Жұмбақшы шал

Жарығын жақпай келе жатқан, «стоп линияға» тоқтамаған бір мәшинені қала сыртындағы бекетте МАИ тоқтатыпты. «Ақсақал, заңды өрескел бұзып келе жатырсыз. Құжаттарыңызды көрсетіңіз, қазір сізге айыппұл саламыз, барлығын заңды түрде толтырамыз» деп не үшін тоқтатқанын түсіндіріп жатқан МАИ-ға шал:
-Әй, балам, толтырсаң толтыр. Төлермін. Бірақ бір шартым бар. Мен саған бір жұмбақ жасырамын. Шеше алсаң толтыр, жауабын таба алмасаң жібере саласың-депті.
Шалдың бұл ұсынысына қызығып кеткен МАИ келісімін беріпті. Шал бір қолымен трикосының ау ұсын ашып, «Мынау неге қап-қара мынау неге аппақ» деп бір қолымен шашын көрсетіпті. МАИ ойланып-ойланып таба алмапты.
-Таппадым ақсақал,. Міне, құжаттарыңыз, жацуабын айтыңызшыдепті.
-Соны да білмейсің бе? Мынау мынадан 15 жас кіші ғой- деген шал құжаттарын алып, әрі қарай жөніне кете барыпты. Осындай оңай нәрсені таба алмағанына өкінген МАИ келесі бекеттегі жігіттерге звандайды. "Қазір сендерге мынандай нөмірі бар ескі жигули беттеп бара жатыр. Рөлде бір ақсақал кісі. соны бірдеңе қылып тоқтатыңдар. Ол сендерге шарт қояды. Шартына келісіңдер. Мынандай жұмбақ жасырады, жауабы мынандай" деп ескертіп қояды.
Не керек, біздің басты кейіпкеріміз келесі бекетке жетеді. МАИ жігітке шал өз жұмбағын жасырады.
-Ой, ақсақал, баланың сұрағын қойдыңыз ғой. Мынау мынадан 15 жас кіші ғой. Құжаттарыңызды әкеліңіз, айыппұл төлейсіз-деген жігітке шал
-Әй, баламысың деген. Жауабын таппадың. Мынада бір-ақ проблема, мынада мың проблема деп басын көрсетіп өз жөніне тайқып отырыпты.
Әрі қарай

«Астана-Опера» сахнасында әйгілі қойылым көрерменге жол тартты


«Абай» операсы – жаңа көзқараспен. «Астана-Опера» сахнасында әйгілі қойылым көрерменге тағы да жол тартты. Туындыны түрлендірген қоюшы режиссер Джанкарло дель Монако аянып қалмағаны көрініп тұр. Мәселен, сахнаны безендіру үшін 33 тонна түрлі материал жұмсалған. Ал астаналық шеберлер әртістерге арнап жүзге тарта жаңа киім тігіпті. Заманауи техникамен жабдықталған сахна әп сәтте түрленіп шыға келді. Басты партияны Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Сүндет Байғожин мен Париждегі «Гранд Операның» жезтаңдай әншісі Майра Мұхамедқызы орындады. Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі -Біздің мақсатымыз — осы операда қазақ халқының рухани байлығын кеңінен көрсету. Джанкарло дель Монако, қоюшы режиссер -Мен осындағы мамандармен ақылдаса отырып, қойылымды барынша сәтті шығуын қадағаладым. Абай қазақ үшін өте маңызды тұлға екендігін ескере отырып, қандай да бір олқылық кетпесін деп тынбай еңбек еттік. Бұл туындыны Еуропа елдеріне насихаттау керек деп санаймын.

