Елорда әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыланды

Астана жаңалықтары: Елорда әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыландыЕлбасы өзінің мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмін нақты әрі түсінікті белгіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өскелең ұрпақ бойында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы патриотизм рухының қалыптастыру мәселелерін әріптестерімен жиналыста талқылады.

Басқосуда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар түсіндірілді. Жергілікті басқару мамандары қоғамға болашаққа қалай қадам басуы керектігі, жауапкершілігі жоғары және мықты адамдардан ұлттың бірлігін берік ету әңгіме арқауына айналды.

Бұдан бөлек, жиналыста елорданың 20 жылдығына дайындық жұмыстары да сараланды. Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды. Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов өз пікірін білдіріп, астананың 20 жылдығына ескерткіш орнатуды әкімдік қызметкерлеріне ұсынды. Оның ойынша, барлық қазақстандықтар бұл датаны есте сақтап қалу керек.

-Астананың 20 жылдығына барлығын «Ару Астана» ұранымен жасау керек. Биыл бізде маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Астанада көптеген шаралар өтті. Қалада елорданың 20 жылдығымен байланысты ескерткіш қою керек. Біздің қаламызды ондай ескерткіштер саусақпен санарлық. Анкарада Астана қаласының мәдениет күндері өткенде, онда әдемі қазақ қызының бейнесіндегі ескерткішорнатылды және ол тас мүсін әлі күнге тұр. Бұл – тарих. Сондай ескерткіш біздің астанамызға да қажет, — деді Талғат Теменов.

Басқосуда кез келген елдің болашағы оның тұрғындарына байланысты болатыны айтылды. Оны құруда адамдардың санасын өзгерту керек. Мемлекеттің бүгіні мен ертеңі әр қазақстандықтың тағдыры.

Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 қосымша бағдарламасы — «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани казына», «Ақпарат толқыны» бар. Әрқайсымыздың міндетіміз – қоғамдық сананы жаңғырту.
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар

«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі шығарылымында 2-айналымның кезекті ойыны өтті. Қонаққа келген «Бақсы» командасы (Алдан Жылгелді, Абылай Әділханов, жаңа құрамда — Ерлан Оспан, Айымзада Сәндібаева) 4:7 есебімен жеңіліп қалды.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар
1.Бірінші сұрақ. Философ Лосевтің пікірінше, этиканың АЛЬФАсы жақсылық пен жамандықтың шекарасын анықтаудан тұрады. Имам Мәмлүк Мұсаевтың айтуынша, қияметтің АЛЬФАсы — намаз. Психолог Римантас Кочюнастың ойынша, клиентпен кездесуде АЛЬФА құқығы консультантқа тиесілі. АЛЬФАны екі сөзбен атаңыз.

2.Интернеттік сленг құдіреті ме, осы жекпе-жек спорт түрінен бүкіләлемдік федерация өз атауын өзгертуге мәжбүр болды. Қандай спорт?

3.Есікте жасауыл бар екі қатар,
Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар.
Ол адам /мүжіліп/, жәбірленіп тұрғанында,
Біреу кеп ар жағынан әрі тартар,
Алып барып онан соң қинап жанын.
Кездіріп талай өзен сайдың бәрін,
Ләззатын сол сайлары алып қалып,
Шығарып тастайды екен ғазиз тәнін.
Қазақ жұмбағы бұлай қандай процесс жайлы айтқан?

4.2013 жылы Прагада Чемпиондар лигасының жеңімпазы Андрей Шевченко, әлем чемпионы Роналдо, екі дүркін Олимпиада чемпионы, тау шаңғышысы Альберто Томба, «Үлкен дулыға» иегері Рафаэль Надаль, әлем және Олимпиада чемпионы, көгалдағы хоккейші Фатима Морейро де Мела қайырымдылық мақсатта Х-тен турнирге қатысты. Шевченко 2005 жылы Чемпиондар Лигасында Х істеген, ал Роналдо Бразилия үшін ешқашан Х жасамаған. Х-ті атаңыз.

