Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағдарында қозғалыс бағыты өзгереді

Манас көшесінде Абылай хан даңғылынан Құдайбердіұлы көшесіне дейін учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылуына байланысты 13 қыркүйек сағат 22:00-ден бастап 14 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін №№ 23, 48, 80, 106, 201, 304, 313, 315 бағдарлардың қозғалысы Манас көшесінен Қ. Рысқұлбеков көшесіне уақытша көшіріледі.

Сондай-ақ Астана – Малотимофеевка тас жолындағы Жабаев көшесінен Екібастұз көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көлік қатынайтын жол болмағандықтан № 15 бағдардың қозғалыс сызбасы Жабаев көшесіне көшіріледі.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағдарында қозғалыс бағыты өзгереді

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағдарында қозғалыс бағыты өзгереді
Әрі қарай

«Нұрлы жол» вокзалы ЭКСПО көрмесін «шығарып» салды



Елордадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешені «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ашылған болатын. 9 қыркүйек күні кешке сағат 20:17 кезінде вокзал ұжымы көрмемен қоштасу салтанатын өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«ЭКСПО көрмесі еліміз үшін өте маңызды шараның бірі болды. Әсіресе «Нұрлы жол» теміржол вокзалы оның өтуіне тікелей атсалысты. Осыған орай теміржол вокзалының ұжымы халықаралық көрмемен қоштасу салтанатын өткізді. Ашылған күннен бастап біздің вокзал 2 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті. Осындай кең ауқымдағы көрмені көп адамның қолдағанына қуаныштымыз», — деді «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжолов медиа орталықтың тілшісне берген сұхбатында.

Вокзалдың 40-қа жуық қызметкері ғимараттың орталық алаңына жиналып шеру өткізді. Аталған шараға арнайы ән жаздырған. Салтанатты шараның тура сағат 20:17 кезінде басталуы да тегін емес.

«Шардан жасалған ЭКСПО-2017 көрмесінің белгісін ұстаған қызметкерлер вокзал ішін аралап, перронға түсті. Осылайша біз өзімізше көрмемен қоштастық», — деді Н.Аманжолов.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы көрмеге дайындық барысында арнайы ашылған болатын. Ол жылына 12 млн жолаушыға қызмет көрсете алады. Күніне 35 мың жолаушыны қабылдап-шығарып салатын мүмкіндігі бар.

«Көрмеден кейін вокзал штаттық режимде жұмыс істеп, әрі қарай дами түседі. Қызметкерлеріміздің 70 пайызға жуығы үш тілді жетік меңгерген жастар. Олар біліктілігін көтеріп, қызмет көрсету сапасын арттыратын болады», — деді ол.
Әрі қарай

Ата-аналар мектеп асханасын қадағалай алады



Астанадағы мектеп асханаларын бракеражды комиссия құрамындағы ата-аналар қадағалай алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана қаласының білім беру ұйымдарында бракеражды комиссиялар жұмыс істейді. Бракеражды комиссия құрамына мектеп директоры, әлеуметтік педагог, мейірбикелер мен онға жуық ата-аналар комитетінің мүшелері кіреді. Олар апта сайын мектеп асханасының санитарлық талапқа сай болуы мен тамақтың салмағының нормаға сәйкестігін тексеріп отырады», — деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында білім басқармасының бас маманы Әсем Үсенова.

Оның айтуынша, мектеп оқушылары елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен 4 аптаға бекітілген мәзір бойынша тамақтанады. Аталған мәзірді бекіткен кезде Қоғамдық тамақтану институтының ұсыныстары ескеріледі.

