СӨЗ.KZ жобасы — бұл ұлы ойшылдардың, данышпандардың, Аллаһ (Субаһанаһу уә Тағалә) пен оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) даналыққа толған асыл да көркем сөздерін әлеуметтік желілерде әдемі суреттермен таратып, мотивация жасау. Жастардың ойына ой қосып, оларды даналыққа жетелеу
СУРЕТТЕРДІ ДОСТАРЫҢЫЗБЕН БӨЛІСІП, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАТУЫҢЫЗ СҰРАЛАДЫ.
Әсіресе басты өтініш: ВК-да отыратындар болса топқа тіркеліңіздерші. Әйтпесе адам слыйшком ап-аз(
18-нші наурызда еліміздегі көне қалалардың бірі Оралға сессиялық емтихан тапсыруға барған мен, қаладағы ескі және белгілі нысандарды фотосуретке түсіріп алған болатынмын. Фоторепті мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар. Енді назарларыңызға қала өмірі туралы фотоларды ұсынсам деймін. Суреттер аз емес, бірақ тек 30-ын жүктедім.
P.S. Фотоларды қарамас бұрын төменде орналасқан «тағы да»-ны басыңыз.)
Бұдан бұрын сіздермен өмірімдегі өзгерістермен бөлісіп едім. Жаңа жер жайлы фотосет жасау ойымда болған, бірақ кешігіңкіреп жариялап жатырмын. «Ештен кеш жақсы» дегендей, қабыл алыңыздар.
Осында соңғы рет 2007 жылы болған едім. Қала өте өзгерген. Ең ұнағаны ағаш егілгені көшелерге. Кеткен әкім Бергей Рысқалиевті қанша даттап жатса да, әйтеуір қала үшін бір игі іс жасапты ол. Жолдар дұрысталған, жаяужолдарға тас салынған. Байқасаңыздар, жолдың бойында сарғыш қоқыс жәшіктері тізіліп тұр. Жаңа әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов салқын түскенде жол жиектерін (бордюр) ауыстыруға кіріскен, негізі ескі емес еді олар. Жиектерді ауыстырған соң, маңайындағы тастарды да ауыстыруға тура келеді.
Жаңа үйлер көп, бүкіл жерде салынып жатыр әйтеуір. Бірақ бағасы енді қып-қызыл.
Көлік көөөөөөөп, күнде жол-көлік оқиғасы болып жатады. Бағдаршам аз, барлығы әйтеуір асығып бара жатады, очм экстрим.
Супермаркет, дүкен көп. Ақша бар жерге саудагерлер де үйіледі ғой.
Қазір қала түрлі-түсті шамдармен жанып тұр. Әр мекеменің алдында бір шырша. Бірақ қар жооооооооқ. Кейін уақыт болса, қысқы қала фотосетін жасап, жариялармын.
Назарларыңызға тағы суреттер ұсынамын. Кіндік қызым дей ме осыкүні қалай. Қырқынан шығарған күн. Мониторға қатты үңіліп қарамаңыз, көздеріңіз тиіп кетер. («Тіл көзім тасқа» деп айтып отырсаңыздар болады)
Керектің бір қолданушысы жақын уақытта қандай фотоаппарат таңдасам екен деп бас қатырып жүр еді. Сонда суреттерім жүктелмей, мен оны кішірейтуді де білмеп едім. Бұл суреттер Никон Д5100 үлгісімен түсірілген. Тамашалай отырыңыздар. Суреттер өңделмеген, араңызда кәсіпқойлар болса, кемшіліктерін айтып, қалай түзеуге болатынын айта отырыңыздар.
DigitalGlobe атты жерсеріктен фотоға түсіру ісінің әлемдегі көшбасшыларының бірі жыл сайын аспаннан түсірілген фотолардың байқауын өткізеді екен. DigitalGlobe мамандары Quickbird, WorldView-1 және WorldView-2 деп аталатын жерсеріктер түсірген үздік фотоларды 2012 жылдың үздік фотолар финалына іріктеген екен. Бірге қарайық. Италия. Коста Конкордия кемесінің құлауы.
25 жастағы Рэйчел Янг Британия ландшафтарында жатқан мына әріптерді 3 күнде жинапты. Спутниктен түсірілген бұл суреттерден ең қиыны «K», «N» және «Q» әріптерін табу болған екен.