Тазалық һәм намаз жайында

Осы телехикаядағы Полаттың әкесі Өмер әкей нағыз тақуа адам. Осы кісіге қарап сүйсінесің. Асықпайды, ұстамды, сабырлы һәм тағдырға иман келтіруші. Дінді баршамыз осылай түсінсек, осылай жүрекке қабылдасақ игі… Бірі осы посттан кейін «ой мынауың сопы» немесе мынауың «сәләфи», «ханафи» «уахаби» деп ойлап қалуыңызда бек мүмкін-ау… Бірақ айтып отырғаным ақиқатқа таласқан ағымдар да емес, дін дегеніміз — қиянатсыздықта! Ойыңмен, тіліңмен, я басқа да әрекеттеріңмен зиян келтірмеу. Алланың дінін өзгерте алмайды ешкім, Ислам толықтырып, Алланың нығметтерімен бөленген дін. Ал біздің оған деген қатынасымыз өзгелерге діннің қандай екенін көрсетеді. Біз толықтай иман келтіріп, өзімізді түзеп, өзгелерге үлгі болғанда ғана сыртқы көрінісімізбен де Исламның қандай екенін көрсете аламыз. Сондықтан Дін түзу, бауырлар, алдымен өзімізді түзейікші!
Шәкәрім бабамыз айтады:
Жүрегі таза адамдар,
Зұлымдықтан амандар,
Қиянатсыз надандар —
Әулиеден кем емес! деп.

бауырлар, оймыз, көңіліміз таза болса, сөзімізде, ісімізде, құндылығымызда, тағдырымызда айқындалмақ. Әрбір қиындықтарға сабырлық танытып, шүкіршілік етейік, әсілінде бұл тағдырға иман келтіруде болар. Өзімізді түзесек, айналамызды да түзеуге үлгі болар едік.
Абайша айтқанда «Ит — маржанды не қылсын деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар...»
Әрі қарай

Сынық саусақ



Бір күні біреу дәрігерге барыпты. Дәргерге өз мәселесін айта бастапты:

— Саусағыммен басымды ұстасам басым ауырады, жүрегімді ұстасам жүрегім ауырады, ішімді ұстасам ішім ауырады. Мен бұл ауруларға шыдай алар емеспін. Бұған қандай ем бар?

Дәрігер оның саусағын ұстаған кезде науқас адам аурудан шыдай алмай айқайлай бастапты. Сол кезде дәрігер:

— Сенің ауруың басыңда, жүрегіңде, ішіңде емес. Сенің саусағың сынған, сол жерің ауырып тұр.

— Ханым, біздің ұл мен келіннің саусақтарын да бір дәрігерге көрсетсек пе екен? Екеуі бір бірінің жүректерін ұрып қоймай жатыр.
Әрі қарай

Саңырау мен көршісі

Өмер әкей әңгімелері: Саңырау мен көршісі

Құлағы естімейтін бір саңырау кісі болыпты. Бір күні оның көршісі ауырып қалыпты, қал-жағдайын сұрағысы келіпті. Бірақ естімейтін құлағыммен онымен қалай сөйлесемін деп ойланып, бір амал тауыпты:

Мен оның не айтқанын ести алмаймын, ауырып жатқасын дауысы да дұрыс шықпайды. Сондықтан шамамен не деп жауап беретінін алдын ала ойлап, ерні жыбырлаған кезде келесі сұрағымды қойып отырамын деп ойлап, дайындала бастапты.
Әрі қарай

Бақыт сыры

Өмер әкей әңгімелері: Бақыт сыры

Бір саудагердің «мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жас жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп, соңында бір төбеге шыққан кезде алыстан зәулім сарай көріпті, данышпанның үйі сол үлкен сарай екен. Сарайға жеткеннен кейін данышпанмен кездескісі келетінін айтыпты. Қараса адам көп екен, жігіт кезеккке тұрып, өз кезегін күтіпті. Кезегі келіп, данышпанға жеткеннен кейін данышпаннан бақыттың сырын білгісі келетінін айтыпты. Данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүрген кезде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап кетіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.
Әрі қарай

Сенім туралы

Өмер әкей әңгімелері: Сенім туралы

Хз. Омар халифа кезінде Мединаға Византия короллігіннен бір елші келіпті. Елшіні Хз. Омар жақсы қарсы алыпты. Елші жерде, құм үстінде отырған ел басшысын көріп таң қалыпты. Әкелген хатымен бірге өз елінің сыйлығын беріпті. Сыйлық кішкентай бір шиша екен. «Бұл не?» деп сұраған халифаға елші «Бұл шишаны сізге королім сыйлық ретінде жіберді, ішінде бір ұрттаса адам өлетін у бар. Біздің короліміз өзіне ұнамаған адамдарға осы уды беріп, өлтіреді» депті. Хз. Омар «Бұл не деген сорақылық, ешқандай адам басқа біреулерді бұлай өлтіруіне болмайды» деп қолындағы шишаны ашып ішіндегі уды «Бисмиллах» деп ішіп қойыпты. Мұны көрген елші шошып кетіп, сол жерде талып қалыпты. Есін жиғаннан кейін сап-сау отырған Хз. Омарды көрген ол «Бұл қалай, удың бір тамшысының өзі сізді өлтіруі керек еді» депті. Хз Омар елшіге «Менің Аллахыма соншама иманым және сенімім бар, Оның рұқсаты болмай мені ештеңе өлтіре алмайды» деген екен...

Хикмет: Яғни біреу бізге у берсе ішуіміз керек пе?!
Өмер әкей: Адамдар у емес шәрбат берсең де қазір ішпейді. Хз. Омар туралы әңгіме қазіргі адамдардың тірліктерін сеніммен, шын жүректен істеулері үшін керемет мысал. Сену және сенімді адам болу дініміздің өте маңызды ережелерінің бірі. Адамдармен қарым қатынаста бір біріңе сену өте маңызды.
Әрі қарай