5.Карталармен ойналатын «ойынында» ойыншыға шайқастар, әзәззілдік шиеленістер жасау және билікті бөлу арқылы 15 билік жетонын жинап алу керек. Алдыңғы сөйлемде қандай сөз тастап кеттік?

6.Өткен ғасырдың ортасында Еуропаның кей елдерінде символы — түйенің қаңқасы болып табылатын адамдардың өзіне қатысты әлеуметтік акциялар өтті. Ал ол акциялар неге / неге қарсы бағытталған?

7.«Буракумин» атты жапон кастасының ұрпақтары бүгінгі күні де жиі «таза емес» еңбекпен айналысады. Қазір олардың біразы алғашқылары ХХ ғасырдың ортасында пайда болған зиянды қалдықтар шығаратын кәсіпорындарда жұмыс жасайды.

8.Бұл кеңестік фильмнің титрлеріндегі заманауи шрифт шіркеулік славян қаріптермен кезектесіп келеді. Фильмді атаңыз.

9.«Қазақ қызы ұзатылғанша, негізінде, екі-ақ түрлі жұмыс істейді: /сөздер қалдырылған/, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады» дейді Ғабит Мүсірепов. Кең таралған қазақ әнін еске ала отырып, тағы не істейтінін табыңыз.

10.Ньюфаундленд аралындағы Гандер қалашығы өткен ғасырдың 50 жылдары (әуе жолын игеруде) жоғары маңыздағы қала болатын, бірақ техниканың дамуымен өз маңызын жоғалтты. Алайда бірде (жаңа ғасырда) Гандер тағы да маңызды рөл ойнады. Гандердегі халық саны уақытша бір жарым еседен артық көбейген күнді — датаны нақты атаңыз.

11.Камагуэйдің тумасы Оскар Рене́ Бра́йсон Вида́ль — Бейжің Олимипиадасының қола жүлдегері, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Орталық америка және кариб бассейні ойындарының чемпионы, Панамерика ойындарының екі мәрте жеңімпазы. Оның тағы қандай атағы бар екенін табыңыз.

Ойын аудиосын осы сілтемеден тыңдауға болады.
Әрі қарай

Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Шымкент — еліміздегі туристік әлеуеті жоғары бірден-бір кент. Ауа-райының қолайлығы, Оңтүстікте көрікті мекендер мен тарихи-мәдени мұралардың молынан шоғырлануы туризм саласын дамытуда жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік береді. Тіпті қыс мерзімінде де таулы курорттардың жұмыс істеуі, қалған айларда түрлі шипажайлардың қызметі Оңтүстікке келушілердің санын көбейте түсері сөзсіз. Ал, Шымкент қаласындағы қонақ үйлер индустриясының соңғы жылдарда қарқынды түрде дамуы туризмнің жаңа деңгейге көтерілуінің айғағы.

Шырайлы Шымкентке қош келдіңіздер!

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Егер де сіз ұшақпен келсеңіз, аэропорттың алдында «Оңтүстік туризм» ақпарат орталығының туристерге ақпарат беретін дүңгіршегін көре аласыз және қызметін пайдалана аласыз. Егер бұл жер жабық болса 8(7252)400700 телефоны арқылы шырайлы Шымкент және Оңтүстік туралы пайдалы ақпараттар ала аласыз.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Егер де сіз шырайлы Шымкентке пойызбен келсеңіз сізді мынандай көрініс күтіп тұр. Теміржол вокзалының алдында да «Оңтүстік туризм» ақпарат орталығының дүңгіршегін көре аласыз.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Шымкентке жетіп алдық. Енді қонақүй іздейміз. Қалтаңызға қарап, қаламызға сән беріп тұрған «Риксос Хадиша» қонақүйінен бөлме шешіңіз %)