сілтеме
Әрі қарай

Ақпараттық қауіпсіздік: Дін VS Терроризм

Соғыс бізден тым қашық сияқты. Бірақ соғыс дәл қасымызда. Сіздің көшеде, сіздің үйде, тіпті сіздің пәтеріңізде де жүріп жатыр. Бұл – ақпараттық соғыс. Оңтайландырылған ақпаратпен адам арасына от тастауға, мемлекеттерді құлатуға, әлемдік соғыс бастауға болатыны бұған дейін де талай айтылды. Бірақ тақырыптың ауқымы мен өзектілігін ескерсек, айтылмақ әңгіме әлі көп. Бұл жолы журналистік қызмет барысында кездескен сарапшылар мен олардың қызықты пікірлері арқылы экстремизм мен терроризмнің насихаты қалай жүріп жатқанына тоқталып көрейін.
Әрі қарай

Баламды қалай қорғаймын?

Блог - ademi_alem: Баламды қалай қорғаймын?
Ғаламтор! Ғаламтор… Кейде жақсы, кейде… жаман тор! Техниканың дамып кеткені сондай, уақытымыздың көбі жанымызға жақын жандардың жанында емес, ғаламтордың алдында мониторға телмірумен өтіп кететін күндеріміз болады. Ой-санасы, жеке пікірі қалыптасқан, ерік-жігері мен таңдау мүмкіндігі бар адам болсақ та, дәл осы ғаламтор алдында дәрменсіздік танытып жатамыз. Біздің әрекетіміз осындай, ал ой-санасы қалыптаспаған, ақ пен қараны ажырата алмайтын балаларымыздың әрекеті қандай болмақ?
Әрі қарай

Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?

Қыркүйек айының 24-26 күндері аралығынға шығыс өңірінің халқы өзге аймақтардан қалыспай Құрбан айт мерекесін атап өтті. Халифа Алтай атындағы орталық мешітте таңғы Айт намазы оқылып, дұға етілгеннен бастап, мереке өз жалғасын тапты.
Құрбан айт мерекесінде құрбандыққа мал шалынып, оның еті үш бөлікке: өзіне, туыстарына және мұқтаж азаматтарға таратылып берілетіндігі көпшілікке аян. Бірақ, биылғы жылы құрбандыққа… 4 қыз шалыныпты. Дәл осындай отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарап, жастардың арасында мереке шырқын қашырды.
Жастар арасында әлеуметтік желі, соның ішінде Вконтакте, WhatsApp желілері арқылы таратылған суретте Бахабистер қыздарды құрбандыққа шалу үшін ұрлап жатқандығын айтса, жедел таралған аудиожазбада: «… қыздары! Жаңа хабарландыру болды! Байқап жүріңдер жолдан! Экстремизм жүріп жатыр! Осы қаладан 4 қызды ұрлап кетіпті. Ешқайда бармаңдар. Бүгін үйде отырыңдар. Ешқандай таксимен жүрмеңдер. Кешке көшеге шықпаңдар! Түсінікті ма? Үйде болыңдар. Осылай бәрлік қыздарға жетізіңдер. Па городу милиция жүріп жатыр» (жазба редакциялық жөндеуден өтпеген) деген саңқылдаған қыздың дауысы бірден жас буын өкілдерін дүрліктірді.
Дәл осындай хабарландыру 2012 жылы көптеп таратылған еді. Онда Оңтүстік Қазақстанда, Қарағандыда экстремисттер көшеге қағаз лақтырып, онда 40 баланы құрбандыққа шаламыз деп жарияланған-мыс. Сол жылдан бері дәл осындай хабар жаңа жылда, наурыз мерекесінде емес, Ораза айтта да емес, дәл Құрбан айтта таратылады.
Айталған хабар аясында тек әлеуметтік желілер ғана бір шулап қалды. Ал ресми ақпарат таратушы ғана емес, бейресми сайттардың өздері де бұл тарапта ауыз ашпады. Тек abai.kz сайты nur.kz сайтына сілтеме жасаған «Құрбандыққа «Адам шалады» деп алаңдауға негіз жоқ» деген мақаласында оның барлығы жалған екендігін көрсеткен.
Жасырмаймыз, балалар жоғалу үстіне. Дегенмен, оны дәл Құрбан айт мерекесінде құрбандыққа шалынып, еті жіліктеніп, таратылып жатқан жалған ақпаратпен немесе дезинформациямен байланыстырудың қажеті жоқ сыңайлы. Себебі көріп тұрғандарыңыздай ешбір жерде ресми ақпарат таратылмады және сақтық шаралары жүргізілмеді.
«Қорыққанға қос көрінеді» демекші, тәуелсіз, зайырлы және дін бірлестігі орнаған елде отырып, күлкіге қалып жатырмыз. Әрине, «Сақтансаң, сақтаймын» деген қағида бар. Жыл сайын «көрінбейтін адамдар» «көрінбейтін қыздарды» құрбандыққа шалғанына басымызды сұқпай, қалай ақиқат пен өсекті айыра білу керектігін үйренсек етті.
Блог - ElzhanKairhanov: Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?Блог - ElzhanKairhanov: Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?

Салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Астана жаңалықтары: Салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Мемлекеттік кірістер басқармасы Есіл ауданында салық төлеушілерге қызмет көрсетуге арналған жаңа орталықты салтанатты түрде ашты.

– Елордамыздың сол жағалауы жылдам қырқынмен өсіп жатыр. Сондықтан Есіл ауданында заманауи технологиялармен жабдықталған салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Қазіргі таңда салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер басқармасы арасындағы байланыс электрондық тәртіпке көшіп жатыр. Астана қаласы тұрғындарының 95%-ы мемлекеттік кірістер басқармасына электронды есеп тапсыруға көшкен. Олардың көбінің айтуынша, электронды есеп жіберудің артықшылықтары көп. Бүгін ашылған жаңа орталық салық төлеушілердің уақытын үнемдеп, сапалы қызмет алуларын қамтамасыз етеді. Өйткені қызмет көрсету электронды кезек арқылы жүзеге асып жатыр, – деді Астана қаласы Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов маңыздылығына тоқталып.

Орталықта салық төлеушілердің өз бетінше өтініштер мен салық есептерін жіберуге арналған терминал іске қосылған. Салық төлеушілер терминалды пайдалануды тез үйреніп, алғашқы күннен бастап салық есептерін жүргізіп жатыр.

Астана қаласының кез келген салық төлеушісі өздерінің салықтық міндеттемелерін «Жеке кәсіпкерлерге арналған салық төлеушінің жеке кабинеті» сервисі арқылы да өтей алады.
Әрі қарай

Астанада биыл атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі – 261 млрд 582,7 млн теңге

Астана жаңалықтары: Астанада биыл атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі – 261 млрд 582,7 млн теңге

Биыл қаңтар-тамыз аралығында Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 261 582,7 млн теңге сомасында құрылыс жұмыстарын орындады, деп хабарлады Астана қаласының Статистика департаменті.

Орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің 62,9% ең жоғары үлестік салмағы жеке меншік мердігерлік ұйымдарға, ал 37%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға тиесілі. Мемлекеттік мердігерлер жалпы көлемнің 0,1%-ын орындады.

Атқарылған шаруалардың 97,2%-ы құрылыс-монтаж жұмыстары, 1,7%-ы күрделі жөндеу, қалған 1,1%-ы ағымдағы жөндеу.
136987,7 млн теңгеге тұрғын және тұруға арналмаған ғимараттардың құрылысы жүргізілді. Мамандандырылған құрылыс жұмыстарында 20554,9 млн теңге игерілді.
Әрі қарай

