Премьер-Министр Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болды

Блог - Jarkinai: Премьер-Министр Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болдыҚызылорда облысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың өз ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан бизнесмендеріне консультациялық көмек көрсететін өңірлік Кәспкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким «Атамекен» ӨКП жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қолдаудың іске асырылып жатқан бағдарламалары, оның ішінде Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Бұдан өзге, мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары саласындағы жұмыс бойынша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша консалтингтік қызметтер көрсетіледі.
Әрі қарай

«Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастары рухани байқауының ережесі

Астана жаңалықтары: «Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастары рухани байқауының ережесі

Елорда әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы Астана күні қарсаңында «Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастарының рухани байқауын өткізеді. Байқауға 16-30 жас аралығындағы азаматтар, шығармашылық топтар қатыса алады. Байқауға ұсынылған материалдарды арнайы құрылған қазылар алқасы қарап, жеңімпазды анықтайды. Қазылар шешімі қайта қарауға және шағымдануға жатпайды.
Байқау номинациялары:
1. «Үздік поэзия»;
2. «Үздік блог-пост»;
3. «Үздік дизайнерлік жұмыс» (сәулет, сурет, композиция);
4. «Үздік қолөнер бұйымдары» (әшекей бұйымдар, кәдесыйлар);
5. «Үздік интернет канал» (арнайы түсірілген бейне материалдар);
6. «Үздік мақала».

Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:

1. Үздік поэзия
Поэзиялық туынды бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек. Елорданың, туған жердің көрікті де көрнекті орындарын арқау етуі тиіс және Астананың гүлденуін халқымыздың рухани жаңғыруымен байланыстыра білуі талап етіледі. Поэзиялық туынды қандай жанрда болсын қабылданады, көлеміне шектеу жоқ.

2. Үздік блог-пост
Қатысушының әлеуметтік желілердегі белсенділігінің жоғары екендігі ескеріледі. Комиссияға тапсырылатын материал әлеуметтік желі парақшасынан скриншотқа түсіріліп жолданады. Ұсынылған жұмыста Астананың рухани-мәдени орындары, тәрбие-білім ордалары, әлеуметтік-спорттық нысандар және олардың жастарды патриоттық тәрбиелеудегі маңыздылығына мән берілуі тиіс. Қатысушы ақпаратты байытып беру, алған әсерімен бөлісу арқылы оқырманды қызықтыра білуі қажет. Жарияланған пост әлеуметтік желіде like, repost (лайк, репост) санымен бағаланады.

3. Үздік дизайнерлік жұмыс (сәулет, композиция)
Негізгі талап – Астананың көрнекті орындарының үздік безендірілуі, қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше баурайтын, оларға жайлылық сыйлайтын идея болуы керек. Идеяны макет түрінде, арнайы бағдарламалар арқылы дайындалған сызбалар арқылы жолдауға болады.

4. Үздік қолөнер бұйымдары (әшекей бұйымдар, кәдесыйлар)
Байқауға ұлттық өрнек, халықтық қолтаңба, адамзаттық құндылықтарды паш ететін қолөнер бұйымдары мен туристерге Астананың қонақжай атмосферасын бере алатын кәдесый жұмыстары қабылданады.

5. Үздік интернет канал (арнайы түсірілген бейне материалдар)
Қазіргі технология мүмкіндігін пайдалана отырып, Астананың оң имиджін қалыптастыру, жастарды тарихи орындарға қызықтыру, елорданың спорттық-мәдени өміріне белсенді тарту мақсатында жұмыс жасайтын интернет канал болуы тиіс және каналға жазылушылардың саны, көрсетілімі (просмотр) ерекше ескеріледі.

6. Үздік мақала
Мақала Астана қаласының тарихы, дамуы, инвестициялық тартымдылығы, ұлттық идеологияның бастауында тұрған шаһар ретіндегі орны жайлы болуы керек. Мерзімді басылымда жарияланған материал (мақала) көшірмесі талап етіледі.

