Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады

Келе жатқан жаңа жыл біреулер үшін шынымен де ертегіге айналады. Мереке қарсаңында Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады. Байқау Аяз Атаның атынан Инстаграмдағы ayazata_official ресми парақшада жүргізіледі.
Жарысқа ниет білдірген әр адам қатыса алады. Ол үшін елорда тұрғындарына арналған өз құттықтауын жүктеу қажет, ал сипаттамада «@ayazata_official» байқауы және#жаңажылыңменАстана2017 хэштегін қою керек. Қатысушының парақшасы байқау аяқталғанша ашық тұруға тиіс.
Бейнеқұттықтаулар 2016 жылдың 30 желтоқсаны сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Ерекше идеяның авторы IPhone 7 иегері атанады, байқау қорытындысы 31 желтоқсан күні сағат 15:00-де «Хан Шатыр» СОСО-ында шығарылады.






51 шақырымды бағындырған «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің бас жүлдегері «Жаннұр» есімді сүйгіліктің тізгіншісі Асхат Әлімжан 13 жаста. Алматы облысы Есік қаласының тұрғыны. Өзінің айтуынша, ең алғаш рет 5 жасар кезінде әкесімен жайлауға шыққанда атқа мініп, содан кейін одан түспеген екен. Атқа деген құрмарлығы оны бәйгеге алып келген. Содан 9 жасынан бастап қазіргі күнге дейін шабандоздық өнерін шындап келеді.
«Астана жұлдызы» республикалық турнирінің бас бәйгесін өзінің «Қыран» есімді сәйгүлігімен қанжылаған шабандоз Диас Жеңіс. Диас 2003 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының Ақыртөбе кентінде дүниеге келген. Оның кішкентайынан атқа құмарлығын байқаған ағалары шабандоздыққы баулыған.











































______________________________________________________________________________________________________

Мен 40 жыл шопыр болған адаммын. Ал жылқы өсіріп, бәйгеге қосу ата-бабамнан келе жатқан дәстүр. Кішкентайымда атамыз Қожахметтің «Аттан алыс өскен баланың бойында қазақылық болмайды» деп жүретіні есімде. Ол кісі өмір бойы аттың жалында жүріп оны баптаудың қайталанбас мәдениеті мен осы өнердің ғажайып үлгілерінің қыр-сырын жетік білген кісі болған. Оның жолын ұлы, менің әкем Омар жалғады. Ол мына партия заманында да ат жүгіртіп, ата дәстүрін сақтаумен келді. Әкемнің көзі тірісінде мен ауыл арасында шопыр болып нәпақамды тауып жүрдім, әкем жылқыларын баптап, немерелерін атқа отырғызып құмарлықтарын ашты. Содан ол кісі дүниеден қайтқаннан кейін бүкіл дүние маған қалды. Мен де өз немерелерімді қалалық мәдениетке бой ұрып, далалық салтты ұмытып кетпесін деп арнайы атқора салғыздым. Өйткені, атқа мінген бала бауырмал, ержүрек, әрі еңбекққор болып өседі. Бұл күнде арнайы бәйгеге қатыстыратын 15 шақты сәйгүлігіміз бар. Барлығы да үлкен бәйгелерден жеңіспен оралып жүр. 


























