Өмір – өзен

Өмір зырғып ағып өтіп жатыр. Өмір-өзен ағады, әттең, өткен күн қайта оралмас. Бұл ағыста, менің жаным қай жағада қалады? Арманға жетер жол да барады алыстап. Маған берілген мүмкіндік, өмір сүруге берілген мүмкіндік ойламаған жерден бітіп қалары анық. Ойлап қарашы, кез келген сәтте бәрі де бітеді. Болды. Бітеді және қайта оралмайды, келмейді, басқа мүмкіндік берілмейді.
Сонда осы бітіп қалатын не нәрсе? Бұл уақыт болар? Зымырап бара жатқан уақыт. Ойға батам. Уақыт жылдам, ой, неткен? Қайда асығады? Мен үлгермей жатырмын. Өмірде көретін, сезінетін әлі қаншама нәрсе бар, бірақ уақыт жетпейді. Уақытты тоқтату немесе қайтару туралы, тіпті өткенге яки болашаққа жол тарту жайлы ешқандай да кеңес әлде бір құпия жол туралы еш жерде айтылмаған. Бұл бір жұмбақ.
Енді не істеу керек? Оны қайтара алмаймыз немесе 10 жыл тастап болашаққа кетіп қала алмаймыз. Бұл біздің билігімізде емес, біз уақытты өзгерте алмаймыз, қолымыздан келетіні тек өзімізді, өз ойымыз бен көзқарасамызды, шешіміміз бен әрекетімізді өзгерту ғана. Яғни біз тек осы шақта ғана өмір сүре аламыз.
Өмір деген ол уақыт, кеңістіктегі қозғалыс. Басқаша айтқанда, өмір тек қана уақыттың өтуі емес, оған қоса ол қозғалыс. Себебі, сен еш қимылсыз бір орында тұрсаң да, уақыт өтіп бара жатыр. Оған ілесу үшін саған да қозғалу керек, өмір сүру керек.
Ал өмір сүру дегенді әркім әр қалай түсінеді. Заманы өтіп бара жатқандықтан, біреулер тезірек отбасы құрып, бала сүюді қалайды. Басқалары, өзінің тұлға ретінде дамуы үшін бар уақыты мен күшін алуан түрлі шебер-класстарға, тренингтарға, үйірмелер мен саяхатқа жұмсайды. Немесе өз шығармашылығына ең көп мән бөледі. Бұл зерттеу жасау, кітап,өлең не ән жазу, музыкамен айналысу, билеу, спорт немесе аспаздық салаларында білім нәрімен сусындап, соны қолдану және шыңдау үшін өмірін арнау дегенді білдіреді деп ойлаймын.
Жалпы, даналардың, ақылшылар мен кеңес берушілердің, оған қоса психологтардың айтуы бойынша, қандай жағдай болса да өкінбеу керек дейді. Өйткені, оған жұмсалатын қуат пен уақытты өзіңе не өзгеге пайда әкелетін іске арнауға болады. Яғни уақытты босқа құртпауға тырысу керек. Шынында да негативті эмоция мен іс-әрекетке кеткен уақыт өзін ақтамайды, керісінше одан бетер күйзеліске түсіреді. Басқаша сөзбен жеткізсем, бұл бізді төменге сүйрейді, ал біздің өмірдегі қозғалысымыздың бағыты жоғарыға қарай көзделген болса, биікке жетуді діттеген болса және соған тырмысып, талпынып, тырыссақ бұл уақыт пен қозғалысқа кеткен қуаттың бекер емес екенін, оның арнайы бағыты мен мақсаты бар екенін білдіреді. Бұл біздің өмірімізге мән беретін секілді.
Адамдардың ойына жиі оралатын сұрақтардың бірі “Өмірдің мәні неде?” деген сауал болса керек. Мен осы сұрақтың жауабын дәл қазір түсінген сияқтымын. Өмірдің мәні берілген мүмкіндік пен уақытты жоғалтпау, қайта соның жетегінде мақсатқа жету үшін қозғалу, талпыну, бір орында тоқтап қалмау.
Дегенмен, өмірде болып жатқан жайттардың көбісі біздің құштарлығымыз бен күшімізді, жанарымызда жалындаған от пен жүректегі қайсарлықты, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен махаббатты жойып жіберердей. Дәл осы сәтте көптеген адамдар сол тоқтаған жерінде қалып қойып жатады. Алға қарай жылжуға итермелейтін күш таппайды немесе мұның ешқандай да мәні жоқ деп ойлайды. Егер де осы жандар, олар еш қозғалыссыз тұрғанда бір –ақ рет берілетін өмірі мен уақыты өтіп бара жатқанын түсінсе, келешекке қарай ұмтылуға құлшынысы пайда болар еді деп ойлаймын.
Осы тұста, уақыттың еш тоқтаусыз кетіп бара жатқанына байланысыты менің де әлі де сөнбеуге хақым бар-ау, қайта жарқырауға уақытым бар-ау деген сұрақ жүрегімде ұялады. Аталған сұрақтың жауабын іздеу мақсатында жазуымды осы жерде тоқтатайын…

ББҚ ішесіз бе?

Мен үшін «Я» деушілер екіге бөлінеді:
1. Сетевиктер
2. Өзіне, денсаулығына тиянақты адамдар (медиктер, диетадағылар, спортсмендер т.б. таңдап, талғап жүреді)
«Жоқ» деушілер де:
1. Зиян, қауіпті, қымбат дейтін тобыр
2. Дәріханадағы өнімнің біразының, жеке «аптечкасындағы» препараттың көбінің сыртындағы «ББҚ дәрілік құрал болып табылмайды» дегенді байқамай жүргендер
«Ол не?» деушілер бөлінбейді )
P.S. Кей елдерде жұмысқа тұруға үміткерлерден «ББҚ ішесіз бе?» деп сұрайды екен тіпті…
Әрі қарай

Мында смартфон таңдай алмай..

Армысың, керектік! Гаджеттерден хабарың болса, сенен кеңес керек. Арзан емес тауар аларда мына жердегідей шағын сауалнама өткізетінім бар. Бұл жолы енді смартфон. Nokia C3 деген жартылай сенсорлы смартфонымнан кейінгі Galaxy S Duos GT-S7562 де көнерді.
Әрі қарай

Мақала жазу тәсілдері

Бір сұрақ: Мақала жазу тәсілдері
Бүгін мақала жазудың әдіс-тәсілдерімен бөліскім келді. Журфакқа түскен жас-журналист оқытушыдан мақала жаз деген тапсырма алып, не жазу керек, қалай бастау керектігін білмей, мұңға батып, қиналып жүреді. Келесі пункттерді кезекпен қадағалау арқылы мақаланы тез, әрі сапалы жазуды үйренесіз.

Негізгі әдістермен таныс болыңыз.

Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала — бір мағына, бір тақырып.
Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып — мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам — лид.
Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.
Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз — Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
Негізгі бөлім
Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)
5. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.

6. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!

Міне енді мақалаңыз дайын. Басты ережені ұмытпаңыз, мақала жазудың шебері болу үшін — күнделікті мақала жазып жүрген абзал.
Әрі қарай

Тойдан сарқыт

Аламын. Ұялмаймын. Әзірге ешкім видеода көрініп қалыпсың демепті :)
Бұрындары ұялатынмын, біреумен барсам — сол алатын, өзім барсам — құр қол қайтатынмын. Үйрендік. Әрі-беріден кейін той иесінің маған арнаған несібесі.
P.S. Сарқытты үлкен кісілер
Әрі қарай