Астаналықтар " Денсаулық қалашығында" болып қайтты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар  Денсаулық қалашығында болып қайтты

Бүгін, 27 қыркүйек күні, Дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде «Хан Шатыр» ОССО аумағында елорданың әр тұрғыны мен қонағына жедел тегін тексеруден өту мүмкіндігі берілген «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы өтті.

«Сау жүрек – басты байлық» ұранымен акциясы Денсаулық сақтау басқармасымен және елорданың Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментімен ұйымдастырылды.

Осы іс-шараның мақсаты – халықты салауатты өмір салтын жүргізуге уәждемелеу, азаматтардың уақытылы скринингтік тексеруден уақытылы өтуі туралы ақпараттандыру, қан айналысы жүйесінің ауруларының алдын алу бойынша жұмысқа алуан түрлі қоғамдық институттардың өкілдерін тарту.

Сауда орталығында ұйымдастырылған «Денсаулық қалашығы» сауда орталығы 4 аймаққа шартты бөлінген. «Денсаулық аймағында» эндокринолог, кардиолог, невропатолог қабылдады. Мұнда артерия қысымын өлшеуге, қант деңгейін, қандағы холестеринді анықтауға, май тініндегі дененің бұлшықет массасының есебімен өз денесінің масса индексін білуге болады. «Дене белсенділігі аумағында» ЕДШК дәрігерінің кеңесін алды. Ол қандайда бір өзге аурулар кезінде, атап айтқанда жүрек аурулары кезінде дене жүктемесі бойынша ұсыныстар береді. Сондай-ақ «Дұрыс тамақтану аумағы» жұмыс істеді. Мұнда келушілер нутрициолог дәрігерінің кеңесін алды. Және төртінші – «Ақпараттық аумақта» тілек білдірушілер «Асқынған қан тамыры синдромы», «Артериялық гипертония», «АҚ қалай дұрыс өлшеу керек», «Инфарктің бірінші белгілері» тақырыбында қысқа дәрістерді тыңдап, қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алды.

«Денсаулық қалашығының» мамандары сағат 18:00 дейін жұмыс істеді.

Атап өтетін болсақ, 20 қыркүйектен 29 қыркүйек аралығында республиканың барлық өңірлерінде Дүниежүзілік жүрек күніне арналған қан айналысы жүйелері ауруларының алдын алу бойынша онкүндік өтті.
Әрі қарай

Астана ойын-сауық орталықтарына келушілер саны екі есеге артты

Астана жаңалықтары: Астана ойын-сауық орталықтарына келушілер саны екі есеге артты

ЭКСПО көрмесі өткен үш айда елорданың сауда орталықтары мен мен ойын-сауық орталықтарына келушілер саны артып, тәулігіне 70 мың адамға жетті, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Рысгүл Қауғабева.

«Сауда ойын-сауық орталықтарына (СОСО) келушілер саны бұрнағы жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Мәселен, өткен жылдардың осы кезеңінде бір күнде 33 мыңға жуық адам келсе, биыл бұл көрсеткіш тәулігіне 70 мыңды құрады. Сондай-ақ елорданың барлық сауда орталықтарында көрме кезінде кең ауқымды мерекелік шаралар өткізілді. Дәлірек айтсақ қаладағы СОСО 180-ге жуық шараны өткізді», — деді Р.Қауғабаева.

Айта кетейік, Астанада 8 ірі сауда ойын-сауық орталығы жұмыс істеп тұр.

«Көрме кезінде келушілердің санын арттыру мақсатында олар кәдесый өнімдерін сататын арнайы дүңіршектер ашып, балалар демалысын дамытты. Себебі, жаз мезгілі балалардың оқу демалысына шыққан кезі болатын. Бұдан бөлек, түрлі event шаралар өткізді. Жалпы, СОСО келушілер саны мен сауда көлемінің артқаны байқалады», — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ жаз айларына елорданың бірқатар базарлары келішулердің жайлылығы мен қолайлығы үшін жұмыс уақытын өзгеркен болатын.

