«Шеберлер жарысы». Әңгіме.

— Еее! Менің алдау шеберлігімді көрмедіңдер ғой сендер, үш адамды бір-ақ алдап жүрмін, үшеуіне үш түрлі өтірік кетіп жатыр!
— Ойыншық екен ғой сенікі, мен қырық адамды өтірікке тойғызып жүрмін.
— Ееей, балақайлар, тыныш бола қалсаңдаршы, миллиондарды алдап жүрген көкелеріңнің қасында отырғанда!
— Қоя салыңдаршы…
— ???..
— Алдау сендердің не теңің…
— Жүдә семіз сөйледіңіз ғой ағасы! Сіз қанша адамды алдап жүрсіз?
— Бір…
— Бііір?! Бір! А-ха-ха-ха-ха!.. Ия, кім екен ол біреуіңіз?
— Өзім…
— …
— …
— …
Әрі қарай

«Арман қала» романы. Сырт.

— … Бүгін 2049 жылдың 3-ші мамыры – Арман қала тарихының жаңа дәуірінің басталатын күні! Естеріңізге сала кетейік, бүгін қаладағы соңғы балалар үйі жабылады. Қала басқармасы алдыңғыларындай бұзып, басқа мекемеге айналдырып емес, есігін құлыптап, сол күйі қалдырмаққа шешкенін білетін боларсыздар. Ішіндегі жиһаз-бұйымдары, тіпті ыдыс-аяқ, ойыншықтарына шейін өз орнында қалдырылады, қараңыздаршы қарауытқан терезелеріне, «Керек болмай қалса мен осындамын, әрдайым дайынмын» — деген сөздерін қараған адамның ойынан бірақ шығаратын мылқау дәу құсап тұрысы. «Болашақ ұрпақтарға еске салу, ескерту болсын, санасын ширатып тұрсын деп қалдырамыз!» — деген қалабасының сөзін біздің арнамызға берген сұхбатында өздеріңіз бір жеті бұрын естідіңіздер. Соңғылардың бірі болып бұл үйден медициналық нанороботтар зауытының инженері Қайсар ағамыз бауырына басқан Батыржан есімді балақай кеткен болатын. Әне тұр өзі. Енді міне, жанұясын тапқан жеткіншек әйгілі шыны құлыпты қаланың қақ ортасында ескерткіш ретінде қалдырылып жатқан Арман қаланың соңғы болып жабылған балалар үйінің есігіне салып жатыр… Қане балақай!..
Естідіңіздер ғой?! Болды! Болды! Болды!.. Құрметті көрермен! Тікелей эфирден тарихтың мұндай парақтарын көрген біздің де бағымыз бар екен-ау! Экрандарыңызда қазір шықты, дәл сол шыны құлыптың суретіне тағы бір үңілейікші. Дәл өзі, кілті жоқ құлып, сырт етіп бір-ақ рет құлттанатын құлып, есігіңді қайта ашар болсаң құлыпты қиратып қана ашасың. Құлыпта жазылған екі сөзді тағы бір оқиықшы ағайын, тағы бір есімізге түсірейікші… Сол құлыптың тарихын… Үнсіз нәзік куәгеріміз, бәрін көрді ғой бұл құлып, осы күнге қа… қа-лай… жеткені-мізді… кешіріңіздер…
Әрі қарай

«Арман қала» романы. Қаһармандар.

Қарадомалақ: — Мен Наудлызбай батыдлмын! Ел қодлғауға зиил деп, Абылай салды задлықты! Аттааан!
Томпақ: — Ал мен Ізғұттымым! Зззойқын соққыыы! Үлкееен өзенді сееекіліп өтем да қылық зауды зенем!

2028ж. Арман қала.
Әрі қарай

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІРІНШІЛІГІНІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫ ӨТТІ

Блог - jaidarman: АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІРІНШІЛІГІНІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫ ӨТТІ
Астана қаласындағы «Жастар» сарайында 12 мамыр күні Астана қалалық біріншілік ойындарының ширек финалдық сайысы өтті. Өтініш білдірген 40 команданың ішінен іріктеліп алынған 19 топ осы ойында қатысты.
Сайысқа қатысушы топқа бөлініп, бірінші топта 10, екінші топта 9 команда өнер көрсетті.
1 топта сайысқан топтар:
  1. Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және комуникациялар академиясының Ақмола колледжі — «Теміржол тарландары»
  2. Қазақстан халқы ассамблеясының құрамасы — «International»
  3. Астана медицина университеті — «Мед.kz»
  4. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «ҚазАГРО»
  5. Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі — «Жеті жұлдыз»
  6. Қазақ технология және бизнес университеті — «Грация»
  7. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «Агролайф»
  8. Сарыарқа ауданы құрамасы
  9. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «Бифштекс»
  10. Тұран- Астан университеті — «Тұран жастары»
Бұл топтан алғашқа төрт команда жарыс жолынан шығып, қалған 6 команда келесі кезеңге өтті.

