Дос Көшімнің Жер комиссиясының көшпелі отырысында айтқан сөзі

Жер реформасы жөніндегі комиссияның Көкшетауда өткен алғашқы көшпелі отырысында "Ұлт тағдыры" қоғамдық ұйымының жетекшісі, комиссия мүшесі Дос Көшімнің айтқаны

Әрі қарай

Достық көшесі уақытша жабылады

7-10 маусым аралығында Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау шараларын жүргізу мақсатында көлік қозғалысы тоқтатылады.

Астана жаңалықтары: Достық көшесі уақытша жабылады

Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Астанадағы ең үлкен «Жас қанат» аула клубы жаңаша жұмыс істейтін болады. Енді клубтың өзіндік стилі бар, келушілерді есепке алатын онлайн-бағдарлама әзірленіп, жаңа секциялар мен бағыттар ашылды. Жыл соңына дейін елордалық 11 аула клубының барлығы жаңартылып, бірыңғай AULA CLUB брендімен жұмыс істейтін болады.

– Аула клубтары дегенде Кеңес заманы көз алдыңа елестейді. Ал біз болсақ, жаңа заманауи AULA CLUB брендін жасап шығардық, ол барлық аула клубтарын қамтиды. Олардың әрқайсысының өзіндік стилі, қызықты дизайны болады. Бірінші кезеңте, ең үлкен клубтар өзгертіледі, жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталмақ, – деді «Астана жастары» КММ ақпаратты талдау және мониторингі мен әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Аида Санат.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Оның айтуынша, қазіргі кезде аула клубтарына негізінен балалар ғана барады, ал алдағы уақытта жастар жиналатын, түрлі үйірмелер ұйымдастырылатын орталықтар құру жоспарланған.

Жаңартылған «Жас қанат» аула клубында қазіргі заманғы скауттар қозғалысының жастар орталығы ашылды.

– Балалар лагерьге барады, тауға, ашық далаларға шығады, от жағып үйренеді –жастар үшін мұның бәрі қызық нәрсе. Сондай-ақ, жас астаналықтар театр өнерімен, йогамен, техникалық шығармашылықпен танысады, – дейді Аида Санат.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Бүгінгі таңда клубтарда түрлі секциялар өткізіледі, соның ішінде каратэ, бокс, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, дзюдо, үстел теннисі, шахмат, дойбы бар. Сонымен қатар, би, музыка, бейнелеу өнері және қолданбалы өнер сияқты шығармашылық үйірмелер де жұмыс істейді. Әр клубта жастарға өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беретін дербес бағдарламалар әзірленген. Атап айтқанда, спортты, ұлттық өнерді, хореография мен музыканы, қолданбалы өнерді дамыту, денсі сау жастарды тәрбиелеу бойынша бағдарламалар.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Елорда тұрғындарының назарына

Астана жаңалықтары: Елорда тұрғындарының назарына

2016 жылғы 6 маусымда елорда әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Отырыс барысында қауіпсіздік шараларын, әсіресе террористік тұрғыдан осал нысандарда күшейту мәселелері қаралды.

5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында орын алған оқиғаларға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгіленді.

Террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда ұсталатын тәртіп бойынша ұсыныстар.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар.

Сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар.

Айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер. Құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер.

Ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдаңыздар.

Дүрлігуге жол бермеңіздер.

Күмәнді заттарды тапқан жағдайда, дереу 112, 102, 71-60-10, 71-61-10 номерлеріне хабарласыңыздар.
Әрі қарай

Мұхаммед Әли туралы фильмдер

Мұхаммед Әлиді кино әлемінде Майкл Манның «Али» көркем картинасы арқылы ғана білеміз. Чемпионды Уилл Смит сомдаған еді. Фильмде Кассиус Клэйдің қара нәсілділердің құқығын қорғаушы ретіндегі қырына баса мән беріледі, ал оның 1974 жылы Заирде өткен Джордж Форманмен жекпе-жегі фильмнің кульминациясы ретінде берілген. Демек, «Али» фильмі осы аңыз тұлғаның толық өмірін суреттемейді, боксерлік карьерасының бүге-шегесіне аса көп тоқталмайды, азаматтық белсенділігінен хабар беретін көріністер толық емес. Бұны заңдылық деп те қарастыру керек, өйткені осындай ұлы тұлғаның бүкіл өмірін бір кинокартинаға сыйғызу мүмкін емес.

Сондықтан, Мұхаммед Әлидің өмірі мен карьерасынан толыққанды ақпарат алу үшін, оны жақынырақ білу үшін бір емес, бірнеше фильмді көріп шығу керек болады. Құдайға шүкір, чемпион туралы деректі фильмдер аз емес екен.