«Ал базарларды алатын болсақ, мұнда да өсім көлемі 2-2,5 есеге артты. Қала базарларына келушілер саны бір күнде 15 мыңға дейін жетті. Көрме аяқталысымен қала базарлары белгіленген кестеге сейкес, бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр», — деді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Р.Қауғабаева.
Әрі қарай

Бүгін Астанада жылу маусымы ресми басталды

Астана жаңалықтары: Бүгін Астанада жылу маусымы ресми басталды

Сейсенбі күні Астана әкімі Әсет Исекешев Қазақстан елордасында 2017/18 ж. жылу маусымының басталуы туралы қаулыға қол қойды, деп астаналық әкімдік медиаорталығы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, Астана қаласындағы мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімімен бекітілген Астана қаласындағы жылу маусымына дайындық және өткізу қағидаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі Астана қаласында 2017 жылдың 27 қыркүйегінен бастап 2017/18 ж. Жылу маусымының басталуын қаулы етті, — делінген астаналық әкімдіктің медиорталығында орналасқан қаулы мәтінінде.

Осыған орай, құжатта «Астана қаласының Энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдау тапсырылғаны айтылады.

Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетовке жүктелді.

Еске салатын болсақ, жуырда мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарына жылу беру басталды.

Алдында қалалық энергетика басқармасында елорда мектептерінің, ауруханалары мен мәдениет нысандарының жылу маусымына 100%-дайындығы туралы мәлімденген. Көп қабатты үйлер де іс жүзінде жылу қабылдауға толығымен дайын.
Әрі қарай

Қауіпті нүкте

Ерлан Қарин мен Джейкоб Зенн «Между ИГИЛ и Аль-каидой: Центральноазиатские боевики в Сирийской войне» атты кітабын оқып шықтым. Кімдерге оқуға кеңес берем: дінтанушылар мен теологтарға және сыртқы саясат пен ішкі тұрақтылықты бағдарлайтын азаматтарға.
Қандай қызықты фактілер көрсетілген: біріншіден, Орталық Азияға теріс ағымдардан қайдан келді, неге келді, қандай мақсатта; Сирия, Ирақ, Ауғанстандағы жағдайлардың толық суреттелуі, бүгін мен болашақта қауіпті жағдайларды бағдарлау мәселелері көтерілген.
Түйін: дін мәселесін қатты қыса беріп, бір «рамкаға» кіргізіп тастаса, Өзбекстан елі секілді мыңдаған экстремалды экстремисттер шығады. Тыныш, қысымсыз қоғамда теріс бағытқа кеткендер қайта оралмайды, қайта оралса оның зардабын болашақта қоғам көруі мүмкін.
Осы кітабымды аяқтауымның тариxи мәні бар, өйткені, Қарағанды облысынан жанұялармен Сирияға көшкендердің легін осы облыс бастап отыр. Осы мекенде діни сауатқа «аш» жанұялар уланып көшіп кеткен болатын. Болар іс болды, бояуы сіңді. Діни деградацияға ұшырайтындарды нөлге жеткізіп, руxани жаңғыру бағдарламасының басым бағыттарын іске асырып, болашақтың бағдарын бүгінгі күннен бастап жасау қажет.

Исламбек Дастанұлы.

#ЕрланҚарин #ДжейкобЗенн #руxанижаңғыру #жастардыңкөзімен #сирия #ирак #игил #талибан #алькаеда #досымсатпаев #кофе #түн #қарағанды #Ерлан #Карин #кітап #оқу #xобби #бос #уақыт #Тәуелсіздік #шаxтер #арда #қазақ #ниет #ақ #болса #жолын #дара

Астана жылу маусымына дайын

Астана жаңалықтары: Астана жылу маусымына дайын

Бүгінде елорданың энергия көздері, инженерлік желілері мен тіршілік ету нысандары 2017/18 ж. жылу маусымына дайын.

Астана қ. Энергетика Басқармасының басшысы Бактыбек Жапаев жылу маусымына жылу электр станцияларының дайындығын атап өтті.

– ЖЭО-1 бүгінде жылуға 98,5%-ға, ЖЭО-2 – 87,3% дайын, сондай-ақ күрделі жөндеу де орындалды. Аудандық қазандықтардың дайындығына келетін болсақ, онда олар 100%-ға дайын. Көмір қорларына келетін болсақ, «Астана энергия» АҚ бүгінде 20 тәуліктік қоры бар. ЖЭО-1-да бұл 50 мың тонна көмір, ЖЭО-2 – 303мың тонна. Яғни алдағы жылу маусымына біз дайынбыз, — деді Жапаев.

