Елорда əуежайы жөндеуге жабылады

15-24 қыркүйек аралығында 09:00-ден 16:00-ге дейін ұшу-қону жолақтары жартылай жөндеуге жабылады.

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жөндеудің жүргізілуіне байланысты рейстер кестесі өзгергенін хабарлайды. Өзгерістер авиа компанияның Астанаға және елордадан ұшатын бірқатар рейстерінің кестесіне енгізіледі.

Жолаушылардан өз сапарларының күнін алдын ала жоспарлап, рейстердің кетесін тексеруге кеңес береді.
Әрі қарай

Ватикан Кардиналы конфессияаралық келісім саябағында ағаш отырғызды

Астана жаңалықтары: Ватикан Кардиналы конфессияаралық келісім саябағында ағаш отырғызды

Бейбітшілік және келісім сарайының саябағында тағы бір есімдік ағаш отырғызылды. Ағашты адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон отырғызды.

Жасыл көшеттерді отырғызу бойынша шараны Астана қ. әкімдігінің дін істері басқармасы ұйымдастырып отыр. Ағашты отырғызу ұсынысын қасиетті Престолдың бастамасымен өткен «Барлығымыз бірге ортақ үйімізге қамқор болайық» дінаралық конференция барысында елордалық дін конфессиясының өкілдері жасаған болатын.

— Ағаш өмірдің символы. Ағаш өсетін жерде әрдайым тіршілік бар, өмір сүруге үміт бар. Бұл ағашты Қазақстан Республикасына келуімізге орай отырғыздық. Онымен бірге осы қадам арқылы достық қарым-қатынасты одан сайын нығайтқымыз келетінін көрсеткіміз келді,- деді адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон.

Естеріңізге салайық, 1 қыркүйекте Бейбітшілік және келісім сарайында «Барлығымыз бірге ортақ үйімізге қамқор болайық» дінаралық конференция өткен болатын. Оған бастау болған — халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жеке павильонын ұсынған қасиетті Престол, адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон.

Конференцияға халықаралық және жергілікті дін конфессияларының өкілдері қатысты. Басқосуды Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы, Қазақстандағы дінаралық диалог бойынша Папский кеңесі және Апостолдық нунциатуралар, сонбай-ақ «Renovabis» неміс католиктік қайырымдылық ұйымы қолдады.

Жиын барысында «ортақ үйімізді» қорғау және «жасыл» энергияны дамытуға әлем діндерінің үлес қосуы мәселелері талқыланды. Осыған орай дін көшбасшылары ең күрделі мәселелерді шешу үшін көпвекторлы басқаруды құру бойынша халықаралық және аймақтық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Бүгінде Ватикан Апостолдық нунциатура атынан елде бейбітшілік пен ұлыстар арасында келісім орнатуда Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылады. Биыл Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толады.

Астана қ. әкімдігі дін істері басқармасының өкілдері бұл шара екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихын нығайтуға айтарлықтай үлес қосады дегенге сенеді.
Әрі қарай

Елордалық ІІД «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында орын алған жағдайдың мән-жайын түсіндірді

Астана жаңалықтары: Елордалық ІІД «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында орын алған жағдайдың мән-жайын түсіндірдіКеше, 2 қыркүйек кешкі 21.00-де «Абу-Даби Плаза» нысанының құрылыс алаңында болған оқиғаның мән-жайы түсіндірілді.

Белгілі болғандай, құрылыс алаңының бақылау-өткізу пунктінде күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (Үндістан азаматтары) арасында тұрмыстық келіспеушілік туындаған, оның соңы жанжалға ұласқан.

Оқиға орнына мемлекеттік мекемелердің өкілдері жетіп, құқық қорғау органдарының күші жұмылдырылды. Жедел қолданылған шаралардың арқасында оқиға толығымен жойылды.

Төбелес кезінде Үндістанның екі азаматы әртүрлі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілгені белгілі болды.