«Мектеп оқушыларының мәзірі жылдың басында қаңтар айында бекітіледі. Тамақ төрт аптаға бекітілген мәзір бойынша дайындалады. Жергілікті бюджет есебінен балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 3,5 млрд.жуық қаржы бөлінді. Бұл қаржы жыл соңына дейін мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруға жеткілікті», — деді бас маман.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында Астанада 73 мыңға жуық мектеп оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Қаладағы барлық мектеп асханаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Әрі қарай

Астанадағы жылыту маусымы: мұқтаждарға көмір сатып алуға көмек көмектеседі

Астана жаңалықтары: Астанадағы жылыту маусымы: мұқтаждарға көмір сатып алуға көмек көмектеседі

Өткен екі жылыту маусымында қала билігі өтініш бергее 1262 адамға көмек көрсетілді, атап айтқанда 21,33 млн теңгеге көмір сатып алынды, деп xабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Зейнеткерлерге, әлеуметтік әлжуаз санатындағы отбасыларға көмір сатып алуға көмектеседі. Биыл құжаттар 15 қазаннан бастап қабылдана бастайды. Әлеуметтік көмек жеке секторда тұратын жас бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедектігі бар балаларға көрсетіледі. Көмек жоғарыда көрсетілген санаттағы кірісі 73 мыңнан аспайтын адамдарға беріледі.

«Мәселен, айына 200 мың табатын отбасы мүшесі үйіндегі жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне бөледі, сол кезде қаражат 73 мыңнан аспаса, көмек алуға өтініш жаза алады. Әрине бұл жоғары көрсетілген санаттағы адамдар үшін,- деді Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік қызмет бөлімінің басшысы Бибінұр Ахмадиева.

Аталмыш басқармадан xабарланғандай, жылыту маусымына өтемақы 8 АЕК мөлшерінде іске асырылады. Жылыту маусымы — қазан-сәуір айлары. Егерде бір үйде көмек ала алатын бірнеше адам тұрса, өтемақыны тек біреуі ғана ала алады.

»Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш берушіге Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына келу керек. Құжаттар ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап Достық 13 көшесі мекенжайы бойынша қабылданады. Келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, отбасы құрамы туралы мәліметтер, кіріс туралы мәліметтер, зейнеткерлік куәліктің көшірмесі-зейнеткерлер үшін, мүгедектік туралы анықтама-мүгедектер үшін, жылжымайтын мүліктің бар екендігі немесе жоқтығы туралы анықтама. Құжаттардың түпнұсқасы керек, көшірмесі де болу керек, — деді Бибінұр Ахмадиева.

Сол жерде қажетті өтініштер толтырылады.
Әрі қарай

Елорда әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыланды

Астана жаңалықтары: Елорда әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыландыЕлбасы өзінің мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмін нақты әрі түсінікті белгіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өскелең ұрпақ бойында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы патриотизм рухының қалыптастыру мәселелерін әріптестерімен жиналыста талқылады.

Басқосуда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар түсіндірілді. Жергілікті басқару мамандары қоғамға болашаққа қалай қадам басуы керектігі, жауапкершілігі жоғары және мықты адамдардан ұлттың бірлігін берік ету әңгіме арқауына айналды.

Бұдан бөлек, жиналыста елорданың 20 жылдығына дайындық жұмыстары да сараланды. Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды. Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов өз пікірін білдіріп, астананың 20 жылдығына ескерткіш орнатуды әкімдік қызметкерлеріне ұсынды. Оның ойынша, барлық қазақстандықтар бұл датаны есте сақтап қалу керек.

-Астананың 20 жылдығына барлығын «Ару Астана» ұранымен жасау керек. Биыл бізде маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Астанада көптеген шаралар өтті. Қалада елорданың 20 жылдығымен байланысты ескерткіш қою керек. Біздің қаламызды ондай ескерткіштер саусақпен санарлық. Анкарада Астана қаласының мәдениет күндері өткенде, онда әдемі қазақ қызының бейнесіндегі ескерткішорнатылды және ол тас мүсін әлі күнге тұр. Бұл – тарих. Сондай ескерткіш біздің астанамызға да қажет, — деді Талғат Теменов.

Басқосуда кез келген елдің болашағы оның тұрғындарына байланысты болатыны айтылды. Оны құруда адамдардың санасын өзгерту керек. Мемлекеттің бүгіні мен ертеңі әр қазақстандықтың тағдыры.

Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 қосымша бағдарламасы — «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани казына», «Ақпарат толқыны» бар. Әрқайсымыздың міндетіміз – қоғамдық сананы жаңғырту.
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар

«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі шығарылымында 2-айналымның кезекті ойыны өтті. Қонаққа келген «Бақсы» командасы (Алдан Жылгелді, Абылай Әділханов, жаңа құрамда — Ерлан Оспан, Айымзада Сәндібаева) 4:7 есебімен жеңіліп қалды.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар
1.Бірінші сұрақ. Философ Лосевтің пікірінше, этиканың АЛЬФАсы жақсылық пен жамандықтың шекарасын анықтаудан тұрады. Имам Мәмлүк Мұсаевтың айтуынша, қияметтің АЛЬФАсы — намаз. Психолог Римантас Кочюнастың ойынша, клиентпен кездесуде АЛЬФА құқығы консультантқа тиесілі. АЛЬФАны екі сөзбен атаңыз.

2.Интернеттік сленг құдіреті ме, осы жекпе-жек спорт түрінен бүкіләлемдік федерация өз атауын өзгертуге мәжбүр болды. Қандай спорт?

3.Есікте жасауыл бар екі қатар,
Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар.
Ол адам /мүжіліп/, жәбірленіп тұрғанында,
Біреу кеп ар жағынан әрі тартар,
Алып барып онан соң қинап жанын.
Кездіріп талай өзен сайдың бәрін,
Ләззатын сол сайлары алып қалып,
Шығарып тастайды екен ғазиз тәнін.
Қазақ жұмбағы бұлай қандай процесс жайлы айтқан?

4.2013 жылы Прагада Чемпиондар лигасының жеңімпазы Андрей Шевченко, әлем чемпионы Роналдо, екі дүркін Олимпиада чемпионы, тау шаңғышысы Альберто Томба, «Үлкен дулыға» иегері Рафаэль Надаль, әлем және Олимпиада чемпионы, көгалдағы хоккейші Фатима Морейро де Мела қайырымдылық мақсатта Х-тен турнирге қатысты. Шевченко 2005 жылы Чемпиондар Лигасында Х істеген, ал Роналдо Бразилия үшін ешқашан Х жасамаған. Х-ті атаңыз.

5.Карталармен ойналатын «ойынында» ойыншыға шайқастар, әзәззілдік шиеленістер жасау және билікті бөлу арқылы 15 билік жетонын жинап алу керек. Алдыңғы сөйлемде қандай сөз тастап кеттік?

6.Өткен ғасырдың ортасында Еуропаның кей елдерінде символы — түйенің қаңқасы болып табылатын адамдардың өзіне қатысты әлеуметтік акциялар өтті. Ал ол акциялар неге / неге қарсы бағытталған?

7.«Буракумин» атты жапон кастасының ұрпақтары бүгінгі күні де жиі «таза емес» еңбекпен айналысады. Қазір олардың біразы алғашқылары ХХ ғасырдың ортасында пайда болған зиянды қалдықтар шығаратын кәсіпорындарда жұмыс жасайды.

8.Бұл кеңестік фильмнің титрлеріндегі заманауи шрифт шіркеулік славян қаріптермен кезектесіп келеді. Фильмді атаңыз.

9.«Қазақ қызы ұзатылғанша, негізінде, екі-ақ түрлі жұмыс істейді: /сөздер қалдырылған/, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады» дейді Ғабит Мүсірепов. Кең таралған қазақ әнін еске ала отырып, тағы не істейтінін табыңыз.

10.Ньюфаундленд аралындағы Гандер қалашығы өткен ғасырдың 50 жылдары (әуе жолын игеруде) жоғары маңыздағы қала болатын, бірақ техниканың дамуымен өз маңызын жоғалтты. Алайда бірде (жаңа ғасырда) Гандер тағы да маңызды рөл ойнады. Гандердегі халық саны уақытша бір жарым еседен артық көбейген күнді — датаны нақты атаңыз.

