қазақтар саны

отырып байкасаң, бұл жерде ақылдылар көп екен. менің бір сурагым бар, соган жауп бере аласыздарма. неге Қазақыстанда көптеген қыздар күйеуге тие алмай жүр? ал жігіттер болса қыз таба алмай жүр? менің түсінігім бойынша бізде адамдар бір бірін көргенде адам секілді ойланбайды хайуан секілді бір тунді ғана ойлайды деп түсінем сіздер оған не айтасыздар???????
Әрі қарай

Түлкінің боғы…



Қолыма крем жағып, бетімді мақтамен сүртіп отырып бір көзіммен ТВ-дегі концертті екінші көзіммен алдымда жатқан газеттегі гороскопты қарап қоямын. Ертең үшін Суқұйғыштарға сәтті күн дейді. Ақша түсетін шығар. Сауда жасау үшін де ыңғайлы күн дейді. Дұрыс айтады ертең сумка алуға барамын. Тааааккк, ертең не кисем екен жұмысқа, блин дым киім жоқ киетін. Сумка алған кезде кофта да қарай салу керек. Ерланға звондап жіберейін, әйелі ақша алыпты ол да ертең шығатын шығар бутик аралауға. Тек алдындағыдай кешігіп келмесе екен. Блин кафеде 1 сағат бойы күтіп, трубкамен 1 кружка сыра ішіп тастаппын ғой өткен жолы. Айтпақшы етік алдым деп жатыр еді, менікіндей емес шығар деп сенгім келеді. Сондай болып шықса бітті онда Ерланмен достығымыз аяқталады. Әйелім телефон линиясын интернеттен босатар емес, әзірше киім үтіктеп тастайын. Сосын звондармын асықпай. Қоқысты да пакетке салып дайындап қояйын, таңертең шығарып тастар. Мен айтпасам өздігінен шығарып тастау деген жоқ қой. Тамақ жеуді де азайту керек сияқты, бүгін айнаға қарасам семірген сияқтымын. Әлде ақ футболка кигесін бе екен? Сағат он бір болыпты ұйықтау керек, мынау қазір тағы да секс сұрай бастайтын шығар өзім и так басым аурып тұрғанда. Өткен аптада ғана айналыстық емес пе?..
Әрі қарай

Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

Құрметті оқырман!



Былтыр «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында екі күндік республикалық семинар-тренинг өткізген еді. Негізгі мақсат – жаңа медиа технологияларын қазақтілді ақпарат тәжірибесіне енгізу болған. Біздің алға қойған мақсатымыз толығымен болмаса да, ақталды. Сол семинардың нәтижесінде Өркен Кенжебек, Бүркіт Нұрасыл, Тоты Атышева, Ербол Азанбек, Амангелді Құрмет. Кәмшат Тасболат, Динара Мыңжасарқызы, Еркін Қуатайұлы т.б. секілді аса танымал қазақ блоггерлері туып шықты. Биыл әз-Наурыз мейрамы қарсаңында “Мінбердің” мұрындық болуымен өткізілген Блогқұрылтай да осы блог семинардың жемісі.
Әрі қарай

мен Нурлан

кабыл алыңыз. атым Нурлан. мен Талдықорғаннанмын. маган кобирек дауыс беріңіздер, коптеген кызыкты аңгимелер мен пайдалы нарселер сиздер ушин осы блогка жазамын.
Әрі қарай

Мұңды қыз оның ұрпағы

Мұңды қыз дейді мұңды қыз,
Бәріміз қыздар мұңдымыз.
Мұңды қыз – дейді домбыра,
Жетім қыз мәңгі мұңды қыз.
«Мұңды қыз» деген күй атты,
Қос әшек мұңды шығады.
Жүрекке қайғы құяды,
Намыстын отын жағады.
әшек бедеу қағады,
Қыз неге шіркін күлмейді?!
Қыз не деп мұңын шағады,
Күлуді неге білмейді?!
Мұңды қыз дейді сүйініп,
Қыз неге мұңды сүйеді?
О, күштім, кімге шүйіліп,
Кеткене қабақ түйеді.
Мұңды қыз дейді мұңды қыз,
Қыз жасы селдей ағылған.
Атауға оны мұңды қыз,
Тағдырға сорлы не қылған?
Кінәсіз жапа шексе ол,
Кімде екен оның обалы?
Отырып қалған ексе ме ол?
Күй бітіп кетті, о, пәлі!
Шабдарбай Хатжанұлы
Әрі қарай

Мақсат күлдіру емес



Алдында Крис пен Олиден сұрағанбыз сіздер флудпен, троллингпен қалай күресіздер деп. Олар негізі сұрақты түсінбеді, яғни ондай мәселе жоқ деді олар. Оларда өйткені бір қолданушы этикасы бар, басқаны сыйлау, басқаның ойын сыйлау түсінігі бар. Ал бізде өкінішке орай бұл әлі мәселе болып келе жатыр. Мақсат басқаларды күлдіру сияқты болып тұрады. Күлу, күлдіру әрине жақсы, Құдайға шүкір күлдірткіш таланттардан кенде емес екенімізді де көріп жүрміз. Бірақ, осыны азайтсақ қайтеді? Күлкінің де реті бар ғой, күлдіруге, күлуге арналған посттар да жетіп жатыр. Салмақты тақырыптар, каменттерді де әрі қарай келеке, мазақ қылып кетпесек қайтеді? Одан да сол тақырыпта жақсы ойымызды жазып, басқаның ойына да құрметпен қарасақ жақсы емес пе? Бұл жерде бәрі бір ойда болуы мүмкін емес қой, пікір жазу, пікірталас та сол үшін емес пе адамдар салиқалы пікірталас жасаулары керек. Бұлай кете берсек сайтымыз арзан сайттардың бірі болып кетеді.
Әрі қарай