Сонымен бірге, оның айтуынша, «Астана-Теплотранзит» АҚ да жылуға толығымен дайын.
– «Астана-Теплотранзит» бойынша күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 1356 метр жылу магистрлік желілер мен 1203 м тарату желілерінің күрделі жөндеу орындалды, 2572 шаршы метр мөлшерже құбыр бетінде жылумен оқшаулауды қалпына келтіру орындалды. АҚ жылу маусымына 100%-ға дайын, – деп атап өтті Астана қ. Энергетика басқармасының басшысы.

Жалпы, жоғарыда айтқанымыздай, қалада жылумен іске қосу толық күшпен жасалады. Қазіргі уақытта әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарына жылу беру жүзеге асырылады. Бүгінде денсаулық сақтау нысандары сақтау нысандары 94%-ға, балалар бақшасы 96%-ға, мектептер –98%-ға, оқу орындары –80%-ға, мәдениет нысандары –50%-ға қосылды. Тұрғын үйлерді әзірге қосқан жоқпыз. Жеке меншік үйлер 0,4% және өзгелері – 1,2% құрайды.

Еске салатын болсақ, осы қағидаларға сәйкес осы маусымда жылуға қосылу мерзімі 27 қыркүйекте басталады.
Әрі қарай

«Астана» – «Славия» футбол матчының жанкүйерлерін арнайы автобустармен қамтамасыз етпек

Астана жаңалықтары: «Астана» – «Славия» футбол матчының жанкүйерлерін арнайы автобустармен қамтамасыз етпек

«Астана» – «Славия» командалары арасында футбол матчы жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 28 қыркүйекте «Астана Арена» стадионына дейін арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Жүру орны:

·«Қазақстан» СК тұрағы;

·«Нұр Астана» мешіті тұрағы;

·«Жастар» сарайы» тұрағы;

·«Астаналық цирк» тұрағы.

Автобустардың жүру уақыты – сағ. 19:00.

Жеткізу орны – «Астана Арена» стадионы.

Арнайы автобустарда жүру ақысы — 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз.

Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 40, 51,60, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 22.00-ден Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.
Әрі қарай

ЭКСПО кезінде «Аstana Taxi» 80 мың тапсырыс қабылдады



«Аstana Taxi» бірыңғай қызметінің колл-орталығы ЭКСПО көрмесі өткен үш айда 80 599 тапсырысқа қызмет көрсетті, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясының атқарушы директоры Сәкен Хандхожин.

«Елордада барлығы 14 автопарк тіркелген. Оның сегізі Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясына кіреді», — деді С.Хандхожин.

Айта кетейік, бірыңғай такси қызметі ЭКСПО көрмесіне дайындық барысында құрылған болатын. Аталмыш ресми такси қызметінің ерекшелігі Bus Lane белгіленген арнайы жолағымен жүре алады. Бұл автокөліктің жылдамдығына әсер етіп, жолаушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Әрі қарай

Астанада екінші Хакатонның үздік жобалары анықталды

Астана жаңалықтары: Астанада екінші Хакатонның үздік жобалары анықталды

Astana Innovations Challenge ауқымды стартап-марафоны шеңберінде 23-24 қыркүйек күндері Астанада екінші хакатон өтті. Алуан түрлі кәсіби облыстардан жиналған 100 аса адам ерекше сипаты қалалық міндеттерді шешуге арналған әлеуметтік бағыттылық болып табылатын қызықты жобаларды құру үшін бастарын қосты.

Хакатон ұйымдастырушылары Астана қаласының Әкімдігі, «Астана Innovations» АҚ және MOST Бизнес-инкубатор. Әріптестер – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (UNDP Kazakhstan), BI Group және «Шеврон» компаниялары.

Қалалық технологиялық міндеттерді шешу мүмкіндігі үшін ашық мәліметтер негізінде сервистер мен мобильді қосымшаларды құру –осы және тағы басқа жобалар хакатонда әзірленді.

