Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?

«Атаңа нәлет! Мә саған, шал! Жаңа жыл біздің мейрам емес!» деген жазуы бар суретке лайк басқан соң Ақкүләнда шешесінің шырылдап жатқан телефонын алды: — Сізді де құттықтаймын. Жаңа жыл құтты болсын! Үйге келмедіңіз бе? Дастархан жасап қойдық. Мәсной салат...
Қазақта Жаңа жыл мерекесінің қалай тойланатыны, қанша бөтелке ішілетіні, қанша ішіп-жемі ысырап қалатыны белгілі нәрсе. Орысың қалай тойлайды екен? Бұл да түсінікті. Ендеше, глобусты шыр айналдыра отырып, басқа елде бұл мерекенің қалай тойланатынын оқып көрейік.
Оcылай екен...: Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?Финдықтар жаңа жыл кешінде балауыз арқылы болашақты болжайды. Әуелі сұрақ қояды. Ерітілген тамшысын суға тамызып, пайда болған су бетіндегі бейне арқылы болжам жасайды. Ал дәстүр бойынша дастарханда алхоры киселі мен тәтті күріш ботқасы болуы керек. Біз де ет аспай жаңа жылдық дастарханға жайғаса алмаймыз ғой. «Айй ааазз ааа тааа!» деп шулайтын біз ғой. Ал финдықтар Аяз атасын «Йоулупукки!» деп шақырады екен. «Рождестволық ешкі» деген мағынаны мыңқ еткізеді. Йоулупуккидің сыйлық толы арбасын ешкі сүйрейді екен. Финдықтар бұл атаны мейірімді, барлық тілектерді орындаушы деп түсінеді. Тіпті, сыбырды да естиді-міс. Айқайлап айтатын болса, жындар естіп қойып, тілектер орындалмай қалуы мүмкін екен.
Оcылай екен...: Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?Жоқ, бұл соғысқа аттану емес. Бұл — шотландықтар. Олар Жаңа жыл мерекесін Хогмани деп атайды. Біздің халық аспанға салют атып жатса, бұлар бөшкелерді қарамаймен жағып, көше бойымен дөңгелетіп жібереді. Бұл дәстүр Жаңа жылды шақыру екен. Наным-сенім бойынша жанып жатқан бөшкелерді күн деп түсінеді екен. Теңізге тастаған соң оны мекендеушілерге жарық пен жылу сыйлайды-мыс. Сонымен қатар су апатынан аман боламыз деп сенеді. Ал екінші ырым бойынша от жын-періден қорғайды. Шотландықтардың ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі тағамдары бар. Мәселен, жаңа жылдық таңғы асқа сұлы шелпегін, пудинг пен ірімшіктің ерекше сорты — кеббенді дайындайды. Ал түскі және кешкі асқа пісірілген қаз немесе бифштекс, алма қосылған бәліштерді әзірлейді.
Оcылай екен...: Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?Испанияда ескі дәстүр бойынша жаңа жыл кешінде әр адам 12 жүзім жеуі керек. 12 жүзім болатын себебі жылдың он екі айын білдіртсе керек. Негізі, жүзімнің дәстүрге енуі тегін емес. 1908 жылы жергілікті фермерлер жүзім арқылы пайда табуды бастады. Бүгінде дүкендерде неше түрлі құтыда түр-түрі сатылады екен. Сонымен қатар тағы бір жаңа жылдық дәстүр бар. Киім кию. Бізде түн аяз болатындықтан сыртқа күрте киіп шығамыз ғой. Ал бұлар қызыл түсті іш киім киюі керек екен, жаңа жылың құтты болғыр. Қызыл түс істің сәтті болуына, финанстың «тәтті» болуына көмектеседі-міс. Айтпақшы, жүзімнің суретін енгіздім. Өзіңізде бар дамбалдың суретін қайтесіз!?
Оcылай екен...: Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?Вьетнамда жаңа жылды 21 қаңтар мен 19 ақпан арасында тойлайды. Жаңа жылды тет деп атайды. Мұнда шырша, әппақ қар болмайтындықтан, ерекшелік тырманы безендіреуде болады екен. Ырымы өте жақсы безендірсе, бақыт пен байлықты тырмалауға болады деген түсінікке жақын. Аяз атасы Тао Куэн деген кейіпкер. Оны үй ішінің періштесі дейді. Ол айдаһарға айналып шығатын тұқымен көкке ұшады екен. Аспан әміршісіне адамдардың жасаған жақсы амалдарын жеткізеді-міс. Вьеатнамдықтар жақын маңда орналасқан өзен-көлге тірі тұқыны тілектерін сыбырлап айтқан соң жібереді екен.
Жаңа жылда шыршаны безендіру дәстүрі Германияда сонау орта ғасырда пайда болған. Немістер Санта Клаусты есек мініп келеді деп түсінеді. Сондықтан кебісіне шөп салады. Ал Берлинде Бранденбург қақпасының алдында жүз мыңдаған адам Шығыс пен Батыс Германияның қосылуы үшін тілек тілейді.

