Керекинфо қонағы: Қайыпомар

"Құрметті редакция! Осы жертөледе өмір бар ма?.. Рахмет." Абай Асанкелдіұлы, Тараз.

Неге сайтқа қонақ ретінде — понттан жұрдай қаратабан пролетариат өкілдерін шақырмасқа?
Адам баласы о бастан екіжүзді келед, нақтың. Оған қаззақтардың үш жүзге бөлінетінін қосыңыз, сонда тіпті — бесжүзді адам болып шығамыз. Таң ата жұмысқа шыққан қатындар Мейрамбекті мұз артымен бірге, Деппті, Каприоны, каприді ойлап бара жатады. Дәл сол уақытта «түнімен жауған қарды тазалаған кім?», "Қоқыс контейнерін тазалап қойған кім болды?" деп ойламайды да. Кім
Әрі қарай

Қайыпомар Рәдішев. "Ауылдан Астанаға саяхат" - Акт #2. Стинг. (үйрек қалпында)

«Мағынасыз, даңғаза жиындар мен конференцияларды доғарыңдар!». © ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев

(Жалғасы. Басы — Қайыпомар Рәдішев. «Ауылдан Астанаға саяхат» — Акт #1. Министрліктер Үйі)

— Ана Леон-киллердегі кісі бар емес пе?

— Жан Рено ма?

— Жоқ лібә, әнебір ше?

-Қайсы?
Әрі қарай

Қайыпомар Рәдішев. "Ауылдан Астанаға саяхат" - Акт #1. Министрліктер Үйі

(ҮЙРЕК ҚАЛПЫНДА)
«Мемлекеттік аппарат азая ма десем, тіпті үш-төрт есеге көбейіп бара жатыр!.. Қағазды аударыстырып отырып, қыруар жалақы алатын қызметкерлерді босатыңдар!». © ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев.
Министріктер Үйі
Қазақтардың астанасы Астанаға ертеде кетіп қалған бөтелкелес достарыммен қауышып жатырмын. Әңгімелері екі есекке және бір KILYZAMAN -ға жүк болады десем, артық болмас. Жұтынып-жұтынып тыңдайсың: бастан кешкен қызықтары мен аяғымен кешкен шыжықтары таусылмайды. Әңгімелерін адами тілге бұрмалап әкеліп, жариялап тұруды шештім. Оригинал тілінде енді өздерің білесіңдер — жүк көтеруші, сантехник болған жігіттің аузынан шыққанын солаймен сала салса ұят болар.

— Ал Қайып-Кәйіп, баста. Бірден айтайын: сен оқымаған адамсың, іштіп-тышудан қолың
Әрі қарай