Астанада мектеп тасымалының жаңа коммерциялық моделі енгізіледі

Астана жаңалықтары: Астанада мектеп тасымалының жаңа коммерциялық моделі енгізіледі

Белгіленген төлем есебінен бірқатар мектепте балалар тасымалы ұйымдастырылады. Бұл көлік желісінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қазіргі таңда жол қозғалысына әсер ететін бірқатар мектепте жаңа модельді енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте жолаушылар тасымалы басқармасының жетекшісі Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді.

«Бұл үшін ата-аналарға аптасына алты күн балаларының тасымалы үшін белгіленген соманы төлеуге дайын ба деген сұраққа жауап алу мақсатында сауалнама құрастырылды. Барлық мәліметті алған соң, біз қандай да бір тұрақты бағдарды – тұрғын үй кешендері мен мектепке дейінгі және кері бағыттағы тасымалды ұйымдастыра аламыз. Менің ойымша, бұл өте ыңғайлы. Себебі, ата-аналар ақысын төлеп баласының тасымалымен білікті жүргізуші айналысатынын, жол бастап алып жүретін жауапты адам мен валидацияның барын білетін болады. Яғни, балалар автобусқа отырғанда ата-аналар оның отырып, түскенін бақылап отырады. Сәйкесінше, ата-аналар оның қозғалысын қадағадай алады», — деді Б.Игенбердинов.

Алдағы уақытта қанатқақты жоба екі мектепте енгізіледі. Бұл үшін балаларды ЭКСПО-ға тасымалдаған автобустар пайдаланылады.
Әрі қарай

Астанада қарияларға құрмет көрсетілді

Бүгін елорда әкімдігі жүзден астам зейнеткерді құттықтады. «Думан» СО-да өткен іс-шараның ұйымдастырушылары салтанатқа себепші болғандардың құрметіне дастархан жайып, концерттік бағдарламасын дайындады.

Қалалық «Ветеран» халық хорының жетекшісі, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Галина Аксенованың пікірінше, мұндай іс-шараларды өткізіп тұру маңызды.

«Осындай іс-шаралар қарияларға өздерін еркін ұстауға, көңіл көтеріп, жай ғана бір-бірімен әңгімелесуге мүмкіндік береді. Халықаралық қариялар күнінің құрметіне бүгін мұнда 5 хор жиналды. Бұл мерекені қалалық Ардагерлер кеңесі 2007 жылдан бастап атап өтуде. Менің ойымша, мұндай іс-шаралар адам өзін еркін ұстап, араласып, өзінің әселерлерімен бөлісуі үшін керек», — деді Г. Аксенова

Айта кететіні, Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастамасымен елордалық мейрамханалардың қолдауымен қазан бойы зейнеткерлер мен егде жастағы азаматтар үшін мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылатын болады. Барлығы 500 астам адамды қамту жоспарланып отыр.

Халықаралық қариялар күні 1990 жылдың 14 желтоқсанынан аталып өтуде.
Әрі қарай

«Сергек» камералары қосылғалы Астанада ЖКА азайды

Астана жаңалықтары: «Сергек» камералары қосылғалы Астанада ЖКА азайды

Қыркүйек айында жол көлік апаты өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 10% азайды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

2016 жылдың қыркүйек айының 1 мен 14 аралығында 41 ЖКА орын алса, 2017 жылдың осы аралығында екі есеге азайып, 21 апат тіркелді. 2016 жылдың 15 мен 30 қыркүйегінде 49 ЖКА тіркелсе, 2017 жылы осы кезеңде 30 жол апаты тіркелді. Сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны азайды.

2016 жылдың қыркүйек айының алғашқы жартысында ЖКА 44 адам жарақат алса,2017 жылдың салыстырмалы кезеңінде зардап шеккендер саны екі есе азайды (23 адам).

2017 жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында 34 адам зардап шексе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 52 құрады.

Айта кетейік, 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Астанада «Сергек» фото және бейне түсірілімі бойынша ЖЖЕ бұзу фактілеріне байланысты әкімшілік іс қозғау процедуралары іске қосылған болатын.
Әрі қарай

Астанада қылмыстық құқықбұзушылық төмендеді

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында қалада 23 595 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, ол өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 18, 1% төмен, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы Астана қаласының ІІД сілтеме жасап.