«Немесе оны Кассиус Клэй деп танимыз» («A.k.a. Cassius Clay»), 1970 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
Бұл деректі картина бокстан аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы болған, Ислам дінін қабылдағанға дейін Кассиус Клэй деген атпен белгілі Мұхаммед Әли туралы баяндайды. Режиссер Әлидің Генри Купермен, Флойд Паттерсонмен, Джерри Куорримен, Сонни Листонмен өткізген жекпе-жектерінен таспаларды бір киноға жинастырған. Әли өзін бокс тарихындағы ең ұлы адам деп атайды. Марқұм Малькольм Икс чемпион туралы өз ойымен бөліседі.

«Мұхаммед Әли: Қабілет, ақыл және жігер» («Muhammad Ali: Skill, Brains & Guts»), 1975 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
Фильмде Мұхаммед Әли карьерасындағы ең жарқын сәттерін еске алады. «Көбелекше қалықтап, араша шағып алатын» чемпион жұдырықтасқан қарсыластары туралы айтады. Үздік жекпе-жектерінен кадрлар көрсетіледі, сұхбаттары бар.

«Ең ұлы» («The Greatest»), 1977 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
Өмірбаяндық көркем фильмде басты рөлді Мұхаммед Әлидің өзі сомдады. Сюжет бойынша Кассиус Клэй Ислам дінін қабылдап, Мұхаммед Әли деген есімді алады. Кейін ол Вьетнамдағы соғысқа барудан бас тартады. Бұл шешімі оның кәсіби карьерасына кеселін тигізеді, бірақ соттасу барысында Әли жеңіске жетеді.

«Біз патша болғанда» («When We Were Kings»), 1996 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
Әлидің ең қиын жекпе-жегі – Джордж Форманмен кездесуі туралы деректі фильм. Екеуі 1974 жылы 30 қазанда Заир астанасы Киншаса қаласында жұдырықтасқан еді. Сол кездесу Конго халқы үшін үлкен оқиғаға айналды, ел басшысының қаржыландыруымен тікелей трансляция әлем бойынша көрсетілді, бокс шарасына орай үлкен музыкалық фестиваль да ұйымдастырылды.

«Біз патша болғанда» — үздік деректі фильм номинациясы бойынша «Оскар» алды.

«Мұхаммед Әли – Әлемнің көзімен» («Muhammad Ali — Through the Eyes of the World»), 2001 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
Мұхаммед Әли спорт тарихындағы ең ұлы тұлға ғана емес, ол азаматтық құқық үшін күрескен қозғалыс мүшелерінің бірі, діни сенімі үшін принципке бара алған қайсар адам, өзіне тән мінезі мен харизмасы бар ерекше жан. Деректі картинада ескі таспалар, оның достарынан, отбасы мүшелерінен, табынушыларынан алынған сұхбаттар бар.

«Әлидің 65-і» («Ali’s 65»), 2006 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
ESPN арнасы өндірген телевизиялық деректі фильмде Әлидің бокстағы жетістігі қоғамның рингтен тыс бөлігіне қалай ықпал еткенін баяндайды. Кейбір спортшылар тек спорт әлемінде ғана талант болып қалса, кейбіреулердің мұрасы өз кәсібінен тыс әлемге де әсер ете алады. Мұхаммед сондай ерекше адамдардың бірі, ол Америка тарихына ықпал етті. Фильмге сондай-ақ Әлиге 1960 жылғы Олимпиада «алтынын» алып берген жекпе-жек, 1975 жылғы Джо Фрейзермен жұдырықтасуы енген.

«Маниладағы триллер» («Thrilla in Manila»), 2008 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
1971 жылы Мұхаммед Әли мен Джо Фрейзер рингте кездесті. Бұл сол кезең үшін бокс әлеміндегі ең басты оқиға еді. Жұдырықтасуға дейін Мұхаммед көпшілік алдында қарсыласын кекетіп-мұқатумен болады, «Горилла», «Том ағай», «Кемтар» деген аттар тақты. Алайда, Джо Фрейзер судьялардың шешімімен жеңіске жетеді. Бұл Әлидің карьерасындағы алғашқы жеңіліс еді. 1974 жылы матч-реванш болды, бұл жолы судьялар жеңісті Әлиге берді. Бірақ екі боксшының арасындағы текетірес бұнымен бітпеді. Фрейзер мен Әли арасындағы үшінші жекпе-жекті Филиппин астанасы Манилада өткізуге шешім қабылданады. 14 раундқа созылған кескілескен шайқас болады, айқын басымдыққа ие нақты жеңімпаз анықталмайды. Алайда судьялардың шешімімен Әли жеңімпаз деп танылып, чемпиондық атағын сақтап қалады. Деректі фильм осы оқиғаны бүге-шегесіне дейін баяндап береді.

