Астанада «Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» V зияткерлік байқауы аяқталды

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада 10-сынып оқушыларының арасында «Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» V қалалық зияткерлік байқауының финалы өтті. Ол көшбасшылық қабілеттері мен ораторлық шеберліктері бар, қоғамдық өмірге белсенді араласатын 12 оқушының басын қосты.

Байқау алғаш рет 5 жыл бұрын өткізілген, ол кезде қазақстандық мерекелер күнтізбесіне Тұңғыш Президент күні енгізілді. Сол жарыстың тақырыбы ұлт көшбасшысының жолы деп белгіленген болатын. Зияткерлік байқаудың алғашқы қатысушыларын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таңғы асқа шақырған еді.

Биылғы жылғы байқаудың тақырыбы тарихшы, публицист Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған.

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты — жастардың білімге деген қызығушылығын ояту қазақстандық патриотизмге баулу.

Үш финалдық турдың қорытындысы бойынша («Бәйге», негізгі мектеп пәндері бойынша жан-жақты білім деңгейін анықтайтын сұрақтар; «Алаш арысы — Әлихан Бөкейхан» викторинасы; шешендік өнер) бірінші орын №64 мектеп-лицейдің оқушысы Алан Несіпбек иеленді, ал гран-при №8 мектептің оқушысы Дидар Сейітханға бұйырды.
Әрі қарай

Елордада 38 млрд теңгеден астам соманың 8 224 нысаны заңдастырылды

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 38 млрд 517 млн теңге соманың 8 224 нысаны заңдастырылған.

Азаматтардан жалпы сомасы 111 млрд теңге болатын 9 023 өтініш түсті. Соның ішінде 69 млрд 550 млн теңге соманың 11 016 тұрғын үй нысаны, 42 млрд 288 млн теңге соманың 11 725 тұрғын үй емес нысаны, 22 млрд 872 млн теңгенің 1 132 коммерциялық нысаны, 457 млрд 949 млн теңге соманың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуының 5 үлесі бар.

Сонымен бірге, Астана қ. Мемлекеттік кіріс органдарына 1 млрд 054 млн теңгенің сомасына 16 нысан бойынша 17 арнайы декларация тапсырылды. Сондай-ақ, ҚР аумағынан тыс жердегі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудың 6 млн 250 мың теңге соманың 3 үлесі заңдастырылды. Ақшаны заңдастыруға келсек, аталған кезеңде 584 млрд теңгенің 687 арнайы декларациясы тапсырылған, соның ішінде есепшотқа салмастан, 944 млн 230 мың теңге заңдастырылды, одан 94 млн 423 мың теңге көлемінде 10% алым жиналды. Сондай-ақ, 10 млрд 807 млн теңге соманың құнды қағаздары заңдастырылды.

Еске салсақ, елімізді мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қырқүйегінде басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Әрі қарай

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» жастар акциясы

Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқын рухани-мәдени топтастыру, дәйекті және озыңқы дамуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы жылында «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдаманы іске асырудың басты міндеттерінің бірі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе, жастар арасында ілгерілету.

2016 жылдың 25 қарашасында сағат 15.00 Қарағанды қаласындағы Серік Сапиев атындағы бокс орталығында «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» жастар акциясы өтеді.

Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, Қарағанды әскери горнизоны бөлімшелерінің, Қазақстан халқы ассамблеясының, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-бірлестіктердің өкілдері, оқушы және студент жастар қатысады.

Акция туралы толық ақапартты және басқа да іс-шаралар туралы алдағы уақыттарда #ЖастарТынысы хэштегі бойынша барлық әлеуметтік желілерден біле аласыздар.

Астанада қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлері ағылшын тілін меңгеруде

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шеңберінде қоғамдық тамақтану саласында ағылшын тілін білу ерекше маңызға ие. Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері халықаралық көрмеге өз үлестерін қосуда бастама көтерді.

«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС тренингтік орталықтардың бірімен бірлесіп мейрамханалар мен кофеханалардың қызметкерлерін ағылшын тіліне тегін оқыту курстарын өткізді. Нәтижесінде қызмет көрсету саласының 56 қызметкері курстан өтті. Оқыту қызмет көрсету, қонақтарды қарсы алу, тапсырысты қабылдау, есеп айырысу, даулы мәселелерді шешу және т.б. жағдайларда қолдану үшін базалық грамматикалық және лексикалық конструкциялар бойынша жүргізілді.

Жоба әрбір нақты мейрамханадан бір даяшыдан оқытуға бағытталған. Бағдарламаның барысында мейрамханаларда болатын жағдайларға сәйкес ағылшынша сөйлемдердің негізгі құрылымдары талданады, арнайы сөз қоры мен диалогтар пысықталады, дейді ұйымдастырушылар.
Әрі қарай

Елордалық полицейлер үй-күйсіз азаматтарға көмек көрсетуде

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың туыстық байланыстарын анықтауда. Қатты аязға байланысты учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік қызмет полкінің инспекторлары қиын жағдайға тап болған, үй-күйсіздер табылуы мүмкін орындар — жылу құбырларын, жертөлелерді, иесіз қалған саяжайларды тексерді.

«Қаңғыбас» жедел-алдын алу шарасын өткізу кезеңінде қарашаның 18-інен 19-ына дейін Астана қ. Жергілікті полиция қызметі белгілі тұрағы жоқ 50-ден аса адамды полицияға жеткізген. Жеке тұлғалары анықталып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығы тексерілген соң әрқайсысымен құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша әңгіме жүргізілді. Азаматтардың бір бөлігі Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына, қалғаны әлеуметтік, медициналық және заңгерлік көмек көрсету үшін және жұмыс тауып беру үшін Әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді. Елордаға жұмыс істеу үшін Теміртаудан және Қостанай облысынан келген екі азаматқа үйлеріне оралуда көмек көрсетілді.
Әрі қарай

Елордада «Конституция - Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» акциясы басталды

Еліміздің облыстық достық үйлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Конституция -Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» акциясы басталды. Ауқымды шараның шеңберінде Астанада еліміздің Ата заңын талқылау арқылы қазақстандық бірегейлікті насихаттауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел басындағы әңгімеге кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заңгерлер және елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

«Демократиялық қоғамның биік идеалдарына ұмтылу, ежелгі қазақ жерінде тұрып жатқан халықтар арасындағы өзара құрмет пен достық, мәдениеттердің өзара байланысуы осының бәрі Ата заңда көрініс тапқан», — деп атап көрсетті «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ кәсіби медиаторы Фатима Ахмедова.
Әрі қарай