Астана өңірлік хабы ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бүгін елордада Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
«ЭЫДҰ қатарында әлемнің барынша дамыған 34 экономикасы бар және ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік басқарудағы тәжірибесі мен директораты өңірдегі реформалар бойынша өз бағдарламасын жүзеге асырып жатқан барлық елдер үшін маңызды. Біз бұл ынтымақтастығымыз барлық үкіметтердің игілігі үшін жұмыс істейді деп үміт артамыз», — деді Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов.
Өз кезегінде ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және территориялық даму мәселелері жөніндегі директоры Рольф Альтер Қазақстан ұйым үшін тамаша серіктес екендігін баса атап өтті.
«Біз Қазақстанмен тамаша ынтымақтастықты жолға қойып, керемет достарға айналдық. Бұл жақтың адамдары бар ынта-жігерімен Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалауға ұмтылатындығы байқалады. Біз, ЭЫДҰ тарабынан бұл саладағы оң тәжірибелерді тек Қазақстанға ғана емес, сонымен бірге көрші елдерге де бере аламыз», — деді ол.
Айта кетерлігі, шара барысында ЭЫДҰ мен Қазастандағы БҰҰ Даму бағдарламасы арасында 4 жылдық кезеңге арналған келісім де рәсімделді. Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомураның атап өтуінше, қол қойылған құжат Қазақстанға әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуына жәрдем беретін болады.
ҚазАқпарат

Американдық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғамы мен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бүгін елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында халықты тіркеу және есепке алуды жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Көктемгі сәуір айында әсем мэнует, жеңіл вальстерден ширақ регтаймға, екпінді тангоға дейін алуан түрлі би әуендері елорадалықтардың назарына ұсынылады. «Астана Опера» камералық залында 7 сәуірде «Bel Canto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Би ырғағында» концерті өтеді.
Бүгін Астанада қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді.


