Google Кескін - Көт ашу қызметі

Пайдалы сайттар: Google Кескін - Көт ашу қызметі
Интернет деген негізі көп нәрсеге бәле болды. Жұрт бәрін тауып ала қояды. Талай дизайнердің де қорқынышты түсі. Бүгін Google-дің тағы бір пайдалы қызметін қарастырып көрейік. Оның аты Google Кескін, міндеті сурет тауып беру. Қосымша бір функциясы сұраған суретіңнің оригиналын, үлкен көлемдегесін, ұқсастарынғ, сапалысын тауып беру. Қызықтың бәрі сол кезде басталады. Біреулердің өздерінше оригинал деп, өзіміздікі деп қойған суреттерінің негізгі түп тамырын тауып көттерін аша аласыздар. Мысал үшін біреулердің логотиптерін, кей фирмалардың сайттарында, этикет немесе басқа дизайндарында қолданатын суреттерін қайдан алғанын қарай аласыз. Интернеттегі түрлі «мынау кім?» сипатындағы суретті викториналарға тез жауап таба қоясыз.
Әрі қарай

Нақұй.кейзет - Ұлттық демотиваторлар сайты ("ұлттық" сөзі андай* үшін)

Naqui.kz доменінде орналасқан қазақша (енді бикья тілінде емес қой) демотиваторлардың жалдамалы пәтеріне қош келдің, дос.
Демотиватор сөзі батыстан (әлде шығыстан...), өзге тілден (тура мағынада емес, қазақ тілі деген сияқты ғой) енген сөз болса да, қазіргі түсте интернеттегі ең сұранысқа ие контенттің бірі боп есептеледі (naqyl.kz сайты бұлай деп мотиватор туралы айтып жүр, сенбе, дос). Сондықтан “Күнәсіз күнәһарлар орталығы” осы демотиваторларды қазақ тілінде жасауды жөн санады (ну, қалай, бірден байып кеткіміз келіп отыр). Бұл сайтта сіз демотиваторларды автоматты түрде жедел, сапалы жасай аласыз (егер қолыңыз иықтын өскен болса) һәм жасаған дүниеңізді осы сайтта, әлеуметтік желілерде қастарыңызға бағыттап (қас болғанда дене мүшесі емес, жау деген ғой), бөлісуіңізге, сондай-ақ, компьютеріңізге сақтап алуыңызға болады (мысалы, D:\рефереттар\порно).
Әрі қарай

Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты

Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келіп отыр. Өмірде де, әлеуметтік желілерде де біз дос жинағанды жөн көреміз. Ұнамағандарды жай ғана қара тізімге енгізіп қоя береміз. Мысалға, әлемге танымал әлеуметтік желі Facebook-те қолданушылар бір-біріне достық жібереді. Ал Хейтбук (www.hatebook.org) сайтында керісінше жау жинайсыз. Өзіңізге ұнамайтын, түсінбейтін немесе қабылдай алмайтын әрекеттер мен заттар туралы пікіріңізді жариялайсыз. Осындай антиәлеуметтік желі десек те болады. Біз үшін бір кемшілігі, сайт интерфейсінің ағылшын тілінде болуы, алайда ағылшын тілін осы сайтта өзіңіздің жек көретін нәрсеңіз туралы түсіндіруге немесе өзіңіздің жауларыңыздың жыны келетін нәрселерін түсінуге талпыну арқылы үйренуге болатындай.) Сыртынан болсын, көзінше болсын өсек айтуға да өте таптырмас құрал.
Әрі қарай

Спорт сарап

asaubota ағамыз 2013 жыл қазақ интернетінде «бум» болады деп айтып еді. Соның куәсі болып келеміз. Жақында ҚазНеттің қоржыны тағы бір сайтпен толықты. Спортқа арналған «Спорт-сарап» деп аталатын жаңа сайт оқырмандарға жол тартты.

Негізі бұл сайтты 2013-тің қатарына жатқызуға келмес. Өйткені пыртал былтырғы желтоқсан айында ашылыпты. Олжас Нұразхан баурымыз басшылық жасайтын сайттан қызықты ақпараттар, фото, видео, сұхбаттар оқи аласыз.


Әзірге сайттың бастамасы жақсы. Спорт туралы жазатын Аламан, АлашАрена, СпортСарап сынды сайттардың көп болғаны дұрыс қой. Бәсекелестік болады ғой. Кіріп оқып тұрайық.

www.sportsarap.com/
Әрі қарай

Нақыл.кз - мотиваторлар сайты


naqyl.kz

Жақында Қазнетке тағы бір сайт қосылды. Нақыл.кз — мотиваторлар сайты. Мотиватор жасағысы келетін, бірақ техбілімі жоқтар үшін өте жақсы қызмет. Керек суретіңді жүктеп, мәтінін жазсаң сайт өзі жасап береді.

Кеше мен де алғашқысын жасап көрдім. КерекИнфода да жақсы мотиватор жасайтындар (1,2) бар. Солар осы сайттың дамуына үлес қосса жақсы болады. Өйткені қазір Нақыл сайтындағы мотиваторлардың біразы мотиватор сипатына сай емес. Контенттің қазірден бастап сапалы болуына біз де ат салысайық.
Әрі қарай

Kazboxing.kz - қазақ боксының сайты



Kazboxing.kz — қазақ тіліндегі алғашқы бокс сайты. Журналист Жанкелді Қаржан жүргізетін бұл сайтта тек бокс жаңалықтары ғана емес қызықты сұхбаттар, фото, видео және бокс туралы басқа да мәліметтер таба аласыздар.

www.kazboxing.kz
Әрі қарай

ipleer.kz -ән тыңдағың келсе...

Бұл жазбаны «Пайдалы сайттар» қауымдастығына салмақшы болып едім. Жаңа нұсқаның қауымдастыққа қосылу тетігін таба алмадым(((.
Сонымен, компыңыздағы әндерден жалыққан кезде онлайн музыка тыңдай салуға енді сіздегі интернет жылдамдығынан басқа(егер баяу болса) ештеңе кедергі емес. Себебі, бұл сайтта өлең тыңдау үшін тіркелудің еш қажеті жоқ. Тағы бір жақсы жері жүктеуге де шектеу жоқ. күніне қанша өлең жүктеймін десең де өзің білесің.
Сайтқа тіркелсеңіз, сіз өзіңізге "ән парақшаларын" құрастырып алып сүйікті әндеріңізді үздіксіз тыңдай аласыз. Бұл сайтта қазақша әндермен қоса шетелдік әндердің қоры да жеткілікті.
Сайтқа сілтеме
Әрі қарай