Аталған байқауға ұсынылатын материалдар 2017 жылғы 27 (қоса есептегенде) маусымға дейін қабылданады. Сарапшылар тобы 28-30 маусым аралығында жұмыстарды іріктеп, бағалайды және үздіктерді анықтайды. Жұмыстарды astanaTDB@mail.ru электронды мекенжайына жолдау қажет. Номинация шарттары жайлы мәліметтермен www.tildamytu.astana.kz cайты арқылы танысуға болады. Қосымша ақпараттарды +7 701 478 30 87, +7 702 704 88 98 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.
Әрі қарай

Міндетті медициналық сақтандыру 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілмек

Бірінші медициналық сақтандыруға қажетті сома 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бөліне бастайды. ММС жынысы мен жас мөлшері, әлеуметтік мәртебесі, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы мен кіріс табысына қарамастан сақтандыруы бар ҚР барлық азаматтарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының есебіне медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алуға теңдей мүмкіндік беруге кепілдік береді.

Астана қаласы әкімдігі №1 қалалық ауруханасында барлық азаматтар үшін аталмыш реформаға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Онымен бірге әкімшілік қызметкерлер мен дәрігерлер спикер ретінде азаматтардың кез-келген сұрақтарына екі тілде жауап береді.

— «Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру» деген не және ол қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктер береді?

— Міндетті сақтандыру құнын кім төлейді және қанша мөлшерде? (мемлекет, қызметкерлер, жұмыс берушілер, ЖК сияқты өзінің жеке ісі бар азаматтар)?

— Халықтың қай санаты заң бойынша міндетті сақтандыру Қорына жарна төлеуден босатылады (мемлекет кім үшін төлем жасайды)?

— Мемлекет кепіл беріп отырған тегін медициналық қызмет көмегінің ішіне қандай қызметтер кіреді? (көрсетіліп отырған кейбір медициналық көмектің қай түрі сол тегін күйінде қалады)

— ҚР-да ММС-дың шарттары бойынша ұсынылып отырған қандай медициналық қызметтер кіреді? (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру), (Медициналық сақтандыру Қорына жіберілетін жарнаға қандай медициналық қызметтерге төлем жасалынады)?

— Шетелдіктер мен оралмандарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

— Міндетті сақтандыруға аударылатын ақша қайда түседі, жарна төлемейтіндердің есебін кім жүргізеді, бақылауда ұстайды?

— Елімізде енгізіліп жатқан міндетті медициналық сақтандырудың мақсаты қандай, ол не үшін енгізгелі отыр?

Қала тұрғындары мен қонақтары аталмыш аурухананың баспасөз-қызметіне барып, өздерін қызықтырған кез-келген сұрағына жауап ала алады. Әлеуметпен жұмыс істеуге арнайы бекітілген жауапты қызметкер — Ұлан Дәулетханов +77012029292.
Әрі қарай

Елордада күн сайын 103 нөміріне екі мыңнан астам шақырту түседі


Тәулігіне жедел жәрдем бригадалары орта есеппен 1600 шақыртуға қызмет көрсетеді, деп мәлімдеді Астана әкімдігі медиа орталығының тілшісіне қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасы бас дәрігерінің медициа жөніндегі орынбасары Сұлушаш Әбілқасымова.

«Шақыртуға күн сайын 105 жедел жәрдем көлігі шығарылады. Барлық көліктер алғашқы көмекті көрсетуге қажетті құралдармен жабдықталған», — деді С.Әбілқасымова.

Оның айтуынша, науқастың диспетчермен өзара әңгімесі бір минуттан аспайды. Осы аралықта науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге шешім қабылданып, оған бригада жіберіледі.

«Қалалық жедел жәрдем стансасы рация, ұялы телефон, интернет және GPS-навигациямен қамтылған. Бұл диспетчерлерге бригаданың орналасқан жерін бақылап отыруға мүмкіндік береді», — дейді ол.

Сонымен бірге, жедел жәрдем қоныраулары үш санатқа бөлінетінін айтты.

«Бірінші шұғыл санатты болып саналады, оған жол көлік оқиғалары, қоғамдық орындар жатады. Ондай шұғыл шақыртуға бригада 10 минутта жетуі керек. Ал екінші және үшінші санаттағы шақыртуға 15 минутта үлгеру қажет. Қала бойынша 14 қосалқы станса бар, барлық жедел жәрдем көліктері сол жерлерде орналасқан. Бұл науқастарға дер кезінде жетіп, көмек көрсетуге мүмкіндік береді», — деді бас дәрігердің орынбасары.
Әрі қарай

Абаттандыру ережесін бұзған астаналықтарға 35 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Елорданың тазалығын арттыру мақсатында Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметі жеке және заңды тұлғалардың «Қалалар жәнеелді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін, жасылекпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалармен елді мекендердіңаумақтарын абаттандыру қағидаларының» орындалу барысын күнделікті бақылауда ұстайды.

2017 жылдың басынан ЖПҚ-нің инспекторларымен «Абаттандыру ережелерін бұзу» ҚР ӘҚК-нің 505 бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2000-нан астам заңды және жеке тұлға тартылды. Оларға 35 303 295 теңге сомасында айыппұл салынды.

Бекітілген аумақты тексеру кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аудандық әкімдік аппаратының мамандарымен бірлесе отырып құрылыс алаңдарын тексеру бойынша жұмыс атқарды. Олар учаскелердің абаттандыру ережелерінің талаптарына сәйкестігін тексерді.

Осылайша, аталған кезеңдер бойынша «Абаттандыру ережелерін бұзу» ҚР ӘҚК-нің 505 бабын бұзғаны үшін, атап айтқанда қыс мезгілінде қарды уақытылы тазаламай, көшелерде жүріп-тұруда келеңсіздік тудыратын мұзды оймағаны үшін, құрылыс материалдарының, қоқыстың шашылып, қоршаулардың, құрылыс нысандарының құжаттары, сондай-ақ ауыржүктасығыш көліктерге арналған жуу орындардың болмағаны үшін 130 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8 576 820 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұндай тексеру жұмыстары мердігер компаниялар бойынша да жүргізілуде. Онымен бірге мердігер ұйымдарымен абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауда ұстайды. Айта кетейік, жыл басынан бері 8 259 160 теңгеге 109 мердігер ұйым жұмысқа тартылды.

Бүгінде бекітілген аумақ бойынша уақытылы әрі тазалау жұмыстарын толыққанды орындамағаны үшін ЖПҚ табиғатты қорғау қызметкерлі қызмет көрсететін 113 ұйымды (ПИК, ӨК, ЖШС) жауапкершілікке тартты. Олар қала аумағын тұрмыстық қатты қалдықтардан, құрылыс қалдықтарынан, қар, үйінді сияқты қоқыстан тазартпау жағдаяттары бойынша, онымен бірге үйлердің қасбеттерін таза ұстамағаны үшін (сынған плиткалар мен әйнектер, хабарландыру қағаздарынан тазартылмаған кіреберіс есіктер), қоқыс жәшіктерінің болмауы немесе олардың уақытылы тазартылмауы байланысты жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 5 740 570 теңге.

Қаланың аумағында үйінділердің алдын алу мақсатында Астана қ. ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қоқыс тастап, қарды тазаламай, бекітілмен аумақта лас суды ағызатын компаниялар мен тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс атқаруда.

2017 жылдың басынан қарды сыртқа шығаруда ереже бұзған 56 жүргізуші ұсталды. Оларға салынған айыппұлдың мөлшері 907 600 теңге. Бекітілмеген аумақта қоқыс тастағаны үшін 33 жүргізуші ұсталып, оларға 1 508 885 теңге сомасында айыппұл салынды. Сондай-ақ арнайы емес, бекітілмеген аумақта лас суды ағызған 44 жүргізуші ұсталды, оларға салынған айыппұлдың мөлшері 1 169 535 теңгені құрайды.
Әрі қарай

35 елордалық отбасы ЖЭС-3 жылу жүйелерінің құрылысы үшін жерлерді пайдалануға ақшалай өтемақыға келісім берді


Астана қаласының әкімдігі белгіленген уақыт ішінде ақшалай өтемақыны жоғары көлемде төлеуді уәде етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы.