Ал екінші топта төмендегі командалар қатысты:
  1. Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі — «Алаш жастары «
  2. Астана техника- экономикалық колледжі — «АТЭК құрамасы»
  3. Ақмола облысы Қараөткел ауданы — «Қараөткел» командасы.
  4. Ақмола облысы Целиноград ауданы — «Целиноград» құрамасы.
  5. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «Аграрка» құрамасы.
  6. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «Rixos»
  7. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы — «Қорғалжын жастары»
  8. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «Ашық аспан»
  9. Еркін құрама — «Астанадағы жаңаөзендіктер»
Бұл топтан алғашқы үшеуі келесі кезеңге өте алмады. Қалған алтауы жарыс жолын жалғастырып, жартылай финалда өнер көрсетеді.

Командалардың ойынына төрелік жасап, бағасын беретін қазылар алқасының құрамында болғандар:

1. Биыл «Новая волна» халықаралық байқауының финалындағы жолдама алған танымал әнші — Рүстем Жүгінісов
2. «Ха-ха» шоу жобасының жетекшісі, жайдарманшы — Ақсұлтан Қалиев
3. Жайдарман лайф жобасының жүргізушісі — Шыңғыс Қожабеков
4. Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы — Ақұлан Тастемір
5. Шоумен, «Қызықорда» жайдарман тобының ойыншысы – Бақытбек Қарамырзаев.

Ойын соңында, дәстүрлі түрде берілетін бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, барлық топтарға дипломдар табыс етілді.
  1. ҮЗДІК ӘЗІЛ (Целиноград құрамасы)
  2. ҮЗДІК ТОП (Агролайф)
Айта кетейік, жыл сайын Мемлекеттік тілде өткізіліп келе жатқан қалалық біріншілікті «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдап келеді. Сайысқа Астана қаласының Жоғары оқу орындары, орта арнаулы оқу орындары студенттері мен қала жастары қатыстырылады.

Ойынның басты мақсаты:

— Жайдарман ойындары арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және әлеуетін көтеру;

— Астана қаласындағы Жастар саясатының дамуына қолдау жасау;

— Жастардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалын арттыру.
Блог - jaidarman: АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІРІНШІЛІГІНІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫ ӨТТІБлог - jaidarman: АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІРІНШІЛІГІНІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫ ӨТТІБлог - jaidarman: АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІРІНШІЛІГІНІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫ ӨТТІБлог - jaidarman: АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІРІНШІЛІГІНІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫ ӨТТІ
Әрі қарай

Кенесары xанның xаты

Блог - ken: Кенесары xанның xаты

Кенесеры ханға қатысты жарияланған интернеттегі материалдардың көбінен осы суретті көруге болады, әсіресе ханның Ресеймен хат алмасуы жөнінде айтылған кезде. Бірақ сол жазбалардың ешқайсынан осы хаттың түсінікті әріпке көшірілген мәтінін не аудармасын кездестірмедім. Онысы бір жағынан түсінікті де – хат араб әрпімен жазылғанымен араб әрпін танитындардың кез келгені бұл мәтінді оқи алмайды. Өйткені хат бұрынырақта парсы-түркі әлемінде кеңінен қолданылған насталиқ жазу үлгісімен жазылған. Бұған мәтінді жазған адамның өз қолын қосыңыз.

Хаттың мазмұны туралы айтсам, айтарлықтай құнды дерегі бар дей алмаймын – хат 1841 жылы Орынбор әскери генерал губернаторы Перовскийге жазылыпты. Яғни Ресей мен Кенесары арасында бейбітшілік орнап тұрған уақытта (1841-1843 жж) жолданған хат. Сондай-ақ, ол уақытта Кенесары әлі хан сайланбаған болатын, сондықтан болар, өзін «Кенесары сұлтан Қасым ұлы» деп атайды.

Хаттың тіліне қатысты. Бүгінгі тілдерден қай тіл осы құжаттың тіліне жақын екенін көрсету үшін хат мәтінін бүгінгі «жақын тілде» де жазып қоюды жөн санадым. Қазақша аудармасын мейлінше түпнұсқадағы тілге жақын етіп жасауға тырыстым. Сондықтан оқырманға қазақшасы біртүрлілеу боп көрінуі мүмкін.