Астанада жол бұрылыстарындағы қозғалыс мониторингінің 10 кешені орнатылды

Астана жаңалықтары: Астанада жол бұрылыстарындағы қозғалыс мониторингінің 10 кешені орнатылдыБұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. «Ақылды қаланың» инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру елорданың ұзақ мерзімді дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады және оған келесі құрамдас бөліктер енеді: «Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі», біріктірілген тұғырнама, мәліметтерді беру желісі, «Смарт Астана» жобасының үлгілері және кіші жүйесі, «ақылды қала» шешімдерінің Астана орталығы. Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жобасы шеңберінде қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету саласында жаңа технологиялар қолданылды. Бұл құқық бұзушылықтарды анықтауға және ол туралы ақпаратты қалалық басқару орталығына беруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларымен қаланың орталық бөлігі қамтылған. Жоба шегінде қалалық басқару орталығына жол бойындағы және қоғамдық орындардағы, оның ішінде салынып жатқан «ЕХРО-2017», «Абу Даби Плаза» КБК, «Жаңа теміржол вокзалы», Мұз сарайы, «Қазақ хореографиясы академиясы ғимараттарының кешені (би мектебі)» объектілерінде 1221 бейнебақылау камерасы іске қосылды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жүйемен қамтылған аудандарда құқық бұзушылық санының төмендеуі күтілуде. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды тіркеудің аппаратты-бағдарламалық кешендерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жылдамдық түзімін тіркейтін 25 фиксатор және бұрылыстардағы қозғалыс мониторингінің 10 кешені орнатылды. Бұл шаралар 1 км/сағ көлік құралының жылдамдығын оптикалық диапазонда тіркеуге мүмкіндік береді және қосымша датчиктерді орнатуды қажет етпейді.

сілтеме
Әрі қарай

Ақмолалық шаруалар елорданы етпен қамтамасыз етіп отыр


Ақмола облысының шаруалары жыл басынан бері Астана тұрғындарына 15 мың тоннаға жуық ет жеткізген. Аймақта елорданы сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған жалпы саны 140-тан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары бар болса, оның көпшілігі мал өсіріп, ет өндірумен айналысады. Есіл ауданындағы шаруашылықта қазір 1000-нан астам ірі қара байлауда тұр. Барлығы да қазақтың ақбас сиыры. Мұндағылар: «Малдың басын 2 мыңға жеткізсек», – дейді. Ірі қаралардың күтімі де ерекше. Себебі күйі келіспеген мал жарытып салмақ қоспайтыны белгілі. Елена Бежина, ферма бригадирі -Біз бағып отырған малға уақытында екпе жасап, күтімін бақылауда ұстап отырамыз. Бір бас ірі қараға күніне 5 келі жем-шөп беріледі. Ал қыста тек жылы су ішкіземіз. Бұдан бөлек мұнда жылқы да өсіріледі. Әзірге олардың саны 100 шақты ғана. Кәсіпкер оны келешекте 300 басқа дейін көбейтуді көздеп отыр. Ал сойылған мал еті Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға жұмсалса, артылғаны сыртқа шығарылады. Уәлихан Әріпов, шаруашылық басшысы -Біз жақында 70 тонна сиыр етін өткіздік. Оның 20 тоннасы Ресейге экспортталды. Өзімізде мал соятын арнайы орын бар. Барлық ет сол жерде дайындалады. Айта кету керек, ақмолалық шаруалар өткен жылы 40 пайыз Астананы етпен қамтамасыз еткен болса, қазір бұл көрсеткіш 9 пайызға көтерілген.

сілтеме
Әрі қарай

Павлодар облысының жәрмеңкесінде 730 тонна өнім саудаланады

Астана жаңалықтары: Павлодар облысының жәрмеңкесінде 730 тонна өнім саудаланады

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту жөніндегі келісімге қол қойды.

Енді елордада Павлодар облысының арнаулы дүкендері ашылмақ. Тұрғындар бұдан былай «Шапағат» коммуналдық базарынан керекулік өнімдерді де тұтынады.

Сондай-ақ, сенбі, жексенді күндері Павлодар облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Биыл тауар өндірушілер елордалықтарға 184 миллион теңге сомасындағы 730 тонна өнім ұсынады. Атап айтқанда, 108 тонна ет пен еттен жасалған өнімдер, 25 тонна сүт өнімдері, 104 мың дана жұмыртқа, 300 тонна картоп, 490 тонна көкөніс пен бақша дақылдары, 20 тонна ұн, 37 тонна жарма мен макарон өнімдері, 12 тонна нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, 18 тонна күнбағыс майы, 3 тонна бал әкелінді.
Әрі қарай