Ресми такси қызметінің автомобильдері BusLane жолақтарымен қатынай бастады

Астана жаңалықтары: Ресми такси қызметінің автомобильдері BusLane жолақтарымен қатынай бастады

2017 жылдың 13 маусымынан бастап ресми такси қызметінің автомобильдері жол қозғалысының ережелеріне сай 5.9, 5.10.2, 5.10.3 белгілері бойынша арнайы автобустарға арналған жолақтармен қатынай бастайды.

Елорда әкімдігінде өткен пресс-конференция барысында ресми тіркелген таксилердің BusLane жолақтарымен жүру құқықтары түсіндірілді. Жолаушылар тасымалдау және жолжүктері ережесіне сай тасымалдау қызметтерін көрсететін компаниялар Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасымен келісім шартқа отырулары тиіс. Содан кейін көлік құралдарының тіркелгені туралы мағлұмат арнайы жолақтармен қатынау құқығына ие автомобильдердің реестріне қосу үшін әкімшілік полиция басқармасына жіберіледі. Бүгінгі күні қаладағы 13 таксоматорлы компания аталған процедурадан өтті.

— «Астана такси» жалпы қалалық таңбасы құрылды. Біз өзімізге таксомоторлы компаниялар мен көлік қызметкерлерін шақырдық: жұмыстың алғашқы кезінде бізге 7 компания қосылса, қазір олардың саны 13. Жалпы автомобильдердің саны – 414, тағы 60 көлік рәсімделу үстінде. Ерекшелейтін белгілердің эскиздері дайындалды. Сол себептен, «TAXI» белгісін жабыстырып алған жеке меншіктер BusLane жолақтарымен қатынай алмайды, — деп түсіндірді «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Жол жүру ережесін бұзғандар мен қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтармен қатынағандар үшін 11 345 теңге, қайталаланған жағдайда – 10 АЕК (22 690 теңге) айыппұл көзделген.

— Жақын арада қалада құқықбұзушылықты тіркеп отыратын 3000-ға жуық бейнебақылау камералары орнатылады. Барлық құқықбұзушылықтар автоматты түрде тіркеліп, басқарманың әкімшілік практика бойынша процессингтік орталығына жіберіліп отырады, — деді Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Ұзаев.
Әрі қарай

«Астаналық» саябағы қайта жөндеуден кейін қаншалықты өзгерді?

Астана жаңалықтары: «Астаналық» саябағы қайта жөндеуден кейін қаншалықты өзгерді?

Елорданың басты саябағын күрделі жөндеуден өткізу және көріктендіру бойынша жұмысты Астана қаласының жеке коммуналдық қоры 2016 жылы бастаған болатын.

Астанаға арнайы Ресейден әкелінген қара аққулар «Астаналық» саябағының басты сұлулығына айналып үлгерді. Құстар саябақ айдынына бейімделіп, келушілермен жақын жүзіп келіп танысуға қарсы емес.

Астана қаласының мәдениет басқармасы 2017 жылдың жаз мезгілінде арнайы балалар мен қала қонақтары үшін «7 керемет» ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Күн сайын қаланың 5 саябағында екі рет анимациялық шоу өткізіліп тұрады.

Шетелдік қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында еріктілер өз жұмыстарын бастады. Саябақтың барлық ақпараттық карталары, сілтемелері мен маңдайшалары үш тілде жазылған: қазақ, орыс және ағылшын.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне арналып саябақта «жасыл технология аллеясы» пайда болды. Мұнда барлық келушілер гироскутерлерде, сигвеяларда жүріп, роботтарды көре алады.

ЭКСПО-ның өтуі кезінде қала 2 000 000-ға жуық туристі қабылдауды жоспарлаған. Келушілердің ыңғайлылығы үшін қоғамдық тамақтану орындарының санын көбейткен. Бүгінгі таңда «Астаналықта» 164 жеке кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Оның тең жартысы қоғамдық тамақтандыруға жұмылдырылған. 2 стационарлық кафе толық жаңартылды, ал қала күні қарсаңында 10-нан астам тез тамақтану павильондары жұмыс істейді.

Саябақтың басты жаңалықтарының бірі – аттракциондар.

-Араға 8 жыл уақыт салып «Астаналық» саябағында «Американдық сырғанау» пайда болды. Тұрғындардың бұл аттракционға қызығушылығы жоғары. Тағы бір «5-ші элемент» деп аталатын аттракцион орнатылуда,- дейді саябақ қызметкерлері.

Бұл маусымда «Астаналықта» 18 аттракцион жұмыс істеп тұр. Оның 13-і қорға тиесілі, ал қалған бесеуі жеке компаниялардікі.

-Билет құны 500 теңгеден аспайды. Жеке меншіктерде 500 теңгеден 1000 теңгеге дейін бағасы. Балалар аттракциондарына 150 теңгеден 300 теңгеге дейін. Бұдан бөлек мүгедектер мен көпбалалы отбасыларына жеңілдіктер қарастырылған, — дейді саябақ қызметкерлері.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында саябақ аумағын Астана қаласы құқық қорғау органдарының қызметкерлері үнемі қадағалайды. «Астаналық» саябағы күн сайын, сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Әрі қарай

Smile Astana жобасына Online-дауыс беру жалғасуда

Елордада 17 мамырдан 2 маусым аралығында «Smile Astana» жобасын іске асыру шеңберінде «Күміс күлкі, бақытты бейне» ең үздік фотография немесе эскиз-идея байқауы өтті.

