Жазаланса, ох, қатал жазаланса -3!
3,14...-тің, «Уоу!» дегенді — кириллица текст теріп отырып, ерінбей латыншаға көшіп, «WOW!» деп жазатын адам — аттракционда карусельден ұшып кетіп, жақын жерде өтіп бара жатқан «Беларусьтың» нақ қалақшасының тісіне қадалып қалып, жан тәсілім ететін болса, ох сүйтетін болса!!!
Әрі қарай

Бұл жолы мен сіздерге тың дүниені ұсынбақпын. Блогқұрылтайдың екінші күні таңғы төменге қарай түсіп Аршаттарды тоса тұрмақ ниетпен лифтіге міндім. Жолай 3-ші қабаттан бір қазақ тәте мінді. Амандастым. Танымайтын адаммен де амандаса салам кейде. Лифтідегінің жаны бір дегендей.


