Отан деп соққан жүрегім

Ақ сүтіменен анамның,
Бойыма сіңген ізгілік.
Осынау жасқа келгенше,
Көрсетпей өстім түз қылық.

Жастайымнан білемін,
Отан деп соққан жүрегім.
Отаным менің отбасым,
Отаным мәңгі тірегім.

Отаным менің ордалым
Отаным менің орманым.
Отаным менің кең далам,
Отаным менің қорғаным.

Отаным менің ардағым,
Отаным менің арманым.
Тапжылмас темір қазықтай,
Отаным бағыт бағдарым.

Отаным, Қазақ бір ұғым,
Соны ұғып өскен мен ұлың.
Қазағым мәңгі жасай бер,
Бостандық болсын тұғырың.

Қазағым менің қас тұрғың,
Бөлтірігі қасқырдың.
Азаттықтың жолында,
Белестерден астың мың,

Құшақ жайып досыңа,
Ішіңді бермей қасыңа.
Елім деп келген бауырға,
Шапағыңды шаштың мың.
Әрі қарай

Өмірің сенің өлшеулі

Өмірің сенің өлшеулі,
Ертеңмен күнді өткізбе.
Ауызы бір болса төртеудің,
Төбедегі келер деп білде.

Жұмыла алған жүк жеңіл,
Болса да қанша зіл темір.
Үні шықпас жалғыздың,
Жоғалар сөйтіп бірте бір.

Ауыз бірлік Қазаққа,
Керек ақ мынау заманда,
Әр бір көрген «азаптың»,
Орыны толмас әманда.

Өтеді уақыт өтеді,
Қалады есте «кешегің».
Істеген ісің бүгінгі,
Ұрпаққа берер есебің.

Жақсы не жаман еткенің,
Уақыт шіркін реттейді.
Өнеге ісің әрдайым,
Ел есінен кетпейді.
Әрі қарай

Дін донорлықты қолдайды

Блог - BirzhanMurat: Дін донорлықты қолдайды
2016 жылдың 15 желтоқсаны күні Шымкент қаласының студент жастары Еуразиялық келісім қорының ұйымдастыруымен өткен «Донор күні» шаралар кешені аясында Хаттани мешітінің имамдарымен кездесті. Дастархан басында еркін сүқбат ретінде өткен аталмыш шараға Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері де қатысты. Жан жақты талқыланған бұл тақырыпты имамдарымыз дін тұрғысынан барынша ашықтап мәліметтер берді.

Отырыс соңы жастар тарапынан сұрақтар қойып, пікірлер мен өмірде кездестірген оқиғаларын баяндаумен аяқталды.

Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы донорлықтың пайдасы мен оны дамыту қажеттілігіне қоғамның көзін жеткізу. Донорлық көмек көрсету ісіне халықты жұмылдыру.
Әрі қарай

«НАГРАДТАУДАН» кейінгі ой

Блог - inzhu: «НАГРАДТАУДАН» кейінгі ойТілге байланысты әңгіме туындағанда, «қазақ тілінде сөйлеу керек» деп шаба жөнелеміз. «Қазақ тілінде сөйлеу» деген сөздің мағынасын қалай түсінуге болады? «Ручка беріп жіберші, ачкиім қалай?» деген қазақ тілінде ме? Жалпы, қазіргі біз сөйлеп жүрген қазақ тілінің деңгейі қандай немесе қағаз бен теледидардағы қазақ тілінің көшедегі қазақ тілінен айырмашылығы жер мен көктей деп ойламайсыз ба?
Осы сұрақтарға жауап табу үшін, тілдің даму процесі туралы біліп алуды жөн көрдім. Мысалы, америкалық ағылшын тілі қалай және қанша уақытта пайда болды?
Сонымен XVII –XVIII ғасырларда ағылшын тілі британдық шаруалармен және ірілі-ұсақты буржуазия өкілдерімен бірге мұхит асып, жаңадан ашылған құрлыққа келеді. Ол кезде ағылшындардан басқа испандарды, француздарды, немістерді, голландтарды, норвегтерді және т.б. кездестіруге болатын еді. Одан қалса, ағылшын тілінің әлеуметтік топтардағы ерекшеліктерін айта кету керек.
Жаңа құрлық, жаңа табиғат, жаңа климат, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлар дегендей. Жерді игеру, құрылыс жүргізу, өндіріс салу сияқты шаруалар жеке-дара істеуге келмейтінін ескерсек, ортақ тілдің қажеттілігін тудырады. Не керек, ағылшындардың басымдығына орай, ағылшын тілі негізге тіл ретінде алынады (1), оған басқа тілдерден қажетті сөздер енгізіледі (2), басқа халықтар ағылшын тілін түпнұсқадағыдай айта алмағандықтан, өзіндік акцент пайда болады (3). Осылайша, «бар болғаны» бір-екі ғасырда жаңа тіл пайда болады.
Ал қазақ тілінің болашағы қандай деп ойлайсыз? Үш тұғырлы тіл саясатының арқасында біраз уақыттан соң үш тілдің қоспасынан ЖАҢА ТІЛ пайда болуы мүмкін бе?
Әрі қарай

Декреттегі депрессивті ой

Баламен үйде отыру мен үшін дəл қазір шексіз шектеулер, тұлғалық шектеулер. Баланы көтеріп жүру, оны бағудан ләззат алатын қыздарды мен эмоцияға тым берілгіш адамдар деп санаймын. Баламен отырсаң сен баладан басқа тақырыптарға жабықсың, интернеттің қол жетімділігі болмағанда күнім не болар еді?! 24 сағат желкеңдегі жауапкершілікті сезіну оңай емес. Көмектесетін адам, күйеу, няня дегендерде де емес мəселе, оның бəрі сыртқары факторлар. Балаға керегі ана. Бетің қарайды да отырады, қызық үйретілген күшіктер сияқты)))
Әрі қарай