Алайда бірқатар азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, жағдайды ушықтыруға тырысты. «Есіл» ауданының прокуроры тәртіп бұзу бойынша жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Ескертуге қарамастан азаматтар құқық қорғау органдарының заң талаптарына бағынбай, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырды.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу мақсатында тәртіпке бағынбаған топ, тексеру және жеке басын анықтау үшін «Есіл» ауданының ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Оқыс оқиғаға қатысы бар 8 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Қалған азаматтар түсіндірме жұмыстарынан кейін босатылды.

Қазіргі уақытта елорданың тұрмыс нысандары мен көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте қызмет істеуде.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын шиеленіс пен арандату оқиғаларынан барынша қашқақтау мақсатында артық пікір білдірмеуді, әрі шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұраймыз. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚР ҚК 274 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілкке тартылатынын ескертеміз.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті
Әрі қарай

Экспресс саяхат: Өскемен-Астана-«EXPO-2017» көрмесі

Әне-міне дегенше 10-шы қыркүйекте EXPO көрмесі жабылады. Жаз бойы оңтайлы сәтті күттім. Жаз өттіп күз келді. Үйдегілер менің қалауымнан хабардар. Күндер өтіп барады.
Тамыздың 28. Отбасылық кеңес. Сонда саяхаттың бюджеті және ұзақтылығы бекітілді. 29 тамызда Астанаға қарай жолға шықтым. Саяхатымды бастағанға күн сәтті болыпты. 31 тамызда қайтып оралдым. Шығарған шығын бар-жоғы 20 000 теңге! Соның ішінде позитивті көңіл-күйге шығынданыппын. Қысқа есеп осындай.
Осыдан 3 жыл бұрын көрме орны темір қаңылтырмен қоршалған алаң болған.
-Көрмені көрмей қалдым, кейіннен өкінетін шығармын, -деп шешім қабылдауға шарасыздық танытқандар қатарынан бөлініп шыққаныма қуандым!
-Туысқандар EXPO-ға барып келді. Солардан біліп отырмын. Астанада болдым, бірақ, «EXPO»-ға соқпай қайтып кеттім. Маған ұнамайтынын білдім, -дегенді көзі ашық қазақ ұлт иесінен естідім. Негізі ол кісі өзін патриот санайды. Бірақ патриотизм деген сөзде «П»-дан басқа әріптер барын ұмытқандай.
Әрине, көрмеге барып келгендер көрме туралы әр түрлі пікір білдіреді. Бірақ, «Нұр Әлемді» сыртынан, ішінен көргендер. Оған бір сәт болсын, қандайда бір ерекшелігіне тамсанбай кетпегенін көрген емеспін. Керсінше оның тамашалауға тұрарлық тұсын естіп көрмеге әдейлеп келгендерді көрдім.
«Не қызықтырары бар» десең ойланып көрші. Біріншіден диаметрі 80 метрлік шар пішіндегі әлем бойынша жалғыз ғимарат.
Оны сыртынан және ішінен тамашалауға тұрарлық. Басқа мемлекет астанасында мұндай архитектуралық керемет жоқ, оны естен шығарма.
Өткен жазбаларымда Минск қаласында болғанымды жазып кеткенмін. Мысалға, ондағы Ұлттық кітапхана орналасқан шыны кубтың суретін көрсеткенмін. Осы ғимарат беларусь халқының руханият діңгегінің символы десемде қателеспеймін. Егер, архитектура жағынан біздің үлкен шарымызды, дәлірірек сферамыз беларустардың куб пішінді ғимаратымен салыстырсақ оның одан әлдеқайда ілгері тұрғанына көзіңді жеткізесің.
Жай ғана ғимарат емес. Монумент дер едім. Өзінің аурасы бар -Мемлекетіміздің болашағын қалайтын азаматтарға күш-қуат беретіндей. Ұлттық рухтың қуаттандырғышы.
Жазғанымды пафосты деп санаңдар. Тіпті ғимаратымды қазақстандық архитектор жобаламады деп кінә тағындар.
-Иә, Бәйтерекпен қатар тұрарлық ғимаратты неміс архитекторы Альберт Шпеер (кенжесі) жобалады. Бірақ ғимарат неміс елін емес біздің елді ұлықтап тұр.
Сфера, яғни, геометриялық пішімі ұнатпауы мүмкін сізді.
-Неге сфера?
Сфера болса әлемдегі жер қойнауынан шыққан соңғы мұнай тамшысын бейнелейді. Бұл ойды жеткеншек балаға көрменің екінші тематикалық павильоны жақсы жеткізеді. Неге жеткіншек балаға? Қырыққа келген мен «әлемді өзгертемін» деп ойламаймын. Мен болсам:
-«Мұнай бағасы» қымбаттап өскенін қалап, доллардың теңге қатысты курсына күнде көз салып күйбең өмір кешкен жанмын.
Жеткеншек балаға арналған тематикалық павильондағы (2-ші тематикалық) шоу тамаша ойластырылған!
Блог - bake: Экспресс саяхат: Өскемен-Астана-«EXPO-2017» көрмесі
Жеткеншек балаға сұрақ қойылады:
-Жердің жүрегі мұнайсыз (табиғи газсыз, көмірсіз) қалай соғады?
Және сол сұраққа тамаша жауап беріледі.
Бұл болса -әдейлеп ойластырылған көрме элементтері. Сол үшін ғана көрмені бала-шағамен тамашалауға тұрарлық.
Қандайда бір кеңес берген өңбейтін іс. Жақпай қалуың мүмкін. Соған қарамастан жалғыз кеңес бергім келеді.
Жалпы көрмеге алғашқы рет бара жатып одан не күтетіңізді «алдын-ала шешіп алғаннан гөрі» оның босағасын аттай сала атмосферасын сезуге тырысыңыз.
Көрме аяқталғанға 7 күн қалды.
Әрі қарай