11.Камагуэйдің тумасы Оскар Рене́ Бра́йсон Вида́ль — Бейжің Олимипиадасының қола жүлдегері, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Орталық америка және кариб бассейні ойындарының чемпионы, Панамерика ойындарының екі мәрте жеңімпазы. Оның тағы қандай атағы бар екенін табыңыз.

Ойын аудиосын осы сілтемеден тыңдауға болады.
Әрі қарай

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға спортпен шұғылдануға жағдай жасалуда


«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров«Астана – рухы мықты адамдардың қаласы» – «Астана – город сильных духом людей» бағдарламасын орындау аясында қала әкімінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

— «Саламатты болашақ» бірлескен жобасы аясында «Асыл бала» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен бүгін қалада алғашқы бейімдік жүзу бойынша секция ашылуда. Сондай-ақ, оқушылар сарайында бейімдік каратэ секциясы ашылып, жұмыс істеуде, — деп атап өтті Бақыт Сапаров қала әкімі Әсет Исекешевтің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуінде.

Бұдан бөлек, бағдарламаны жүзеге асыру аясында Астанада «Білімде төзімділік» халықаралық конференциясы өткізілді. Жеке балабақша базасында инклюзивті енгізу мақсатында эсперименталды алаң ашылды, балалар үшін «Сау денеде – сау рух» қалалық спорт турнирі өткізілді, «Баланы мектепке дайындаймыз» жобасының аясында 200-ден астам балаға мектеп құралдары табысталды.

Сонымен қатар, Б.Сапаровтың сөзінше, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тұрғындардың аз мобильді топтары үшін қолжетімді орта құру үшін рейдтік тексерістер жүргізілген. Рейд барысындажүз нысанның 33-і құжаттандырылған. Қалғандары аяқталу үстінде.

Бұған дейін хабарланғандай, Астана 2020 жылға дейін ашық, қауіпсіз, ақылды, жайлы, экологиялық тұрақты қалаға айналуға ұмтылуда. Онда әр тұрғында барлық әлеуметтік игіліктерге тең қолжетімділік болады.

Қала әкімдігі Астана тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған елорданың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы өзгертілген болатын.
Әрі қарай

Астанада отбасылық дуатлонның жеңімпаздары анықталды

Астана жаңалықтары: Астанада отбасылық дуатлонның жеңімпаздары анықталды

Спорттық жарысқа 32 отбасы қатысты, олар жүгіруден, велосипед тебуден өзара сынға түсті, деп xабарлайды елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Жарыс қорытындысы бойынша 9-11 жас аралығындағы санат бойынша бірінші орынды Степногордан келген Пономаревтер (Максим, Елена және ұлы Максим) отбасы иеленді.

Бұл олардың екінші жеңісі.

«Отбасылық дуатлонға қатысу біздің дәстүрге айналды. Өткен жылы біз осы жарыста жеңіске жеткен болатынбыз. Биыл да сол нәтижеге қол жеткізгіміз келді. 1 жылдай жаттықтық, жеңіске қол жеткіздік,- деді медиа орталық тілшісіне Максим Пономарев.

12-14 жас аралығындағы ең үздік отбасы атанғандар- Вишняковтар отбасы (Максим, Инна және оның қызы Анастасия).

Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар-тұрмыстық теxника, балаларға-ноутбук сыйға тартылды.

Отбасылық дутлон бойынша жарыстар 10 қыркүейектк Отбасы күні аясында елордалық триатлон саябағында өтті.

Отбасылық команда 4 шақырым 300 метр қашықтыққа жүгіріп, өзара бақталасты.

Отағасылар 2 шақырымға жүгіріп, эстафетаны әйелдеріне тапсырды, олар өз алдына велосипедке мініп, жарысқа түсті. Жарыстың ең кішкентай қатысушылары-балалар 300 метр қашықтыққа жүгірді.