«Мұхаммед Әли: Майамиде жасалған» («Muhammad Ali: Made in Miami»), 2008 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
1960 жылы Кассиус Клэй еісмді жас боксшы Майамиге келген еді. Осы жерге ол аса ауыр салмақтың чемпионы болу үшін келеді. Ақырында ол аңызға айналды. Фильмде боксшының жақындары, соның ішінде бапкері Анджело Данди, дәрігері Ферди Пачеко сөз сөйлейді. Бұл фильм боксшының Майамидегі эволюциясын көрсетеді.

«Әлимен бетпе-бет» («Facing Ali»), 2009 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
Деректі кинокартинада Мұхаммед Әли онымен жұдырықтасқан боксшылар көзімен баяндалады. Әлимен жекпе-жек өткізген үздік 10 боксшы сұхбат берген. Олардың ішінде, Джордж Форман, Джо Фрейзер секілді Әлидің қас жаулары бар. Сөйтіп, Мұхаммед Әлиді оның қарсыластары айтқан әңгімелер арқылы басқаша тануға мүмкіндік ашылады.

«Әлидің он екісі» («Ali’s Dozen»), 2006 жыл

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
Мұхаммед Әлидің карьерасындағы ең үздік 12 жекпе-жек туралы баяндайтын деректі фильм. Оның рингтегі төбелестеріне куә болған адамдардың сұхбаттары келтірілген.

«Мұхаммед Әли – Адам, қадамдары, сөздері» («Muhammad Ali — The Man, The Moves, The Mouth»), 2012

Киностан: Мұхаммед Әли туралы фильмдер
Бұл деректі фильм чемпион өмірінің ретроспективасы десе де болады. Фильмде оның өміріндегі негізгі оқиғалар, жеңістері мен сәтсіздіктері баяндалады. Боксшының рингтегі басты кездесулерінен сирек кадрлар көрсетіледі.
Аталған кинотуындылар Мұхаммед Әли туралы толық картинаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп үміттенеміз.

Қосымша дерек:
Мұхаммед Әли (Muhammad Ali, туған кездегі аты-жөні — Кассиус Марселлус Клэй) — Американың кәсіпқой боксшысы, ауыр салмақ категориясында жұдырықтасты; бокс тарихындағы ең танымал боксшылардың бірі. Өмір сүрген кезеңі — 17 қаңтар 1942 — 3 маусым 2016.

1960 жылғы XVII Олимпиада ойындарының жартылай ауыр салмақ бойынша чемпионы, ауыр салмақтағы абсолюттік әлем чемпионы (1964—1966, 1974—1978).
Әрі қарай

Бір матч күнделігі (қысқа фильм)

Футбол, тек қана футбол!: Бір матч күнделігі (қысқа фильм)

Бір матч күнделігі | Bir Maç Günlüğü | A Soccer Game Journal — Дениз Өзден (Deniz Özden) атты жас түрік режиссер түсірген қысқа фильм. 4 минуттық фильмде Түркиядағы бір кафеде футбол қарап отырған еркектердің реакциясы көрсетіледі. Футбол, бәс тігу, фанатизм, жалаң патриотизм… Ал, сол кезде сыртта митинг, жарылыс, қашқан адамдар… Футбол фанатизмінің қоғамға, оқиғаларға, әйелге немқұрайдылығы туралы баяндалады. Жалпы тек Түркиядағы фанатизм туралы емес бұл фильм…

Фильм Түркия, Еуропа, АҚШ-тағы 12 түрлі фестивальде жүлде алған.

Әрі қарай

Ораза-2016 кестесі

Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

6 маусымнан бастап елордада Сығанақ көшесін Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан бастап М3 көпірге дейін және Шәмші Қалдаяқов көшесін М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін кеңейтуге байланысты кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді:

— № 4 маршрут: Б. Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Ж. Нәжімеденов және Ш. Қалдаяков көшелерімен жүрмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 14 маршрут: Б. Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Қ. Аманжолов көшесін айналып өтеді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 21 маршрут: Д. Қонаев көшесінен Р. Қошқарбаев даңғылымен Байтұрсынов көшесінедейін, Ш. Қалдаяков көшесімен жүрмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

№ 32 маршрут: Орынбор көшесімен, Қошқарбаев даңғылымен және Байтұрсынов көшесіменДостық көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Нәжімеденов және Қалдаяков көшелерімен жүрмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 51 маршрут: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ және Сауран көшелерімен жүрмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 52 маршрут: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ көшесіне кірмейді;

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

— № 55 маршрут: Тұран даңғылынан Сарайшық көшесімен жүреді, Сығанақ, Түркістан, Достық және Орынбор көшелеріне кірмейді.

Астана жаңалықтары: Астанада автобус бағдарларына уақытша өзгеріс енді

Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы Астана қаласының көше-жол желісінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалпына келтіріледі.

материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай