Кибершайханалықтармен реал кездесу


Кеше Асхат бастаған Кибершайхана авторлары Neweurasia-лық жігіттермен кездестік. Американ Крис кітаптың редакторы, ал неміс Оливер дизайнері екен. Кітап идеясы және техникалық тұстары төңірегінде жақсы сұрақ-жауап диалогтар болды. Кейін астаналық блогшылардың штаб-пәтеріне айналған Тағам кафесіне барып сұхбатымызды жалғастырдық. АҚШ пен Еуропадағы БАҚ, интернет, жалпы қоғам туралы пікірталастық. Асхатқа рахмет, ерінбей аударып отырды бәрін.
Астаналықтар бұл жолы да «белсенділіктерімен» көзге түсті.

P.S sammita-ны көрдім :)

сурет: qazaq.kz
Әрі қарай

"Кибершәйхана" кітабының тұсаукесері. Фоторепортаж

Кеше кешкісін Астанада Қазақ блогосферасының іргесін қалаушы Асхат Еркімбайдың ұйымдастыруымен Орталық Азияның блоггерлері туралы “Киберчайхана. Виртуальные беседы из Центральной Азии” атты кітаптың тұсаукесері болды.



Әрі қарай

Үштен беске

Бұрынырақта мектептерде мынандай қызық үрдіс бар болатын. Үшінші кластан соң бесінші класқа секіртіп жіберу деген. Мен бейбақ сол секіріп үлгергендердің соңғысы едім. Төртінші класс қайда қалады, не үшін секіртеді сол кезде? Әлде дайындық сыныбынан өткендерді ғана секіртті ме? Олай дейтінім біз «нөлебай» оқыдық. БІріншіге көшкенде «нөлебай» оқымағандар келіп 1«б» класы бола қалды. Осылайша бастауыш кластарды «а» мен «б» болып оқып жүрдік. Әйтпесе кішкене қазақ ауылында класқа симай жатқан бала жоқтын. Уобщым, біз үштен кейін секіріп кеттік беске, аналар қалды төрт оқып. Осылайша бір-ақ күнде біз оларға «старшак» атандық.
Әрі қарай

Еске алдық... :(

Кештің сәні бүгінгі пати болу керек деп қол ысып отырғам жұмыста :) бірақ тел. звоногы бірден баратын бағытты ауыстырып жіберді, КазГУдың студенттер сарайында Бахытжан Жұмаділовты еске алу кеші екен. Билет қолда, неге бармасқа деп сол жаққа ұшып кеттім. Негізі пробкадан, тура уақытында жетсекте, еске алу кеші тура 30 мин. кеш басталды(( Ужас тойында кешіксін, қонақта кешіксін, мынау үлкен залда кешігу деген ұят тірлік қой ағайын, біздің алдымызда көп орын алды жақта бос болып еді, «жүр кеттік, алдыға отырамыз» деп халық тағы сабылды :(
Әрі қарай

Кімнің жолы болғыш?.. (Білімділер мен білімсіздер)



Менің Айдос атты танысымды оқудан шығарып тастапты.Сабаққа қатыспағаны үшін.

Кәдімгідей жүрегім сыздады. Өйткені, мен білетін Айдостың білімі ұшан-теңіз-етін.

Заң деген дүние бар, құрып кеткір қатып қалған қағидасы тағы бар, оқу жүйесі бойынша, олардың Айдосты оқудан шығаруы орынды-ақ.
Әрі қарай

«Аллаһ» сөзінің құпиясы

Голландтық психолог, профессор Ван дер Ховен қасиетті Құранды оқуға және «Аллаһ» сөзіне қатысты жаңалық ашқандығын жария етті. Оның айтуынша, арабша әріп танитын және үнемі Құран оқитын адамдар психологиялық ауруларға шалдықпайды екен.



Әрі қарай

Жұлдыздың саны қанша?

Аспан әлемін зерттеушілер жұлдыздардың нақты санын тапқан да болар кім білсін?! Менің баяндайын деп отырған әңгімем телескопты ойлап таппай тұрған кездердің әңгімесі.
Баяғыда бір айтыста өзін жеңіп бара жатқан ақын жігітті сөзден жеңбек болған қыз әлгіден аспандағы жұлдыздың дәл санын айтуын сұрапты. Жігітте тосылып қалмапты.
Әрине малдың санын баққан білер
Ел үшін ер жігіттер атқа мінер
Еркек сорлы еңкеңдеп не біледі
Жұлдызды шалқасынан жатқан білер-деп салыпты.
Әрі қарай

жатып көру көрмесі :)

Кеше, мына жерге бардық.
Қызық сезімдер келіп/кетеді екен ойыңа))), кіріп барған кезде жатқан адамдар))). Бізде жата кеттік әлгі көрмеде))).
Жақсы идея екен!!! 22-сәуірге дейін уақыттарыңыз бар, барам деушілерге есік ашық ;)
Айтпақшы, қолтаңба қалдыру үрдісі бар екен де, бізде біраз қазақша сайттан тізімін жазып пиарТ етіп кеттік :)


ал, көзімізді көтердік :)


төбедегі суреттер


ою-өрнекпен әлде адамдар? прожектордын ернеуінде, оюғада ұқсайды, адам сұлбасына да ұқсайды очм :)


көрмеде жатып, тұрған соң, қол қойғандар)))


аруларды жазып сурет сала қоймақЧ едім :) суретте қыз мұңлы шыққан ба қалай)))
Әрі қарай

Құлшылыққа құлшыну – құтылу 7



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!


Қорытынды

Құрметті ағайын! Қазақта жақсы бір сөз бар: «Өлімге барсаң, өлді деп жылама, өлемін деп жыла» — деген. Кез-келген адамның ажалы жетіп келеді. Біз соған дейін дайын болуымыз керек. Өйткені, Аллаһқа қайтар сәт келгенде, ештеңені өзгертуге мүмкіншілігі болмайды!
Аллаһ Тағала былай деді:
«Жоқ! Жан алқымға келген кезде (адамдар): “Кім оған дем салады?” — деп айтады. Сонда (өліп бара жатқан адам) мұның қоштасу екенін анық түсінеді! Балтыры, балтырына қосылады (немесе, қиыншылықа қиыншылық қосылады). Ол күні (адам) Раббысына қайта оралады».
Әрі қарай

Экранный диктор немесе компютеріңізді сөйлетуді білесіз бе?

Кезкелген компютер жазылған мәтінді оқып бере алады, бір өкініштісі тек ағылшыншаны ғана.
бірақ ағылшынша дыбыстауды үйренуге өте тамаша көмекші бола алады.
ол үшін ПУСК батырмасынан ВЫПОЛНИТЬ деген жерді бассаңыз терезе ашылады оған NARRATOR деп енгізіп қойсаңыз болғаны.
Әрі қарай