Астанада Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

Асанада тамыздың 11-де сағат 19.00-де алғаш рет ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында өткізілетін, Украина мен Қазақстанның танымал дизайнерлерінің Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы Астана қаласы Қазақстан халық Ассамблеясы болып табылады. Сән марафонын өткізу идеясы Астана қаласындағы «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігіне тиесілі.

Іс-шара барысында қатысушыларға танымал дизайнерлердің қайталанбас топтамаларын, қазіргі заман киімдерінде ұлттық үлгілердің көрінісін, этномәдени орталықтарының астаналық шығармашылық ұжымдарының шығармашылық өнерлерін тамашалау мүмкіндігі пайда болады.

Халықаралық этникалық сән марафоны аясында авторлық суреттердің, ұсынылған топтамалардың киімдерінің, кәдесый өнімдерінің және т.б. көрме-сатылымы өтеді. Іс-шара аясында дизайнерлер-марафон қатысушылары ұсынған бұйымдардың ұтысы өткізіледі.

Іс-шара Республика даңғылы, 34 үй, «Жастар» сарайында өтеді. Кіру тегін.
Әрі қарай

Қысқа мерзімдік курстар үшін оқыту орталықтары белгіленді

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында биылғы жылдың сәуір айынан бері 4275 жұмыссыз азамат қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді. Бүгінгі бүнге 1730 адам оқуды аяқтап, соның 741-і жұмысқа орналастырылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді курстарды кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының базасында ұйымдастыру жүйесі енгізілуде. Бұл мақсатта 5 оқу орталығы іріктеліп алынды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ, «Қайнар» ЖШС, «Байтұрғанов» ЖК, Қапшағай қаласында «КНАУФ Гипс Қапшағай» ЖШС, Талғар ауданында «Байсерке Агро» ЖШС. Аталмыш өндірістік базаларда курс тыңдаушылары электромонтер, электрослесарь, аккумуляторшы, ірі қараны қолдан ұрықтандыру технигі, нэйл стилист, визажист, шаштараз кәсіптері бойынша тәжірибелерін шыңдайды.
Биылғы жылы осы оқу орталықтарының базасында 200 адамға оқыту курсы ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күні жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары тарапынан аталмыш мамандықтарға оқытуға деген жұмыс берушілердің сұраныс деңгейі анықталуда.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әрі қарай

Кептелістің күрмеуі шешіледі

Алматы облысы: Кептелістің күрмеуі шешіледі
«Алматы — Бішкек» автожолының 786-790 шақырымы учаскесін, яғни «Алтын Орда» базары маңындағы 3,8 шақырымдық жол кеңейтілетін болады. Осы маңдағы көлік кептелісін шешу үшін облыс әкімдігінің ұсынысымен үкімет тарапынан қолдау тапқан ауқымды жоба биылғы жылы жүзеге асырыла бастайды. Күрделі жөндеу барысында жол үсті көпірлері мен жол бұрылыстары да қарастырылмақ. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында облыс әкімінің орынбасары А. Байжанов айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«КазАвтоЖол» мекемесінің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаевтың айтуынша, «Алтын Орда» базары маңындағы автожол арқылы тәулігіне 50 мың автокөлік жүреді. Мұндағы кептіліс мәселесін шешу мақсатында аталмыш жолдың 16-19 шақырымдары аралығы 8 және 10 жолақты болмақ. Оның екі жолағы транзиттік көліктерге арналса, екі жолағы жергілікті маңға жүретін көліктерге, ал бір жолағы автобусқа, яғни қоғамдық көлікке арналады. 16-шы шақырымда бұрылыс эстакадасы қарастырылады.
«Алматы — Бішкек» автокөлік жолының 786-790 шақырым учаскесі бөлігін кеңейтудің бұған дейінгі жобасына биылғы жылы бірқатар толықтырулар енгізілген болатын. Атап айтқанда, жобаның екінші кезеңінде 18 мың тұрғыны бар «Асыл Арман» ТК тұрғындарының өтініші бойынша аталмыш кешеннен қалаға бұрылатын «Труба» типті жер үсті жолы салынса, сонымен қатар Райымбек ауылы тұсында тағы бір, жоба бойынша төртінші жер үсті жолы қарастырылатын болады. Екі кезеңінің де жобасын «АстанаСтройПроектСервис-М» ЖШС дайындауда. Тамыз айының соңына дейін «МемСараптама» мекемесінің оң қорытындысы шығады деп жоспарланған. Жобаны толық жүзеге асырудың алдын ала есептеу бойынша құны 12 млрд. теңгеге жуық деп жобаланып отыр. Биылғы жылға 800 млн. теңге бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.
Жобаны іске асыру мақсатында мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін алу жұмыстары жүргізілуде. Алуға жататын облыс аумағындағы 53 учаске болса, бүгінгі күнге соның 5-еуі мемлекеттік жер учаскесі, 30-ы алынған, 13-інде алу процесі жүріп жатыр, ал 5 жер учаскесінің иелерімен келіссөздер жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары А. Байжанов күрделі жөндеу жұмыстары кезінде сол маңдағы іргелі нысандардың жұмысына кедергі келтірмеуді, уақытша жолдардың бағытын келісіп жасауды тапсырды. «Бұл жоба өз кезегінде көлік кептелісін шешуге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне оң ықпалын тигізетін болады», — деді А. Байжанов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Әрі қарай

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қала тұрғындары мен қонақтары қаламен «тікелей» сөйлесіп, байланыс орната алады

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қала тұрғындары мен қонақтары қаламен «тікелей» сөйлесіп, байланыс орната алады

8 тамызда Астанада «Сәлем, Астана» атты интерактивті қалалық жоба іске қосылатын болады, ол өз алдына қала тұрғындары мен қонақтары үшін қаламен хабарлама арқылы байланып орнатып, сөйлесуге мүмкіндік береді.

«Сәлем, Астана» жобасы Урбанистика және Астана қ. әкімдігінің қолдауымен ЭКСПО-2017 үшін FutureCreativeбритан мәдени бағдарламасы шеңберінде Британ Кеңесімен іске асырылуда. Жоба 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жобаны әзірлеп жатқан мамандардың айтуынша, жобаға Астана қаласындағы кез-келген қала тұрғыны-қонағы қатыса алады. Қаламен «сөйлесуді» бастау үшін FacebookMessenger қосымшасы арқылы SalemAstana2017 (https://www.facebook.com/salemastana2017/) қолданушысына «Сәлем» сөзімен, өзі тұратын көшенің атауы мен үйдің нөмірін қоса көрсетіп, хабарлама жіберу керек. Мәселен, «Сәлем Республика#3».

Одан кейін хабарлама жіберген адамға жауап хат (хабарлама) келеді. Қаламен байланыс орнатуда онымен «сөйлесу» 4-5 сұрақ қою арқылы және оған түрлі тақырыпта жауап алу арқылы өтеді.

Интерактивті «Сәлем, Астана» жобасы қала тұрғындарына өздерінің сүйікті шаһарларымен «сөйлесіп», байланыс орнатуына мүмкіндік береді; кез-келген қала тұрғыны шаһар туралы өзінің пікірімен не болмаса алған әсерімен бөлісе алады, қаланы жаңа тұрғыдан танып, мол ақпарат жинай алады, өзге де адамдардың пікірін біле алады. Жоба қаланың Сарыарқа, Алматы, Есіл сынды 3 ауданын қамтиды.

Айта кетейік, «Сәлем, Астана» жобасы қала тұрғындары арасында, онымен бірге қала тұрғындары мен шаһар арасында байланыс орнату үшін қалалық сәулет пен «ақылды қала» технологиясын қолданатын PlayableCityхалықаралық жобасының негізінде құрылған.
Әрі қарай

Астаналықтар өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелерінен 12 мыңнан астам азық-түлік өнімін сатып алды

Айта кеткен жөн, өңірден әкелініп жатқан азық-түлік өнім көлемі артуда, деп хабарланды әкімдіктің медиа орталығынан.

Жыл басынан елорда тұрғындары мен қонақтары ауылшаруашылық жәрмеңкелерден 12 мыңнан астам азық-түлік өнімін сатып алды. Бүгінде 32 жәрмеңке өткізілген, дегенмен өңірлерден тасымалданып жатқан азық-түлік өнім көлемі селеп артуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында небары 300 тоннаға жуық азық-түлік өнімі сатылса, бүгінде астаналықтар бір келгенде 1000-ға жуық тонна азық-түлік өнімін сатып алады. Ауылшаруашылық басқармасынан хабарланғандай, бақша өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектер мен қант өнімі елорда тұрғындарының жоғары сұранысына ие.

«Қарбыз, қауын тез сатылып кетеді. Қазір «тосап» маусымы болғандықтан жеміс-жидектер, көкөністер, қияр, қызанақ, картоп тез сатылады. Ет өніміне сұраныс азайды», — деді Ауылшарушылық басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бөлімнің басшысы Ризагүл Мүслімова.

Оның сөзіне қарағанда, азық-түлік өнімдері белгіленген әрі бекітілген баға бойынша сатылады. Саудагерлердің бағаны қымбаттатуға құқысы жоқ. Мәселен, ет өнімі әдетте 1250 теңгеден сатылады, ал базарларда бұл баға 1800-ге дейін жетеді.

«Біз азық-түлік өнімін бекітілген баға бойынша сатпаған кәсіпкерлерді жазалаймыз. Баға нарыққа байланысты қойылады. Кей кездері тұрғындар баға базарларда әлдеқайда төмен деп шығамданып жатады. Бұл шындық, нарыз заманы, саудагерлер өз сатушыларын жоғатлып алмауы үшін бағаны төмендетіп өздігінен реттейді», — деді Ризагүл Мүслімова.

Ауылшаруашылық басқармасынан хабарлан, андай, тазалық пен тәртіп арнайы қызметтің күнделікті бақылауында. Санитарлық дәрігерлер барлық азық-түлік өнімін тексереді.

Өңіраралық жәрмеңкелер Астанада қазан айына дейін өткізіледі. Бұл ЭКСПО көрмесі кезінде халықты азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету мақсатында жасалынады. Жәрмеңкелер «Қазақстан» СК тұрақ аумағында және «Алтай» СО-да өткізілуде.
Әрі қарай

Беларусь ЭКСПО-2017 көрмесін өткізіп жатқан Астананың тәжірибесіне қызығушылық танытуда

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Анатолий Калининмен екіжақты кездесу өткізді.

Беларусь делегациясы елордамызға ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылыс нысандары саласында, қалалық инфрақұрылым, коммуналды шаруашылық басқармасы секторында Астананың тәжірибесін үйрену үшін келді.

Кездесу барысында тараптар сәулет және қала құрылысы, смарт технологияларды қолдану, қалалық шаруашылықты басқару, энерготиімді жасыл құрылыс стандарттарын қолдану, қоғамдық көліктің жұмысы, аумақты абаттандыру саласында ынтымақтастық мәселесін талқылады. Энерготиімді технологияларды қолдану мен қалаларды дамыту саласында ынмақтастық орнату және тәжірибе алмасу басты әрі өзекті мәселе болды. Оған қоса қос тарап коммуналды техника және жабдықтар өндірісі саласында өнеркәсіптік кооперацияда ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Онымен бірге Беларусь елінің делегациясы Астананың Бас жоспарымен танысып, қала басшылығымен қосымша кездесулер өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша Астанада 2020 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы іске асырылуда, оған сәйкес Астана шаһары өзін ақылды әрі қауіпсіз қала, өңір шеңберінде инвесторлар мен инновациялар үшін өңірлік халықаралық орталық ретінде қалыптастырады.
Әрі қарай

«1000 орын-көше саудасы» жобасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі анықталды

«Astana» ӘКК» Ұлттық компаниясы «Астана қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондарды орналастыру туралы» жобаның аясында жер учаскелерін жалға беру келісімшартына ие болу үшін өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарланды әкімдіктің медиа орталығынан.

Жобаға қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 7-21 тамыз аралығында smart.astana.kz/ru/competition сайтында қабылданатын болады.

Өтінім берген кезде мына құжаттарды тіркеу керек: өтініш-анкета (үлгі); жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болса); өтініш берген кезде салық бойынша қарызының жоқ болуы туралы анықтама;

Өтінімдер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана қабылданады.

Байқауды өткізу мен өтініштерді қабылдау бойынша келесі мекен-жайға хабарласуға болады: «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ байланыс телефондары: Астана қ., Есіл ауданы, Д. Қонаев к., 8 үй, 1413 кеңсе, тел. 8 (717) 261-35-54.
Әрі қарай

Сатыбалды Кербабаевтың үздік әңгімелерін жинау

Қадірлан Керекинфо оқырмандары,
Кербабаевтар үйінің тұңғыш ұлы, Батиқа Хулимырзаеваның үшінші байы, отқа, ақ ходнякқа және отходнякқа төзімді, Аңғалдар, Әріойнарлар мен соңғы адамдардың стақандасы, Айдаһарлар анасы, Монополияға қарсы грек-рим күресі бөлімінің табалдырықінісі, "ІсқайНет" әскери бұлтты-нажағайлы есептеу кешені" жобасының босағасіңлісі, сондай-ақ Хард Әдебиет жанрының іргетасын қалап, бірге тасын уқалаушы Сатыбалдының піздүк шығармалар топтамасын жасауға кезекті бір талпыныс туғанын хабарлаймын!

Жинақтың құрамын, нені қосуға болатынын, нені қосуға болмайтынын осы жерде талқыласақ деймін.

Сатыбалдының жазған жазбалары көп, сондықтан бұрын соңды жазылған әңгімелері мен көп сериялы циклдарынан өздеріңе ең ұнаған жазбаларды, «таңдамалы жинаққа міндетті түрде кіруі тиіс!» деп тапқан әңгімелерінің атауын/cілтемесін осында қалдыруыңызды сұраймын.

Мен тағы бір толықтай шолып шығып, сіздің ұсыныстарға өз ұсыныстарымды да қосып, таңдамалылар тізімін осында жариялап отыратын боламын.
Әрі қарай

Астана-инновациялар қаласы

Астана жаңалықтары: Астана-инновациялар қаласы

Астанада қала мәселелерін шешуге арналған ашық мәліметтер бойынша хакатон өтті.

2017 жылдың 5-6 тамызында Astana Innovations Challenge ауқымды стартап-марафоны аясында ашық мәліметтер (Open Data) негізінде қала міндеттерін жүзеге асыратын жобаларға арналған бірінші хакатон өтті.

Стартап-марафонды Астана қаласы әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ мен MOST бизнес-инкубаторы бірлесіп ұйымдастырды.

Хакатон – ашық мәліметтер негізінде сервистер мен мобильді қосымшалар жасау арқылы қаланың технологиялық мүмкіндігін шешу мүмкіндігі.

Қатысушылар өз жобасымен жұмыс жасау барысында сарапшының қолдауына және нетворкингке арналған алаңға қол жеткізді. Ал үздік үш команда жүлде қоры 500 000 теңгені өзара бөлісті.

Бағдарламалық қамту саласындағы құрастырушылардан дизайнерлерден, маркетологтардан, сарапшылардан құралған команда Астананы одан әрі жақсарту үшін бас қосты.

Іс-шарада құралған командалар 48 сағат ішінде қосымшалар прототипін жасап, өнертапқыштық бағдарламалау машықтары мен мәліметтерді өңдеу бойынша өзара жарысты.

Хакатонның бірінші күні бірқатар ақпараттық және білім беру сессиялары өтті. Оның барысында шақырылған сарапшылар ашық мәліметтермен қалай жұмыс істеу керектігін айтып берді. Менторлар мен қазылар ретінде тәжірибелі кәсіпкерлер, сарапшылар мен мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.

Ашық мәліметтердің басты мәні (open data) – билік органдары жұмысының ашықтығын арттыру, тәуелсіз құрастырушыларға қосымшалар мен сервистер жасауға жаңа мүмкіндіктер жасау, қаланы өз күштерімен жақсартуға жол ашу.
Әрі қарай

«Астананың ақкөңілділер клубы» қарттар мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарды

Бүгінде ғаламтор желісінде «Астананың ақкөңілділер клубы» деген атаумен танылған қайырымдылық қозғалысының мүшелері қарттар үйінің тұрғындары мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарып, экскурсия өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Қарттар үйінің 60 тұрғыны мен ерекше күтімді қажет ететін 15 баланы ЭКСПО көрмесіне әкеліп, экскурсия өткіздік. Ата-әжелеріміз бен балалардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес», — дейді «Астананың ақкөңілдер клубының» негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева.

Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі ірі қозғалысқа айналған аталмыш клуб алты қалада жұмыс істейді. Қозғалыс мүшелері-еріктілеріне қойылатын басты шарт жақын кенттерді қамқорлыққа алып, сол жердің тұрғындарымен жұмыс істеу.

«Астананың ақкөңілдер клубы» елорда маңындағы бірқатар ауылдарды қамқорлыққа алды. Атап айтқанда, Атбасар қаласы, Колотун, Семеновка ауылдары бар. Жақында олардың қатарына Новоишимовка ауылы қосылды», — деді Г.Абдрашева.

Айта кететіні,«Астананың ақкөңілдер клубы» әлеуемттік аз қамтылған отбасылардан бөлек, бүгінде қараусыз қалаған жануарлар мәселесі, қаланың санитарлық тазалығына қатысты бастама көтеріп, нақты жұмыстар істеп келеді.
Әрі қарай