Қазақша КВН ойындарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында түлектер бас қосты

Қазақша КВН Ойындарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Түлектер кездесуі-2019» ойыны өтті. Жайдарманның ардагер ойыншыларына айналып, бүгінде әртүрлі салаларда қызмет етіп жүрген жайдарманшы түлектер Алматы қаласында бас қосып, Алатау дәстүрлі өнер театры сахнасында көпшілік көңілінен шығатын өнер көрсетті. «Түлектер кездесуі» Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында ұйымдастырылды.

Еліміздің әртүрлі өңірлерінен жиналып, ойынға бас-аяғы 9 команда қатысты:
1)"Өзіміздің жігіттер" Шымкент
2) «АЭСА» Шымкент
3) "Ұлттық құрама" Алматы
4) «Бауырсақтар» Тараз
5)«Альянс» Семей
6)«Арыс құрамасы» Түркістан облысы
7)«Жаснар» Алматы
8)«Аягөз құрамасы» ШҚО
9)«Номад» Алматы

Өнер көрсеткен командалардың әзіліне баға берген әділ қазылар алқасының құрамында Айқын Төлепберген, Жанатбек Байтеков, Ақылбек Досжанов, Абунасыр Серік, Ринат Заитовтар болды. Көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шыққан шымкенттік «Өзіміздің жігіттер» командасы бірінші орынды қанжығалады. «Аягөз» командасы жүлделі екінші, «Жаснар» командасы» жүлделі үшінші орынды иеленді.

Ойын Қазақстан ұлттық арнасының эфирінен көпшілікке жол тартты.

Жас кәсіпкерлерге - жаңа бағыт

Алматыда 17 қараша күні республикалық А лига ойындарының финалы өтті. Финалға еліміздің барлық өңірлерінен қатысқан командалар арасынан суырылып алға шыққан 6 команда қатысты. Қазылар алқасының шешімімен финалға жолдама алған «Бақтияр Тайлақбаев», «Байланыс жігіттері», «Маңғыстау», «Томирис», «ПМПУ» командалары үш кезең бойынша бақ сынады:
1. Сәлемдесу;
2. Әуенді жамбы ату;
3. Көрініс.
Қазылар алқасының құрамында «Tamasha.tv» телеарнасының директоры Есен Елеукен, дизайнер Жадыра Сахиева және әзіл майталмандары Нұржан Тутов пен Алмат Сақатов болды.

Ойын қорытындысы бойынша, «Бақтияр Тайлақбаев» командасы бас жүлдені иеленді. «Голд» құрамасы екінші, «Байланыс жігіттері» үшінші орынға лайықты деп табылды. Финалға жеткен әр команда арнайы дипломдармен және қаржылай марапатталды. Чемпион атанған командаға қосымша сыйақы табысталды.
Финалдық ойын 24 қараша күні «Tamasha.TV» телеарнасынан көрсетілді.

Жайдарман: Республикалық Премьер Лига ойынының финалдық бәсекесі өтті

Республикалық Премьер Лига ойындары қорытындыланды. Жыл бойы іріктеліп, финалға өткен командалар 16 қарашада өзара бақ сынасып, чемпионды анықтады. Тартысқа толы ойын Алматы қаласы, Алатау дәстүрлі өнер театрында өтті.
Финал 2 кезеңнен тұрды: сәлемдесу және үй тапсырмасы.

Қазылар алқасының құрамында Марат Оралғазин, Дәулет Кәрібек, Еркебұлан Мырзабек, Ақылбек Досжанов, Рамазан Фаилов болды. Әділ қазылардың шешімімен, бас жүлде атыраулық «Маями» командасына бұйырды. Екінші орынды Рудный құрамасы, үшінші орынды алматылық Made in ATU командасы иеленді.

Премьер Лиганың 2019 жылғы маусымы осылай қорытындыланды. Жеңімпаздар арнайы кубокпен және дипломдармен марапатталды. Премьер Лига қатысушы командаларды шыңдап, үлкен тәжірибе мектебінен өткізді.

Норвежского террориста посадят в роскошную тюрьму

До двойного теракта, совершенного в пятницу, 22 июля, Андерсом Брейвиком, Норвегия считалась самой безопасной страной мира с самым высоким уровнем жизни. Здесь практически не происходило мелких преступлений, а убийства считались крайней редкостью. Именно поэтому к преступникам в этой стране относятся очень лояльно.

Норвежского террориста посадят в роскошную тюрьму (12 фото)
Әрі қарай