Егер осы хаттың қазіргі әріптерге көшірілген транскрипциясын немесе аудармасын интернетте қайдан қарауға болатынын білетіндер болса, онда сілтемесімен бөлісуін сұраймын, менің нұсқаммен салыстырып көрейік.

Сонымен түсінікті әріптермен xаттың мазмұны мынадай:

Блог - ken: Кенесары xанның xаты
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 13 мамыр 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Қазақ радиосындағы «Ой-Зерек» танымдық-интеллектуал ойынының 6-шығарылымына Қазақ Радиосы командасы қатысты. Есеп 5:6

Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 13 мамыр 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Сергіту сұрағы:
Бұның біріншісі 1956 жылы Швейцарияда өтті. Аты сол кезде қалыптасса да алғашқысы тек радио арқылы транцляцияланды. Ал 2000 жылдан бастап интернет арқылы да тікелей трансляциясы жүреді. Алдағы жылдары Қазақстан мен Австралия қосылса да атауы өзгермейтіні анық. Әңгіме не туралы?

  1. Жүзу спортынан 2 дүркін Олимпиада чемпионы, Әлем және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы Денис Панкратов бір сұхбатында “кей санаттағы жүзгіштер үшін күміс медаль да өте жақсы нәтиже” дейді. Панкратов кімдер туралы айтқан?
  2. Бүкіләлемдік көрме үшін құрастырылған бұл құрылыс нысаны көрмеге кіретін доғал дуал есебінде де қолданылды. Жоспар бойынша, оны 20 жылдан кейін бөлшектеп, демонтаж жасауы керек-тын. Алайда, көп ұзамай радио заманасы келіп, радиотелеграф антенналарын орнатудың арқасында аман қалды. Бұл нысанды атаңыз.
  3. Мәскеу Мемлекеттік Университетінің журналистика факультеті студенттерінің зерттеуінше бұл мәселе халықтың 1 пайызында бар. Ал радиожурналистер, дикторлар және комментаторларда 10 пайыз байқалады? Бұл не мәселе?
  4. Желідегі біліми ресурстарда «Ол ақын болар ма еді» атты ашық сабақтар кездеседі. Коммунар Табейдің «Ол ақын болар ма еді» еңбегі біраз басылымдарда жарық көрген. Зерттеу объектісінің жасы қазір 50-ден асып кетер еді. Қазақстанда оның атында көшелер, саябақ бар. Оның «Кездесеміз әлі де» атты өлеңінен үзінді келтірейік: «Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де, Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де. Қараңғылық баста тұрмас қашан да, Бостандықта кездесеміз әлі де...» Ол кім?
  5. 1977 жылы Сьюзан Зонтаг атты мәдениеттанушы, жазушы, сыншы «Фотография туралы» атты кітабында сапасыз фотосуреттерді аяусыз сынайды. Блогер-жазушы Алексей Поляринов оны егер қазіргі суретке түсіргіштердің сауатсыздығын сынайтын болса ИКС деген ат алар еді дейді. ИКСті танымал термин болып кеткен интернет-мем сөзге 5 әріп қосып атаңыз
  6. Владимир Кессельман жаңалық ашуға алып келген ғылыми жұмыстың көбірек бөлігі бұқараға беймәлім деп санайды, және ғылыми жаңалықтарды ОҒАН теңейді. Ал Оспанхан Әубәкіровтың ОҒАН арналған өлеңінде: «Болмайтұғын Бас әріп қай жерімде кеміс бар?!» деген үзінді бар. ОНЫҢ екі атауын да атаңыз.
  7. Орхан Памуктың бір шығармасында «БҰЛ ДЕГЕН — сағызды бөлісу» делінеді. БҰЛ ДЕГЕНді ағылшынша айтып көріңіз немесе танымал түрік брендінің атымен.
  8. 1977 жылы, ол дүниеден өтерден бірнеше ай бұрын Англияда оған арналған «Джентльмен-қаңғыбас» атты деректі фильм түсірілді. Ол «Оскар» алмаса да, ХХ ғ. 20 жылдары арнайы кинематографқа қосқан үлесі үшін «Оскармен» марапатталды. Ал Астана қаласындағы микс-барлардың бірінде музыка ойнап тұрса да, үнемі оның фильмдері көрсетіліп тұрады. Оны атаңыз
  9. Танымал цирк әртісі Олег Поповтың шетелдегі гастрольдерінде қолтаңбасы басқалардан ерекше болатын және бәріне ұнайтын. Попов қолтаңбасын ненің сыртына 2 әріппен жазатын еді?
  10. Алтай жұмбағын шешіңіз:
    Ол зарласа – сенесің,
    Ол қорласа – көнесің,
    Егер оны өлтірсең,
    Өз қаныңды төгесің.
  11. Бюджеті 63 млн долларлық танымал бір фильмнің түсірілімдерінің алдындағы тендерге танымал Рэй Бэн фирмасы да қатысады. Алайда пәлсапалық сипаты бар бұл фильмде Блинде фирмасының өнімін байқауға болады. Бұл қай фильм?
Әрі қарай