Біздің жастарды Англияға жіберетін. Себебі ол жақта қоңыраулар түнгі сағат он екіні соққанда ләйлі-мәжнүндер омела бұтағының астында сүйіседі екен. Жыл бойы сүйісуге уақыт таппағандай. Жалпы, қоңыраулар түнгі он екіге дейін соғыла береді. Тек оларды жай естілуі үшін көрпемен орап қояды. Өз уақытында ғана ағылшындар көрпелерді алып тастайды. Ал Британ аралдарында тұрғындар үйінің артқы есігін ашып қояды екен. Жаңа жыл келді деп сағат он екіні соққанда үйдің кіреберіс есігін ашады.

Швеция ХІХ ғасырда бірінші болып әлемге шыныдан жасалған шырша ойыншықтарын сыйлаған еді. Олар Жаңа жыл мерекесінде үйдің жарығын өшірмейді екен. Сонымен қатар барлық көшені жарықтандырады.

Француздар бұл мерекеде бәліш пісіреді. Бәліштің ішіне бір түйір ірі бұршақты (боб) салады екен. Кімнің жеген бәлішінен шықса, жаңа жыл кешінде сол адамның бұйрығына бәрі де бағынады екен.

Жапондықтар Жаңа жыл мерекесінде жаңа киім кию дәстүрін енгізген болатын. Олар мерекенің алдында тырма сатып алады екен. Вьетнамдықтар секілді бақыт пен байлықты «тырмалайтын» көрінеді. Бұлар Жаңа жылды 1 қаңтарда тойлайды. Есіктің алдына бақыт әкеледі деп бір байлам сабанды іліп қояды. Бұл ырым жын-сайтанның үйге кіруінен сақтайды екен. Жаңа жыл басталысымен-ақ жапондықтар шулықтар секілді күле бастайды. Күлкі жаңа жылда бақыт әкеледі деп түсінеді.

Еврейлер жаңа жылды Rosh Hashanah деп атайды. Бұл күн олар үшін қасиетті. Олар ең бірінші кезекте күнәларын еске алып, осы жаңа жылда жақсы амалдармен жоямын деп уәде береді. Балаларға жаңа киімдер сыйлайды. Нан пісіріп, неше түрлі жемістерді жейді.

Италияда жаңа жыл 6 қаңтарда басталады. Наным бойынша бұл түнде сиқырлы сыпырғышпен мейірімді Фея Бефана ұшып келеді екен. Ол «келіншек» үйге есіктерді алтын кілтімен ашып кіреді екен. Камин қасында ілініп тұрған балалардың шұлықтарын сыйлыққа толтырады екен. Сабағын нашар оқып, бұзықтық жасаған балаларға Бефана бір шымшым күл мен көмір салып кетеді екен. Ал Аяз атасы Баббо Натале екен. Итальяндықтар жаңа жыл кешінде терезеден ескі заттарды лақтырады екен. Неғұрлым көбірек лақтырса, жаңа жыл сондай байлыққа кенелтеді деп түсінеді. Ал ауыл жастары жеребе тартады екен. Нәтижесінде қыздары байсыз, жігіттері қатынсыз қалмайды.

Ал Австрияда жаңа жылдық сыйлық пен құттықтаудың қарапайым дәстүрі сонау XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында тарала бастаған екен. Қазіргі таңда бір-біріне неше түрлі шағын мүсіндерді сыйлайды. Пошталық ашық хат арқылы бақыттың символы болатын мұржа тазалаушы, төрт жапырақты бедені немесе шошқаның мүсінін сыйлайды. Жаңа жыл берекелі болуы үшін 31 желтоқсанда мол дастархан жаяды екен.

Брабант пен Батыс Фландрияда… Иә, мұнда бұл мерекеде патша сайлау дәстүрі бар. Арнайы 16 корольдық ашық хат (Koningsbriefs) жасалынады. Бұл ашық хаттарға сарай адамдары мен қызметшілерінің суреттері бейнеленеді. Ал ауылдық жерде мұндайды қолдан жасайды екен. Қатысушылар тәуекел деп бір-біреуден таңдап алады. Сөйтіп, таңдалған патша мен ханым кешті басқарады. Екеуінің іс-әрекеттерін қалғандары қайталайды.

Ұлыбританияда қызық дәстүр бар екен. Түн жарымда үйге ер адам кірсе, демек, сәттілік әкеледі екен. Бірақ кірген еркек сыйлық ретінде ақша, нан немесе көмір беруі керек. Құдай сақтасын дейді екен. Ашық түсті шашы бар адамның, жирен шашты адамның үйге кіруінен сақтасын дейді. Мүлдем әйел адам кірмеуі керек. Бақытсыздық әкеледі. Сонымен қатар адамдар Трафальгар алаңына Биг Беннің дыңылын есту үшін жиналады екен.
Жаңа 2015 жыл құтты болсын, оқырман! Жаңа идеялар мен жазбаларға, жаңа жобаларға толы жыл болсын! Мінеки, мен де жаңа 2015 жылдың алғашқы жазбасына нүктемді қойдым. Көп нүктемді…
Әрі қарай

