Қазақ блогының мақтанышы
Бұл Өркен Кенжебек! Хабар арнасының журналисті. Журналист қана емес Көк жәшіктің отымен кіріп күлімен шыққан, өз саласының МЕН деген мықтыларының бірі, һәм бірегейі.
Медиалектор әрі Блогер! Қазақ блогерлерінің ішіндегі көшбасшысы деуге болады. Қазақ блогын өргесүйреп жүрген жайы бар. Блогсыз Өркенді, Өркенсіз қазақ блогын елестету қиын. Екеуі егіз ұғым секілді.
Жиһанкез! Ер аралап жер көргенді жаны сүйеді. Әр саяхатынан алған әсерімен әлемжеліде бөлісіп тұрады. Бүгінгінің Шоқаны.
Кәсіби фотографтардан еш қалыспайтын әуесқой фотограф. Көргенін canonмен түсіріп, түйгенін Жақсы жобасында пісіріп жүреді.
Одан басқа қандай өнері бар дейсізбе?!
Көлік құмар. Бірақ көлік жүргізбек түгілі Жүргізуші куәлігіде жоқ. Көлік жайлы блогын оқысаңыз оны Автосалонның PR менеджеріме деп ойлап қаласыз?! Әр саладан хабары бар мықты маман. Қоғам талқысында жүретін мәселелерге тоқталып, өз ойын ашық айтып, екшелеп, тарихымен текшелеп Facebook атты жеңгесімен, Instagram атты сәнқой қарындасымен бөлісіп тұрады.
Егер қызықты әрі қажетті ақпаратты оқығыңыз келсе Өркен Кенжебекті әлеуметтік желіде оқи жүріңіз!
Әрі қарай

Желтоқсан мен Наурыздың қарама қайшылықтары көп қой жалпы, солардың бірі Жаңа жыл. Біздің ел Жаңа жылды екі рет тойлайды. Бірі орыстың отарлауынан сіңген Христиан дінін ұстанушыларға тән Жаңа жыл болса, екіншісі бабамыздан еншіге қалған Түркі жұрты, Ислам әлемінің Наурыз жаңа жыл мейрамы. Екеуіде қолайсыз уақытта бірі қар борап, қытымыр қыстың, екіншісі қар еріп, жаңбыр маусымының басталар уақыты. Ал ең қызығы осы екі жаңа жылдыңда өз кейіпкері бар. Кім дейсіз бе? Бірі Аяз Ата енді бірі Қыдыр Ата. Біріншісі балаларға базарлық таратса, кейінгісі жалпы халыққа Бата беруші. Балалар Аяз атаға арнап хат жазсада, Қыдыр атадан Бата аламын деп ешкімде күтпейді. (Көбіне Қадір түнімен шатастырады) Бізге енді Қыдыр Атаны насихаттау қажет секілді. Солай етсек қана 31-ші Желтоқсанда күтетін жаңа жылды Аяз Атасымен қоса жеңеміз! Ал Наурыздың жалпы халықтық мейрамға айналғаны көз қуантады.