Шаһардағы қарқынды құрылыс – елорданың қарыштап дамуының айшықты айғағы. Әлем көз тігетін «ЕХРО – 2017» көрмесіне дейін салынып бітуге тиіс Астанадағы алабөтен ғимараттар күннен-күнге қала тұрғындарының көз алдында еңсе көтеріп, тұлғаланып келеді. Солардың бірі – «Ханшатыр» СОО аумағындағы «Жасыл орам» бірегей жобасы. Осы аптада «таңғажайып» тұрғызылып жатқан құрылыс алаңына арнайы барып, қандай «жасыл» технологиялармен жасақталатынынан хабардар болдық.
Астанада жол-транспорттық жүйеде жөндеу жұмыстары аяқталуда. Жөндеу аясында жол қабатын ауыстыру, инженерлік жүйе салу, тротуар мен жол таңбаларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін «Астана-РЭК» ғимаратында елордалық коммуналды қызметтері арасында спорттық жарыстар өз мәресіне жетті. Бір ай көлемінде «Астанаэнергосервис» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ, «Астана калалык жарык» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК спорттың алты түрінен: мини-футбол, шахмат, үстел теннисі, бильярд, дойбы, волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Астанада 2015 жылдың 3 қарашасындағы жағдай бойынша барлығы 15 398 747,8 мың теңге сомасын құрайтын 3846 нысан заңдастырылды.
Қазірге дейін Астана қаласының Әкімдігіне мүлікті заңдастыру туралы өтініштер түсіп жатыр. Осы күнге дейін Астанада жалпы сомасы сумму 59 719 416,5 мың теңгені құрайтын 4368 нысанды заңдастыруға өтініш түсті.
Лондонда бүгін көлік желісін жаңғыртуды қолдау үшін Астана қаласының әкімдігі, әкімдікке қарасты «Астана LRT» және ЕҚҚДБ арасындағы үшжақты келісімшартқа қол қойылды.
Келісімшартқа сәйкес 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде қалалық автобустар жаңа буынының 200 бірлігін жеткізуге қаржы бөлу қарастырылған.
Қазақстан бойынша жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші елордада тіркелген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыссыздықты алдын алу шараларына бойынша өткен баспасөз мәслихатында елорда әкімдігінің өкілдері мәлімдеді.
«Astana Invest 2015» Халықаралық инвестициялық форумының үш күні нәтижесінде жалпы сомасы 1,5 млрд. АҚШ долларынан асатын 37 меморандумға қол қойылды. Газификация, азық-түлік қауіпсіздігі, қар еріту, полиэтилен өнімін шығару, тұрғын үй мен