Жұмбақ түсірілімдер

Оcылай екен...: Жұмбақ түсірілімдерКезекті рунеттен копипост, ренжімессіздер осындай кейбіреулер үшін қызықты мәліметтерді қолымнан келгенше аударып жариялағанды ұнатамын(қысқаша айтқанда ощм жазба құсық). Суреттердің сыры ашылмау себебі түсірілімнің 20 ғасырда орын алуы секілді. Болмаса басқа бірдеңе, әйтеуір ешкім нақты ештеме айта алмайды, мүмкін сіз біліп қаларсыз !?
Әрі қарай

Алғашқы олимпиадалар

Материал орыс тілінде, бірақ маған қызық бөлісватырм.
Үйде алғашқы спортшылардың экипировкасы жайында айтқан фактіме аздап жақындарымның тарапынан сенімсіздік туындап қалды да.
Содан бәстесіп ап, алғашқы гректердің «спортифкасын» анықтау мақсатында ғаламторды қаңғып кеткем.
Нәтижесінде тегін массаж жеңіп алдым))))
Қарай отырыңдар, өте танымдық материал.
Минус қойсаңдар да пох, тек аяғына дейін қараңдаршы. Ал мен кеттім ұйқтаймын
Әрі қарай

АХТУБА

Муниципалдық «Ахтубинск» қаласы www.ahtubinsk.ru/ Астрахань облысының солтүстік-шығыс бөлігінің шөлейт аумағында орналасқан және Еділ өзенінің сол жақ жағасында жайылып жатқан Ахтуба ауданының құрамына кіреді. Оның аумағы 781 мың га. Ахтубинск қаласы Ахтуба ауданының аудандық орталығы болып табылады және Астрахань қаласынан 292 қашықтықта жатыр. Облыс орталығымен байланыс автокөлік, кеме, теміржол және авиациялық тасымалмен жүзеге асады. Аудан солтүстігінде Волгоград облысымен, шығысында Қазақстанмен, батысында Черноярскімен, оңтүстік-батысында Харабалинскімен және оңтүстігінде Астрахань облысының Енотаевск ауданымен шектеседі.
1959 жылдан бастап, Владимировка, Петропавловка және Ахтуба ауылдары Ахтубинск қаласы болып атала бастады. Владимировка 40 жылдың аяғына және 50 жылдардың басына дейін қарапайым село болып келді, бірақ кейін аудандық орталыққа айналды. Мәскеу мемлекетінің Еділ өзені сағаларын жаулап алуынан кейін, өңірдің бар байлығын игеру және Астрахань губерниясына ел қондыру басталады.
Көктемгі су тасқыны уақытында Ахтуба өзені кемежайына кемелер келіп, олар тұзбен толтырылып Владимировка және Мурня ағысымен Еділ өзеніне шыққан. Ары қарай, ескекпен, желкенмен немесе бурлактармен кемелер Еділ бойымен төмен Астраханьға қарай, балық кәсіпшілігіне немесе жоғарыға қарай Царицынға, Сарытауға (Саратов) қарай қозғалған.
Ауыл халқының саны шамамен 7000 адамға дейін жетті. 1862 жылы ауылда 5 мектеп жұмыс жасаған, оның ішінде қазақ тілді мектептер де бар. Онда 180 бала білім алған.
Әрі қарай

Жыл санау

Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы “Күлтегін” ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі.

goroskopҚазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша жылдар бірінен соң бірі былай аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Жыл басы қазақтарда тышқаннан және Наурыз айының 22-сінен басталып, ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жасты құрайды. Алайда, адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Біз енді әр жылдың қысқаша анықтамасына тоқталсақ.
Әрі қарай

Ерекше танктар

Көптеген дамыған елдер қазіргі таңда дамыған қарулы күштерімен мақтана алады. Танкының әдемілігінен бұрын, берілген тапсырманы мүлтіксіз орындау басты мақсаты.
Ал енді мына танктардың ішінен ерекшесін таңдасаңыздар.
Оcылай екен...: Ерекше танктар
1

Оcылай екен...: Ерекше танктар
2

Оcылай екен...: Ерекше танктар
3

Оcылай екен...: Ерекше танктар
4

Оcылай екен...: Ерекше танктар
5

Оcылай екен...: Ерекше танктар
6

Оcылай екен...: Ерекше танктар
7

Оcылай екен...: Ерекше танктар
8

Оcылай екен...: Ерекше танктар
9

Көшелер де қалаларды жақындастыра алады!

Қазақстан қалаларындағы жаңа көшелерге елдегі өзге қалалардың атауын берсе, шалғай жатқан қалалар бір-бірімен сәл де болса жақындаса түседі деген қорытындыға келдім. Мысалы: Орал қаласына оқу барысымен барып қайтқам, сонда көрген көшелерім:

Оcылай екен...: Көшелер де қалаларды жақындастыра алады!

Әрі қарай