«Парасат – Жансұлу» романы. Ерлік.


— Ия, жалғастырайық та сол әңгімені
— … Әкем мен анамның жұбы оңайлардың қатарынан болмай шықты басында. Шынын айтқанда… нағыз ошақ басы жылуын, шаңырақ жайлылығын сезінген кездерім ондай көп болған жоқ… Кейде күндеп, апталап ұрыс алаңында өмір сүріп жатқандай сезінетінмін өзімді. Мектептен қайтқанда үйге жақындаған сайын жүрегім көтеріле бастайтын… Түсініспеушіліктің тікенекті сымы, ұрыс-жанжалдан бораған оқ, қаһар жарылыстары… Бірақ… өттік қой соның бәрінен. Өмір – ұстаз. Өмір деген үлкен су сияқты, ағып-ағып ақыры жартастарды – адамдарды қашап, қажап, икемдеп алады. Сонда есейгенде ғана түсіндім ең маңызды нәрсені… Неге? Неге ажырасып кетпеді әке-шешем? Соншама қиындыққа қарамастан… Төбеме жай түскендей болды… Не деген мықты адамдар… Ешқашан есімнен шықпайды… Бірде ұрыс арасында анамнан ақтарылып шыққан сөздер: «Мен сенің балаларыңның анасымын! Мына ошақ менікі! Кетпеймін ешқайда!» Сол сәтте әкемнің қайтарарға жауап таппай тұрып қалғаны… Біз үшін… өздері үшін… сақтап қалды жанұямызды. Осы жеңіс ол кісілердің ең ұлы ерлігі… Он бір жасымда әкем мен анама қарап тұрып өзіме уәде берген болатынмын: «Менің шаңырағымның әлемі ешқашан мұндай болмайды!» – деп. Ал бүгін… бүгін ол кісілер мен үшін ең бірінші үлгі алатын адамдар, жиырма бірімде түсіндім осыны…
— Шынында, біз… бүгінгі біз басқа болып шыққанбыз, шаңырақ көтеріп, сонда жылу, жайлылық тапқымыз келеді, бірақ ол жайлылық, үйлесімнің келгенін орнымызда тұрып күтетін сияқтымыз, өзіміз құруға біліктілігіміз жоқ, бейімделмеген сияқтымыз. Жауапкершілік қоржынынан бірен-саран асықты алып аламыз да, қалғанын ақтармаймыз, өздерімізге әрқилы өмірге икемсіз рөлдерді ойлап тауып аламыз, құрбандыққа бару деген біз үшін түсінуге қиын нәрсе… Түк білмейтін өтірік маман секілді айналшықтап, аз-маз тырысамыз да «тойдым» – деп өз жөнімізбен кете береміз. Ал кешегі біз… кешегі біз өз шаңырағымызға жайлылық, үйлесімді тақыр жерде жоқтан өзіміз бар етуге дайындалып келетін болған сияқтымыз. Дайындалғанда да: «Не жеңімін, не осы жерде өлемін! Мұнда қайта шығу үшін кіргенім жоқ!» — деп. Осында келерде анамның: «Сол үйден өлігің шықсын!» — деген сөзін осы күнге шейін ойланып келемін…
Әрі қарай

«Парасат – Жансұлу» романы. Мінсіздік.

