«Karaganda Invest 2016» Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті

Сәуірдің 27 күні Қарағанды қаласында биыл төртінші рет «Karaganda Invest 2016» Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті. Форумға биыл мыңнан астам адам қатысты. Олар шағын және орта бизнестің, әлеуетті инвестор-компаниялардың, ұлттық компаниялардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өкілдері.

Блог - Basic: «Karaganda Invest 2016» Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың айтуынша биылғы «Karaganda Invest 2016» форумы тек қана Қарағанды облысының емес, Қазақстанның басқа да аймақтарының инвестициялық жобаларын ұсынған алаң болғанымен ерекшеленген. Бұл жолы Қарағанды аймағының жобаларынан басқа Павлодар, Солтүстік-Қазақстан және Ақтөбе облыстары жобаларын ұсынған екен.

Форум спикерлері ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі вице-министр Альберт Рау, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ахметжанов Әнуар, Орталық Азиядағы герман экономикасының өкілеттігі басшысының орынбасары Жүнісәлиева Ғалия, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ Басқармасының төрағасы Тлеушин Қаныш, Директорлар кеңесінің мүшесі, «SAT & Comany» АҚ басқармасының төрағасы Саурамбаев Нұрлан, «Атамекен»ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы төрағасының орынбасары Шотанов Төлеміс, сонда-ақ, Джефферсон Траст Гонг Конг Аймақтық директоры Фурузонфар Зехни болды. Жалпы мәжілістен соң «Жер қойнауын пайдалану және энергетика: «Дәстүрлі салаларға жаңа көзқарас», «Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін жүзеге асыру» және «Қарағанды облысы—инвестициялардың жаңа көкжиегі» тақырыптары бойынша үш секция өтті.

Блог - Basic: «Karaganda Invest 2016» Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті

«Karaganda Invest 2016» айтулы нәтижелерінің бірі жергілікті және халықаралық Меморандумдар мен Инвестициялық келісімдерге қол қою деуге болады. Қарағанды, Солтүстік — Қазақстан, Атырау, Аөтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары арасындағы аймақаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, Қарағанды облысының әкімдігі мен Түрік Республикасының Эскишехир провинциясының Үкіметі арасында Ынтымақтастық және 2016-2018 жылдарға достық байланыстарды орнату туралы келісімдерді жүзеге асыру бойынша ісшаралар жоспарына қол қойылды.

Форум барысында түрі жобалардың презентациясы, компаниялардың көрмелері, инвесторлармен кездесулер болды. Яғни шара инвестицияларды іздеуге және алуға, инновацияларды, технологиялар мен оларды қолдану тәжірибесін алмасуға арналған орталықтандырылған платформаға айналды деуге болады.

Блог - Basic: «Karaganda Invest 2016» Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті

Айтпақшы, Форум аясында әлеуетті инвесторлардың агроөнеркәсіптік кешен, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік-жеке серіктестік, құрылыс индустриясы мен туризм секілді аймақ үшін маңызды бағыттарды инвестициялауы үшін жалпы сомасы 1.5 трлн теңге болатын 151 инвестициялық жоба ұсынылды. Меніңше, адам болам, ұрпағым бақуатты елде өмір сүреді дейтін азаматтар, жер дауын емес, бизнес-форумдар, стартап-жобалар қуса, Қазақстан жақын онжылдықта дамыған елдер қатарына кіруіне толық мүмкіндік бар.

Президент ЭКСПО көрмесіне дейін Астанадағы қордаланған мәселелерді шешуді тапсырды

ЭКСПО көрмесі кезінде 3 ай бойы өтетін мәдени бағдарламаны Қазақстан өз күшімен өткізеді. Президенттің төрағалығымен Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған кеңес өтті. «Қалада кептелістер қалыпты жағдайға айналды. Мен оны күткен емеспін» деген Елбасы мәселені шешуді тапсырды. Қоғамдық көліктерде электронды төлем жасау жүйесін жылдам енгізу қажет деді. Президент сондай-ақ жауын-шашыннан соң Астана көшелерінің айдын көлге айналатынын айтып, мұндай келеңсіздіктерді түбегейлі жоюды тапсырды.


astanatv.kz/news/show/id/47682.html
Әрі қарай

Астанада 5 күнге жалғасқан республикалық діни-ақпараттық насихат шарасы басталды

«Зайырлы қоғамдағы діннің рөлі мен орны». Астанада осындай тақырыппен 5 күнге жалғасқан республикалық ақпараттық насихат шарасы жүргізіліп жатыр. Оған Астана қаласының әкімдігі тікелей бастама болған. Насихат тобының құрамында білікті дінтанушылар, ғалымдар, психологтар, теологтар және қоғам қайраткерлері бар. Тағылымдық мәні зор кездесудің алды «Абу Даби Плаза» құрылыс алаңындағы 3 мың қызметкерге ұйымдастырылды. Мұнда мамандар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын жиналғандарға түсіндіріп, жаһандық қауіптің бірі — лаңкестік жайында кеңінен сөз қозғады.


astanatv.kz/news/show/id/47681.html
Әрі қарай

«Елбасы жолы» киноэпопеясының желісімен түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері өтті


Астанада «Елбасы жолы» киноэпопеясының желісімен түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері өтті. Салтанатты премьерада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның барлық саяси бомонды бой көрсетті.

astanatv.kz/news/show/id/47650.html
Әрі қарай

Елордада Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай халықаралық конференция мен «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады

Астана жаңалықтары: Елордада Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай халықаралық конференция мен «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады

Бүгін елордадағы «Көрме» орталығында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, 6-шы Қазақстандық халықаралық конференция мен Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады.

«Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөнінде өткізіліп отырған 6-шы халықаралық көрме мен конференцияға қош келдіңіздер. Біздің бұл көрмеміз бен конференциямыз дәстүрлі шаралардың біріне айналып отыр. 5 жылдың ішінде 20-дан астам компанияларды осы көрмеде көретін болсақ, бүгінде олардың саны 40-тан асты. Олар өздерінің құрал-жабдықтарын әкелді.

Біз қауіпті жұмыс орындарының бар екендігін айтқанбыз. Солардағы еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы ең негізгі мәселе — әрбір жұмысшының қауіпсіздігін сақтайтын құралдармен жабдықтау», — деді жиынды ашқан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Айта кетерлігі, конференция мақсаты кәсіпорындарда жарақаттың азаюына, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендетуге, қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін шығынды азайтуға, кәсіби аурулардың алдын-алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру. 2 күндік шара барысында өндірісте еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге экономиканың әсер етуі, еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша заңнаманы сақтай отырып, кәсіпорындарда ішкі бақылауды жүзеге асыру, жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өндірісте болатын жазатайым оқиғалардың алдын-алу үшін кәсіби тәуекелдерді басқару мәселелері қарастырылуда.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

2 мамырдан бастап «Астана-Қостанай» жаңа жүрдек пойызы жолға шығады

Астана жаңалықтары: 2 мамырдан бастап «Астана-Қостанай» жаңа жүрдек пойызы жолға шығады

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында №91/92 «Астана-Қостанай» бағытында жүретін жаңа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының жолға шығатынын хабарлайды.

Пойыз 2016 жылдың 2 мамырынан бастап күнара қатынайтын болады.

Жол бойында аялдайтын бекеттері: Атбасар, Жақсы, Есіл, Құсмұрұн, Тобыл, Железорудная. Пойыз таңғы 09 сағат 15 минутта Астанадан, ал Қостанайдан кешкі 21 сағат 11 минутта аттанады. Жолда жүру уақыты Қостанайға дейін 09 сағат 15 минутты, ал Астанаға дейін 09 сағат 11 минутты құрайды.

«Тұлпар-Тальго» пойызы 27 вагоннан тұрады, оның 2-уі «Гранд», 2-уі «Бизнес», 18-і «Турист» санатындағы вагондар, сондай-ақ 2 вагон-ресторан (вагон-бар) мен 3 техникалық вагон бар.

Қосымша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Елордада Еске алу аллеясы ашылды

Астана жаңалықтары: Елордада Еске алу аллеясы ашылды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында № 60 мектеп-лицейі аумағында Еске алу аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Мектеп оқушылары ардагерлермен бірге жас қарағайлар отырғызып, әр ардагер туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты.

Салтанатты шараға Сарыарқа ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сиқымбай Мамыров, Жапаш Кашеков, Василий Макаров, Сейітжан Есілов, Алексей Фролов, Михаил Кочетков, Екатерина Плужникова қатысты. Оқушылар Жеңіс күніне арналған әндер орындады.

Ардагерлер балалармен бірге жас көшеттер отырғызып, соғыс ардагерлері туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты. Әр ағашты бағып күтетін оқушылар белгіленді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10419
Әрі қарай

Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Бүгін Астанада Чернобыль апатының құрбандарына арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті. Шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық және жастар ұйымдарының, Ресей және Беларусь мемлекеттері елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандар мен құрбан болғандардың туыстары қатысты.

Шара апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Содан кейін ескерткішке гүл қою рәсімі өтті.

Биыл атаулы оқиғаның орын алғанына 30 жыл толып отыр. Бұрынғы КСРО аумағында орналасқан Чернобыль Атом электр станциясындағы апат салдарынан 150 мың шаршы шақырымға жуық жер радиоактивті элементтермен ластанды. Жарылыс салдарын жоюға 800 мыңға жуық адам қатысты. Сол жылдары 30 мыңнан астам қазақстандық апат салдарын жоюға өз еркімен аттанды.

-Апаттың 15 жылдығына байланысты шағын кітап шығардым. Бүгінгі күні апаттың 30 жылдығына байланысты «Өлі қаланың куәгерлері — Очевидцы мертвого города» деген кітапты тарту етіп отырмын. Онда жалпы апаттың тарихы, қазақстандық азаматтардың ерлікпен көрсеткен ерен еңбектері және апаттан кейінгі барлық жақтардан атқарылып жатқан жұмыстары бүгінгі өмір тыныстары баяндалады. Яғни, 15 жыл бойы қолдағы материалдарды жинақтаумен және 2015 жылдың қарашасынан бастап кірісіп, қарашадан бері қарай жазып шықтым, — дейді «Чернобыль одағы» ҚР ЗТҚ төрағасының орынбасары Марат Жүнісбек.

Айта кетейік, «Астана қаласындағы азаматтардың жекелеген санаттарындағы әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарын жоюға қатысқан адамдарға үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап коммуналдық төлемдер мен басқа да төлемдерді төлеу үшін өтемақылар бөлінуде.

Сонымен қатар, 557 Чернобыль ардагеріне ақысыз тіс протездеу, қоғамдық көліктерде тегін жол жүру, тегін санаториялық-курорттық ем қабылдау сияқты әлеуметтік көмектер көрсетілуде.

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

astana.gov.kz/kk/modules/material/10411
Әрі қарай