Екі күн бойы әділқазы мүшелері 16 команданың ішінен үздіктерін анықтады. Мәреге және жариялық қорғауға 10 команда жіберілді. Қызу пікірталастардан кейін 3 жоба марапатталды.

Жеңімпаз көрермендер көзайымы сыйлығын алған үздік жоба қатты-тұрмыстық қалдықтарды жеке жинауды ынталандыруға бағытталған Garbage Collector жобасы болды.Команда Дүниежүзілік бизнес-періштелердің және инвесторлардың форумына (WBAF) 2018 келу және The Take Invest Summit стартаптарының халықаралық конкурсқа қатысу, сондай-ақ BI Group базасында пилоттық жобаны енгізу мүмкіндігін алды.

Үздіктердің ішінде суды үнемдеу деңгейін арттыруға және тұтынушылардың берешектерін өтеуге бағытталған AISU жобасы болды. Команда БҰҰДБ –нан арнайы сыйлығын алды – Еуропадағы стартап-жобаларды дамыту және «Астана су арнасы» МҚК-нан техникалық қолдау бойынша іс-шараға бару.

Intell Feed жобасы да назарсыз қалмады. Ол әрбір пайдаланушы үшін дербестелетін жаңалықтарды іріктеуше бағытталған. Intell News командасы MOST Бизнес-инкубатоорынан 250 мың теңге көлемінде арнайы ақшалай сыйлық және IMAS –тан техникалық қолдау алды.

Сонымен бірге, барлық жобалар қала инфрақұрылымына жобаны енгізу кезінде Астана әкімдігінің қолдауын алды.

Жобалармен тікелей жұмыстан басқа, қатысушылар халықаралық сарапшылармен мастер-кластарға қатысу, менторлармен кездесу және араласу, сондай-ақ әріптестер мен жаңа достарын алу мүмкіндігін алды.

Ашық мәліметтердің басты міндеті (open data) – билік органдары қызметінің айқындылығын арттыру және қосымшалар мен сервистер құру үшін тәуелсіз әзірлеушілерге жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ жеке күштермен қаланы жақсарту мүмкіндігін беру.

Astana Innovations Challenge – бұл Астана қаласының инновациялық экожүйесін дамыту шеңберінде өткізілетін және қалалық билікті, ғылыми, бизнес және стартап-қауымдастықтарды белсенді тарту жолымен қалалық технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар сериясы.

Астананы инновация қаласы ретінде көруді іске асыру әкімдіктің үйлестірілген әрекеттерін және бизнесті және тұрғындарды белсенді тартуды талап етеді. Astana Innovations Challenge негізгі мақсаты – бұл қалалық технологиялық міндеттер үшін шешімдер іздеу арқылы қала өміріне талантты адамдарды тарту.
Әрі қарай

«Елорда даму» ЖШС 566 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр

Астана жаңалықтары: «Елорда даму» ЖШС 566 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр

Бүгінгі таңда 7 233 пәтерлік 62 тұрғын үй тапсырылып, оның 155 мың шаршы метрі қайтарымсыз негізде апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарын көшіру мақсатында коммуналдық меншікке берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жоба «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберіндеәкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілттік ұйым- «Елорда даму»ЖШС 2013 жылдан бастап іске асырылып келеді.

«Өзара іс-қимл тетігі бағдарламамен белгіленген және ол келесіде көрсетілгендей жүзеге асырылады. Әкімдікпен белгіленген жер участкелерінде «Елорда даму» ЖШС тұрғын үй кешендерін жобалауды және олардың құрылысын жүзеге асырады. Тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың бір бөлігі бұдан әрі апатты үйлердің меншік иелерінің арасында бөлу үшін коммуналдық меншікке тегін тапсырылады. Әкімдіктің сәйкес құрылымдық бөлімшелері апатты үйлерді бұзуды және олардан тұрғындарды көшілуді жүзеге асырады. Жылжымайтын мүліктің қалған бөлігі «Елорда даму» ЖШС бос нарықта сатылады, осы ретте алынған қаражат жаңа құрылысқа қайта инвестицияланады», — деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында «Елорда даму» ЖШС бас директорының қаржы және коммерция жөніндегі орынбасары Төлепберген Қойшыбаев.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңі 2017 жылдың соңына дейін есептелген. Осы кезең ішінде 228 аптты үйлі бұзуды және 3 519 тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың меншік иелерін көшіруді қаматамасыз ету қажет. Бұл мақсатта серіктестік 566 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыруды жоспарлап отыр.

