Астана - Елорда
«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» деген Абай атамыз әннің адамға берері мол екенін айтып кеткен. Қазір осы сөздің маңызы кетіп бара жатқандай. Бұрын көмейінен бал тамған әншілер ән айтқанда, тарихын қоса айтып, тыңдағанда әннің тұңғиығына шомылдырып бірде жылатып, бірде бақытқа бөлейтін. Əннің құдіреті ерекше ғой шіркін! Халқымыз түсінген осы құдіретті. Өміріміздің бөлшегі ұрпақ жалғаушысы бала дейміз. Əуен баланы тəрбиелеуде əннің алатын орны бір бөлек. Бала бесікте жатқанынан бастап əнмен тəрбиелеген. Ұйықтар алдында бесік жырын айтып құлағына құйып отырған. Жалпы пенденің тал бесіктен жер бесікке дейін өмірі музыкамен өрбиді. Олар жоғарыда айтқан «Бесік жыры», «Жарапазан», қыз тұрмыс құрғандағы «Сыңсу» «Жоқтау» тағысын тағы. Бұл дегеніміз бүкіл өміріміз осы жеті нотамен біте қайнасқан. Ал қазіргі әндер қай сапада тыңдалып жүр? Даңғыраған эстрада мен аңыраған шетел әндерінің пайдасы барма?