Ватикан Кардиналы руханият көшбасшыларын əртүрлі ұлыстардың қарым-қатынасын нығайтуға шақырды

Астана жаңалықтары: Ватикан Кардиналы руханият көшбасшыларын əртүрлі ұлыстардың қарым-қатынасын нығайтуға шақырды

Конференция барысында әртүрлі дін өкілдері «ортақ үйді» қорғау мәселелерін және «жасыл» энергияны дамытуға әлем діндерінің үлесін талқылады.

Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Барлығымыз бірге ортақ үйімізге қамқор болайық» дінаралық конференция өтті. Оның бастамашысы — халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жеке павильонын ұсынған қасиетті Престол, адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон. Конференцияға халықаралық және жергілікті дін конфессияларының өкілдері қатысты. Басқосуды Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Қазақстандағы дінаралық диалог бойынша Папский кеңесі және Апостолдық нунциатуралар, сонымен қатар «Renovabis» неміс католиктік қайырымдылық ұйымы.

Күнтәртібінде «ортақ үйімізді» қорғау және «жасыл» энергияны дамытуға әлем діндерінің үлес қосуы мәселелері талқыланды. Осыған байланысты дін көшбасшылары біздің ортақ үйімізге қатысты ең күрделі мәселелерді шешу үшін көпвекторлы басқару құру бойынша халықаралық және аймақтық атсалысудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам бойынша министрі қатысушыларды қарсы алып, алғаш болып сөз сөйледі. Өз сөзінде ол екі ел басшыларының – Нұрсұлтан Назарбаев пен Папа Римский Францисконың арасындағы орнаған жақын әрі сенімді қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

-Бүгінде Ватикан Апостолдық нунциатура атынан елде бейбітшілік пен ұлыстар арасында келісім орнатуда Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылады. Біздің халқымыздың мәдениет пен рухани өмірінің дамуында өз рөлі бар. Биыл біз Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынастың 25 жыл орнағанын атап өтеміз. Біз бұл маңызды халықаралық форумда дін өкілдерінің тәжірибені жалғастыра отырып, белсенді қатысатындарына, жоғары дәрежеде өтетініне сенім білдіреміз, — деді министр Н.Ермекбаев.