Байқау шарты бойынша фотография Астанада жасалуы керек, ал эскиз-идея Астананың бейнесін, негізгі ғимараттарын көрсетуі тиіс еді. Барлық жұмыстар #ақжарқынастана және #smileastana хэштегтерімен қойылуы міндетті болатын.

Жеңімпаз кез келген адам онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Қорытынды 19 маусым сағат 12:00-де шығарылады.

Байқау жеңімпазының үздік фотографиясы мен эскиз-идеясы жарнама конструкцияларында, Астанадағы LED-экрандарда, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Одан кейін жеңімпаздың эскиз-идеясы немесе фотографиясы мерекелік шараларда безендендіруге пайдаланылады және өткізу барысында брендбуктарда қолданылады.

Байқау ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын барынша белсенділік танытып, үздіктердің үздігін таңдауда атсалысуға шақырады. Байқау қорытындысын шығаруға бір апта қалды. Әр қалаған адам келесі сілтеме арқылы өтіп, дауыс беріп, жеңімпазды анықтауға үлес қоса алады:

docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfU2WOJur7O6tysjJNNSFTEMh9eYLNrldK7x6TSuM8OVDWP_w/viewform?fbzx=5698064813708069000
Әрі қарай

Меңіне қарап мінезі

Жаныңызда жүрген жандарды тани алмасаңыз, меңіне қарау арқылы сырын ашу оңай. Оның бетіндегі меңдерін айқын біліп алыңыз.
1.«Үшінші көз» маңындағы қал иесінің интуициясы жақсы дамығандығын білдіреді. Бұл кісінің логикалық ой-өрісі керемет.
2.Көзінің сыртқы ұшында қалы бар жандар қызу, кейде қызғаншақ болып кетеді.
3.Құлағында немесе мұрын тұсында қалы бар жандар поэзияға жақын, өлең шығарғанды жаны сүйеді.
4.Иегінде қалы бар адам үлкен, мықты отбасын қалайды. Өзі тыныш, қарапайым өмір сүргенді дұрыс санайды.
5.Көз жанында – көңілі нәзік, сезімге берілгіш.
6.Қасының немесе маңайында меңі бар адамдар – тік мінезді, махаббатқа тұрақсыз.
Әрі қарай

Жоғалған қыз

Елеусіз Мұқамәдиұлы — 1938 жылы туылған. 1982-1986 жылдары «Жоғалған қыз» дилогиясы жарық көрген. «Жоғалған қыз» романы Моңғолияда жұмысшы табының қалыптасу процесін орынды көрсеткен шығарма.Тілі жеңіл оқиғасы қызықты. Романға өзек болған оқиға — Мрңғолия қазақтарының тұңғыш рет астана Ұланбатырға жол тартуы, шоферлікті үйрену жолындағы тынымсыз еңбегі — жұмысшы адамның қалыптасу жайы.
Ең қызықтысы сол — төрт жасында жоғалған Бағиласын іздеген әке сағынышты сарыла шығарма оқиғасының шиеленісуіне түрткі боларлық кездейсоқтықтарға жетелейді. Әкесі мен баласының жиі кездесе беруі сөйте тұра ондаған жылдар бойы бірін-бірі білмеуі оқырмандарды баурап, қызықтыра түседі. Автор сюжетті картиналар жасауға зейін қойып ықшамдылықты мұрат тұтқан.
Шығарма тақырыбының өзгешелігі оның басты кейіпкерлерінің сомдалуына да әсер еткен. Бұл қаламгердің роман жазуда көркемдік идеяны айқындауда тың құбылыстарды таңдауға құлаш ұрғандығының дәлелі. Автордың романға тосын оқиғаны таңдауы қуантады. Көркемдік шиеленістің өзі Бағиласын іздеп сарылған әке — Ертайдың басындығы халімен жақсы шешімін тауып отырған.
Әдеби типтегі кейіпкердің өмірдегі моделін өзгерте құбылта-құлпырта келгенде суреткердің шығармасындағы әр кейіпкердің болмыс-бітіміне бір адамның емес көптеген адамның сыр-сипаты жатады. «Жоғалған қыз» романындағы кейіпкерлердің бойындағы әдеби типке қатысты осы бір қасиеттер айқын көрініс тапқан. Романның өн бойынан әлеуметтік мазмұнды табу қиынға соқпайды. Шығарманың басты идеясы да жұмысшы табының қалыптасуы мен сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды қамтуға саяды. Сонымен, роман қарапайым еңбек адамдарының шынайы бақытын, жаңа қоғамның қолайлы көріністерін суреттеумен аяқталады.
РЫМҒАЛИ Нұрғали
Әрі қарай

Талдықорғанда «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы өтті

Алматы облысы: Талдықорғанда  «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы өтті
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілікті қамтамасыз етуге, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігінің артуына, медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуына мүмкіндік береді. Дәл осы тақырыпта дәстүрге айналғандай «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы Талдықорған қаласы, Қаратал өзені жағалауында өтті. Науқанның бір бөлігі ретінде алдағы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды.