— … Кешірші…
— … Көрдім… Мен сені көрдім… Нақ сені… Қасиетіңнің жұпарын, мүлтігіңнің мұңын, күресіңнің ұлылығын… Ей, шөл қысқан жүректер! Мінсіздік бағынан адам емес, адамнан мінсіздік бағын іздеңдер… Сенен мінсіздік таптым, жеңісіңнен емес, күресіңнен таптым. Сен қосағымсың, ендеше қасиетіңе тамсанамын, жаңсағыңды жасырамын, күресіңе қуат беремін, әрдайым қасыңда боламын… Бәрі жақсы болады, асылым…
Әрі қарай

Домбыра Party: Reloaded

Сағынып қалыппын. Ән сұрап кеу-кеулеген көрерменді, «Бері әкел домбыраны»,- деп ортаға ұмтылған өнерпазды, жастығы есіне түскен қарияны, таңырқай қараған бөбекті, бәрін сағыныппын. Бүгін құмарымыз қанды. 2017-нің жазындағы алғашқы Домбыра Party рахатқа бөледі де тастады. Блог - Marco: Домбыра Party: Reloaded

Алматы патиларын ұйымдастырып жүрген Сағыныш деген қарындасқа сырттай ырза болушы едік, бүгін өзімен танысып, өнеріне куә болып, қол соқтық. Бір емес бес өлең айтқан еді, видеоға дұрыс жазылғаны осы ғана екен.



Домбыра патидің маған ең ерекше ұнайтын тұсы — өнері бар адамның қарап тұра алмайтыны. Басында қысылса да, қызды-қыздымен күтпеген адамдар сайрап кетіп жатады. Бүгін Асқар деген ағамыз суырылып шықты.



Домбыра тарта алмаса да ән айтқысы келген көрермен көп болды. Бір-екеуін мен сүймелдеген болдым, қалғаны домбырасыз-ақ шырқап жатты. Тағы бір қызық — осы сайттың қолданушысы, Домбыра Party идеясына мұрындық болған жігіттердің бірі Aldeken -нің ұлдары өнер көрсетті. Кішісі Аронға тамсанып тұра беріппіз, ал Ахметті әйтеуір суретке түсіріп үлгердік.

Блог - Marco: Домбыра Party: Reloaded

Қуырдақтың көкесі әдеттегідей пати аяқталар тұста келді. Түрлеріне қарасаң, аузынан ана сүті кетпеген титімдей ғана үш бозбала келе қалды. Сен тұр, мен атайын деген мыңболғырлар екен. Ортаны әбден қыздырды. Ақылтай, Елнұр, Құштар есімді үшеу «Шабыт» колледжінің бірінші курсында оқып жатыр екен. Көп ән айтып еді, камераға ілінгені мыналар ғана.









Шабыт колледжінің студенттерімен қимай қоштасып жатқанда Шабыт университетінің студенттері келе қалмасы бар ма. Бұл жігіттер күйдің шебері екен.









Мереке мен Бақытжанның күйінен алған эйфориямен қайта қойғанды жөн көрдік. Бірақ бұл биылғы патилардың басы екенін ұмытпаңыз. Енді әр бейсенбі, сағат сегізде, Нұржол бульварында кездесеміз
Әрі қарай

Домбырада қос ішектің пайда болуы

Ертеде тауқұдірет деген құс болыпты. Оның жалғыз ғана қанаты бар екен. Бірі еркегінің оң жағына, бірі ұрғашысының сол жағына бітіпті. Ол кезде Қамбарханның домбырасында жалғыз ғана ішек болыпты. Жалғыз ішекпен көсілтіп күй тарта алмайды. Ал, жалғыз қанатты тауқұдірет қалықтап ұша алмай қорланады. Домбырашы да күйге құмары қанбай қиналып жүреді. Тауқұдірет күндіз-түні Тәңірге мұңын шағып, қос қанат сұрап, жалбарынады екен. Бір күні Тәңірі:
– Зарлап қиналғанша, талпынып тірлік етіп көріңдер, – дейді. Аталық тауқұдірет пен аналық тауқұдірет қолдасып ұшқысы келеді. Бірінде – оң қанат, екіншісінде – сол қанат, екі тауқұдірет бір-бірімен қолдасып, қатарласып қанат қағады. Сол кезде қалықтап ұша жөнеледі. Қос тауқұдіреттің қанаттарын жел сүйемелдеп, көк жүзінде рақаттана самғайды. Көңілдері шаттанған құстар Тәңірге ризашылығын білдіріпті. Кейін олардың балапандарына Тәңірі қос қанат дарытады. Домбырашы осыны көріп:
– Қос қанат бірігіп еді – ұшты, домбырада қос ішек болса ше? – деп, екінші ішекті тағыпты. Қос ішекті домбырадан ғажайып үн шығады. Домбырашы қатты қуанады. Риза болғаны сонша, ең алғашқы күйін тауқұдіретке арнайды.
Блог - Zhaukhar: Домбырада қос ішектің пайда болуыӘбуғазы М. Шығыстың шыңырау күйлері. – Өскемен: Шығыс Полиграф, 2009
Әрі қарай