Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірдеңесінші жылдар. Елде жеті жоқтың бәрі жоқ: қант жоқ, нан жоқ, жарық жоқ, бензин жоқ, киім жоқ, темекі жоқ, ет… рас, ет енді — бұрында да толып тұрғаны шамалы еді, тігейіннің. Бірақ ғалымдар бар. Вильсон камерасы түгілі, белсебедінің кәмірін жамайтын да ақшасы жоқ бұтақбас ғалымдар қалайша жаңалық ашыватыр? Ол әдетте былай түсіндіріледі: «аш болса да, жалаңаш болса да, отансүйгіштікпен ғылым жолын тастамады». Әне, біздер қандаймыз деп, мәз боласың, нақ.
Facebook кей жазбаларды «жеп» қоятынын білеміз ғой. Соның бүгін амалын таптым.
Өз профиліңе кіріп, оң жақ бағанда шамамен қай жыл, қай айдағы жазба керек екенін көрсетіп аласың. Одан кейін, сол жерде «Самое важное» дегенді төмен түсіріп, «все новости» дегенді таңдаймыз.
Талай адам ьасын қатырып, «Фэйсбук жазбаларды жоғалтып жібереді, сақтамайды» деп байбалам салып жүрген жұмбақтың шешімі осындай.
Ұлы қолбасшы Улисс Гранттың мүрдесі қабірінде жылына екі рет аунайды: бір рет — туған күні — 27 сәуірде Ұлттық Мемориалдық Мұражайда еске алынғанда; екінші рет — қаззақтар тамыз айының басында грантқа түскендердің тізімін іздегенде.
Журналист: «Ыңғайсыз түгі де жоқ, жаңа үй кере пе? жылаңыз! » -деді де, операторға қарады. «Гош, не ма, мына ракурстан алсаң қалай болад, арттағы қирап жатқан сарай көріне ме?»
Гоша (оператор): «Сәл оңға тұрш, мына жерге, во, болад»
Журналист: «Балдарыңыз қайда кешегі?
Жалғыз басты әйел: „Ұйқтатып тастағам, ауырып жатыр өзі, де. Оятсам, бақырад. Сіздер алдымен ішке кіріп шай ішіп алсаңызшы!
Журналист: “Гош, шай дит. Ішіп аламыз ба?»
Гоша: «Давай снимем, пару кадров, я уже приготовился.
Журналист: „Қазір, онда балдарыңызды алып шықсаңыз. Жылап тұрса тіпті жақсы фонға, шумға керек болад!
Әйел: Жарайд, қазір,“ -деді де, аңырап жылаған бір баласын қолына көтеріп, екінші баласын жетектеп алып шықты»
Журналист: " Анау жатқан Айпад сіздікі ме? Бір жерге тығып қойыңыз, эфирге еш қажеті жоқ. Тәк, Гоша, давай, макс мотор!
"Өз үйім кең сарайым боз үйім. Алайда, мына жалғыз басты ананың қирап жатқан үйін кең сарай деу қиындау боп тұр. Осыдан үш күн ғана бұрын Шаңырақ шағын ауданыныдағы Кемел Құрылыс ЖШС-сы екі балалы ананың үйін сот шешімін күтпестен, бұзуға кірісті"…
"Қаймана орыс жақсы" деп налып отырушы еді әжем украин. Сергей Кащавцев амигоның орыстығы — сол аты-жөнімен бітеді. Қазақ боп кеткені сондай, тіпті оның сүндеттелгені туралы қауесеттер тарап жүрді.