Бұл аралықта аса ауыр қылмыс, кісі өлімі, зорлық, қарақшылық, ұрлық, алаятық және басқа да қылмыс түрлері азайды.

Астана қаласының ІІД мәліметінше, елордада қылмыс деңгейі 10 мың адамға 28,7% дейін төмендеді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес қабылданған қоғамдағы тәртіпбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

«Жыл басынан бері 75 513 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 3 296 кіші бұзақылық, 4 967 тыныштықты бұзу, 13 879 қоғамдық орындарда алкоголь өнімдерін ішіп, мас күйінде жүру, 12 243 – тыйым салынған жерлерде темекі шегу, 17 226 – абаттандыру ережесін бұзу, 1 331 – қоғамдық орындарда жармасу», — делінген Астана қаласының ІІД таратқан хабарламада.
Әрі қарай

Елордада 4000 астам нысан орталықтандырылған жылуға қосылды

Астана жаңалықтары: Елордада 4000 астам нысан орталықтандырылған жылуға қосылды

2017-2018 жылғы жылыту маусымына энергия көздерінің 96 %, сумен қамту және су тарту желілерінің 100%, жылу желілерінің 96,9% дайын. ЖЭС-дағы көмір қоры 356 678 тоннаны, мазут қоры 5341 тоннаны құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметтерінше, бүгінгі таңда 5497 нысанның 4076-ның орталықтандырылған жылуға қосылған. 62 мектептің 62-сіне, 76 балалар бақшасының 75-сіне, 21 оқу орнының 20-сына жылу берілген, деп хабарлады бүгін қалалық әкімдіктің аппарат жиналысында.

Қаладағы 2310 көппәтерлі тұрғын үйдің 2306-ы жылуға қосылды. Әкімдіктің ақпаратынша, 4 көппәтерлі үй орталықтандырылған жылуды қабылдауға дайын емес. Бұл үйлер «Сарыарқа», «Есіл» аудандарында орналасқан. Мәселен, Ақан сері 16 мекен-жайы бойынша орналасқан үйде 8 коллектор үзілген. Олар монтаждық жұмыстар аяқталған соң іске қосылатын болады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 5 блоктың 3-уі іске қосылған.

Басқа да «проблемалы» тұрғын үйлер бойынша мәселелер шешіліп жатыр.
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 30 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар

«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 30 қыркүйектегі шығарылымында 3-айналымның алғашқы ойыны өтті. Қонаққа келген «Брейнсторм» командасы (Әлібай Бақытнұр, Абсеметов Асқар, Сұлтанов Санжар, Молдашев Дархан) ойынды 6:5 есебімен аяқтады.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 30 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар
1948 года жылғы " Апачтар форты" фильмін түсіру үшін жақсы ауа-райы қажет еді. Режиссер тіпті ауа-райын өте дәл болжау үшін навахо тайпасының үндісін жалдап алды. Алайда бірде навахо актерлердің бірі оның бір затын тартып алғанын айтып, болжам жасаудан бас тартады. Ол затты атаңыз.

Канн кинофестивалінің Ынталандыру дипломымен марапатталған бұл фильмнің әйгілі халықаралық кинопортал IMDB.com-дағы рейтингі — 8,2/10. Ал kinopoisk.ru 8,601 баға қойған. Аmazon.com оның кітап нұсқасын 30 долларға сатып алуды ұсынады.
Массагет сайтындағы авторлардың бірі оны «Том Сойердің басынан кешкендері» сияқты қызық деп атап, «Гарри Поттер» секілді атақты болуы тиіс деп санайды. Туындыны атаңыз.

Жансыз нәрсе туралы қазақ жұмбағын шешіңіз. Бір мүйізді, бір көзді.

Өз өлеңдерінің бірінде Эльдар Рязанов «… Бұл белгіде бар өмір тұйықталған» дейді. Не туралы айтқан?
Испандықтар өткен ғасырдың 50-60 жылдары оппозиционер испандық үшін ең танымал, жиі оқылатын саяси газеттердің бірі «Ель теемис» болғанын айтады. Ал ол басылым қай қалада жарық көретін?

