Қазақтың дәстүрлі 3 әні

Қазақтың бай ән қазынасының ішінен тамаша 3 дәстүрлі әнді ұсынамын…
«Дедім-ай-ау» бала күнімнен сүйіп тыңдайтын әнім...
Дедім-ай-ау
Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
дедім-ай-ау
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,
дедім-ай-ау

Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.

Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,
дедім-ай-ау
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,
дедім-ай-ау.

Қайырмасы.

Әміре Қашаубаев Парижде орындап, Еуропаны бағындырған ән...
Ағаш аяқ
Атандым мен жасымнан ағаш аяқ
Жас жанды ақсақ етті аямай-ақ
Салдықтың салдарынан ақсақ болып
Жүргенім қолыма ұстап жалғыз таяқ

Әй, қалды-ау, қалды-ау
Әй, қалды-ау, қалды-ау
Қыз қалды ойбай
Қыз қалды-ау
Қара жол ма дегенім
Шұбырынды із болды-ай, ойбай

Ала жаздай нәр татпай
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай
Қыз қайда, ойбай, қыз қайда?
Шіркін-ай есіңе ал,
Алсаң ал, алмасаң қой
Сенсіз өлер деймісің
Шіркін-ай, шіркін-ай
Үкілі кәмшат бөркің-ай
Ой-пәлі-ай
Ей, пәлі-ай!
Осылай ма едің
Қыз бала-ай!

«Гауһартас», орның бөлек әнсің сен...
Гауһар тас
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!

Қайырмасы:
Беу-беу гауһар тас,
Құсни, құрдас,
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас.

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл гәріс белін буған.

Қайырмасы.

Басасың аяғыңды, ырғаң-ырғаң,
Салдырап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп щаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойын бұрған.

Қайырмасы.
Әрі қарай

Мен тыңдайтын әндер тізбегі.

Айстың бастаған эстафетасын жалғастырып көрейін, жалпы мпүште әртүрлі жанрдағы әндер бар, тек қана қазақша тындаймын деп те айта алмаймын, бірақ қазір тек қазақша әндердің үштігін ұсынамын.
Әрі қарай

Менде ұсынайын үш ән

"Ә л е м н і ң ж а р ы ғ ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы н" деп басталатын әнді/жалғыз айтқан қызық еместін/ дуэт, трио, квартет, айлық алғанда көбіне хормен айтқан да кездер артта қалды. Бірақ ән талғамымды маңыздырақ етіп жазайын дедім. Әркімнің де сүйіп тыңдайтын әндері болады. Аудандық «Жас Қанат» байқауының 2-орын иегері болсам да кезінде, менің талғамымның басқаларға ұнамайтын да тұстары болса керек. Қабыл алыңыздар, Жамағат!
Әрі қарай

Менде ұсынайын үш ән

Өзгелер ән ұсынып жатқан кезде көштен қалмайын деп менде өз әндерімді ұсынсам. Ұнағанға ұнар, ұнамағанға ұнамас. Абай хакімше айтқанда өзімдікі өзіме.
1. Түрікше ән. Калдырымлар деп аталады. Әуені де сөзі де көңілімнен шықты.
Әрі қарай

Тыңдай беретін әндерім

Рок ұнататындарға Duman деген топтың 3 әнін ұсынғым келеді. Көбінесе түрікше рок тыңдаймын, жұмыс кезінде күшті энергия береді. Жалпы рок музыканың тек музыкасы ғана емес, сөздері де сапалы келеді. Teoman, Şebnem сияқты рокерлерді де ұнатамын. Бірақ фаворитім Duman.

Бірінші әннің аты Bu akşam (Бүгінгі кеш). Ән еш уайымы, мәселесі жоқ жігіттің бүгін кеште ішу жоспары туралы.

Әрі қарай