Отбасылық дуатлон бойынша жарыс Астана қ. Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді.
Әрі қарай

Астанада плейсмейкинг арқылы аудандарды қалай жандандыру және тұрғындарды түрлендіру процесстеріне қалай тарту керектігі туралы айтып берді

Астана жаңалықтары: Астанада плейсмейкинг арқылы аудандарды қалай жандандыру және тұрғындарды түрлендіру процесстеріне қалай тарту керектігі туралы айтып берді

8 қыркүйек күні елордада көлік және плейсмейкинг саласы бойынша АҚШ-тың белгілі сарапшыларының бірі Эндрю Ховар­д «Менің ауданымның гүлденуі» ашық дәрісін оқыды.

Астанадағы кездесуінде американдық урбанист өзінің тәжірибесімен бөлісті, Be­tter Block қалалық инфрақұрылымды тестілеу әдіснамасының қалай құрылғаны туралы айтып берді. Сонымен қатар плей­смейкинг арқылы аудандағы өмір сапасын қалай жақсартуға болады, қалай жандандыру керек, өзгеру процессіне тұрғындарды қалай тартуға болады деген сұрақтара жауап берді.

Бүгінде Better Block жобасы – көлік және плейсмейкинг саласындағы ең сәтті жобалардың бірі. Ол 2007 жылы Эндрю Ховард Далластың шет жағында орналасқан қылмысты көшелерінің бірін өзгерту бойынша бір күндік экспериментін жасаған кезде құрылған.

— Алғашқы Better Bloc­k мен үшін маңызды болды. Қобалжыдым. Мен14 жыл жоспарлаумен айналысқаннан кейін қағаз бен компьтерлік модельге түсіргеніммен бөлісуге мүмкіндік алдым. Жаяу жүргіншілер бағыты жұмыс істеп тұр. Тіпті Техаста да! Мен жергілікті тұрғындарды экспериментке қатысуға шақырдым, ал дәлірек, тротуарлар бойына гүлдерді қойып, кафелердің үстелдерін жаяу жүргіншілер өтетін жерге шығаруды, тосыннан аялдамалар ұйымдастыруды, жаяу жүргіншілер өткелін салуды және иесіз қалған гаражды балалар арт-студиясына айналдыруды ұсындым. Команданың жақтастары қалалық әкімшіліктің назарын тұрғындардың сұранысына аударды. Бұл осы аудандағы аймақтандыру ережесінің өзгеруіне әкелді. Осылай Better Block пайда болды, — деп Эндрю Ховард жобаның тарихымен бөлісті.

Одан кейін екінші Better Block-тан кейін урбанистің сөзінше, оны жұмыстан шығарып жіберген.

-Мені жұмыстан шығарған соң біз Team Better Block іске қостық. Бұл менің өмірімді өзгертті. Сіз жақсы көретін нәрсеңіз үшін шығарып жібергеннен қорықпаңыз, — дейді урбанист.

Айта кету керек, Эндрю басқаратын Bet­ter Block компаниясының портфолиосында – бұл ұқсамайтын орындар текстурасына және аудандардың қалыптасқан мәдени дәстүрлеріне құрметпен ұйымдастырылған қоғамдық кеңістікке ақырындап басып кіру сенімді үлгілері бар.

Ашық лекцияға қатысуға барлық қызығушылық танытқан тұрғындар және мекемелер шақырылды. Дәріс тыңдауға «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ кеңсесіне студенттер, кәсіби қоғамдастық, азаматтық белсенділер, бизнес пен қалалық басқармалардың өкілдері жиналды. Барлығы 60 адам қатысты.
Әрі қарай

Астанада 73 мыңға жуық оқушы тегін тамақтанады



Астанада жаңа оқу жылында 73 мыңға жуық мектеп оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 3,5 млрд.жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Елорданың 84 білім беру мекемесінде бастауыш сынып оқушыларының барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар 5-11 сыныптардар оқитын аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларда тегін ыстық тамақпен қамтылады», — деді қалалық білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Әсем Үсенова.

Оның айтуынша Астана мектептеріндегі асханаларда 26 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Жаңа оқу жылына дайындық барысында барлық мектептердің асханалары ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті.
Әрі қарай