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Шымкент қаласында алпысқа жуық қонақүй мен хостел бар. Қонақүйлердің бағасы тәулігіне 10 мың теңгеден басталады. Ал хостелдерде үш есе арзанға орын табасыз. Бағасы демекші, толық ақпаратты әрине, «Оңтүстік туризм» орталығынан және букинг сайтынан ала аласыз %)

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Жатын жер мәселесін шештік. Енді тамақтанып алайық. Шырайлы Шымкентте 700-ге жуық дәмхана, кафе, ресторан, тойхана бар. Тәулік бойы жұмыс істейтін кафелер аз. Таңғы асты тәулік бойы жұмыс істейтін «Бауырсақ», «Ватслав» немесе «Ямайка» кафелерінен іше аласыз. Сонымен қатар «Шымкент» кафесі де тәулік бойы жұмыс істейді.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Бұрын басқа қаладағылар қызығып «Сендерде шашлык шынымен де 150 теңге ме?» деп сұрайтын. Доллардың көтерілуімен қазір шашлык бағасы да көтерілді. Шымкенттегі көптеген кафелердің шашлыктары өте дәмді. «Физули» кафесінің кәуаптарын жеуіңізді ұсынамын.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Өйткені шашлыктар астында шоғы бар арнайы ыдыста келеді және тамақтанып жатқан кезіңізде суып қалмайды.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Тамақтанып алдық, енді қыдырайық %) Шымкент — қызғалдақ қаласы.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Шымкент қаласында Қазақстандағы ең үлкен дендропарк бар.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Дендропарк 1979 жылы салынды. Ішінде 600-ге жуық өсімдік бар. Ішіндегі көлде аққу, қаздар жүзіп жүреді.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Қаламызда дендропарктің жанында зообақ та бар. Одан бөлек серуендеу үшін парктер де бар. Орталық саябақ, «Кең баба» этнопаркі, «Жеңіс» саябағы, «Тәуелсіздік» паркі, «Абай» паркінен бөлек кішігірім парктар мен аллеяларда сурендеуге болады.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

«Тәуелсіздік» саябағында Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бері жеткен жетістіктері туралы жазылған бағандар бар.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

«Жайлаукөл» саябағына барып, Шымкентке жоғарыдан қарап көрсеңіз болады %)

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Саябақта катамаран жалдап «Махаббат аралына» барып қайтсаңыз да болады %)

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Парктерді аралап болсақ ойын-сауық орталықтарын аралауға болады. Былтыр ғана пайдалануға берілген «Шымкент плазада» шоппинг жасауға, қарныңыз ашса KFC тауығынан дәм татыңыз %)

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Жаныңызда кішкентай балалар болатын болса «Мега планет» немесе «Фиркан сити» ойын сауық орталықтарына да барып көңіл көтеруіңіз қажет.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

"Қиял әлеміне" барып, түрлі аттракциондармен уақыт өткізсеңіз болады.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Кешкісін қаланы қыдырамын десеңіз, "Қиял әлемінің" алдында қызыл автобустар тұрады. Билет алып Шымкенттің көрікті жерлеріне тур жасауға сізде жақсы мүмкіндік бар.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Шымкент қаласы ескеркіштерге өте бай қала. Солардың бірі және міндетті түрде көру керегі — Бәйдібек би ескерткіші. Алып ескерткіштің биіктігі 10 метр келетін болса, салмағы 9 тонна тартады.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Қаланы аралап шаршасаңыз, Шымкентті қақ жарып, қаланың ішін бойлай ағып жатқан "Қошқар ата" өзеніне бір сүңгіп алыңыз %) Өзен суының денсаулыққа тигізер пайдасы мол. Әсіресе буыны ауырып, балтыры сыздағандар мен сүйек, ас қорыту мүшесі мазалағандарға бұлақтың суы таптырмас ем.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Салқындап болған соң «Мадлен» немесе «Ладушки» кафетерияларынан дәм татып, шай-кофе ішіңіз.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Егер «пафосты» жер іздесеңіз «Мейрам» тобының кафе-ресторандарынан тамақтана аласыз.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

