Ән көңілдің ажары

Біраз уақыт бұрын ютубтан кездейсоқ мына әндерге тап болдым ұнап қалды. Қазақтың домбырасына жетер аспап жоққой, оның тілін тауып құлағында ойнайтын адамдарға қызығамын. Арасында өзімде домбыраны дыңылдатып қоям бірақ дәл мыналардай ойнай алмайм.





Әрі қарай

d(-_-)b

Сонғы кезде мына 26 жасар Элли Гоулдинг өзінін туындылармен қуантып жүр. Жана күйтабағын тындап, ұнатып қалдым. Мына ән күйтабақтын ішіндегі ен сүйіктісі:



Екінші ұсынғалы отырған ән, Латын Америкада желтоқсан айынын ен үздік әні:



Үшінші ән, ұялы телефонымның қазіргі рингтоны:

Әрі қарай

Ел көшкенде

«Мама»-"«Тақиялы періште» кинофилімінен. Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрінің сүйемелдеуімен Меруеш Башайдың(Бүгін Алматыда Құрманғазы оркестрімен концерті өткелі жатыр) орындауында. Оркестрдің бас дирижері-Ерлан Бақтыгерей.
04 Дорожка 4

«Ел көшкенде»-орындайтын Меруеш Башай.
01 Дорожка 1
Әрі қарай

Қазақтың дәстүрлі 3 әні

Қазақтың бай ән қазынасының ішінен тамаша 3 дәстүрлі әнді ұсынамын…
«Дедім-ай-ау» бала күнімнен сүйіп тыңдайтын әнім...
Дедім-ай-ау
Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
дедім-ай-ау
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,
дедім-ай-ау

Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.

Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,
дедім-ай-ау
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,
дедім-ай-ау.

Қайырмасы.

Әміре Қашаубаев Парижде орындап, Еуропаны бағындырған ән...
Ағаш аяқ
Атандым мен жасымнан ағаш аяқ
Жас жанды ақсақ етті аямай-ақ
Салдықтың салдарынан ақсақ болып
Жүргенім қолыма ұстап жалғыз таяқ

Әй, қалды-ау, қалды-ау
Әй, қалды-ау, қалды-ау
Қыз қалды ойбай
Қыз қалды-ау
Қара жол ма дегенім
Шұбырынды із болды-ай, ойбай

Ала жаздай нәр татпай
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай
Қыз қайда, ойбай, қыз қайда?
Шіркін-ай есіңе ал,
Алсаң ал, алмасаң қой
Сенсіз өлер деймісің
Шіркін-ай, шіркін-ай
Үкілі кәмшат бөркің-ай
Ой-пәлі-ай
Ей, пәлі-ай!
Осылай ма едің
Қыз бала-ай!

«Гауһартас», орның бөлек әнсің сен...
Гауһар тас
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!

Қайырмасы:
Беу-беу гауһар тас,
Құсни, құрдас,
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас.

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл гәріс белін буған.

Қайырмасы.

Басасың аяғыңды, ырғаң-ырғаң,
Салдырап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп щаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойын бұрған.

Қайырмасы.
Әрі қарай