Әлеуметтік технологиялар заман талабы

Блог - BirzhanMurat: Әлеуметтік технологиялар заман талабы
Әлеуметтік брендинг үрдісінің мәнін, әлеуметтік брендті қалыптастыру мен дамытудың тиімді технологияларын білу компаниялар үшін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын түсінетін және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатын экономикалық сферадағы компаниялар үшін де өзекті болып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан үшін күшті әлеуметтік бренд құру ұлттық деңгейде аймақтардың жағымды имиджін және халықаралық деңгейде мемлекетіміздің жағымды имиджін құру үшін де маңызды болып табылады.
Жоғарыда айтылған түсінікті толық, әрі нақты етіп жеткізу мақсатында 2 сағаттық семинар тренинг жүргізген «Кәсіпкерлерге қызмет ету орталығының» бөлім жетекшісі Жұлдызбаев Нұғман еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастарға арналған тренингтер сериясының есігін 11 қараша күні ашты.
Бастала салып сұрақтар арқылы студент жастарды бір бірімен пікір таластыртқан Н.Жұлдызбаев өз сұрақтарының шешімдерін айту арқылы дүйім жұртты өзіне қарата білді. Түрлі ойындар мен пікір алмасуларға жалғасқан бұл семинар әп-сәтте аяқталғандай болды.
Блог - BirzhanMurat: Әлеуметтік технологиялар заман талабы
Әрі қарай

Көпшілік алдында сөз сөйлеу жайлы семинар өтті

Блог - BirzhanMurat: Көпшілік алдында сөз сөйлеу жайлы семинар өтті
Жастарға сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызы туралы 12 қарашадағы «Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы семинар-тренингте таныстырылып өтілді. Осы бағытта толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыру жайында сөз қозғалды. Материалдармен жұмыс барысында сөз саптау, сөйлеу мәдениетінің жарасымды үлгілерін танытуға дағдыландыру, пікір еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу көпшілік алдында сасып қалудың алдын алатындығын тренер Азиз Есжанов баса айта кетті.
Халық даналығының қайнар көзі-шешендік сөздердің тағылымын бойға сіңіріу, сөз мәдениеті, тіл мәдениетінің құдіретіне деген құрмет, тіл болашағына деген жауапкершілік сезімінің артуына ықпал ету қазақ халқының әрбір азаматы игерген, бойына сіңген мінезіне айналған.
Семинар барысында жастар көпшілік алдына шығу мәдениетінің 7- алтын ережесімен таныстырылды:
1. Топ алдында өз-өзіңді ұстауыңа, еркіндігіңе назар аудар
2. Тіл сауаттылығы(қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық, орфоэпиялық нормаларын сақтау)
3. Ой жүйесі, дәлелділігі
4.Ойды айқын да түсіндіре жеткізу
5.Сөйлеу техникасы (дауыс екпіні, ырғағы,әуезділігі)
6.Тыңдаушыны баурап алу
7.Киім кию мәдениеті, жүріс-тұрысы.
Әрі қарай

Бүгінгі жас көшбасшы - ертеңгі білікті маман

Блог - BirzhanMurat: Бүгінгі жас көшбасшы - ертеңгі білікті маман
Жастар Отанға лагерінің қатысушылары асыға күткен тақырыптағы семинар-тренингі 13 қараша күні болып өтті. Тақырып – студенттік ортадағы көшбасшылық. Семинарды жүргізген Азиз Есжанов жастарға өзі білім алып келген шет елдік студенттер ортасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары тәжірибесімен бөлісті.
Германия еліндегі студенттік және жастар ұйымдарының біздің елдегі ұйымдардан өзгешілігін айта келген тренер, қазіргі таңда көп ерекшеліктің жоқ екендігін тілге тиек етті.
Семинарға қатысушылар 2 сағат бойы жетекшілік ету дағдыларын, өз студенттік ұйымын ұйымдастырудың негіздерін, жоба менеджментінің негіздерін үйренді, өздік жұмыстарын орындап, талқылау алаңында сөз сөйледі.
Әрі қарай

Тайм-менеджмент: уақытты тиімді басқару

Өткен күндер, жылдар

қайта келмес, ал келесі жылдың

қалай өтуі сізге байланысты.
Блог - BirzhanMurat: Тайм-менеджмент: уақытты тиімді басқару
Тайм-менеджмент — бұл өзіндік уақыт ресурстарын оперативті жоспарлау, бақылау жүргізу болып табылады. Жастар Отанға лагері аясында 12 қараша күні осы тақырыпта тағы бір семинар-тренинг өткізілді.

Өткізілген шара барысында қатысушылар қажетті ақпараттармен қанықты және де кәсіби шешім қабылдау және өзінің мақсаттарын іске асыру, мақсаттарды дұрыс қоя білуге үйренді. Олар өздерінің белсенді нейрондарын толық қосып, ойнай, үлгілер жасай, қиялға беріле отырып түрлі тапсырмаларды орындады.

Өз уақытын тиімді пайдаланатын адамдар толық қызықты өмір сүріп, өз жұмысын аз уақыт шығынымен жасайтыны туралы айта келген тренер Нұғман Жұлдызбаев тайм-менеджменттің әдістері туралы ақпарат бере кетті.
Әрі қарай