Республикалық Жоғары лига. 1/8 финал. 3 топ

  • КВН


2 сәуір күні, Астана қаласы, Жастар сарайында Республикалық Жоғары лиганың 1\8 финалы, 3 топ ойыны өтеді!

Барғысы келетін керекшілерге арнайы шақыру билеттері беріледі. Шақыру керек дегендер Алданмен хабарлассын: +77019971017
Әрі қарай

Қайтсек «жұлдыз» боламыз немесе кемшіліктерімізді білеміз бе?

  • КВН
Қазақша КВН жастар сүйіп ойнайтын ойын. Бұл ресми сөз. Бірақ қандай жастар ойнайды? Көрермені кім? Осы сұрақтарды көптеген командалар көп жағдайларда айналып өтетін сияқты. Ия, ия, білемін, қазір «Олай емес братан!», «Біз ойланамыз!», «Не істесек те барлығы көрермен үшін» дейтіндер табылады. Бірақ өкінішке (мүмкін бақытыма) орай мен КВНды көрермен ретінде қарай алмаймын. Сондықтан редактор көзқарасымен бізге не кедергі жасайды, қандай кемшіліктеріміз бар, санап өтейін. Бірден ескертейін, бұл жерден алып, жерге салып жамандау емес. Бір қорытынды шығарып, ары қарай сүйікті ойынымыздың дамуына себеп болса деген ой. Адекватты пікірлер болса тыңдауға дайынмын. Сонымен:

Бірінші кемшілік: Және де ең үлкен кемшілік сауаттың аздығы. Бұл жекелеген емес, жаппай құбылыс. Ешкім жаңалықтар қарамайды, оқымайды. Тіпті кейбір командалар ОБСЕны дұрыс айта алмай, қарапайым сөздерден сүрініп жатқанына қарның ашады;
Әрі қарай