«Көксарай» кафесіне барып палаудың түрлерінен дәм татып, «Тәшкен» шайын ішсеңіз дәмі ұзақ уақыт есіңізде қалады %)

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Шымкентке келгенде «Теріскей» мөлтекауданында балмұздақ жемесеңіз де, «Барно» квасын міндетті түрде ішу керек %)

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Қазақстанның көптеген қалаларында болдым бірақ «Шымкент» сырасын Шымкентте ішу керек. Басқа қалаларда дәмі бұзылып кетеді екен %)

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Егер қаланы аралап болсаңыз, Оңтүстіктің басқа да тамаша жерлеріне саяхаттасаңыз болады. Ал, ақпаратты «Оңтүстік туризм» ақпарат орталығынан алсаңыз болады. Тек ақпарат қана алып қана қоймай, Оңтүстік туралы жазылған кітапшалар да ала аласыз.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

"Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол «әулие» болмаса, неге қалған?" демекші, алдымен Қазығұрт ауданына бару керек. Мұнда Кемеқалған монументі, музей және Ысмайыл ата мен Ысқақ ата кесенелері бар.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Түркістанға барып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етіңіз.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Түркістаннан Шымкентке қайтар жолда бабтардың бабы — Арыстан баб кесенесіне соқсаңыз жақсы суреттер түсіре аласыз.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Оңтүстік өлкесінің қай-қай жері де қасиетті әулие-әмбиелерден кенде емес. Тамырын тереңнен тартқан сондай киелі орындардың бірі деп Қазығұрт тауының етегінде жатқан Ғайып ерен, Қырық шілтен мекенін айтуға болады.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Уақыт болса Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне бару керек.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Әлбетте, табиғаты тамаша «Ақсу-Жабағылы» қорығын да ұмытпау керек.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Тылсым да таңғажайып жер — Ақмешіт үңгіріне барып, дұға етсеңіз болады.

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен

Ия, байқағандарыңыздай Оңтүстікте қыдыратын, көретін жер өте көп.

Ал шырайлы Шымқаламыз әдемі болса, тағамдары дәмді, ал халқы өте қонақжай! Келіңіздер, көріңіздер!

Блог - shota2030: Шымкент - дәмді, шырайлы, шын жүректен
Әрі қарай

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға спортпен шұғылдануға жағдай жасалуда


«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров«Астана – рухы мықты адамдардың қаласы» – «Астана – город сильных духом людей» бағдарламасын орындау аясында қала әкімінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

— «Саламатты болашақ» бірлескен жобасы аясында «Асыл бала» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен бүгін қалада алғашқы бейімдік жүзу бойынша секция ашылуда. Сондай-ақ, оқушылар сарайында бейімдік каратэ секциясы ашылып, жұмыс істеуде, — деп атап өтті Бақыт Сапаров қала әкімі Әсет Исекешевтің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуінде.

Бұдан бөлек, бағдарламаны жүзеге асыру аясында Астанада «Білімде төзімділік» халықаралық конференциясы өткізілді. Жеке балабақша базасында инклюзивті енгізу мақсатында эсперименталды алаң ашылды, балалар үшін «Сау денеде – сау рух» қалалық спорт турнирі өткізілді, «Баланы мектепке дайындаймыз» жобасының аясында 200-ден астам балаға мектеп құралдары табысталды.

Сонымен қатар, Б.Сапаровтың сөзінше, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тұрғындардың аз мобильді топтары үшін қолжетімді орта құру үшін рейдтік тексерістер жүргізілген. Рейд барысындажүз нысанның 33-і құжаттандырылған. Қалғандары аяқталу үстінде.