Өз кезегінде кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон форумның өтуіне қолдау танытқаны үшін алғысын білдіріп, барлық адамдар жанұясы қызметінде қажетті «Болашақтың энергиясы» жүйесінің маңыздылығын тілге тиек етті.

Форум соңында қатысушылар шараны өткізу Қазақстан мен қатысқан ұлыстар өкілдері арасындағы қарым-қатынас тарихын нығайтуға айтарлықтай үлес қосады деген пікір білдірді.
Әрі қарай

Астанада "Әйелдер болашақ энергиясы үшін" халықаралық форумы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Әйелдер болашақ энергиясы үшін халықаралық форумы өтті

Бүгін Астанада халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Әйелдер болашақтың энгергиясы үшін» халықаралық форумы өтті.

Форум жұмысына әлемнің 25 елінен 300-ден астам делегат қатысты.

Шара аясында тараптар әйелдердің «жасыл» экономикада мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты екіжақты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар «таза» энергетикаға көшу жағдайында тұрақты және инклюзивті даму бойынша баламалы энергетикаға қатысты бірқатар өзекті мәселелер сараланды. Әйелдердің баламалы энергетика саласында және мемлекет, бизнес-сектор және азаматтық қауымдастық негізінде «жасыл» экономикада рөлі мен инновациялық идеяларды іске асырудағы үлесі сөз болды.

Әкімнің орынбасары Малика Бектұрова елорданың экономикалық өсімінің драйвері шағын және орта бизнес болып табылатынын айтты. Оның үлесі Астана ЖӨІ –де 46% құрайды, бұл республика аймақтары арасында үздік көрсеткіш. Бұл салада экономикалық белсенді тұрғындардың 60% еңбекпен қамтылған. ШОБ саласында гендерлік ерекшелікке бөлінбесе де әйелдердің кәсіпкерлік белсенділік деңгейі жақсаруда.

-Мемлекет тарапынан тиімді бизнес –климат қалыптастырғанның арқасында кәсіпкерлік саласы елордада кең қанат жаюда.

Мәселен, осы жылдың 7 айында ШОБ-та әрекет етуші субъектілердің саны 7%-ға өсті. Олардың өндіретін өнім көлемі 55,8%-ға артты. Өнеркәсіп өндірісі 4,2%-ға көбейді, негізіне машина құрылысы мен металлургия және Индустриаландыру картасына енген жобалар (24 кәсіпорын) есебінен ұлғайды. Инвестиция 7,3%-ға өсті, оның ішінде шетелдік инвестициялар екі есеге артты. 11 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 85% — ШОБ саласында. Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға дейін төмендеді, — деп мәлімдеді Малика Бектұрова.

Айта кетейік, елордада кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар аясында көрсетіліп жатқан қолдаулар септігін тигізуде. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Оның аясында 773 жоба қолдау атуып, 5 мыңнан астам сапалы жұмыс орындары ашылды және 8 мың орын сақталды.

Экономиканың сауда, құрылыс және көлік дәстүрлі секторларымен қатар, әкімнің орынбасары экономиканы дамытудың жаңа драйверлерін дамыту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Атап айтар болсақ, экономиканың 10 секторы – құрылыс кластері, заманауи өндіріс, туризм, АХҚО, мемлекет секторы үшін қызмет, сауда және логистика, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, креативті секторлар дамуда.

-Қазіргі таңда елдің барлық аймақтарында жоғарыда аталған бизнесті қолдау бойынша бағдарламаларды құру және қабылдау, жүзеге асыру бойынша Астананың сәтті тәжірибесі қолданылуда, – дейді Малика Бектұрова.
Әрі қарай

Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады

Астана жаңалықтары: Астанада Рухани жаңғыру бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады

Елордалық әкімдікте Астана қаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады. Жобалық кеңсе ұсыныстар мен ескетпелерді қабылдайды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Елбасының бағдарламасын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кез-келген сұрақ бойынша Астана қ. жобалық кеңсесінің сенім телефондарына хабарласа алады: 55-67-92, 55-67-93, немесе Astana.rzh1@gmail.com электронды мекен-жайға хат жолдай алады.