Медициналық қызметкерлердің қатысумен өткен тақырыптық флешмоб көрермендер назарын баурап алды. Қала тұрғындары бұл акцияны қолдап қана қоймай медицина жүйесіндегі өз мәртебесін біліп қайтты.

«Мұндай іс-шаралардың жұмыс уақытынан тыс өтуі, әрі демалып жүріп осындай пайдалы ақпараттарды алу өте ыңғайлы. Себебі іс-шараға келген әр адам ауруханаға бармай жатып, өз мәртебесін анықтау мүмкіндігіне ие болады. Ұйымдастырушыларға, Egov электрондық үкімет порталына алғысым шексіз», — деді акция қатысушысы Сапарова Мөлдір.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Қазақстан футболдан əлем чемпионы!

Блог - Pokemon: Қазақстан футболдан əлем чемпионы!Жеңіс құтты болсын ағайын! Қазақстан футболдан əлем чемпионы атанды. Бұл жолы жеңісті құрамадағы футболшылар емес, елге өз өнерін паш етіп жүрген əртістеріміз əперді.
Жарыс Ресейде ұйымдастырылып, отандастарымыз финалда Ұлыбританияны 2:1 есебімен тізе бүкітірді. Олар өздерін көрсете білді. Əлем чемпиондығына талас оңай нəрсе емес. Сондықтан өнер майталмандарын құрметтеп, оларға қолдау көрсете білейік. Жастарға салауатты өмір салтын насихатауда да бұл жарыстың септігі тиері анық.
Сіздерді жеңістеріңізбен тағы да құттықтаймын! Алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерді бағындыра берейік, əртістеріміздің алтын аяқтары талмасын!
Әрі қарай

Астанада ЭКСПО аясында тегін жаяу жүргіншілер экскурсиясы жұмысын бастады


Аудиогидпен жаяу жүргіншілерге арналған экскурсиялар биыл «Нұржол» гүлзарында, жағалауда жұмыс істейді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы тілшісіне «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.

-Біз Астанада жаяу аудиогидті іске қостық. 2017 жылы бізде осындай 2 жаяу аудиогид болады. Бұл «Нұржол» гүлзарында, барлық саябақ аумағын қамтитын Есіл өзенінің жағалауында, — дейді А.Адамбеков.
Аудиогидтер көмегімен туристер мен қонақтар қаланың негізгі айшықты жерлері туралы барлық ақпаратты ала алады. Бұл қызметті пайдалану үшін «Хан шатыр» СОСО жанында, «Бәйтерек» монументі алдында және Есіл өзенінің жағасында орнатылған арнайы шатыршаларға бару керек. Аудиогид пен жол көрсетуші картаны алып, 5 мың теңге кепілдеме қалдырасыз. Бағыт аяқталған соң құрылғыларды табыстап, кепілге қалдырған турист ақшасы қайтарылады.

Адамбеков атап өткендей, елорданың айшықты жерлері туралы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын, қытай және өзге де тілдерде болады.

Биыл жаяу жүргіншілер гидін IZI.Travel желісі арқылы пайдалануға мүмкіндік жасалды. Басты айырмашылығы – мұндай жағдайда аудиогид үшін кепілдікке құрылғы алудың қажеттілігі болмайды. Кез келген адам мобильдік құрылғы арқылы IZI.Travel порталына кіріп, сол жерде Астананың көрікті жерлері туралы барлық қажетті ақпаратты тыңдай алады.

— Осы жылы жаяу аудиогидті халықаралық IZI.Travel желісімен дамыттық. Онда барлық әлемдік жаяу аудиогидтер жүктелген. Жақында онда Астана да пайда болды. Яғни адам бізден аудиогидті алмай-ақ, сонда кіріп, тыңдай алады. Демек, жобаның екінші кезеңін жүзеге асырғанда біз қалауы бойынша аудиогид бермейміз, — деп түсіндірді «Астана Конвенш Бюро» басшысының орынбасары.
Әрі қарай

45 мыңнан астам елордалық оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде демалуда

Астана жаңалықтары: 45 мыңнан астам елордалық оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде демалуда

Астанада 82 мектепте демалыс лагерьлері ашылды. Бұл жерлерде бастауыш сыныптардың 45 мың оқушысына демалыс ұйымдастырылуда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталығына қалалық білім басқармасы.

Мектеп жанындағы лагерлерде тек тамақтану үшін ғана 500 теңге төленеді. Жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардың балалары тегін, жергілікті бюджет есебінен тамақтандырылады.

-Мектеп жанындағы лагерьлердің ерекшелігі – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарынын дамыту, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, — деді қалалық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің жетекші маманы Еркөкше Қафизов.
Әрі қарай