Бұған дейін хабарланғандай, Астана 2020 жылға дейін ашық, қауіпсіз, ақылды, жайлы, экологиялық тұрақты қалаға айналуға ұмтылуда. Онда әр тұрғында барлық әлеуметтік игіліктерге тең қолжетімділік болады.

Қала әкімдігі Астана тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған елорданың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы өзгертілген болатын.
Әрі қарай

Астанада отбасылық дуатлонның жеңімпаздары анықталды

Астана жаңалықтары: Астанада отбасылық дуатлонның жеңімпаздары анықталды

Спорттық жарысқа 32 отбасы қатысты, олар жүгіруден, велосипед тебуден өзара сынға түсті, деп xабарлайды елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Жарыс қорытындысы бойынша 9-11 жас аралығындағы санат бойынша бірінші орынды Степногордан келген Пономаревтер (Максим, Елена және ұлы Максим) отбасы иеленді.

Бұл олардың екінші жеңісі.

«Отбасылық дуатлонға қатысу біздің дәстүрге айналды. Өткен жылы біз осы жарыста жеңіске жеткен болатынбыз. Биыл да сол нәтижеге қол жеткізгіміз келді. 1 жылдай жаттықтық, жеңіске қол жеткіздік,- деді медиа орталық тілшісіне Максим Пономарев.

12-14 жас аралығындағы ең үздік отбасы атанғандар- Вишняковтар отбасы (Максим, Инна және оның қызы Анастасия).

Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар-тұрмыстық теxника, балаларға-ноутбук сыйға тартылды.

Отбасылық дутлон бойынша жарыстар 10 қыркүейектк Отбасы күні аясында елордалық триатлон саябағында өтті.

Отбасылық команда 4 шақырым 300 метр қашықтыққа жүгіріп, өзара бақталасты.

Отағасылар 2 шақырымға жүгіріп, эстафетаны әйелдеріне тапсырды, олар өз алдына велосипедке мініп, жарысқа түсті. Жарыстың ең кішкентай қатысушылары-балалар 300 метр қашықтыққа жүгірді.

Отбасылық дуатлон бойынша жарыс Астана қ. Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді.
Әрі қарай

Астанада плейсмейкинг арқылы аудандарды қалай жандандыру және тұрғындарды түрлендіру процесстеріне қалай тарту керектігі туралы айтып берді

Астана жаңалықтары: Астанада плейсмейкинг арқылы аудандарды қалай жандандыру және тұрғындарды түрлендіру процесстеріне қалай тарту керектігі туралы айтып берді

8 қыркүйек күні елордада көлік және плейсмейкинг саласы бойынша АҚШ-тың белгілі сарапшыларының бірі Эндрю Ховар­д «Менің ауданымның гүлденуі» ашық дәрісін оқыды.

Астанадағы кездесуінде американдық урбанист өзінің тәжірибесімен бөлісті, Be­tter Block қалалық инфрақұрылымды тестілеу әдіснамасының қалай құрылғаны туралы айтып берді. Сонымен қатар плей­смейкинг арқылы аудандағы өмір сапасын қалай жақсартуға болады, қалай жандандыру керек, өзгеру процессіне тұрғындарды қалай тартуға болады деген сұрақтара жауап берді.

Бүгінде Better Block жобасы – көлік және плейсмейкинг саласындағы ең сәтті жобалардың бірі. Ол 2007 жылы Эндрю Ховард Далластың шет жағында орналасқан қылмысты көшелерінің бірін өзгерту бойынша бір күндік экспериментін жасаған кезде құрылған.