35 отбасы Байзақов көшесі бойымен өтетін ЖЭС-3-тен сол жағалауға дейінгі жылу магистралінің құрылысы үшін өтемақы алу арқылы өз жер участкелерін беруге келісті.

-Аталған участкеде қазіргі уақытта 45 жекеменшік иелерімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның 35 жанұясы өтемақы алуға келісім берді. 24 маусым мәслихаттың сессиясы өтті. Қазір адамдарды келісімшарт жасауға шақыруда, сәйкесінше, белгіленген уақыт ішінде біз максималды ақшалай өтемақыны төлейміз, — деді әкімдіктің медиа орталық тілшісіне «Городская недвижимость» МКМ директоры Александр Строчков.

Сонымен қатар, Строчков қазіргі уақытта әкімдік жекеменшік иелерімен жер участкелерін босату уақыты көрсетілген және өтемақы төлеу бойынша нотариус арқылы келісімшарт жасасуда дейді.

Естеріңізге саламыз, Астанада 5-ші қосылым жылу магистралінің құрылысы бойынша ЖЭС-3-тен Ұлы Дала көшесіне дейін жұмыстар жүргізілуде. Барлығы бұл участкеде 15,4 шақырым жылу құбырын тарту жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру арқылы салынып жатқан ЖЭС-3 жылу көзінен қаланың оң және сол жағалауларының тұтынушыларын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Тілендиев даңғылы бойынша үйлер мен тұрғын үй кешендері орталық жылу жүйесіне қосылады.

Биыл Молдағұлова көшесіне дейін жылу магистралін жүргізу жұмыстары аяқталуы тиіс деп жоспарлануда. Келесі кезең – Молдағұловадан Бейсеков көшесіне дейін және Конституция көшесіне дейін.

Строчков хабарлағандай, қазіргі уақытта Бейсеков көшесі бойында жер участкелерін босату және сатып алу уақытын реттеу бойынша жекеменшік иелерімен келісім жасасу жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, кейбір тұрғындар өз участкелері үшін өтемақы көлемімен келіспей жатыр.

-Бұл участкелерді сатып алу мәселелері сот тәртібінде шешілуде. Бірақ 45 отбасының 35-і келісім бергенін айтып өтейін. Бұл дегеніміз, адамдар өтемақы алуды түсіністікпен дұрыс қабылдайды,- деп санайды Строчков.

Строчковтың сөзінше, өтемақы көлемі тәуелсіз бағалаушылармен анықталады және жеке есептеледі.
Өткен жылы Астанада 4-ші жылу магистралінің құрылысы, жалпы көлемі 24,8 шақырым аяқталған болатын. Бұл халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қатысы бар нысандарды, сондай-ақ Мыңжылдық, жаңа теміржол вокзалы мен қаланың оңтүстік-шығыс бөлігін жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Әрі қарай

КВН командаларының капитандары: ЭКСПО, Астана және татар көшелері туралы

27 маусымда астаналық Mariott қонақ-үйінде Астана қаласында өтетін КВН жазғы кубогінің қарсаңында «Азии MIX», «Камызяк өлкесінің құрамасы», «Пятигорск қаласының құрамасы» және «KAZAХОВ» командаларының капитандарымен open-talk өтті.

— Қала күні 1-6 шілде аралығында аталып өтеді. Мерекенің алғашқы күнін біз көңілді тапқырлардың бағдарламасымен бастаймыз. Аталмыш шара «Қазақстан» ОКЗ-да өтеді. Халықтың қарасы көп болады деп күтілуде. Ойынды қызықтауға Қазақстанның өңірлерінен ғана емес, Екатеринбург қаласынан да адамдар келмек. Омбы, Новосібір қалаларының тұрғындары да қызығушылық танытуда. Дегенмен, концерттік залға тек 2800 адам ғана сыйады, — деді Астана қалалық Мәдениет басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов.

Атап өткен жөн, чемпиондардың жазғы кубогі Қазақстанда, Астана қаласында алғашқы рет өткізгелі отыр.