«Бұл жоба сәтті түрде іске асырылып келеді және бүгінгі күні ауданы 544 мың шаршы метрнемесе 7 233 пәтер болатын 62 тұрғын үй пайдалануға енгзілді. Оның ішінен апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық меншікке 155 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 3 074 пәтер тапсырылды», — деді Т. Қойшыбаев.

Бұдан бөлек, оның айтуынша бұзылатын апатты үйлерде орналасқан коммерциялық орын-жайлардың меншік иелеріне өтемақы ретінде 45 тұрғын емес орын-жай өтеусіз тапсырылды.

Сондай-ақ 2017 жылы «Елорда даму» ЖШС 126 мың шаршы метр тұрғын үйді немее 1 605 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Оның ішінен 104 мың шаршы метр (1 265 пәтер)пайдалануға енгізілді. Бұған қоса оның ішінен жалпы ауданы 12,7 мың ш.м. болатын 257 пәтер коммуналдық меншікке өткізілді, ал қалғаны жылжымайтын мүлік нарықта сатылды.

«Бірінші кезеңді аяқтағаннан кейін «Елорда даму» ЖШС пилоттық жобаны бұдан әрі іске асыруды жалғастырады. Ол үшін тұрғын үйдің құрылысы бойынша әзірленген жобалар да бар», — деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында «Елорда даму» ЖШС бас директорының қаржы және коммерция жөніндегі орынбасары.
Әрі қарай

Астанада даун синдромы бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық жарысы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада даун синдромы бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық жарысы өтті

23 қыркүйек, сенбі күні Астанада АҚШ елшілігінің қолдауымен «Күн әлемі» қоғамдық қорымен және QSI халықаралық мектебімен ұйымдастырылған «Күн кросы» қайырымдылық жарысы өтті.

2,5 км және 5 км жарысқа барлығы 150 астам адам қатысты. Бұдан басқа, арбасы бар жас аналар мен роликтері қатысушылар жылдамдыққа жарысты. 5 км қашықтықты өткен мүгедек арбасындағы марафоншы Аркадий Губаревты атап өтуге болады. 5 км қашықтықтағы жеңімпаздар Манат Амет, Мурат Аубакиров, Форд Джеремая, Умида Бурханова, Айнур Маликова және Виктория Эльмаз болды.

2,5 км қашықтықтағы жеңісті Кристина Исламова, Люси Мечова және Анна Хочет иеленді.Мектеп оқушылары арасында Дархан Исабаев, Грег Райтен, Лидия Таннер, Мередит Малш және Карэн Хазэлдар жеңіске жетті.

Сонымен бірге, ең жас спортшыларды жеке атап өтіп, марапаттау сыйлықтарымен марапаттады. Бұл 2,5 км қашықтықты өткен жеті жасар Хамза Талгабек пен Лайла Форд.

Барлық жиналған қаражаттар ересек жастағы Даун синдромы бар балаларға арналған «Шығармашылық шеберлік» Қорының жаңа жобасын іске асыруға кетеді.
«Күн кросын» «Астана СкиКлаб», Byro Glaz Events компаниясының аниматорлары, жүргізуші Денис Добров, Жан Сакс қолдағанын атап өтеміз, OMRON компаниясының Brainz –видеосы қатысушыларға қысымды тегін өлшеу мүмкіндігін берді.

«Күн әлемі» қоғамдық қоры 2015 жылы Даун синдромы бар балалардың ата-аналарымен осы патологиямен ауыратын балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, әлеуметтендіру және оңалту мақсатымен құрылғанын еске саламыз. Қор қызметі бағыттарының бірі әр маусымда тұрақты негізде өткізілетін «Күн кросы» қайырымдылық спорт іс-шарасы болып табылады. Түскен ақша «Күн әлемі» қорының жобаларын іске асыруға бағытталады.
Әрі қарай