— Алғашқы Better Bloc­k мен үшін маңызды болды. Қобалжыдым. Мен14 жыл жоспарлаумен айналысқаннан кейін қағаз бен компьтерлік модельге түсіргеніммен бөлісуге мүмкіндік алдым. Жаяу жүргіншілер бағыты жұмыс істеп тұр. Тіпті Техаста да! Мен жергілікті тұрғындарды экспериментке қатысуға шақырдым, ал дәлірек, тротуарлар бойына гүлдерді қойып, кафелердің үстелдерін жаяу жүргіншілер өтетін жерге шығаруды, тосыннан аялдамалар ұйымдастыруды, жаяу жүргіншілер өткелін салуды және иесіз қалған гаражды балалар арт-студиясына айналдыруды ұсындым. Команданың жақтастары қалалық әкімшіліктің назарын тұрғындардың сұранысына аударды. Бұл осы аудандағы аймақтандыру ережесінің өзгеруіне әкелді. Осылай Better Block пайда болды, — деп Эндрю Ховард жобаның тарихымен бөлісті.

Одан кейін екінші Better Block-тан кейін урбанистің сөзінше, оны жұмыстан шығарып жіберген.

-Мені жұмыстан шығарған соң біз Team Better Block іске қостық. Бұл менің өмірімді өзгертті. Сіз жақсы көретін нәрсеңіз үшін шығарып жібергеннен қорықпаңыз, — дейді урбанист.

Айта кету керек, Эндрю басқаратын Bet­ter Block компаниясының портфолиосында – бұл ұқсамайтын орындар текстурасына және аудандардың қалыптасқан мәдени дәстүрлеріне құрметпен ұйымдастырылған қоғамдық кеңістікке ақырындап басып кіру сенімді үлгілері бар.

Ашық лекцияға қатысуға барлық қызығушылық танытқан тұрғындар және мекемелер шақырылды. Дәріс тыңдауға «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ кеңсесіне студенттер, кәсіби қоғамдастық, азаматтық белсенділер, бизнес пен қалалық басқармалардың өкілдері жиналды. Барлығы 60 адам қатысты.
Әрі қарай

Астанада 73 мыңға жуық оқушы тегін тамақтанады



Астанада жаңа оқу жылында 73 мыңға жуық мектеп оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 3,5 млрд.жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Елорданың 84 білім беру мекемесінде бастауыш сынып оқушыларының барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар 5-11 сыныптардар оқитын аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларда тегін ыстық тамақпен қамтылады», — деді қалалық білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Әсем Үсенова.

Оның айтуынша Астана мектептеріндегі асханаларда 26 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Жаңа оқу жылына дайындық барысында барлық мектептердің асханалары ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті.
Әрі қарай

Астанада «Денсаулық фестивалі-2017» жүздеген адамды жинады

Астана жаңалықтары: Астанада «Денсаулық фестивалі-2017» жүздеген адамды жинады

Бүгін елорданың триатлон-бағында қоғам назарын гиподинамия мәселесіне аудартуға және де белсенді өмір салтын дамытуға бағытталған «Денсаулық фестивалі-2017» өтті.

Биыл фестиваль елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыратын қызметтің құрылғанына 20 жыл толуына арналған. Шараның ұйымдастырушылары — Астана қаласының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Фестиваль 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» медицина саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында өтті.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Камалжан Надыров фестивальдің ашылуында қала тұрғындары бұқаралық спортты насихаттайтын осындай шараларға белсенді қатыса бастағанын айтты.

-Жалпы Астананы спорт қаласына жатқызуға болады. Сіздер білесіздер, Астанада көптеген бұқаралық спорттық шаралар өтіп тұрады. Сондықтан мен ойлаймын, біздің тұрғындарымыз мұндай шараларға үйренген және осындай бастамаларға сөзсіз, жақсы қабылдап, қатысады. Жыл сайын спортпен шұғылданатын адамдар саны көбейетініне сенімдімін. Бұл өте дұрыс! Өйткені, физикалық белсенділік деңгейі ұлттың дамуымен, мәдениет деңгейімен тікелей байланысты, — дейді Камалжан Надыров.

Сонымен қатар, дәрігерлер салауатты өмір салтын насихаттап жүретінін айтты. Атап өту керек, дәрігерлер дертті емдеумен күреседі, ал әр адам өз денсаулығын ойлау тиіс. Бұл адам баласының ұранына айналуы керек.

