бірақ әлемде бұл технология бар және тәжірибе жүзінде халық үшін тиімділігі дәлелденген. Ол халыққа ауыз суды тегін береді және қоршаған ортаны пластик қалдықтармен ластау проблемасын шешеді және мектеп оқушыларын су тұтыну мәдениетіне баулиды. Бұл — қазақстандық өнім және ол шетелдік аналогтарынан арзанырақ», — дейді Ғалым Бәйтімбетов.

Бір рет пайдалануға арналған пластик құтылар бірнеше рет пайдаланғанда және белгілі бір температурада зиянды заттар бөлетінін атап көрсету керек. Жас инженердің айтуынша, оның компаниясы ойлап тапқан аппараттың өзінен ішуге ыңғайлы суағары бар, осының арқасында суды ыдыссыз тұтынуға мүмкіндік береді, ал аппараттың басқа түрі үшін арнайы стакан қарастырылған.

Балалардың дамуына әсер ететін ойындар, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелі, амбулаториялық оңалту орталығы, білегі жоқ адамдарға арналған механикалық протез, ғимаратқа кілтсіз кіру, жас ғалымдардың әр түрлі тағы алты идеясы мен шешімі қала басшылығының қызығушылығын тудырды. Қала әкімі Әсет Исекешев стартапшыларға ойларын іске асыру үшін «Даму» желісі бойынша гранттарына қатысуды ұсынды.

«Бізде осы жобаларға қолдау көрсетуге болатын бірнеше құрал бар. Бұл жұмысты Назарбаев университетімен ынтымақтастықта қолға алдық, ЕҰУ-мен де жұмыс істемек ойымыз бар. Идеялары бар азаматтарды шақырамыз, «Астана Innovations» компаниясына хабарлассын, әкімнің сайтына, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жазсын. Смарт-бастамалар жобалары әрқашан да өзекті, бірақ жақсы бастамалар бізге тікелей түскен кезде, және де біз ЭКСПО-ға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, біз оларды көрменің өзінде ұсынуға және одан кейін ынтымақтастық орнатуға әзірміз», — деп қорытындылады Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.
Әрі қарай

Мешітке келетін қауымға жұмыс табуда көмек көрсетіледі

Елорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қ. Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп мешітке келетін қауым арасындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуда белсенді жұмыс жүргізуде.

Әрбір бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарын ұсынады, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары туралы ақпараттандырады.

Атап өтерлігі, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл басынан бері 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды, әйелдерді және жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер бар. Жұмыспен қамту орталығының мобильдік тобы халық көп жиналатын жерлерде мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру шараларын өткізді.
Әрі қарай

«Астана» ФК ойыншыларын құттықтау салтанаты өтті

Бүгін елордада футболдан Қазақстан чемпионатының жаттықтырушылар штабының мүшелері мен ойыншыларын алтын медальмен марапаттау салтанаты өтті.

Кеш қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздары Дильназ Ахмадиеваның, Kesh You тобының және т.б. өнерін тамашалады.

Салтанатты шара барысында клуб ойыншылары түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

«Көрермендер көзайымы» номинациясында Патрик Твумаси, «Клубқа деген адалдығы үшін» Танат Нөсербаев пен Дмитрий Шомко марапатқа ие болды. Марин Аничичтің «Жальгирис» ФК қақпасына соққан добы маусымдағы ерекше сәт деп танылды, ал Агим Ибраимидің «Селтик» ФК қақпасына дәл бағыттаған добы «Маусымдағы үздік гол» номинациясында аталып өтті, Юрий Логвиненко маусымдаға жаңа ойыншы, ал Ненад Эрич — үздік ойыншы. Клубтың басты жанкүйерлері — Әділбек Жақсыбеков пен Әсет Исекешев.

Кеш соңында Қазақстан Футбол федерациясының бас хатшысы Қаныш Әубәкіров клуб ойыншыларына алтын медальдар табыстады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11746
Әрі қарай

Астана Қазақстан кубогын жеңіп алды

Астана жаңалықтары: Астана Қазақстан кубогын жеңіп алды

Бүгін Алматыда Орталық стадионда 2016 жылғы футбол маусымындағы соңғы кездесу өтті. «Астана» ФК мен «Қайрат» ФК бас жүлде – Қазақстан кубогын сарапқа салды. Ойын қорытындысы бойынша елордалық команда басым түсті.

Матч тартысты өтті. Алматыда қар жауып тұр. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ойыншылар алаңға шықты. Қазақстан кубогының ақтық сынында алғашқы кезеңінде есеп ашылған жоқ, гол соғу мүмкіндігі болғанымен, ешбір команда айласын асыра алмады. Ал екінші таймның 47-ші минутында «Астана» командасының шабуылдаушысы Джуниор Кабананга допты қақпаға дәл бағыттап, команданы жеңіске жетеледі.
Әрі қарай

Естімейтін, сөйлемейтін жанның тағдыры

Блог - DinaAbdigalieva: Естімейтін, сөйлемейтін жанның тағдыры
Екі көз, екі құлақ, бір тіл, адам баласына қоғаммен байланыс орнату үшін берілген. Ал, кейде, табиғат заңдылығы қатал болады. Біріне артығымен беріп жатса, бірінен екі есе қылдырып тартып алады. Аяқ киім жөңдейтін тамаша бір кісіні танимын. Биыл үшінші жыл кетті. Есімін жазбаймын. Жай ғана «Х» десем қарсы болмайтын шығарсыздар. «Х» мырзаның қолынан келмейтін ісі жоқ. Аяқ киімді жөңдеп береді, даладағы шаруаға да пысық. Салмақты әрі әзілқой адам. Тек… жүрегі қанша жерден кең болғанымен, есту мен сөйлеу қабілетінен айырылған. Бастапқыда ақ қағаз арқылы тілдесетінбіз. Қазір ыммен тез-ақ ұғып алуға тырысам. Үй ішіміздегі бар аяқ киім осы кісінің қолынан өткен шығар. Басқаларына барғымыз келмейді, бауыр басып қалады ғой, сондай сезім. «Х» мырзаның жасы шамамен 40-тан асқан. Сұп-сұлу келіншегі мен балалары бар. Олардың отбасына қарағанда жанымда тыныштық орнайды. Сыйластық пен құрметті осы жанұяда көргендеймін. Етікші ағай, еңбегінің арқасында үй сатып алды. Барлығы бірден болмайды дейді ол. Адамды тану үшін көп сөздің керегі жоқ. Бар жоғы осындай жандарды түсіне білу керек екен. Сонда өмірді басқа қырдан көруге болады.
Әрі қарай

Ауа райының бұзылуына орай Астана қаласынан барлық бағытта жолдар жабылды

Астана қаласының ТЖД хабарлауынша, ауа райының бұзылуына, нақтырақ айтқанда, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты дизельдік отынмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін Астана қаласынан барлық бағытта жолдар жабылды.
Әрі қарай