Update

Жүрекке әмір жүрмейді

Сұраулы жүзбен қарайсың маған.
Жақындасам жалтардың.
Көңілім, неге болды екен алаң,
Жаныңа батты-ау,
шаңшар мұң…
Айтқызбай-ақ,
сездің бе, әлде,
іштегі сырын сезімнің.
Жүргенім де меңіреу халде,
Жетегінде төзімнің.
Мұз еді жүрек көргеннен сені,
Шуағың тиіп еріп еді…
Қайтейін бірақ,
Мен емес теңің.
Ойласам қайғы төгіледі.
Аңсаған күнім алыста тегі,
Білемін, қайта келмейді.
Түсінсең жаным кешірші мені,
Жүрекке әмір жүрмейді

(Жаңғырық Бестәңірі)

Келе берем

Бардым. Тостым.
Сен жоқсың,
сезіндің бе?
Сезіндің бе, шегі бар төзімнің де.
Білесің бе?
Мен сені шын сүйемін,
Келе бергім келеді кезігуге.
Тосып тұрмын,
Уақыт өтіп барады.
Бір көруге өзіңді кетіп тағат.
Ойыңа да келмеді-ау,
бәлкім сенің,
Мен келер деп кешігіп,
тосып қалады.
Айыға алмай түйіткіл жебелерден.
Қайтып барам,
Күдікті ой себелеумен.
Болма мейілі,
Болмағың мен келгенде,
Келе берем,
бәрі-бір келе берем.

(Жаңғырық Бестәңірі)

ПыСы: авторы мен емес
Әрі қарай

Әндерден үзінділер

Сәлем баршаңа! 
Бүгін vk.com/sen_ushin группасына жазып жүрген жазбаларыммен бөлісейін деп едім
 
1. «Cенің махаббатың өмірдегі бар байлығым болса, өмірдің соңына дейін ешкімді қаламас едім» 
Justin Timberlake — Untill the end of time
(if your love was all I had 
In this life 
Well that would be enough 
Until the end of time)

2. «Маған тағы бір мүмкіндік берші, сен үшін басқа өлең жазуға»
 Justin Timberlake — Another song
«Give me another chanceTo write you another song»



джастин
 
3.«Сені жоғалсам, мен үшін күн жоқ»
 
Bruno Mars — It will rain
«there'll be no sunlight,
If I lose you, baby».
4. «Сені мәңгі сүеймін деп серт беремін»

Bruno Mars — Rest of my life
«I promise to love her for the rest of my life»
Bruno
 
5. «Мен көре алмадым, мен сене алмадым. Мен тек сезе білдім»


Marc Anthony — You sang to me
 «I didn't see it, I can't believe it… Oh but I feel it»
anthony
 
6. Менде екеуміздің әлемімізге билет бар

Savage Garden — To the Moon And Back
«Got a ticket for a world where we belong»
savage
 
7.«Кейде махаббат шексіз, кейде ол мәңгі бақытсыздық»
Adele — «Someone like you» әнінен үзінді
 
adele
Баршаңызды халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын
Және сіздерді vk.com/sen_ushin группасына жазылуға шықырамын
Әрі қарай

Q-pot Phone - қыздарға шоколад телефон

14 ақпан Махаббат күніне арнап, жапондық 2 компания бірігіп бір өнім шығарыпты. NTT Docomo деген телекоммуникация компаниясы және шоколад дизайнымен айналысатын Q-pot шоколадты телефон шығарыпты. Бір қарағанда шоколадтан аумайтын бұл телефонды әрине жеуге болмайды

Android 2.3. жүйесімен жұмыс істейтін бұл телефондар қазір 520 доллар бағамен сатылуда Жапонияда.
Әрі қарай