-Астанада күн сайын ешқандай қосымша шығынсыз, әр тұрғын өз денсаулығына көңіл бөлу үшін жақсы жағдай жасалуы керек, — деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

«Денсаулық фестивалі-2017» шарасы барысында олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев және Бақтияр Артаевпен бірге жаттығу жасалды.

Сондай-ақ фестиваль аясында бірқатар шаралар өтті. Атап айтар болсақ, «Жүру марафоны», «Біз салауатты өмір салты үшін» акциясы «Сау рух» ұранымен жарыс, «Менің денімнің саулығы – елімнің саулығы» флешмобы ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек джиу-джитсу стилінде жекпе-жекшілер, скандинавтық жүру бойынша спорт шеберлері,әртістер үлгілік өнер көрсетті. Сонымен қатар елорда ардагерлерімен жаппай жаттығу жасалды.

Кең ауқымды акцияға елорданың барлық қызығушылық танытқан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жарыстарда ерекше көзген түскен спортшылар Астана қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Әрі қарай

«Астана марафон-2017» жеңімпаздары 850 мың теңге алады

Астана жаңалықтары: «Астана марафон-2017» жеңімпаздары 850 мың теңге алады

Жарысқа қатысу үшін 15 елден өтініш келіп түскен, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Жарысқа Ұлыбритания, АҚШ, Украина, Испания, Ресей, Польша, Нидерланды, Малайзия, Қытай, Қырғызстан, Кения, Италия, Үндістан, Германиямен Австрия сынды елдерден спортшылар қатысады.

«42,2 шақырым қашықтыққа астаналық марафон бойынша жүлде қоры бекітілді. Жеңімпаз (әйел не ер адам) 850 мың теңге көлемінде ақшалай сыйға ие болады», деп хабарлады медиа орталық тілшісіне «Астана марафон» директоры Гаухар Брамлей-Фентон.

Биыл марафон елордада, 17 қыркүйекте өтеді. Спортшылар 3 қашықтықта өзара сынға түседі. Атап айтқанда, 42,2 шақырым – бұл ең төзімділер үшін, 21,1 шақырым – дайындығы мықты спортшылар үшін, әуесқойлар үшін – 10 шақырым.

Онымен бірге марафон аясында скандинав жаяу жүру бойынша жарыс қарастырылған.

Шараға әлемге танымал Кениялық жүгірушілер қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде Саймон Кипругут Кируй, Генри Кипсанг және Чебой Хильда Джепкогей бар.

Марафон 17 қыркүйекте, ЭКСПО көрмесіне қарама-қарсы орналасқан Р4 көлік тұрағы аумағынан басталады.
Әрі қарай

«Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысында қазақстандықтар үшін 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады

Астана жаңалықтары: «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысында қазақстандықтар үшін 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады

Онымен бірге жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарламаны әзірлеу жөнінде келесімге қол жеткізілді, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Кездесу барысында «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы «Абу-Даби Плаза».кешенінің құрылысы аяқталған соң, Қазақстан азаматтары үшін 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатынын хабарлады.

Тараптар «Абу-Даби Плаза» нысанында жұмысқа ие бола алатын жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде келісімге келді.

«Абу-Даби Плаза» кешенінің жобасын іске асыруға 17 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 9,5 мыңы біліктілігі жоғары қызметкерлер – инженерлер, мұнаралы кран операторлары, қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар.

Қазіргі уақытта құрылысқа 3,5 мың қазақстандық азамат тартылған.

Жобаның іске асуына ұсынылып отырған 267 компаниямен АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Испания, Ирландия, Ресей, Украина сынды 43 елдің азаматтары қатысуда.

Айта кетейік, «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Жоба бойынша инвестиция көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрайды. Құрылыс халықаралық стандарт және жаңа құрылыс технологиялары бойынша жүргізілуде.
Әрі қарай