Журналистермен кездесуге Азамат Мұсағалиев, Ольга Картункова, Нұрлан Қоянбаев, Эльдияр Кененсаров, Айдар Гараев, Малик Хасенов және өзге де КВН ойыншылары келді. Командалар алдағы уақытта өтетін ойынға қызу дайындалуда. «Однажды в России» комедиялық шоуының қатысушысы Ольга Картункованың сөзіне қарағанда, олардың елімізге келуі алғаш емес, бұрындары түрлі шараларды жүргізу үшін де келген. Бұл тұрғыда командалар ойын қызықты өтетініне сенімді.

— Біз бұл елге жиі келеміз, Қазақстан біз үшін екінші үй іспеттес. Қазақтар бізді әрдайым жылы қабылдап, қонақжай халық екендіктерін көрсетеді. Сондықтан болар елдеріңізді аз-кем танып қалған біздер үшін жергілікті тақырыпқа қалжындасу қиындық тудырмайды,- деді «Камызяк өлкесі құрамасының» капитаны.

Тек астаналықтарды ғана емес, бар қазақстандықтарды алаңдататын сауал: Азамат Мұсағалиев неге Қазақстанның құрамасында ойын көрсетпейді?

— Бұл негізінен ең үлкен қателік, — деді «Камызяк өлкесі құрамасының» капитаны. – Мен қазақтардың команда құрамасында қатты ойнағым келеді, ықыласым зор,- дейді Азамат. – Егерде Сочи қаласында Қазақстанның құрамасы ойын көрсететін болса, мен қазақ ретінде сол ойынға қатысуға уәде беремін.

— Ал менің жұбайым қазақ ұлтынан, — дейді Эльдияр, — сондықтан менде қазақтардың құрамасында ойын көрсеткім келеді.

Өз кезегінде «Азия MIX» Астана қаласы әкімінің Кубогын екі рет алған болатын. Команда капитаны Эльдияр Кененсаров Қазақстан астанасында өтетін алдағы жазғы ойынға жоспарлары туралы айтып берді:

-Бұл жерде қандай жастардың отырғанын ескерсек, Кубокқа үміттенбейміз,- деп күледі Эльдияр. – Әрине барлығы жеңіс үшін келді. Ойын сонысымен қызықты. Сондықтан сенім бар. Бұл жерде күресіп жатыр, сол себепті КВН жасап келеді.

«Қазақтардың» жоспары туралы Нұрлан Қоянбаев айтып берді:

-Біз туралы не айтуға болады?! Барлығы жиналды, дайындалып жатыр. Біз бұл ойынды армандадық. Астанада ең болмағанда бір ойын ойнауды қаладық. Сондықтан өте жауапты сәт болғандықтан қызу дайындалудамыз. Қобалжу да бар, себебі көптен бері сахнаға шықпадық. Біз үшін бұл – шақырту іспеттес, — деп бөлісті Қоянбаев. – Мәлік, Санат, Құмар, Нұрдәулет, Ярик, Тұрсынбек, Гүлнар және мен ойнаймын. Сонымен қатар құрамы 120 адам оркестр...., — деп күледі КВН ойнаушы.

Журналистер осы жылы Кубокқа үміткер «Спартаға» да айрықша назар салды. Алайда «Союз» капитаны Айдар Гараевтің айтуынша, болжаммен асықпау керек.

— Алда жартылай финал, ал қазақ командасы үшін ½ — бұл қиын жол. Болжамай-ақ қояйықшы, ойыншылар жұмыс істесін, дайындалсын. Жалпы жасырмаймын, олар фавориттердің бірі. Сондықтан солар үшін жанкүйер боламыз, тақым қысамыз, қуанамыз.

Біздің журналистермен жеке әңгімелесу барысында Айдар ЭКСПО және татар-қазақ қарым-қатынасы туралы не ойлайтынын жеткізді.

-Астанада Сүйінбике көшесінің пайда болуы – тамаша. Жаңалықты естігенде қатты қуандым. Менің білуімше, ЭКСПО-да ресейлік аймақтар ішінде өз павильонын ұсынған жалғыз Татарстан. Көрмеге әлі бара алмай жүргеніме қынжыламын. Уақыт тапшы. Қазақстан Республикасына Татарстан Президенті іссапармен жиі келіп тұрады. Тіпті, бұл жерде татар диаспорасы өте үлкен екенін білеміз. Сондықтан мен біріншіден, көшенің пайда болуының қисыны бар, екіншіден, қуанышты екенімізді жеткізгім келеді, — деді Айдар Гараев.

Естеріңізге саламыз, 1 шілде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен КВН чемпиондарының жазғы Кубогы өтеді. Бұл ойындар қарсаңында Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы коамандаларды журналистермен жүздестірді.
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Дәуіт Линч. "Мүгедектер"

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Дәуіт Линч. Мүгедектер
— Байзыл, э Байзыл…

— Не нақ? Болмайд дейм…

— Байзыл, келіп тұрмын ғой енді…

— Қой дейм! Саған негізі үшінші группа да берілмеу керек! Аппетитің жаман! Анау-мынау тексеріс болса, үшінші группадан да алып тастайд!

— Екінші группа қылып бер енді, Байзыл…

— Лібә, антикоррупционщиктер мына жақтан (төбесін көрсетті), внутренний безопасность мына жақтан (тасының түбін көрсетті) қос қолдап ұстап тұрып, айдап жатыр! Ар жағындағы он бір мың үшін сен де нақ…

— Он бір мың бізде ақша, Байзыл! Жақсылыққа — жақсылық қайда, Байзыл? Бастығыңа жақсы көріну үшін — киіз үйімді алғанда, ау салғанда, қайығымды алғанда — бермейтін уәдең болмайды осы! А так сен — квартираға кезекке қойып берем дегенсің, исчо! Квартира қолыңнан келмейді, ол көрініп тұр. Қолыңдағы нәрсені сұрап тұрмын, Байзыл!

— Сукі, тағы бір түсіндіріп көрейінЧ. Саған үшінші группаны қалай алдық? Башпайы астына қайырылып өскен дедік. Ал сен екі күннің бірінде базарда шауып жүресің! Базар — толған құлақ. Сосын, ішівалсаң — «баражняг ақша алып, үкіметтің аузын тігіп отырм» деп лепіретінің бар. Екінші группа саған ниқоя келмейд…

— Жігіт емеспін десейші үйтіп марал оқығанша, Байзыл! Ай лібәәә, біліп едім! Бросты мойындашы, жігіт емеспін деп — мазаңды алмайм!

— Ахх… Ой лібәәә… Тұра тұршы…

— О, әне біздің Байзыл! Қазір ам алын табады Байзыл! Байзыл жігіт қой…

Байзыл Гольдштам әбден мезі еткен Қарамеңді Ейсвудқа қарап-қарап, қарап-қарап, қарап-қарап тұрды да, құлағына қал амын, кеңірдегіне қарындашын сұғып алды.
— Ой сукі, байқамай бірінші группа қылып жіберген сияқтымын — деді сосын.

— Бірінші группа елу жеті мың ба еді… — деді Қарамеңді сұлап бара жатып. Дегенде, дедім деп ойлады, әйтпесе дыбыстың орнына — қарындаш қадалған тұстан қан интонациясына сәйкес қорқ-қорқ еткен ғана болатын. Қас қылғанда қалам қадалған құлағымен құлап, жан-тәсілім етті…
Әрі қарай

Кәсіпкерлерге «Қамқор» мобильдік қосымшасы үлкен көмек беруде

Алматы облысы: Кәсіпкерлерге  «Қамқор» мобильдік қосымшасы үлкен көмек беруде
Кәсіпкерлерді қорғаудың ерекше бір түрі «Қамқор» мобильдік қосымшасы. Оны әрбір іскер азамат ұялы телефондары мен гаджеттеріне тегін жүктеп, заңсыз тексерістің алдын ала алады. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілі баяндады.
Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды тоқтату, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. «Қамқор» мобильдік қосымшасын «Googleplay» және «AppStopre» қосымшалары арқылы жүктеп, тексерудің шынайы тіркелгендігін білуге болатыны айтылды.
«Онлайн режимінде берілген өтініштер прокуратураға түсіп, жұмысты жеңілдетеді. Бұл дегеніміз кәсіпкерлердің сенімділіктерің нығайту. Осы инновациялық жобаның тиімділігі туралы облысымызда да мысалдар бар.
Мәселен, «Қамқор»-ға «Талдықорған комфорт» ЖК азамат Д. Талипов Талдықорған қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкеріне заңсыз әрекеті туралы арыз түсірген. Осы заңсыз араласу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды», — деді Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Алмас Қыдырбайұлы.
Кәсіпкерлікті дамыту экономиканың негізгі қайнар көзі болғандықтан, оны барынша сауатты қорғау басты міндет.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Туризм және экономика

Туризм — әлемдегі болашағы жарқын салалардың бірі де бірегейі. Оған дәлел жетіп артылады. Мәселен «ЮНВТО» атты бүкіләлемдік туристік ұйым былай деп дерек келтіреді: «2016 жылы туристер тарапынан дүниежүзі бойынша 1,2 млрд саяхат жасалса, ғасырға шаққанда бұл көрсеткіш 2020 жылға дейін 1,6 биллионға жетеді. Және бұлардың көшбасында Қытай мемлекеті тұр» Осыған байланысты елордада тұңғыш рет Қытай туризміне арналған паназиялық конференция өтті. Екі күнге созылған бұл шарадан нақты бір істерге қол жеткізбесек те біршама дүниелерді ойға түйдік.
Блог - azoakpar: Туризм және экономика
Қытай туризмі соңғы бірнеше жылда әлемнің көшбасына шықты. Тек 2016 жылдың өзінде-ақ Азия-Тынық мұхит өңіріне 50 миллионнан аса қытайлық барған. Ал мамандар болса осының арқасында бәсекелестіктің күшейгенін айтады. Олардың айтуынша алдағы 5 жыл көлемінде әлем бойынша нақты қатайлық туристердің саны жарты миллиярдқа жетеді деген болжам бар.
Блог - azoakpar: Туризм және экономика
Қазіргі таңда Қытай мемлекеті тек сыртқы емес сондай-ақ ішкі туризм бойынша да әлем елдерінің ондығына кіреді. Олардың мұндай жетістікке жетуі көлік инфрақұрылымның арқасы. Мәселен 1988 жыллы аталған мемлекетте халықаралық стандарттарға сай келетін 145 шақырым жол болса, қазіргі таңда ол 111 мың шақырымға жеткен.
Блог - azoakpar: Туризм және экономика
Қазақстан — қытайлық туристер үшін ең жақын әрі қолайлы аймақ. Себебі бұл екі мемлкеттің арасын ежелгі Ұлы Жібек жолы жалғайды. Ол, қазіргі тілмен айтқанда Батыс Еуропа — Батыс Қытай тас жолы. Туризм мамандарының айтуынша егер де аталған көлік дәлізі толығымен іске қосылатын болса, онда бізге аспан асты елінен келушілер саны да көбеймек.
Блог - azoakpar: Туризм және экономика
Қазақстанда 9000 аса археологиялық және тарихи мұралар, 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, олардың арасында 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парк бар. Елдегі ең танымал орындар Алматы облысындағы «Алтын Емел» мен «Іле-Алатау ұлттық паркі», Павлодар облысындағы «Баянауыл», Ақмола облысындағы «Көкшетау» мен «Бурабай» даусыз. «Тамғалы Тастағы» жартасқа салынған суреттер, Шарын шатқалы, «Сыңғырлауық құмдар» және «Бесшатыр» сақ қорғандары аса көрнекті деп саналады. Экотуризмді көпшілік арасында тарату мақсатымен «Іле-Балхаш Регатасы» және «Ертіс меридианы» секілді шаралар үнемі ұйымдастырылады. Алайда біз бұны ауыз тотырып айтқанымызбен одан еш нәтиже жоқ. Себебі бұл аймақтар мен шаралардың танымалдығы тек ел деңгейінде ғана. Ал оны әлемдік деңгейге шығару үшін әуелі инфрақұрылым мен сервеистік қызметті дамытқан жөн.
Әрі қарай