Орыстың пәмилиелері

Жаңа Керекке МузТВ-ның кәнсерті туралы жазып отырып кәнсертті жүргізген Лера Кудрявцеваның пәмилиесін ерігіп Кудряеее атамның қызы Лера деп жазайын дегем. Пәмлилиесін қысқартып айтудың ыңғайы келмеді. Атасының аты Кудрявец болды дейін десең тағы болмайды. Сосын ойлансам орыстарда осындай пәмилие көп екен. Мысалы: Жуков атасының аты жук болған ба, Путин атасы путь, Медведев атасы медведь болмаған шығар. Сонда деймін бұлар фамилиясын қалай, қайдан алады. Бізде ғой түсінікті, Азанбеков яғни атасы Азанбек.
Әрі қарай

ҚАТЫН керек пе, ӘЙЕЛ керек пе?

Біздің жұртта нәзікжандыларды күйеуге шыққаннан кейін қатын деп атаған. Ол сөзді көбі ерсі сөз ретінде ұғынып жүр. Қатын байырға қызақ тілінде ҚҰТЫМ деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында ҚҰТЫМ сөзі Қатынға ауысыпты.
Ал, қазір Әйел деген сөзді әспеттейтін болдық. Әйел сөзі парсы тілінен алғанда ЖЕЗӨКШЕ деген мағына береді дейді тіл мамандары. Бірақ, көбіміз әлі күнге ҚАТЫННАН қашып, әйелді ардақтап жүрміз. Не істейміз???
Әрі қарай

Базына-2

Қасым Олжасқа базына
"Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман деген", "Қайта кірер есігіңді қатты жаппа" дегенді де білетін шығарсың.Қайтып келгендер жайлы бір-ақ жақсы мақалды білем "Қайтқан малда қайыр бар деген". Өрең биік болса ана жолы кетпес ең, немесе келмес едің.Өреңіздің жобасы аяғына өре салынған жылқының жобасында. "Ұсынған басты қылыш шаппас", «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген, кешірім сұраған жазбаңды көрмедік. Мында кеп тайраң-тайраң етесің. Ренжіме қатты кетсем, оқырмандар Сіздерде ренжімеңіздер. Бірақ, сайтты сыйлап үйренейік, сыйлатып үйретейік!
Әрі қарай

Өлмес МакКлейн бесінші рет экранға шықпақ

Comingsoon.net сайтындағы сыбыс бойынша, «Крепкий орешек» (Die Hard) фильмнің бесінші бөлімі түсірілгелі жатыр дейді. Фильмнің қалай аталатыны әзірге белгісіз*.
Фильмнің режиссері ретінде Джон Мур (Макс Пейн) бекітіліпті. Фильмнің Скип Вудз (А командасы, Х-адамдар) жазған сценарийінің жобасы бойынша, Брюс Уиллистің кейіпкері мен оның ұлы Ресейге барады екен. Оқиғалар сол жерде орын алмақ.
Әрі қарай

Мендегі еліктеушілік...

Шынымды айтсам...(бейне бір үнемі өтірік айтып жүрген адам сияқты) осылай бастағанды жек көрем…
Блогортаға келгелі бері азды-көпті осындағы жігіт қыздармен араласып та үлгердік. Тіпті, өте жақсы дос болып та алдық. Ол үшін бәріне ризамын. Шебер жазу сауаты немесе сондай бірдеңе болмаған соң ба, өз жазбаларымның ішінен біршама еліктеушіліктер байқадым… Байқадым да шайқадым. Мүмкін енді мәселенің барлығы мен де емес шығар… Деп өзімді алдап қою да жоқ емес. Әйтеуір, осында кейбіреулер сияқты өзімді реклама жасау үшін жүрмегенімді білем.
Әрі қарай

Секталардан, діни миссионерлер сақ болайык ағайындар!

Өзге дінге ілеспеңдер. Намазға келіңдер. Мына дүние бес күндік жалған. Ертең ана дүниеге барғанда әр істерің үшін жауап бересіңдер. Күн ыстық, денсаулығым жарамайды, әлі жаспыз деген сылтауды қойыңдар, ораза ұстаңдар. Оразаның сауабы мол, бауырлар!





Әрі қарай

ЧАСТУШКАЛАР-2

Бала күнімізде талай тақпақ жаттадық. Соны әр кезде әрқалай айтушы едік. Мынай 3-4 жасар кезімде айтқан тақпағымның текст түрі.
Аю оты пәкәкә,
Екі қоы кәкәкә.
Апай сабак сүкәкә
Үкап капы мәкәкә.

7-8 жасар кезімде
И десе и диді, И-ға тілі келмейді
Әрі қарай