Онымен бірге тұрғындар өздерінің ұсыныстары мен тілектерін Астана қ. әкімдігінің ресми сайтынаhttp://astana.gov.kz жібере алады («Белсенді азамат» айдары, (Сіздің бастамаңыз).

Кеңсе Бейбітшілік көшесі 11, №409 бөлмеде орналасқан.
Әрі қарай

Алматы облысында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Алматы облысында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Тұңғыш рет Талдықорған қаласында облыстық прокуратурада Конституция күніне орай азаматтарды қабылдау орталығы салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Азаматтарды қабылдау орталығы облыстық прокуратураның бақылау-өткізу пунктінің орнында бой көтерді. Орталықтың жұмысы «бір терезе» жүйесі бойынша жүзеге асырылады, яғни азаматтар барлық мәселелерін тек бір жерден шешу мүмкіндігіне ие болды. Осындай жаңа форматтағы жүмыстың арқасында жетісулықтар білікті заңгерлердің көмегіне тікелей жүгіне алады.
Жаңа орталық прокуратура мен халық арасында тығыз қарым-қатынасты орнатып, арадағы көп ресми рәсімдердің қысқаруына көмектеседі. Кезекші прокурорлар халыққа тікелей көмек көрсететін болады.
Орталықта азаматтар мемлекеттік мекеме басшыларына видео жазу арқылы сауалдарын қоя алады. Сондай-ақ, облыс тұрғындары прокуратураның барлық деңгейдегі басшыларының қабылдауына жазылуға мүмкіндік туғызылған. Азаматтар өтініштерінің қаралу барысы жайлы ақпарат пен жауаптардың көшірмелерін де ала алады.
«Жаңа орталықтың ашылуы халыққа сапалы қызмет пен қолжетімді заңға байланысты қызметтер көрсетіледі. Ең бастысы халық пен прокурорлар арасында ешқандай әкімшілік кедергілер болмайды. Бұл прокуратура қызметкерлерінің халықпен жұмыс жасаудың сапасын жақсартудағы маңызды қадамдарының бірі. Бұрынғы кездердегідей келушілер прокуратура алдындаңы ескте күтіп тұрмайды, себебі Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, кезектің электронды түрде жүруі де іске асырылған. Бұл екі жаққа да уақыт үнемдеу үшін тиімді», — деді Алматы облысының прокуроры Жылқыбаев Азамат.
Әрі қарай

«Astana FM On Air» фестивалінде эстрада жұлдыздары тек жанды дауыста өнер көрсетеді



Ерлан Көкеев және «К7» тобы кештің хедлайнері болады, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Кешке 4 қыркүйекте амфитеатрда ЭКСПО көрмесі аумағында «Astana FM On Air» фестивалі аясында елорданың үздік әртістері өнер көрсетеді.

Фестивальді «Астана» радиосы ұйымдастыруда.

Танымал орындаушылардың қатарында Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, Ерлан Көкеев және «К7» тобы, Бауыржан Исаев, Маржан Арапбаева, Құрмаш Махан, Дос, «Ағайынды Жүгінісовтер» және т.б. жұлдыздар бар.

«Бұндай ауқымда әрі форматта фестивальді алғаш ұйымдастырып отырмыз. Бұл форумның басты ерекшелігі – әншілер тек жанды дауыста өнер көрсетеді. Ерлан Көкеев және «К7» тобы және Қайрат Баекеновтың «Формат» тобы кештің хедлайнері болады». Әншілер көрме аумағында амфитеатрда қала тұрғындары мен қонақтары үшін өнер көрсетеді», — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне «Астана» радиосының басшысы Кирилл Волков.

«Astana FM On Air» продюсері Сымбат Талғатқызының сөзіне қарағанда, фестивальде 30-ға жуық музыкант өнер көрсетеді.

«Astana FM On Air» фестивалінің тікелей таратылуын «Астана» радиосы сондай-ақ ЭКСПО көрмесінің сайты арқылы естіп, көруге болады.
Әрі қарай