Белгілі спортшы сұхбатында әріптестерінің көбі тұрып солдан оңға қарай жасайды, ал жатып – оңнан солға қарай жасайды деді. Бұл адам қандай спорт түрінде өнер көрсетеді?

«ИКС рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердiң бәрiн езiп-жаншып жүре бередi. ИКС заңдары керi қайтуды бiлмейдi» дейді Мұстафа Шоқай. Ал бізге белгілісі, ИКС шамамен 11 жастан бастап 17 жасқа дейін қалмайды. ИКСті атаңыз.

"Өте үлкен канарейка" мультфильмінде жемтік аулауға шыққалы тұрған мысықтың басының үстінде найзағай жарқырайды. Мұндай жолмен мультипликаторлапр қандай (ағылшын) терминді иллюстрация жасағысы келген?

Кәрістер ұлу тектес жануардың атымен атайды, қазақтар — қосжақтаулы былқылдақденелілердің өкілінің атауымен, мажарлар – құрт, финндер – мысық тұқымдас атаумен атайды. Ол не? / Орыстар ше?

Грекше «Тесіктер туралы ғылым» ғалыми дисциплиналардың ішінде біздің өмірімізде көзге жиі түседі. Ол не?

Эс де Кейроштың романында африкалық әскербасы құдаймен бақсының көмегінсіз сөйлескісі келеді. Ол құлды шақырып, құлағына хабарын сыбырлайды және оны өлтіреді. Бірнеше минуттан кейін ол екінші құлды шақырып, бірнеше сөзін сыбырлап, оны да өлтіреді. Екінші құлды қандай латын текті (қысқартып та жазылуы мүмкін) біріккен сөзбен атайды?

Ойынның фейсбукте тікелей эфирі бар. Эфир аудиожазбасын ресми сайттан тыңдауға болады.
Суреттер — мұрағаттан.
Әрі қарай

Астананың 38 қиылысында жаңа жол тораптары пайда болады

Астанада оңға бұрылу сұранысын қанағаттандырмайтын бағдаршамдық реттеудің қиылыстары анықталды. Осыған байланысты 38 қиылыста жол тораптардың құрылысы бойынша жоспар әзірленді, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Бірінші кезекте Уәлиxанов және Сейфуллин көшелері бойынша жобалардың іске асырылуын қарастыруды ұсынамыз. Айта кетейік, әр көше бойынша 25 автобус жүреді. Аталмыш учаскеде қоғамдық көліктің жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 140 мың жолаушыны құрайды,- деді жұма күні „2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде“ бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған „Нұр Отан“ қалалық партиясының тыңдалымында „Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы“ ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Онымен бірге ведомство басшысы атап өткендей, Астанада алдағы 5 жылға арналған көлік инфрақұрылымының құрылыс жоспары әзірленді. Ерекше назар көшелердің және даңғылдардың қосылуына, сондай-ақ өтпежол инфрақұрылымын дамытуға бөлінеді.

Үлкен және Кішкентай 2 айналма жолдың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Оның құрылысы қалада транзитті көліктің санын азайтуға көмектеседі.
Әрі қарай

19,5 мыңнан астам астаналықтар қалалық сенбілікке шықты

Көшелер мен аулаларды жинауға адамдар бар жанұясымен шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Арнайы техниканың 175 бірлігі мен 19,5 мыңнан астам адам бүгін Астанада жалпы қалалық сенбілікке шықты.

Тазарту шаралары қаланың орталығында ғана емес, барлық шеттерінде жүргізілді. Аталмыш жұмыстарға 425 астам ПИК ұжымдары мен басқа ұйымдар қатысты. Олардың бірінде зейнеткерлердің өзі қолдарына сыпырғыш пен тырмаларды алды.

«Паритет» ПИК-де сенбілік таң осы азаматтарға құрмет көрсетуден басталған болатын.

ПИК төрағасы Шамиден Тапаевтың атап өтуінше, бұл – алты жыл қатарынан үзілмей келе жатқан дәстүр.

« Бізде әр сенбілікке тұрғындардың басым көпшілігі белсенді түрде қатысады. Олардың ішінде зейнеткерлер де бар. Алты жыл бұрын жиналыста біз 70, 75, 80 одан да көп жасқа толған мерейтой иелерін құттықтаймыз деген шешім шығарған болатынбыз. Сыйлықтарды табыстап, дастархан жаямыз. Осы жылдардың ішінде біз 280-ге жуық адамды құттықтаппыз. Олар бізге өте жақсы көмектеседі. Бүгін 48-ге тарта адам жиналып, аумақты бірлесіп жинаудамыз», — дейді Шамиден Тапаев.

70 жастағы Владимир Устюжанинов өзінің егде жасына қарамастан, бүгінгі сенбілікке қатысты. Ер азаматтың айтуынша, оның әрдайым таза ауада жұмыс істеуге мүмкіндігі бола бермейді.

«Ластамаған жер таза, алайда қашанда олай болу мүмкін емес. Десек те, балалар да, ересектер де қоқыс тастайды. Кейін олардың артынан жинауға тура келеді. Мен таңертең ерте итті серуенге шығарғанда, әрдайым адамдардың ауланы тазалауға шыққанын көремін. Мен де шет қалған жоқпын. Ең біріншіден, жастардың құтылар мен пакеттерді кез келген жерде шашқпасын деп айтқым келеді. Егер сен өз қалаңның патриоты болып, бір жерде бірдеңенің шашылып жатқанын көрсең, оны көтеру керек. Сенбіліктерге тұрақты түрде шығып тұру қажет. Қаланың таза болуы басқа ешкімге емес, өзімізге байланысты», -дейді В. Устюжанинов.

ПИК жұмыскерлері үй маңындағы территорияларға ерекше көңіл бөлді: подъездерді, жабындарды жөндеді, қоршаулар мен ғимараттардың қасбеттерін жаңартты. Адамдар бірлесіп аулалар мен көшелерді аббаттандырып жатыр. Барлығының мақсаты бір — өз туған ауласын тазарту.

Атап өтейік, бұқаралық сенбіліктер мұнда тұрақты түрде өткізіледі. Көшелерді жинауға тұрғындар бар жанұясымен шығады.
Әрі қарай

Астана жолдарында бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін

Астана жаңалықтары: Астана жолдарында бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін

Қазіргі уақытта қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылуда, деп xабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бұл шешім көліктердің тұралап қалу уақытын әлдеқайда төмендетуге септігін тигізеді, деді жұма күні «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде» бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған «Нұр Отан» қалалық партиясының тыңдалымында «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Көлік құралдарына және басқа бағыттардан келе жатқандарға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол берумен бағдаршамның қызыл түсіне көліктің бұрылуына рұқсат ету үшін нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу бойынша мәселе қарастырылуда. Бұл шешім көліктердің тұралап қалу уақытын әлдеқайда төмендетуге көмектеседі,- деді Б.Игенбердинов.

Бұған дейін xабарланғандай, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады. Осылайша

«BusLane» жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады.
Әрі қарай

ЭКСПО кезінде балаларды тасымалдаған автобустар мектептерге беріледі

Көлік құралдары қалалық мектептердің оқушыларын тасымалдау үшін пайдаланылады, деп xабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

ЭКСПО қарсаңында әкімдікпен көрме кезінде 65 мыңнан астам балғынды тасымалдаған мектеп автобустары сатып алынды. Қазіргі уақытта оларды оқушыларды тасымалдау үшін пайдалану жоспарлануда, деп xабарлады жұма күні «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде» бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған «Нұр Отан» қалалық партиясының тыңдалымында «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Келесі кесте бойынша жұмыс атқарылатын болады: ата-аналар мектептермен келісім-шартқа отырады, олар өз кезегінде оператормен қызмет көрсету жөнінде келісім жасасады,- деді Б.Игенбердинов.

Бұған дейін xабарланғандай, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады. Осылайша

«BusLane» жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады.
Әрі қарай